ЭКОНОМИКА И ПРАВО
130
№ 2 (58), 2013
Региональный вестник Востока
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында
резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «қР
коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы»
нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген
болатын. қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің
артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттар-
дың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай,
сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің
нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар
сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға
тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі
резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына
тосқауыл болатындығын көрсетеді.
АқШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары
деңгейде бекітілген. АқШ-та міндетті резервтер банктер санатына,
депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті
резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында
сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің
АқШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты
бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің
несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару
кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк
несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай,
жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы
және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің
мүдделерін қорғау құралы болып табылады.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті
резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі
резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді
қолданады:
1) міндетті резервтер;
Д.А. Қалдияров, Д.Б. Алимбекова
131
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 2 (58), 2013
2) резервтеудің баламалы тәртібі.
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге
асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша
мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Соны-
мен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының
динамикасына әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек
түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипли-
катор арқылы жүргізгенде үлкен болады.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі – есеп мөлшерлемесін өзгерту.
Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егер де есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық
банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат
несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады.
Экономикада ақша ұсынысы төмендейді. Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше
әсер етеді. Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден
төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға
тіреледі. қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру
үшін беріледі.
Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары
Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне
жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. қазіргі уақытта екінші
деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында
жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру
бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті
несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және
кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық
банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы,
сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын
білдіреді.
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның
негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын
шектеуді білдіреді.
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
132
№ 2 (58), 2013
Региональный вестник Востока
Ұлттық банк нарықтағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында
Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің
резервтік шотына қайта аударады.
Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк
алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемі -
нен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және
керісінше. Орталық банк ақша нарығы операцияларын қажеттілік пайда болу-
ына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз
жүргізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. ілиясов қ.қ. қаржы / қ.қ. ілиясов, С. құлпыбаев. – Алматы, 2005.
2. Мырзалиев Б.С. қаржылық дағдарыстан шығуда экономиканы мемлекеттік
реттеудің кейбір теориялық мәселелері мен басымды бағыттары. «өзбекәлі Жәнібек
оқулары – 2012»: Республ. ғыл.-тәж. конф. мат. / Б.С. Мырзалиев. – Түркістан, 2012. –
192-299 бет.
3. Загоскина З. Контроль эффективности как новая форма государственного фи-
нансового контроля / З. Загоскина // қаржы-қаражат. – 2012. – № 3. – 27 бет.
4. Оңалтаев Д. Мемлекеттік бюджет қаржысын ұтымды пайдалану / Д. Оңалтаев
// Экономика и статистика (регион и отрасль: эффективное управление). – 2013. – № 1.
– 39-40 бет.
5. қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты – www.akorda.kz.
6. http://www.nationalbank.kz
ӘОЖ 336.74
Д.Б. Алимбекова, Д.А. Қалдияров
і. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті, Жетісу қ.
қАРЖЫЛЫқ ТҰРАқСЫЗДЫқ ЖАғДАЙЫНДАғЫ ҰЛТТЫқ ОРТАЛЫқ
БАНКТЕРДің АқША-НЕСИЕЛіК САЯСАТЫН ЖҮРГіЗУДің ЗАМАНАУИ
МЕХАНИЗМі (ШЕТЕЛ ТӘЖіРИБЕСі)
Мақалада ұлттық орталық банктердің қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы
ақшанесиелік саясатын жүргізудің заманауи механизміне шетел тәжірибесі негізінде
сипаттама беріледі.
Д.Б. Алимбекова, Д.А. Қалдияров
133
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 2 (58), 2013
В статье дается описание на основе заграничного опыта современному механиз-
му вождения денежнокредитной политики национальных центральных банков в усло-
вии финансовом непостоянстве.
In the article description is given on the basis of foreign experience to the modern
mechanism of driving of monetary policy of national central banks in a condition financial
inconstancy.
қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының негізгі мақсаты –
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни макроэкономикалық алғышарттарға
барабар қалыптасқан жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұру болып
табылады. Осы мақсатқа жету елдегі экономикалық өсу, инвестициялық нарықты
дамыту, банк секторының кредиттік белсенділігін ынталандыру үшін қажетті
жағдайлар жасауға мүмкіндік жасайтын болады.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің міндеттеріне елдің қаржы жүйесінің, ұлт-
тық валютаның айырбастау бағамының және төлем балансының орнықтылығын
қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді.
Ұлттық Банк үшін ақша-несие саясаты саласындағы негізгі перспектива-
лық бағыт жаңа трансмиссиялық механизмді біртіндеп ендіру болып табылады,
оны ендірудің бірінші және екінші кезеңдері 2012 жылы басталды. Осы жұмыс
шеңберінде ақша-несие саясатының ескі құралдары жетілдіріліп, жаңалары
ендіріледі. Атап айтқанда, өтімділікті беру/алу, ашық нарықтағы операциялар
бойынша тұрақты механизмдерге арналған тәсілдер өзгертіледі.
Жалпы алғанда, жаңалықтарды енгізу мақсаты ақша-несие саясатының
трансмиссиялық механизмінің кредиттік арнасын жандандыру және оның
валюталық арнасының маңыздылығын төмендету болып табылады. Жаңа
механизм экономиканы долларландыруды, пайыздық мөлшерлемелердің
құбылмалылығын, ақша нарығындағы алыпсатарлық құрамдас бөлікті
төмендетуге және нәтижесінде өтімділікті реттеудің икемділігін және тиімділі-
гін көтеруге және жалпы алғанда ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік
жасайды.
қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан Республикасының
ақша-несие саясатын жүргізу кезінде экономикаға ақша ұсынысын икемді
реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды. Ақша нарығында қысқа мерзімді
өтімділіктің дефициті туындаған жағдайда Ұлттық Банк өтімділік беру
бойынша операциялардың көлемін ұлғайтатын болады. Ақша нарығында қысқа
мерзімді өтімділіктің артық саны жинақталған кезде сауықтыру операциялары
жүргізіледі.
Жаңа құралдарды енгізу назарға алына отырып, Ұлттық Банктің пайыздық
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
134
№ 2 (58), 2013
Региональный вестник Востока
мөлшерлемелердің дәлізі өзгертіледі. Оның шегі тұрақты механизм операция-
лары бойынша мөлшерлемелерге сәйкес келеді (төменгі шегі – қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттері, жоғары шегі – тұрақты рұқсат
етілген қарыздар).
Ұлттық Банк пайыздық саясатты жүргізу кезінде жаңа бағдарды – 7 күндік
мерзімі бар операциялар негізінде есептелетін, рұқсат етілген ауытқулардың
шегі бар базалық мөлшерлемені ендіреді.
Ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмі шеңберінде жаңа
операциялар мен құралдарды ендіру өтімділікті басқару мен реттеудің тиімділі-
гін арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, экономикадағы ақша ұсынысының көлемі экономиканың
өсіміне сәйкес келетін деңгейде сақталатын болады. Ұлттық Банк ақша-несие
саясатын жүргізу кезінде оның тұрақты жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз
ету мақсатында қаржы нарығындағы ахуалды қадағалайтын болады.
Ұлттық Банктің валюталық саясаты қазақстан экономикасының ішкі
және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға
бағытталатын болады. Сонымен қатар бағамдық саясат ішкі экономиканы
дамытудың іргетасын қалай отырып, әлемдік бағалардың, сыртқы сауданың
өзгеруіне тиісті түрде әсер ететін болады.
Ақша-несие саясатының трансмиссиялық тетігін дамыту және пайыздық
мөлшерлемелердің реттеушілік рөлін арттыру шамасына қарай Ұлттық Банктің
ішкі валюта нарығына қатысуы қысқаратын болады.
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк осы
бағытта барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Банктердің несие
портфелінің сапасын жақсартуға және оларды нашар кредиттерден «тазартуға»
бағытталған шаралар кешенін іске асыру жалғасын табады. Мәселен, 2012
жылы жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген кредиттерді, сондай-ақ жеке
тұлғаларға берілген кредиттерді қоса алғанда, жұмыс істемейтін активтердің
барынша кең тізбесін беру арқылы өз активтерін жақсарту үшін банктердің
күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын еншілес ұйымдарды (КАБҰ)
құруы үшін құқықтық негіз қалыптастырылды. Бұл тетік портфельді тазартуға
арналған ең үлкен әлеуетке ие, өйткені берілетін активтердің көлемі банктің
меншікті капиталының 3 еселенген мөлшеріне жетуі мүмкін.
2013 жылдан бастап банктердің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін
қарыздарының үлесіне 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 20%-дан аспайтын және
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 15%-дан аспайтын шекті мәндер ендіріледі.
Сонымен қоса қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық Банк осы нарықтың барлық сегменттеріне мониторинг
жүргізетін және олардың ағымдағы жағдайын бағалайтын болады. қандай да
Д.Б. Алимбекова, Д.А. Қалдияров
135
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 2 (58), 2013
болмасын шараларды қабылдау шұғыл түрде жүзеге асырылады.
Жалпы, ақша-несие және валюта саясатының қандай да болмасын
шараларын қолдану Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде
болып жатқан интеграцииялық процестерді ескере отырып жүзеге асырылатын
болады.
қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі, оның қызметінің тиімділігін
арттыру мен оған қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесі несиелік
қатынастарды пайдалану мен оны одан ары дамыту шараларынсыз жүзеге
асыру мүмкін емес. қазақстандағы экономикалық реформалардың жүргізіле
басталғанына он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан тиімді банк жүйесін
құру мәселесі елдегі нарықтық өзгерістердің өзекті міндеттерінің бірі болып
отыр.
Республикадағы банк жұмысын дамытуды осы саладағы әлемдік тәжіри-
бені жасампаздық қолданыссыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл, сонымен қатар
отандық банк жүйесінің шетел банктерімен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету
үшін де қажет.
Отандық банктердің халықаралық қауымдастыққа біртіндеп және сөзсіз
тартылуы қазіргі таңдағы банк мамандарының дамыған шетелдердегі әрекет
етіп отырған әртүрлі қаржы-несиелік институттардың қызметі, қалыптасу және
даму тарихы, банк жүйесін мемлекеттік реттестіру мәселесіне қатысты кең
ауқымды білімінің болуын талап етеді. Банк қызметін пайдаланушылардың да
мүдделері өзгеріп, кеңеюде. Көптеген өнеркәсіптердің халықаралық нарыққа
шығуда, ал экспорттық операциялардың көлемі импорттың көлемінен жоғары
болды. Шетелдік серіктестермен іскерлік қатынастар жүргізу белгілі бір
елдегі несиелік мекемелерді таңдауға қатысты арнайы білімді талап етеді. Осы
мәселеге байланысты несиелік саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибесін АқШ,
Ұлыбритания және Франция елдерінің коммерциялық банктері мысалында
қарастырамыз. АҚШтың қаржынесиелік саясаты. Америка коммерциялық
банктерінің негізгі кірістік операциялары ретінде несиелік операциялар
танылады (1999 жылы олар жалпы операциялық кірістік соманың 70% қамтыған).
Коммерциялық банктің активті операцияларын төрт топқа бөлуге болады:
несиелік операциялар (немесе ссуда); бағалы қағаздарға инвестиция; кассалық
операциялар; басқа да активтер. Банктің несиелік операцияларының құрылымы
көптеген факторларға байланысты: оның активтерінің жалпы көлеміне; бас
контораның орналасуы; бөлімшелер мен оның жүйесінің таралымының болуы;
клиентурасының құрамы; банктің мамандануынан; және де елдегі жалпы
экономикалық конъюктура жағдайына қатысты.
Банктің несиелік операцияларын жіктеудің негізі ретінде түрлі критерийлер,
мысалы, қарыз алушылардың түрлері, несиенің мақсаты мен мерзімі, ссудаға
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
136
№ 2 (58), 2013
Региональный вестник Востока
қатысты қамтамасыз етілудің болуы және т.б.
Америка банктері балансындағы қарызды жүйелеудің негізіне несие
мақсаттары немесе қарыз алушының банк несиелерін қандай бағытта қолдану
мүмкіндігі алынған. Америка банктерінің берген қарыздарының көп мөлшерін
қозғалмайтын мүлікке арналған қарыз (ипотекалық қарыз), ол шамамен 35-40%,
бұдан кейін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге берілген қарыз (20% шамасында)
құрайды. Ал қалғандары, бұл – қаржы мекемелеріне, ауылшаруашылық
өндірістеріне, лизингтік қаржыландыруға және тағы басқа жағдайға берілген
қарыздар. Осылайша, кейбір баланстық баптар тек жеке тұлғаларды несиелеуге,
ал кейбіреулері тек өнеркәсіп несиелеріне қатысты болса, кейбір баптар екеуіне
де қатысы бар (қозғалмайтын мүлікке арналған) «аралас» баптардан тұрады.
Бірақ негізгі айырмашылық қарызды жеке тұлғаларға арналған дербес қарыздар
мен акционерлік компаниялар мен өнеркәсіптерге арналған қарыздар деп бөлу
барысындағы түрлері мен талаптарында болып отыр. Соңғысы, өз кезгінде екі
топқа: айналымдағы капиталды қаржыландыруға арналған қарыз және негізгі
капиталды қаржыландыруға арналған қарыз деп бөлінеді.
Америка банктерінің тәжірибесінде кредиттік желінің бірнеше түрі
қолданылады. Мерзімдік кредиттік желіні банк өндірістің мерзімдік циклділігі
мен қоймада тауарлар қорын жасау қажеттілігіне байланысты фирманың
айналымдық қаражаттары жетіспеген жағдайда ашады. Бұндай желі, мысалы,
фермер немесе маусымдық тауарлар дүкенінің қожайынына және сол сияқты т.б.
ашылады. Несие операциялық цикл аяқталған соң, активтерді сатылымы негізі-
нен өтеледі. қарыз бен пайыз өтеуі бір уақытты өтеммен жабылады. Кредиттік
желіні ашудағы банктің тәуекелдігі сұраныстың төмендеуі, бағаның құлдырауы
мен егіннің шықпауына байланысты несиенің өтелмеуімен байланысты.
Сондықтан да банк қарыз алушының меншігі түріндегі қамтамасыздықты талап
етеді.
Америка банктері жалға беру операцияларына банк холдингтері аясында
құрылған лизингтік компаниялар арқылы қатысып, қаржыландырады, өйткені
оларға банктік емес операциялармен айналысуға тыйым салынған. Осындай
қаржы салу түрі ретінде жалға алушының банк несиесі көмегімен жабдық сатып
алуы (жалпы соманың 80-90%), ал қарыздық өтем жалға беру арқылы жабылады.
Несие беруші рөліндегі артық өтем қабілеттілігі жоғары коммерциялық немесе
инвестициялық банк, сақтандырушы немесе қаржы компаниясы, ірі өндірістік
фирма қарыздың өтем жауапкершілігін толығымен жалға берушіге жүктеп,
қарызды жабу мен пайызды өтеуге жарналар алып отырады. Жалға беруші
операцияға өзінің 10-20% қаржысын салып, жабдықты есептен шығаруға
жеңілдік және қаржыландырудағы өзінің үлесін алады. Жоғарыда көрсетілген
іскерлік несиелермен қатар, банк қозғалмайтын мүлік, ұзақ мерзімге арналаған
Д.Б. Алимбекова, Д.А. Қалдияров
137
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 2 (58), 2013
тауарлар сатып алуға және кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге арналған
жеке тұлғалар үшін қарыздар да береді.
Жеке тұлғалар пайдаланатын жаңартылатын несиенің келесі түрі –
овердрафт. Бұл несие АқШ-та көп таралмаған, бірақ, керісінше Ұлыбританияда
овердрафт коммерциялық өнеркәсіптер мен жеке тұлғаларды қысқа мерзімге
несиелеудің негізгі түрі болып табылады.
Заңды және жеке тұлғалар үшін несие беруге қатысты шешім қабылдау
үшін банк болашақ клиенттері туралы қажетті ақпаратқа ие болуы керек. Бұндай
ақпарат барынша толық және объективті болу үшін ірі банктер өз базасын
жасақтаса, кішігірім банктер арнайы сараптама-ақпараттық фирмалардың
қызметін қолданады немесе осы әдістер арқылы өздері жұмыс істейді. АқШ-та
несиелік тәуекелдерді жеңілдету мен алдын алу мәселесінде несие алушы заңды
және жеке тұлғалар туралы ақпарат жинайтын арнайы несиелік бюролар (ең
ірілері – Экспириэн, Транс Юнион) маңызды рөл атқарады. Бұл бюролардың не-
сие алған немесе алуға өтініш білдірген АқШ-тың 200 млн астам тұрғыны тура-
лы ақпарат картотекасы бар. Бұл – Штаттардың барлық ересек тұрғындарының
саны. Аларман туралы қарапайым анықтама 1 доллар тұрса, скоринг мәліметтері
бар (болашақ қарызгердің несиелік мүмкіндігінің баллдық көрсеткіші) анықтама
– 1,1 долларға дейін жетеді. Несиелік бюро тұрғындардың әртүрлі топтарының
несиелік тәуекелділігін анықтауды 8-12 негізгі көрсеткіштер арқылы есептейді
және олардың әрқайсысына белгілі бір балл беріледі. Егер несиелік мекеме
жеке тұлғаға несие беруден бас тартса, ол тұлғаға хат түрінде несие беруден бас
тартудың себептері мен қарыз алушы туралы ақпарат берген бюроның атауын
тегін хабарлауы қажет. Егер ол жерде көрсетілген себептар аларманға сенімділік
тудырмайтын, ал ол туралы ақпарат нақты болмаса, ол несиелік бюроға өзі туралы
өзгерістерді енгізуге қатысты ұсыныс жасауға құқылы. қарыз алушы тұлғалар
туралы ақпаратты жинау мен жаңарту үрдісі несиелік бюроларда ай сайын
несиелік мекемелердің қарызгерлердің шотының жағдайына қатысты енгізген
ақпараты негізінде ай сайын жүргізіліп отырылады. Мәліметтер базасына бұдан
басқа банкроттық туралы, сот үрдісі, салық жеңілдіктері, сайлау тізімдері,
жаңартылған телефон анықтамалары және т.с.с. ресми хабарламалар да енгізіледі.
Ақпараттың қорғанысын қамтамасыз ету үшін оған тек арнайы рұқсаты бар
адамдар ғана жіберіледі және әр пайдаланым міндетті түрде тіркеледі. Америка
банктерінің қарыз беру операциялары АқШ бақылау органдары тарапынан қатаң
бақылауға алынған және бұл жағдай әлемнің басқа да экономикалық дамыған
елдерінде байқалады. Банктердің қарыздық операцияларын қатаң реттестірудің
себептері:
– операция сенімділігін қамтамасыз ету, мысалы, бір адамға қажетті қарыз
сомасын шектеу арқылы;
Достарыңызбен бөлісу: |