Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы
экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық
аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде
есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомасы – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ор-
гандар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар не-
месе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің
тәртiбi өзгерген жағдайларда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал
арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе ар-
найы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта
қарайды.
Салық кезеңiнде төленуге жататын төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген
төлемақы ставкаларына және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдалану кезеңiн негізге ала оты-
84
рып айқындалады. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептел-
ген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгiленбейдi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимiн
қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген
ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді
қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың
25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен
төлейдi [2]. Мемлекет жер учаскелерiн өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы
төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің
келесi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
Мемлекет жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің
соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың
25-і бюджетке төлеу мерзiмi болып есептеледi. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке
тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.
Жер учаскесi белгiленген мерзiмнен кейiн алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесiн
өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрілмей
жүргізіледі. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен соң немесе салық
кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге жата-
тын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес
күннен кешiктiрілмей төленедi. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша
бюджетке төленеді. Салық есептiлiгi:
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушiлер
жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер
сомаларының есеп-қисабын табыс етедi.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық
кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт
жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейiнгi
айдың 20-cынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бiрге жер
қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың
әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат
куәландырған көшiрмесi табыс етiледi. Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған
көшiрмесi төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе салық
кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың
әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу
мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледі.
пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасы Салық кодексі 2010.15.07.
берілген өзгерістер мен толықтыруларымен
2. С.М. Найманбаев «Салықтық құқық» , Алматы-2006 жыл
3. А.И. Худяков, М.Н. Бродский, Г.М. Бродский «Основы налогообложения», СПб, 2002
85
Сейдигазым Н.О.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
инновациялыҚ даму ЖаҒдайындаҒы педагог тҰлҒасыныҢ
ШыҒармаШылыҚ баҒыттылыҒы
Өркениет дамуының жедел даму кезеңінде мамандар алған білімдерін жадында сақтап қана
қоймай, сонымен бірге шығармашылық қызметке, креативті ойлауға, ізденімпаздық әрекетке
қабілетті болуы тиіс. Сондықтан жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесі болашақ мамандардың
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағдарлануы қажет.
Болашақ мұғалімдердің бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бағыттылығын
қалыптастыруға даярлығы кәсіби құзыреттіліктің құрылымдық мазмұнына арқау болады.
Жоғары кәсіби бiлiм беру жүйесiнде болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiн даярлаудың
мақсаты, мазмұны мен әдістемесі анықталған. Білім беру парадигмасының өзгеріп, жоғары оқу
орындарында болашақ мамандарды даярлаудың сапасын әлемдік білім беру кеңістігінің да-
муымен байланыста арттыру бастауыш сынып мұғалiмдерiн білімді, бәсекелестік қабілеті бар,
шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған құзыретті
тұлға ретінде даярлау мақсатын алға қояды.
Әлемнің таңдаулы мүшесі болу – еліміздің рухани, мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне
байланысты. Бұл туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп
атап көрсеткен болатын [1].
Сондықтан білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқытудың шығармашылық
бағыттылығын күшейту, болашақ мұғалімнің шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруға
басшылық жасау педагогика ғылымның негізгі мәселелерінің бірі ретінде анықталып отыр.
Қазіргі өмірдегі түрлі проблемалар болашақ қоғам иелерінің планетарлық және космостық
деңгейде, креативті ойлай білуін талап етуде. Бүгінгі таңда болашақ мамандарды жалпығаламдық
ойлау қабілетіне жеткізу ғалымдар назарында.
Біздің пікірімізше, жалпығаламдық ойлау қабілетіне жеткізу үшін бастауыш сыныптан
шығармашылық ойлауын дамытып, шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруымыз қажет.
Шығармашылық ойлау, жалпы айтқанда, қандай да жаңаны тану. Ол адам интеллектісінің
құрамды бөлігі.
Тұлға жоғары дәрежеде кіріккен (интеграцияланған), үнемі өсу процесінде болатын
әлеуметік жүйе. Оның бойында өзін-өзі дамытуға деген мүмкіндік және білімге деген сарқылмас
құмарлық ынтасы мол. «Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге
қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінез-құлқын жөнге сала білуі,
сондай-ақ, қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және
құндылық атаулыны таңдай алу сияқты дамудың басты шарттары енеді. Тұлғаның «қалыптасу»
кезіндегі өзгеріске түсу үрдісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық
жаңаруындағы өзгерістер жас ерекшеліктеріне тығыз байланыста болады [2,53].
Философияда адам өз бетімен шығармашылық әрекетті орындай бастағанда ғана жеке
тұлға болатындығы дәлелденген. Алайда бүгінгі таңдағы мектептегі білім беру – жеке тұлғаның
шығармашылық бағытытылығын қалыптастыруға мақсатты бағытталмаған. Әрине, дидактикада
педагогикалық процесс білім, білік, дағды деңгейлеріне сәйкес жоспарланады және реттеледі,
бұдан оқушының санасына оқытуға бөлінген уақыт ішінде белгілі бір көлемдегі білім, білік,
дағдыны «құю» қажет деп, оқушы тұлғасын «жай ақпарат тасушыға» айналдырып алатынымыз
да белгілі. Бұған адамның білім, білік, дағдысы жоғары деңгейде болғанымен, жеке тұлға деп
айта алмай отырғанымыз дәлел.
86
Зерттеулерге талдау жасай отырып, біз шығармашылық – жеке тұлғаның сапасы,
шығармашылық бағыттылық оның қасиеті екендігін анықтадық.
«Тұлғаның бағыттылығы» ұғымын ең алғаш психология ғылымына енгізген ғалым
С.Л.Рубинштейн, оны ол адамның іс-әрекетін анықтайтын қозғалыстағы үрдіс ретінде
қарастырады.
Л.И.Божович бастаған ғалымдар тобы бағыттылықтың ерекше қызметі мен жеке тұлғаның
құрылымындағы мәніне алғаш назар аударушылар болды. Ғалымдардың көпшілігі оқушының
шығармашылық бағыттылығын олардың барлық қажеттіліктері мен талпыныстарын сипаттай-
тын басқа адамдарға және өзіне қатынасының, іс-әрекетке және оның нәтижесіне қатынасының
жүйесі деп қарастырады.
Жеке тұлғаның бағыттылығы – күрделі өмірлік мақсаттарға ұмтылуда, адамның белгілі бір
тәртібі мен әрекетін бағыттайтын тұрақты мотивтері, көзқарастары, сенімдері, қажеттіліктері
мен ұмтылыстарының жиынтығы. Жеке тұлға мәселесін жан-жақты қарастырған ғылыми
әдебиеттерде бағыттылықтың мынадай сапалары анықталған: бағыттылықтың деңгейлері –
жеке тұлға бағыттылығының қоғамдық мәні (оның сенімі мен көзқарастары); бағыттылықтың
кеңдігі – жеке тұлғаның қызығушылық шеңберін сипаттайды, бағыттылықтың бұл сапасын түрлі
әрекетке қызығушылық деп түсінбеу керек, барлық қызығушылықтары арасында жеке тұлғаның
кәсіби іс-әрекетке бағытталған басты қызығушылығы болуы қажет; бағыттылықтың қарқыны
көңіл-күймен байланысты; бағыттылықтың тұрақтылығы – өмір бойы түрткі болуымен және
ұзақтығымен сипатталады; жеке тұлға бағыттылығының әрекеттілігі бағыттылық мақсатының
іс-әрекетте жүзеге асырылу белсенділігін сипаттайды. Жеке тұлға бағыттылығының барлық
түрлерінің негізін іс-әрекетке ынтасы құрайды. Бағыттылық әлеуметтік күрделеніп отырады
әрі оқу және тәрбие процесінде қалыптасады, қандайда бір іс-әрекетте, кәсіби іс-әрекетте жеке
тұлғаның қасиеті ретінде байқалады.
Зерттеушілердің пікірлеріне сүйеніп, жеке тұлғаның бағыттылығы оның маңызды белгісі
екендігін ажыраттық. Ол жеке тұлғаның басқа да ерекшеліктерін бейнелейді. Біздің мәселеміз
тұрғысынан, шығармашылық бағыттылық – жеке тұлғаның шығармашылық ынталарының
(мотивтері) бірлігі. Шығармашылық – адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік
даму шартының ажырамас бөлігі. Адам өз өмірінің барлық кезеңінде дами және өзін жетілдіре
білуімен бірегей. Қайталанбайтын дара тұлғаның маңызды сапаларының негізін қалыптастыру
үшін ең қолайлы кезең – балалық шақ. Осы кезден-ақ оқушының даралығына бағдарланған
білікті көзқарас қажет.
Ғалым Ә.С.Әмірова [3] адам ақыл парасаттың иесі ретінде айнала қоршаған орта-
ны танып-білу барысында оның даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін біліп, оған өзінің
қатынасын белгілейді. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін белсенді әрекетке түседі.
Тұлға белсенділігі оның даму барысында тұтас педагогикалық үдеріс әсерінен саналы
бағытталған іс-әрекетте көрінеді. Гегельдің айтуынша: «...адам әлемі өлі, дайын, өзгермейтін
және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады».
Әрекет мақсаты адам рухының тереңінен туындаса, сол жерде шығармашылық орын алады.
Субъектінің шығармашылық белсенділігі тиімді ойлау сатысында, теориялық таным деңгейінде
көтеріледі. Шығармашылық гносеологияның жай мәселесі емес, ол өркениет тағдырымен,
адамзат тарихының мәнімен тығыз байланысқан дүниетанудың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Сондықтан да ол жалпы адамзат мәдениеті мен барлық шығармашылық әрекеттерінің түрлерінің
бірлестігінде қарастырылатындығын мәлімдейді.
Р.С.Омарова [4] өз зерттеуінде қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы
жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыруды оқушының оқу-
танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығымен байланыстырады. Шығармашылық
қызығушылық тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табы-
лады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-
әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең
87
дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуы-
на, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде
танылуының маңызы зор.
ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының, оның өзінің жеке
тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл – әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра
алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға беруі, айналаны өзгертуге қатыса алуы.
Шығармашылық көзі – танымдық қызығушылық, интеллектуалдық қабілет, білім, ойлау стилі,
тұлғалық мінездеме, мотивация және қоршаған орта. Креативтілік факторлары – тұлғалық
бағытталу, жағдайға талдау жасау, шығармашылық процесс, шығармашылық нәтиже. Автор
білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады дейді.
Шығармашылық қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы,
оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрініп, өз білімін, танымын кеңейтуге негіз
болатындығын тұжырымдайды.
Р.Наурызбаева [5] жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу мәселесін ғылыми мақаласына
арқау ете отырып, шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау, адам
өнер арқылы сұлулықты сезінуге, өмірде де, өнерде де сұлулықты жасауға үйренеді. Таным
үрдісі бір нәрсеге қызығудан басталады, ал қызығу мақсатқа жету қажеттілігіне айналғанда
белсенділік оянатындығын мәлімдейді. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның
қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі
бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны
көп айтылуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік – рухани жағынан күрделі қажеттілік. Әзірге ол барлық
адамдарға бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті
шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр. Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың,
дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның ақыл-
санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз
жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал
сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланы-
сты деп тұжырымдайды.
Шығармашылық тұлғаның білімнің жан-жақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге
сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап
қалған таптаурындарды өзгертіп, өмірлік мәселелердің күтпеген және кездейсоқ шешімін табу-
мен айқындалады. Педагогикада шығармашылықты зерттеу оның тұлғалы ұғымы ретінде өздік
білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің
шығармашылық үдерісті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын табуға мүмкіндік береді.
Тұлғаның шығармашылық ауқымы саналы іс-әрекетте дамитын болғандықтан, білім беру
әрекетінде тұлғаның шығармашылық процесске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек.
Өзінің шығармашылық ойын ізденіске және балалардың жеке басының қалыптасуының
ең күшті жақтарына сүйенетін педагогикалық ықпал етудің тәсілдері мен әдістерін қолдануға
бағыттау ұстаз алдындағы келелі міндет. Мұндай әрекет мұғалімнің көздеген нәтижеге қол
жеткізуіне және өсіп келе жатқан адамның жеке басының қалыптасуындағы күрделі де қарама-
қайшы үдерістерді басқаруына мүмкіндік туғызады.
Әрбір жаңа күн сайын оқыту, тәрбие беру және дамытудың нәтижелілігі артып, кәсіби
шеберліктің құны жоғарылауда. Бүгінгі таңда мектептердің жаңаруы балаларға деген шексіз
сүйіспеншілікке, кәсіпке деген шынайы көзқарасқа негізделген мұғалімнің педагогикалық
шығармашылығымен, өзінің ғылыми, адамгершілік және мәдени білімін толтыруға деген үздіксіз
ұмтылысымен тікелей байланысты.
Білім беруді реформалау мұғалімнен жоғары кәсіби құзыреттілігін, қажетті оқытуда жаңа тех-
нологияларды таңдаумен ғана шектелмей, оның болашағына көз жүгіртуін талап етеді. Болашақ
мектептің мұғалімі педагогикалық оқу орнында даярланады. Жоғары оқу орны студенттік
88
кезеңнен-ақ болашақ мұғалімді педагогикалық жаңашылдық, оқыту технологияларын жаңарту,
жаңа мектеп құру идеяларымен қаруландыруы қажет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі ашық дәрісінде
: «Мемлекет ғылымды дамыту үшін қажетті шараларды жүзеге асырып жатқаны мәлім. Алайда,
білікті мамандар болмаса барлық іс нәтижесіз қалады. Сол себепті жастарға айтарым – елімізге
талантты ғалымдар қажет. Қоғамда тәртіптің инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құруы
тиіс»,- деп атап көрсетті[6].
Олай болса, әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің
бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі ұстаздарды
оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіби
дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Өйткені біз,
еліміздің инновациялық дамуын шығармашылық бағыттылығы қалыптасқан білікті мамандар-
мен байланыстырамыз.
Мұның өзі балаға оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қарап, оның шығармашылық
қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын, шығармашылық бағыттылығын
қалыптастыру үшін мұғалімдерді арнайы даярлау қажеттілігін туындатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі.
– 20 қаңтар, 2004. – Б.2-5.
2. Қалиев С., Майғаранова Ш., Нысанбаева Г., Бейсенбаева А.А. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы: Білім, 2001. – 224б.
3. Әмірова Ә.С. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориясы
мен технологиясы: Монография. – Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 2008. – 332 б.
4. Омарова Р.С. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру: теориясы мен практикасы:
Монография. – А., 2008. – 370 б.
5. Наурызбаева Р. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу // Қазақстан мектебі. -2007. -№2. – Б.56-63.
6. Назарбаев Н.А. Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее. Лекция Президента
Республики Казахстан Н.А.Назарбаева в Казахском национальном университете имени аль-Фараби // http: // kaznu.kz
Сейтхамзина Г.Ж.,
Алматинская академия экономики и статистики
зав.кафедрой «Экономика и менеджмент» к.э.н., доцент
формирование системы платного землепользования в рк
Переход Казахстана к рыночной экономике, в основе которого лежит глубокая трансформация
отношений собственности, обусловил качественное изменение методов управления экономиче-
скими процессами, главным инструментом которого стала система платного землепользования,
пришедшая на смену методам административного вмешательства в финансово-хозяйственную
деятельность предприятий. Проблема перехода от бесплатного к платному землепользованию
предполагает разработку, определение и установление всех видов платы за землю. Основными
формами платы за землю являются: кадастровая (нормативная) цена земли или права землеполь-
зования, земельный налог, арендная плата, залоговая цена и другие платежи.
К основным механизмам платного землепользования относятся: нормативная цена земли
или кадастровая стоимость, рыночная стоимость земли, земельный налог, арендная плата, за-
логовая стоимость земельных участков и другие регуляторы рыночного оборота.
Опыт стран с рыночной экономикой показывает, что развитие экономики в определенной
мере связано с налаживанием системы платежей за землю на основе информации земельного
кадастра о налогоплательщиках и кадастровой оценки земель, являющейся базой для определе-
ния ставок земельного налога.
89
В Республике Казахстан в качестве нормативной цены выступает кадастровая (оценочная)
стоимость земельного участка. На основе кадастровой стоимости исчисляется плата за возмезд-
ное предоставление (продажу) права частной собственности и за продажу права аренды на зе-
мельный участок, размер единого земельного налога для крестьянских и фермерских хозяйств.
Кадастровая оценка земель в стране производится в соответствии с Земельным кодексом
Республики Казахстан и постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 сентября
2003 года № 890 «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предо-
ставлении в частную собственность, при сдаче государством или государственными землеполь-
зователями в аренду, а также размера платы за продажу права аренды земельных участков».
Этим постановлением центральному уполномоченному органу по управлению земельными ре-
сурсами поручено, на основании данных государственной статистики об общем уровне инфля-
ции и результатов мониторинга земли, по мере необходимости вносить в Правительство страны
предложения об уточнении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении
в частную собственность.
Для определения кадастровой (оценочной) стоимости земельных участков при их продаже
государством в республике проводятся работы по ценовому зонированию, установлению границ
ценовых зон и определению поправочных коэффициентов к базовой ставке платы за земельные
участки в населенных пунктах. В настоящее время эти работы выполнены по большинству об-
ластных центров.
Кадастровая (оценочная) стоимость конкретного земельного участка определяется в соот-
ветствии с базовыми ставками платы за земельные участки с применением к ним поправочных
(повышающих и понижающих) коэффициентов.
При определении оценочной стоимости земельных участков в населенных пунктах попра-
вочные коэффициенты устанавливаются в соответствии с границами ценовых зон, определен-
ных в схемах ценового зонирования. При этом предельный (максимальный) размер повышаю-
щего или понижающего коэффициента не должен превышать двукратный размер.
При определении оценочной стоимости земельных участков, предоставленных государ-
ством для ведения сельскохозяйственного производства, применяются поправочные коэффи-
циенты в зависимости от качественного состояния земельного участка, его местоположения,
водообеспеченности, удаленности от центров обслуживания. При этом общий размер повыше-
ния (понижения) оценочной стоимости не должен превышать пятидесяти процентов от базовых
ставок платы.
Рыночная стоимость земельных участков определяется соглашением сторон и зависит, в
основном, от спроса и предложения. Рыночная стоимость земельных участков, в большинстве
случаев, значительно превышает государственную кадастровую стоимость.
В современных условиях формирование первичного рынка земли включает в себя опера-
ции по предоставлению земельных участков из государственной собственности в частную на
возмездной основе путем единовременной продажи либо в рассрочку для различных целей, а
также предоставлению права землепользования на возмездной основе (продажа права аренды на
земельный участок). Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года в стране
была введена частная собственность на земли сельскохозяйственного назначения, которые пре-
доставляются на платной основе только гражданам Казахстана для ведения крестьянского или
фермерского хозяйства и негосударственным юридическим лицам Республики Казахстан для ве-
дения товарного сельскохозяйственного производства. При этом были установлены различные
условия продажи земель: по полной кадастровой (оценочной) стоимости, по полной стоимости
в рассрочку до 10 лет, по льготной цене (75%, а в последующем 50% от полной кадастровой
стоимости), по льготной цене в рассрочку до 10 лет.
В республике на рынке продажи государством земель сельскохозяйственного назначения
наблюдается положительная динамика приобретения этих земель в частную собственность.
90
Анализируя данные по продаже земель, можно сделать вывод, что граждане покупали, в
основном, небольшие по площади участки пашни вблизи от населенных пунктов (мест прожи-
вания) по средней цене около 30 тыс. тенге за один гектар. Средняя цена одного гектара у них
составила менее 10 тыс. тенге.
Из общей площади проданных государством земель сельскохозяйственного назначения,
основное их количество (81,2%) было приобретено по полной кадастровой стоимости. В рас-
срочку по полной стоимости и в рассрочку по льготной цене было продано соответственно 75,6
тыс. га (9,8%) и 58,7 тыс. га (7,6%). Льготная цена практически не использовалась (11,1 тыс. га
или 1,4%). Механизм применения льготных условий приобретения в частную собственность
земель не работает, в основном, по причине длительного моратория на совершение различного
рода сделок с выкупленными земельными участками, который составляет два года за каждые
десять процентов снижения кадастровой (оценочной) стоимости.
На сегодняшний день важным аспектом в области земельных отношений стало: ликвидация
государственной монополии на землю и введение частной собственности на некоторые катего-
рии земель; переход к платному землепользованию, введение платежей за приобретение и ис-
пользование земель; создание условий для равноправного развития всех форм хозяйствования
на земле; создание и формирование рынка земельной недвижимости.
За годы земельной реформы в республике сформировались земельные отношения, ориенти-
рованные на вовлечение земельных участков и право землепользования в рыночные условия, а
также на развитие рынка земли. С участием государства было осуществлено 92,9 тысяч опера-
ций по продаже земельных участков в собственность и на право землепользования на площади
196,8 тыс. га.
Для реализации земельных участков в республике проводятся земельные аукционы и кон-
курсы. Всего за период земельной реформы было проведено 436 конкурсов и аукционов, на
которых было реализовано 1311 земельных участков. Значительный резерв продажи земель для
сельскохозяйственного использования находится в землях запаса, где площадь сельскохозяй-
ственных угодий составляет 109,2 млн. га.
Достарыңызбен бөлісу: |