ветроЭнергетический потенциал казахстана
В стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан поставлена
задача снижения энергоемкости экономики в два раза к 2015 г., предполагается, что доля альтер-
нативных источников энергии должна составить 5% в общем энергетическом балансе страны к
2024 г. Казахстан обладает существенными ресурсами возобновляемой энергии в виде гидроэ-
нергии, энергии солнца, ветроэнергии, биомассы. Тем не менее, помимо части гидроэнергии эти
ресурсы не нашли широкого применения [1].
Из всех секторов экономики энергетический сектор является одним из наиболее развитых.
Однако, учитывая значительную изношенность генерирующих мощностей и структуру их раз-
мещения во всех регионах кроме северной зоны, где расположены около 60% генерирующих
мощностей, сохраняется региональный дефицит мощности и электроэнергии. Динамика произ-
водства и пеотребления электроэнергии в Казахстане представлена на рисунке 1 [2].
Примечание: составлено автором на основе данных Министерства индустрии и новых тех-
нологий РК
Рисунок 1 – Динамика производства и потребления электроэнергии на 2010 – 2015 гг.
Необходимость дальнейших инвестиций в расширение энергосетевого хозяйства, увели-
чение потерь электроэнергии при транспорте, а также загрязнение окружающей среды выбро-
сами парниковых газов обусловили актуальность использования возобновляемых источников
энергии. Наиболее динамично развивающихся возобновляемых источников энергии является
ветроэнергетика, как экологически чистый источник энергии.
По своему географическому положению наша страна находится в ветровом поясе северно-
го полушария и на значительной части территории наблюдаются сильные воздушные течения,
преимущественно северо-восточного и Юго-западного направлений. Хорошие ветровые районы
62
имеются в центральной части Казахстана, в Прикаспии, а также ряде мест на Юге, Юго-Востоке
и Юго-Западе Казахстан. Порядка 50% территории Казахстана имеет среднегодовую скорость
ветра 4-5 м/с, а ряд районов имеет скорость ветра 6м/с и более, что предопределяет очень хоро-
шие перспективы для использования ветроэнергетики. По оценкам экспертов, Казахстан, одна
из стран мира, с наиболее подходящими условиями для развития ветроэнергетики. Ветряные
электростанции (ВЭС) строят в местах с высокой средней скоростью ветра — от 4,5 м/с и выше.
Учитывая плотность мощности ветроэлектростанций на уровне 10 МВт/км2 и наличие значи-
тельных свободных пространств можно предполагать возможность установки в Казахстане не-
скольких тысяч МВт мощности ВЭС. По некоторым данным теоретический ветропотенциал Ка-
захстана составляет около 1820 млрд. кВт.ч в год.
Казахстанским специалистами совместно с международными специалистами из Германии
были определены перспективные места для строительства ВЭС на основании анализа метеодан-
ных с учетом следующих факторов:
1) Доступность линий электропередач и подстанций для выдачи мощности;
2) Топография местности и высота над уровнем моря;
3) Наличие транспортных коммуникаций;
4) Наличие потребителей энергии;
5) Возможность строительства ВЭС;
6) Наличие предварительных проработок по строительству ВЭС.
Восемь мест в разных регионах Казахстана общей мощностью до 300 МВт. были выбраны
для исследований ветропотенциала с целью обоснования строительства ВЭС, самые перспек-
тивные представлены в таблице 1.
Таблица 1 – Основные показатели потенциальных ветроэнергетических мест
Исследованные места
Среднегодовая
скороть ветра
Плотность ветрового
потока
Выработка электроэ-
нергии
Джунгарские ворота
9,7 м/с
1050 Вт/м
2
4400 кВт.ч или 5 МВт
Шелекский коридор
7,8м/с
510 Вт/м
2
3200 кВт.ч
Примечание: составлено автором
Оба места, Джунгарские ворота и Шелекский коридор, расположены в районах с большим
дефицитом электроэнергии, что делает привлекательными строительство ВЭС в этих местах.
Актуальность использования ветроэнергетики также обусловлена поддержкой сель-
ской местности. Часть сельских электросетей пришла в негодность и восстановле-
ние их экономически нерентабельно, около 255 сельских неселенных пунктов и поряд-
ка 9 тысяч фермерских хозяйств лишены электроснабжения, что отражается еще и на
водоснабжении многих регионов. Ветряные электростанции мощностью до 1,5 кВт могут
применяться в местах где отсутствует сетевая энергия, а также в качестве альтернативного
резервного источника энергии. Благодаря тому, что во многих регионах Казахстана достаточ-
но высокая скорость ветра, а также при финансовой поддержке государства в приобретении
ветроустановок, есть реальная возможность обеспечить электроэнергией удаленные райо-
ны. Зависимость выработки энергии от средней скорости ветра представлена на рисунке 2.
63
Рисунок 2 – Зависимость выработки электроэнергии от средней скорости ветра
На сегодняшний день на площадке Ерейментау уже начат проект по строительству Ветро-
вой электрической станции мощностью 45 МВт. Министерство индустрии и новых технологий
Республики Казахстан утвердило ТЭО и определило размер отпускного тарифа и срок его дей-
ствия.
Для строительства ветростанции мощностью 5 МВт на участке площадью 25 га на терри-
тории Енбекшиказахского района Алматинской области Правительство Китая подарило Казах-
стану опытную партию ветроэнергетических установок. По условиям соглашения, китайская
сторона обязуется доставить оборудование, осуществить сборку и запуск за счет собственных
средств. В свою очередь, Казахстан обеспечит освобождение китайской стороны от уплаты та-
моженных пошлин и всех сборов на оборудование.
Таким образом, ветроэнергетика в Казахстане может стать не только альтернативным источ-
ником энергии и решить проблему энергодефицита, но и позволит экспортировать электроэнер-
гию зарубеж.
список литературы:
1. Нациаональная программа развития ветроэнергетики до 2015 г. с перспективой до 2024 г. Алматы-Астана 2007 г.
2. Стратегический план Министерства индустрии и новых технологий на 2011-2015 годы
Сайбирова Т.Қ.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің оқытушысы
Шетел тІлІн оҚытудаҒы тІл мен мӘдениет
арасындаҒы байланыс
Тіл – әрбір халықтың рухани және материалдық мәдениетінің, тарихының, бүкіл бітім-
болмысының жарқын айнасы. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен
64
қатар, тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз ол арқылы мәдениетті меңгереміз.
Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, тарата-
ды. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін та-
нытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді.
Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени
ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында та-
ралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны та-
нытады. Лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас және танымдық
қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын,
тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде
танылады.
Қайсыбір мәдениетте болмасын ұлттық нышан орын алады, мұны тілдік жүйеден анық
байқауға болады. Тіл адам мен мәдениетті жалғастырушы дәнекер бола алады. Тілде халықтық
рух мен мәдениет белгісі болады [1;52].
Тіл – адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің
мәніне орай оны қоғамның күресі мен дамуының құралы, ұлттық мәдениеттің формасы деп
атауға болады [2; 257].
Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы,
дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-
санасы, талғамы, т.б. сол тілде таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің сана-
мызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі, яғни «дүниенің тілдік бейнесі»
ұғамыз. Осыған байланысты профессор А.Салқынбай: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен
қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат танымының феномені.
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып,
дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып
қана қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп,
қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді,
адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» [3;309], – дейді. Бір мәдениеттің
аясында өмір сүретін адамдар тілде сөйлеп, ортақ құндылықтарға бағынады, наным-сенімдерді
ұстанады. Мәдениет, сондықтан да адамдардың жалпы белгісі емес, оларды біріктіретін фактор
болып табылады.
Жаңа заман талабы мен жаңа оқыту технологияларына сай шетел тілін оқытушы ұстаздардың
алдында жаңаша бағыттағы міндеттер тұр. Соған сай, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсу
бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық
байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді
әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне бағытталып отыр. Осы мәселені жүзеге асырудың ең ба-
сты жолы студенттердің бойында әлеуметтік мәдени біліктілікті қалыптастыру. Өйткені тіл, ұлт-
мәдениет үштігін өзара тығыз байланысты қарастыру қандай да болмасын шетел тілін оқыту
процесінің жемісті болуына өз септігін тигізеді.
Жаңа дәуір, жаңа талаптар шет тіліне оқыту әдістемесінің жалпы және сонымен қатар, ар-
найы әдіс-тәсілдерін қайта қарауды талап етті. Шетел тілі оқытушылары әлеуметтік жаппай
көңіл бөлудің дәл ортасында қалды: ғылым, мәдениет, бизнес, техника және адам іс-әрекетінің
барлық салаларында мамандардың жаппай келуі шет тілін сөйлеу құралы ретінде оқытуды та-
лап етті. Олардың тілдің теориясы да, тарихы да қызықтырмады. Шетел тілдері, оның ішінде
ең алдымен, ағылшын тілі қоғам өмірінің әр саласында басқа елден келген адамдармен нақты
қарым-қатынас жасау үшін қолданып, қызмет ету үшін қажет болды.
Шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде оқыту үшін шынайы қарым-қатынас жағдайын
тудыру керек, яғни, шетел тілін оқытуды өмірмен байланыстыра отырып, шетел тілдерін жан-
ды, табиғи жағдайда қолдану қажет. Әртүрлі халықтар мен мәдениет өкілдерін қарым-қатынас
ретінде шетел тілінде сөйлеуге үйрету үшін тілдер сол тілде сөйлейтін халықтардың әлемі мен
мәдениетімен үздіксіз бірлікте оқытылуы қажет.
65
Әртүрлі мәдениет өкілдерімен қарым-қатынастың тиімділігін арттыру үшін тілдік кедергіні
жеңумен қатар мәдени кедергіні жеңу қажет. Ғалым, Г.А. Воробьев шетел тілін оқытуда негізгі
көмектесетін құрамдас бөліктерді былайынша атап көрсетеді:
Лингвоелтанымдық ұлттық мәдени лексикалық бірліктер және оларды мәдениетаралық
•
қарым-қатынас жағдайында қолдана алу;
Әлеуметтік лингвистикалық әлеуметтік әртүрлі әлеуметтік статус, ұрпақ, қоғамдық топ,
•
диалект өкілдерінің тілдік ерекшеліктерін білу;
Әлеуметтік психологиялық тілін үйреніп отырған ұлттың мәдениетінде қабылданған
•
нормаларға, ережелерге сай әлеуметтік мәдени, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерін білу.
Ал, ұлттық арнайы ерекшеліктерді қамтитын мәдениеттің компоненттеріне мыналарды
жатқызуға болады:
а) салт-дәстүрлер мен ырымдар
ә) салт-дәстүрлермен байланысты тұрмыстық мәдениет, дәстүрлі тұрмыстық мәдениет деп
те аталынады.
б) белгілі бір қоғамда қарым-қатынас нормалары ретінде есептелетін күнделікті өзін-өзі ұстау
ережелері және кейбір тілдік мәдениет өкілдері қолданатын ишаралық және пантомимикалық
әрекеттер.
с) белгілі-бір этностың мәдени салт-дәстүрлерін көрсететін әдеби мәдениет.
Шетел тілін оқыту үрдісінде мәдени біліктілікті қалыптастыру студенттердің мәдениет
аралық қарым-қатынас жағдайында адекватты түрде әрекет етуіне, өз тілін үйреніп отырған елдің
мәдениетін зерттей отырып, төл мәдениетке тән, бұрын беймәлім болған жаңа құндылықтарды
ашуға жол ашады.
Қазіргі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаты – студенттердің коммуникативтік
біліктілігін қалыптастыру болса, мәдени біліктілікті қалыптастырмай отырып, бұл мақсатқа
жету мүмкін емес. Өйткені, шетел тілін оқыту үрдісінде олар ажырамас бірлікке, бір үрдіске
айналады.
Ұлттық тіл мен мәдениетті білетін адамның ад өзіндік ерекшеліктері болады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас жасағанда сөйлеушілердің ұлттық мінезінің ерекшеліктерін,
олардың эмоционалдық жағынан құрылу жүйесін, оларды ойлау іс-әрекетінің ұлттық арнайы
ерекшеліктерін білуге тырысу керек. Ұлттық құрылымдардың астарында мәдени құрылымда
жатыр. Грамматикалық ережелер мен сөздің мағынасын білу тілді қарым-қатынас құралы
ретінде қолдану үшін жеткіліксіз екені айдан анық. Оқытылатын тіл әлемін неғұрлым тереңірек
білу қажет. Басқаша айтқанда, яғни, грамматикалық ережелер мен сөздің мағынасынан тыс
сөзді қашан айту/қалай жазу, кімге, қайда жазу; белгілі бір сөз/сөз мағынасы сол тіл
әлемінде нақты қалай өмір сүретінін білу қажет. Себебі, сөздердің ерекшелігі тек тілдерді
салыстырғанда анық байқалады, өйткені ұлттық мәдениет басқа мәдениетпен қатар келгенде
ғана анықталады. Сондықтан шетел тілін үйрену барысында сөздерді жеке-жеке жаттамай, олар-
ды мағыналарымен қатар жаттау керек. Екі тілдегі сөздіктер қатарынан осындай сөздерді көптеп
кездестіруге болады: a ration book – карточка; to do the books – есеп жүргізу; to be in smb’s
good/bad books – біреумен жақсы/жаман қарым-қатынаста болу. Ал, ағылшын тілін аударғанда:
іcкерлік хат – memorandum; ғашықтық хат – love story, жабық ғимарат – indoors.
Қорыта айтқанда, әртүрлі халықтар мен мәдениет өкілдерінің арасында шетел тілін
мәдениетаралық қарым-қатынас ретінде оқыту мәселесін шешудің негізгі жолы – тілдер сол
тілде сөйлейтін халықтардың әлемі және мәдениетімен бірлікте байланыстыра оқытылуы тиіс.
пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әкімішова Ж..Ә. Тіл-мәдениет феномені мәселесі. 52 б.
2. Қазақ Совет энциклопедиясы 11 том, 1997 Бас редакторы М.Қ.Қаратаев. 257 б.
3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Алматы: Қазақ университеті, 1999. 309 б.
66
Сайымова Мейрамкул Дулатқызы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті,
Ph.D докторы, доцент
индустриалды-инновациялыҚ Экономика ЖаҒдайындаҒы
аҚтӨбе облысы кІШІ ҚалаларыныҢ даму мҮмкІндІктерІ
Ақтөбе облысы бірегей минералды шикізат қорына ие. Аумақта Қазақстанның көмірсутек
шикізатының барланған қоры – 10%, табиғи қоры – 30%, сонымен қатар, отандық хромның
барлық қоры, никелдің – 55%, титанның – 40%, фосфориттің – 34%, цинктің – 4,7%, мыстың
– 3,6%, аллюминийдің – 2%, көмірдің – 1,4% қоры орналасқан.Өнеркәсіптік өндіріс облыс
экономикасының негізі болып табылады. Жалпы өңірлік өнімге өнеркәсіптік салымы 54%
құрады және жыл сайын өсу қарқыны байқалады.
90-шы жылдардың басында көптеген шағын және орта қалалардағы жұмыс орындарының
қысқаруы, кәсіпорындарды қалпына келтіруге қабілетті инвесторлардың болмауы сияқты үлкен
қиыншылықтарды өткерді. Облыста жалпы қала халқы мен ауыл халқын салыстырмалы түрде
қарастыратын болсақ, қала халқының саны едәуір өскендігі байқалады.
Ақтөбе облысындағы дағдарысқа қарсы шаралардың экономика секторларының индустрал-
ды –инновациалық дамуына бөлген үлесін төмендегі мәліметтерден көруге болады.
Жалпы шағын және орта қалаларда көптеген салалар дамып, облыс экономикасында
ілгерілеуге жол ашып, экономиканы индустрияландыруға бағыт алып отыр.
Қазірде аса маңызды объектілердің бірі – Қандыағаш газ-турбиналық стансасының
құрылысын салу мен қондырғыларын сатып алуға 12,5 млрд.теңге қажет. Қандыағаш газ-
турбиналық стансасы іске қосылғанда көптеген энергетикалық проблема шешімін табады.
Бүгінде Қандыағашта құрылыс материалдарын өндіруде зауыттар іске қосылуда. Серпінді жоба
қатарына енген зауыттардың бірі бұл – тегіс әйнек шығаратын зауыттық құрылым. Зауыт іске
қосылған кезде елімізге жылына 21,7 млн шаршы метр әйнек береді және кәсіпорын өз өнімін
шет ел нарығына шығаруды, жоғары технологияны ұстануды көздейді. Мұнда салынатын инве-
стиция – 230 млн АҚШ доллары көлемінде[3].
Алға қаласында бүгінгі таңда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2968,2 млн.тенгеге
жетті немесе өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 108,1 пайызды, ал өнеркәсіп өнімдерінің
нақты көлем индексі -106,1 пайызды құрады.. Индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасы
аясында төмендегідей жобалар жүзеге асырылуда:
«Неохим» ЖШС-інде жобалық қуаты жылына 30 мың куб.м. пенобетон өнімдерін шығаратын
цехтың құрлысы аяқталды.
Ауданда 1502 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 109,2 пайызды құрайды.Ауданның негізгі капиталына тартылған
инвестицияның бюджеттік қаржысы 1449,8 млн.теңгені және тұрғындар мен кәсіпорындардың
жеке қаржысы -1155,3 млн.теңге құрады.Алға қаласының жаңа салынған Шығыс бөлігінде құны
48,1 млн. теңгелік, ұзындығы 7,1 км газ желісі іске қосылды.Алға қаласының сумен жабдықтау
жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына 338,0 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 41 км бола-
тын полиэтиленді құбырмен су желісі жүргізілді.Сонымен қатар, Алға қаласының санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында «Алға-
Тазалық» КМК-ы құрылып, 70,0 млн. теңге қаржыға қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару
үшін жаңадан полигон салынды. Мекеме Алға қаласының 20 мыңнан астам халқымен 150-ден
артық мекемелерге келісім шарттары бойынша қызмет көрсетеді[5].
Алға қаласындағы шешілуін талап ететін маңызды мәселелердің бірі бұл экологиялық про-
блема. Елек өзенінің беткі бөлігі мен жер асты бөлігінің бормен ластануы алаңдатады. Ластаушы
негізінен бұрынғы химзавод саналады, мұны тазартуға қажет қаржы сомасы 937,2 млн.теңгені
құрайды.Өндірістік әлеумет жағдайы мен экологиялық проблемалар қалалардың өз бетінше
67
дағдарыстан шығуына мүмкіндік бермейді. Қала экономикасының қайта құрылымдануы мен
жаңа өндіріс орындарының ашылуын қажет етеді.Қаладағы қала түзуші кәсіпорын толығымен
тоқтап тұр ол химиялық зауыт, зауытпен өндірілетін күкірт пен бор қышқылының нарықта төмен
бәсекеқабілеттілігі мен шикізаттың болмауына (суперфосфат өндіру үшін шикізат Коль жарты-
лай аралынан тасымалданған, кейіннен қол жетімсіз болып қалған) байланысты тоқтап қалды.
Химиялық зауыттың тоқтауының нәтижесінде қала өз бетімен шеше алмайтын ірі экологиялық
проблема пайда болды: топырақтың химиялық заттармен және химиялық өндіріс қалдықтарымен
ластануы, Елек өзенінің бормен ластануы байқалады.
Облыс ауыл шаруашылығының даму қорытындысын талдау барысында ауыл шаруашылығы
өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін жоғарылату үрдісі сақталып отырғаны байқалады.
Облыс халқын аймақта өндірілген азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету міндеттері табысты
шешіліп келеді.
Алғашқы рет мал шаруашылығы өнімі өндірісін субсидиялау бойынша бағдарламалар
әзірленді және сәтті іске асырылды, ол үшін 126,5 млн.теңге бөлінді. Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды қолдауға 54,9 млн. теңге субсидия бөлінді.
Мынадай ірі объектілер пайдалануға берілді: жылына 1,0 мың тонна құс етін өндіретін
«Аққұс» құс фабрикасының бірінші кезегі, «Туркуаз Эдибл Ойл Индастриес» ЖШС өсімдік
майын құю бойынша жаңа желісі.
Аймақтағы даму деңгейінің көрсеткішіне қарай отырып, шағын қалалардың да көкейкесті
мәселелерін шешуге мемлекеттік рөлдің күшеюі негізінде қол жеткізуге мүмкін болады.
Қазақстандық мөлшерді ұлғайту бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде
мыналар болжануда:
жаңа, импорт ауыстыру басымдықтары айқындалған шеңберде перспективалық
-
инвестициялық жобалар конкурсын өткізу, қазіргі импорт алмастыратын өндірістер көлемдерін
ұлғайту;
іріктеу өлшемдерінің сәйкестігіне жобаларды бағалау: Бағдарлама басымдықтарына
-
жобаның сәйкестігі ұзақ мерзімді ішкі сұраныстың болуын негіздеу, рентабелділік, өндірісті
ұйымдастыру үшін шикізаттың/жинақтаушылардың болуы (импорттың қажеттілігі жағдайында
отандық шикізатқа/жинақтаушыларға кезең-кезеңдік көшу жоспары берілуі тиіс);
Бағдарламаның екінші кезеңінде осы жобаларды қаржыландыру бөлігінде жобаларды іске
асыру жоспарлануда, оның ішінде:
жеңілдік кредиттерді беру;
-
кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
-
жерді, құрылысты сатып алу, қазіргі заманғы жабдықты сатып алу және т.б. үшін қажет
-
нысаналы демеу қаржылар мен субсидиялар.
Кейбір аталмыш мәселелерді аймақтарда мемлекеттік саясат аясында жүзеге асыру үшін
тиімді мемлекеттік бағдарламаларды жасау қажет. Алдымызда тұрған мәселелерді жүзеге
асыру үшін жақын және алыс шетелдік тәжірибелерге сүйене отыра тиімді бағдарламаларды
жасақтаудың үлгілерін қарастырып өтейік.
ЕуроОдақ мемлекеттері. ЕО мемлекеттерінде проблемалық аймақтарды дамытудың
бекітілген мақсаттарына қол жеткізу ұлттық Үкімет ұсынысы бойынша жасақталатын
бағдарламалар (бірлесіп дамыту жоспары) арқылы қол жеткізіледі.
Бағдарламаларды жасақтау процесі төрт сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда өзінің проблемалық аймақтарына көмек қажет мемлекеттерден ұсыныс
-
(жоспар) қабылданады;
Екінші сатыда жеке бағдарлама жасақталады;
-
Үшінші сатыда бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылады;
-
Төртінші сатыда бағдарламаны рәсімдеу жүзеге асырылады, яғни бағдарламаның
-
жергілікті жағдайларға бейімділігі және оның жүзеге асырылуын бақылау.
Бағдарламаларды сараптау бағдарламаны бекіткенге дейін ЕО-тың тәуелсіз кеңесшілерімен
жүзеге асырылып, сонымен бірге стратегияның сапалық негізі, мақсаттар саны, ішкі және сыртқы
68
қарама – қайшылықтар, бағдарламаны жасақтаудағы сәйкестілік пен іс-шаралар жеткіліктілігі
және олардың орындалуы ескеріледі.
Бағдарламалық құжаттардың әрбір бөлімшесі бюджеттік жолға ие, онда Құрылымдық
қор қаражаттары мен ЕО мүше – мемлекетпен бірлесіп қаржыландыру көрсетіледі. Әрбір іс –
шара үшін күтілетін нәтижелер мен салдары олар бойынша бағдарламаның орындалу нәтижесі
бағаланады [2].
Қазақстанда жергілікті деңгейде жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке меншік
әріптестік белсенді дамып келеді. Әсіресе, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық нысан-
дар құрылысында қарқынды қадамдар байқалады. «Жол картасы» бағдарламасының орындалу
нәтижелері – мұның айқын көрінісі.
Қазіргі уақытта еліміздегі аймақтар үшін әлемдік және экономикалық кеңістікке шығу,
қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіндегі стратегиялық міндеттердің бірі бо-
лып табылады.
Аймақтар, сәйкесінше қалалар алдында әлемдік кеңістікке шығумен байланысты эконо-
мика модернизациясы мәселесі туындайды. Өндірістік және ғылыми потенциалға ие қалалар
ақпараттық – технологиялық байланыстардың орталығы ретінде қарастырылады. Шағын
қалалардың индустриалды – инновациялық потенциалын тиімді пайдалануынан, стратегия
нақтылығын және оның нақты бағытын анықтаудан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
тәуелді.
Қазақстанның шағын қалаларының индустриалды – инновациялық дамуы алдағы он
жылдықта олардың ішкі және сыртқы нарықтағы орнымен анықталады. Өнеркәсіптік өндіріс
тиімділігінің тұрғысынан тұрғыны 50 мың адамды қамтитын шағын қалалар үлкен және аса ірі
қалаларға қарағанда тиімді саналады. Осындай көрсеткіштер арқылы ең әлсіз инфрақұрылымды
инновациялық жобалар арқылы жетілдіру біздің болашақтағы басты міндетіміз.
Басты жобаладың бірі отандық дәрі-дәрмекті өндіру. Осыған байланысты облыс аймағында
100-ден аса өсімдік түрі өседі. Дәрі-дәрмекті 90-шы жылдары жылына бірнеше тонна дәрілік
өсімдіктерді мемлекеттің сұранысы бойынша жинап, тапсырып отырған. Қарғалы, Мұғалжар,
Мәртөк, Алға, Хромтау аудандарынан жиналған дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі Шымкенттің
«Химфарм» зауытына жөнелтілсе, бір бөлігі облыстың дәріханалары арқылы саудаға шығарылады
екен.
Елбасымыздың бағдарламасының бір бағыты екенін ескерсек, Ақтөбе өңірі дәрілік
өсімдіктерге бай екенін, егер аумақта осы жұмысты жүзеге асыратын өндіріс орны ашылып,
ірі зертхана жұмыс істесе, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондай-ақ зерттеуге қажетті
дәрілік өсімдіктер қаланың маңайындағы орман шаруашылықтарынан алынады екен.
Шипалы шөптерді ретсіз жинай берсек, аз жылда оның тұқымы азайып, тіпті құрып кетуі
мүмкін. Мәселен, ірі дәрі жасайтын зауыттары бар аймақтарда емдік шөптерді егу жұмыстары
жолға қойылған. Ал біздің облысымызда бұндай шаруа әзірге жүзеге аса қойған жоқ. Демек,
мемлекет тарапынан осы мәселеге ерекше назар аударылып, өсімдіктерді егу жұмысы қолға
алынса, табиғат берген байлықты сақтап қалуға болады. Бұл тұрғыда өсімдіктер дүниесін
қорғауға бағытталған заңнамаларды да қатайта түскен жөн.
Бұл дәрі –дәрмек шикізатының базасын дайындайтын орын ретінде – Жем қаласын тиімді бо-
лар еді. Себебі ірі әскери база болған, кейін құлдыраған қаланың әліде болса даму деңгейі бәсең.
Екінші бір негізі, территориялық аймақта дәрілік өсімдіктер көптеп өсетіндігі. Келесі жағдай
экономикалық негіздеме ретінде Жем қаласында 2015 жылдарға дейін мұнай өнімдерін өңдейтін
химия зауыты ашылмақ. Бұл сол жердің халқының қалалық сипатын қайта қалыптастыруға
әсерін тигізері сөзсіз.
Осындай ірі орталықтарға айналса халықтың урбанизациялану процессі арқылы жұмысбасты
болуына, маманданудың жоғарғы деңгейіне, ғылым мен білімнің үлесімді жүзеге асырылуына
жол ашылмақ
[4]
Осы Жем қаласы мысалында қаланың потенциалын ескере отырып, дәрі-дәрмек өндіру
мәселесіне SWOT- талдау жасауға болады. Ірі әскери база болған, кейін құлдыраған Жем
69
қаласының әлі де болса даму деңгейі бәсең. Қалаға Ақтөбе облысының дәрі-дәрмек шикізатының
базасы ретінде қарауға болар ма еді..?
Дәрі-дәрмек өндірудегі SWOT талдау
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Облыс аймағында 100-ден аса өсімдік өседі, соның ішінде дәрілік
-
өсімдіктердің үлес салмағы жоғары деңгейде (облыс аудандарынан
дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі «Химфарм» зауытына, бір бөлігі
облыс дәріханаларына шығарылады);
Дәрі-дәрмек шикізатының базасын дайындайтын орын ретінде
-
Жем қаласы тиімдірек болар еді, себебі ірі әскери база болған,
кейін құлдыраған қаланың әліде болса даму деңгейін жоғарылатуға
болады;
Жем қаласы осындай ірі орталыққа айналса халықтың урбаниза-
-
циялану процессі арқылы жұмысбасты болуына, маманданудың
жоғарғы деңгейіне, ғылым мен білімнің үлесімді жүзеге асыры-
луына жол ашылмақ.
Осы бастаманы бастауда
-
қомақты қаржы тапшылығы;
Тәжірибенің жоқтығы. Деген-
-
мен, қалаға білікті мамандарды
тартуға мүмкіндік туар еді.
Мүмкіндіктер
Қауіп-қатерлер
Шипалы өсімдіктердің бай қорының болуымен қатар, ірі дәрі жа-
-
сайтын зауыт ашылған жағдайда аймақтарда емдік шөптерді егу
жұмыстарын жолға қоюға болады;
Ірі зертхана жұмыс істесе, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.
-
Зерттеуге қажетті дәрілік өсімдіктер қаланың маңайындағы орман
шаруашылықтарынан табылады;
Бүгінгі таңдағы индустриялдық-инновациялық бағдарламалар
-
щеңберінде қаржы тарту мүмкіндігі бар;
Қалада 2015 жылдарға дейін мұнай өнімдерін өңдейтін химия зау-
-
ыты ашылмақ, қала өміріне жан бітіруге себеп бар.
Зауыт құрылған жағдайда
-
бастапқы уақытта бәсекелестерге
төтеп беру мәселесі;
Форс-мажорлық жағдайлар
-
Инновациялық жобаларды, сонымен бірге ғылым мен технология жаңалықтарын
бірлесіп атқаратын әріптестер іздестіру мақсатымен біздің қоғам трансфертті технологияның
қазақстандық жүйесіне еніп отыр.
Бюджет кодексінің 17-тармақшасында бюджеттік инвестициялық жобаға түсінік беріледі.
БИЖ – бұл белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және
аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға
бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Яғни, бюджет қаражаты есебінен салынатындардың барлығы
– бюджеттік инвестициялық жоба болып табылады. Олардың қатарына мектептер, аурухана-
лар, газбен, сумен, электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін, жолдар салу жатады. Аталған
шаралар шағын қалалардағы Мемлекеттік жеке әріптестік арқылы инфрақұрылымды дамытуға
арқау болмақ.
Мемлекет кәсіпкерліктің қалыптасуына жағдай туғызса жетіп жатыр. Әрине, бұл жағдайлар
бірте-бірте орнына келеді, елде бұл бағытта едәуір жұмыс жасалып жатыр. Шағын және орта
бизнесті қолдау шаралары заңда мықтап көрсетілуі, оның қарапайым, жете көрініс табуы және
текелей әрекет етуі қажет. Отандық тауар өндіруші шетелдік сапасыз материалдар демпингіден
қорғалуы тиіс, ал олар өндірілген елде еңбек жағдайы арзан болғандықтан, құны да бізге
қарағанда арзанырақ. Бүкіл әлемде ішкі нарықты кедендік баж салығымен қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |