пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ақтөбе облысының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2010- 2014 жылдарға арналған жоспары/ Облыс
әкімдігінің 2009 жылдың 30 қыркүйектегі №286 бұйрығымен мақұлданды;
2. Несіпбай А. Ортақ мүдде//Егеменді Қазақстан, 19 Наурыз 2010;
3. Пресс-служба АО «Казахстанский Центр ГЧП» www.finmarket.ru/z/nws/news;
70
4. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарған арналған стра-
тегиясы. www.government.kz;
5. Алға ауданының әкімі Қ.Қ.Сәрсенғалиевтың «Ауданның 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының
қортындылары және 2010 жылға арналған міндеттері туралы» есебі//Ақтөбе, 10.03.2010;
6. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы» Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығы. 28.09.2006, N167, 54-б.
Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының меңгерушісі,
магистр, аға оқытушы
лингвоелтанымдыҚ сӨздІк ЖасаудыҢ маҢыздылыҒы ЖӘне оныҢ
басҚа сӨздІктерден айырмаШылыҒы
Еліміз егемендігін алып, еңсесін түзегеніне де 20 жылдың жүзі болыпты. Ғасырлар
қойнауындағы 20 жыл бір ғана мезетпен тең, адам өміріндегі 20 жыл айтарлықтай уақыт.
Егемендікпен қатар туылған сәбилер бүгінде оңды солын таныған бозбала мен бойжеткенге ай-
налды. Олар елімізбен, еліміз солармен қатар дамып келеді, өсіп келеді. 10-15 жыл алдын басқа
мемлекеттер елімізді картадан ғана білетін болса, Президентіміздің сындарлы саясатынының
арқасында елімізді бүгінде бүкіл әлем білетін болды. Мерейіміз асып жас Қазақстан қарт
Еуропаның төріне шықты. Түптеп келгенде бұл жетістіктің барлығы Н.Ә.Назарбаевтың
абыройының арқасында болып жатқанын ел біледі. Президентіміз салған жолды ары қарай
жалғастыру біздің азаматтық борышымыз. Қазіргі Қазақстанды жақсы жағынан жаһанға таны-
стыру, Қазақстандай ел бар екенін паш ету жастардың міндеті. Сол арқылы жаһандану кезінде
жұтылып кетпеуге жол ашамыз. Сол арқылы соқтықпалы-соқпақты тарихы бар елімізді, қойнауы
кенге толы байтақ жерімізді сақтап қала аламыз.
Тіл – елдің тірегі, тарихы. Төл тіліміздің әлем білмейтін қыр-сырлары өте көп. Оның абы-
ройын көтеру үшін, оны өзгелерге сыйлата білу керек. Тілдің біз білетін негізгі екі қызметі
бар. Біріншісі –
қарым-қатынастық қызметі де екіншісі –
жинақтаушы қызметі. Соңғы кездері
тілдің екінші қызметіне үлкен мән беріліп келе жатыр. Ұлттардың мәдениетаралық қарым-
қатынасы, елтаным, мәдениеттаным тақырыптарында сөз қозғағанда – тілдің осы қызметіне
ерекше тоқталады. Біз де осы мәселені тілге тиек етіп, елтанымдық сөздікті жасау өзектілігін
қозғағымыз келіп отыр.
Қазақ лексикографиясы тіл біліміндегі кенже дамыған ғылым саласының бірі. Сондықтан
біздің тіл білімімізде лингвоелтанымдық сөздік (ЛE) жөнінде түсінік жоқ. Оны жасау қазіргі
заманның талабы. Мемлекетіміз егемендігін алғаннан кейін мемлекетімізді әлемге, әлемді
мемлекетімізге таныстыратын еңбектер қажет. Өзгелерге елімізді сырттай ғана танытпай
мәдениетімізді, ел құрылымын, дәстүрін терең танытатындай еңбектер жазған дұрыс. Ол
үшін дамыған мемлекеттерде қолға алынып жатқан және өзінің оң нәтижелерін беріп жүрген
лингвоелтанымдық сөздік құрастыру ісін алға қою керек. Біздіңше, алдымен оның ғылыми
құрылымын жасау қажет, содан кейін сөздік жұмысымен айналысқан дұрыс болар. Осы бағытта
түйген ойларымызды ортаға салғанды жөн көрдік.
Лингвоелтанымдық ұстанымдарға негізделген сөздік – құрамына лингвистиканың
элементтері (тілдік бірліктердің семантикасын ашу) мен елтанымның (елдегі реалдарды
аталатын сөздері арқылы үйрену) элементтерін жинақтайды. Лингвоелтаным әлеуметтік
лингвистиканың жеке бір бұтағы ретінде де қарастырылып жүр. Бірақ әлеуметтік лингвистика
зерттеу нысанына ұлт ішіндегі қандай да бір әлеуметтік ұжымды жатқызатын болса, лингво-
елтаным әдеби тілден көрініс табатын жалпыұлттық мәдени элементтерді үйренуді, зерттеуді
мақсат етіп қояды. М.С.Колесникова лингвоелтанымдық сөздіктерді лингвомәдениеттанымдық
71
сөздіктердің дамыған түрі деп көрсетеді. Лингвомәдениеттанымдық сөздіктер күнделікті
тұрмыстағы ұсақ-түйекті немес сол ұлттың өзіне байқалмайтын өзін ұстау ережесін тіркемеуі
мүмкін. Ал ЛЕ сөздікте ол мәселелер негізгі орындардың біріне қойылады. Лингвоелтанымдық
сөздік қарапайым екі тілді сөздік пен энциклопедялық анықтаманың жай ғана қосындысы емес,
ол ел реалдарына қосымша мағыналық жүктемелерді беруді өзіне негізгі мақсат етіп қоятын
еңбек. Сондықтан бұл сөздіктердің өзіне тән ерекшелігі мен олардың басқа сөздік туындылары
жүйесіндегі орнын теориялық тұрғыдан ұғыну маңызды міндет.
Қазіргі таңдағы белгілі филологиялық сөздіктер мен энциклопедиялық сөздіктердің
ерекшелігіне тоқталсақ, олардың айырмашылығы айтарлықтай үлкен. Олардың сөз мағынасына
түсінік беруінде де айырмашылықтар байқалады. А.А. Реформатскийдің айтуына қарғанда
«энциклопедиялық сөздіктерде сөзге сипаттама мен түсініктеме берілмейді, сол сөзбен аталған
құбылысқа сипаттама беріледі», ал тілдік сөздіктерде «сөздерге түсінік беріледі» [1,148]. Бұл
пікірді көптеген әдебиеттерден кездестіреміз. Бірақ сөздіктердің өне бойында осы пікірге сай
жүйе қалыптасқан дей алмаймыз. Түсіндірме сөздіктердегі сөз тізбе мен сөздік мақала ешқандай
өзгеріссіз энцеклопедиялық сөздіктерде де кездесіп отырады. Орыс ғалымы А.И. Киселевский
бұл мәселелерді салыстыра келе «түсіндірме сөздік пен энциклопедиялық сөздіктегі сөздерге си-
паттама мен анықтама беруде үлкен айырмашылықтың жоқтығына» тоқталады [2, 26-27, 63-64].
Ж. Маторэоының айтуынша тілдік сөздіктермен энцикалопедиялық сөздіктерді жасаудың жал-
пы қағидалары сөздік жасау ісіндегі тәжірибеде көп сақталмайды. Бұл мәселе жөнінде В.Г.Гаг
«... кейбір зеріттеушілер лингвистикалық және экстралингвистикалық құбылыстардың арасы-
нан қанша айырма тапқысы келгенімен, сөздер әлемі заттар әлемінен бөліне аламайды; және кез
келген түсіндірме сөздік сөздердің ғана емес, сол тілде сөйлейтін адамдарға тән ұғымдардың,
объектілердің, білімдердің жабдығы (инвентарь) болып саналады»,- деп айтқан болатын [3, 524].
Мұндай пікірге басқа да лексикографтар келген.
Соған қарамастан олардың арасында айырмашылық байқалады. Л.В. Шербаның ойын-
ша филологиялық сөздіктер энциклопедиялық сөздіктердегідей ғылыми анықтама беруге
бара қоймауы қажет [4,281]. Әрине, күнделікті қолданылып жүрген түсініктер мен ғылыми
түсініктердің бір-біріне сай келетін жағдайлар да болады. Ондайда екеуіндегі сөзге сипатта-
ма беру сәйкес келуі мүмкін. Жалпы алғанда филологиялық сөздіктер мен энциклопедиялық
сөздіктердің төмендегідей айырмашылықтарын қысқа қайырып айтуға болады:
бірншіден, филологиялық сөздіктер ішінара ғылыми пікірлерге қарсы мәліметтерді
көрсетеді. Өйткені тіл өзінің дамуы барысында қоғамдық сананың дамуынан қалып қойады және
ол ғылымда жоққа шығарған мәліметтерді айта береді. Мысалы: сөздіктердегі «Күн батады»,
«Күн шығады», деген тіркестер жер күнді емес күн жерді айналады деген кері ұғымдарды сипат-
тайды. Біздің заман адамдарының санасы үшін тіл арқылы сақталатын мұндай көне мәліметтер
тіл формасына арнайы назар аударған кезде ғана байқалады, өйткені күнделікті тұрмыста білімді
адамдар күн мен жерді ғылыми тұрғыдан түсіне біледі.
Екіншіден, филологиялық сөздіктерде ғылыми сөздіктермен салыстырғанда қатаң емес
мәліметтер беріледі. Мұндай қарапайым ұғымдар ғылымға тікелей қарсы қойылмайды, де-
генмен де олар ғылыми сипаттау талаптарына жауап бере алмайды. Математикалық тер-
миндермен аттас кез келген сөздің (мысалы: қосу, дәлелдеу, дәреже, фукция) филологиялық
анықтамасына математик толығыменмен қанағаттана алмайды, дәл сол сияқты лингвист –
ғылым да филологиялық сөздіктердегі «дыбыс», «сөз», «фраза», «мәтіннің» анықтамаларына
қанағаттанбайды. Бір жағынан, әрине, математик ғалым да лингвист те мұндай түсініктемелердің
өз ғылымы тұрғысынан жеткіліксіз екенін көрсеткенімен сөздік мәліметтерін ғылымға қарсы
деп есептемейді. Дегенмен тек ғылымға ғана тән білім салалары бар, бірақ қарапайым деп сана-
латын құбылыстар ғылыми сипаттаманың нысаны бола алмайды.
Үшіншіден, филологиялық сөздіктер болмыстағы жүйеленбеген сипаттаманың нысаны бол-
майтын аумақты көрсетеді, ал энцоклапедиялық сөздіктер негізгі көпшіліктің санасында көрініс
72
таппаған таным аумағын қамтиды. Біздің ойымызша филологиялық және энциклопедиялық
сөздіктердегі семантизатциялау сапасының негізгі айырмашылығы осында. Осындан
филологиялық сөздік пен энциклопедиялық сөздіктердің сөз тізбесінде де айырмашылық бола-
ды.
Енді ЛЕ сөздіктің басқа сөздіктерден айырмашылығы қандай және оның сөз тібесіне енетін
сөздер мен сөздік мақаласы қандай ерешеліктерден тұру керек, ЛЕ сөздік энциклопедиялыққа
ма әлде филологиялық сөздікке жата ма деген мәселелерге жауап беруге тырысайық.
Энцикалопедиялық сөзтізбе негізінен қоғамтанушылық терминдерді қамтиды, ЛЕ сөздік
болса қоршаған ортада күнделікті өмірді бейнелейтін құбылыстар лексикасын сипаттайды.
Әрине онда да терминологиялық, әсіресе құрамдық номинативтік топтарды қамтитын лексика-
лар кездеседі (мәдени-ағартушылық жұмыстар, муызкалық білім, т.б.), дегенмен сөз тізбедегі
бірліктердің көпшілігі күнделікті қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Сондықтан оны
филологиялық сөздіктер тобына жатқызуға болады.
Егер кесте түрінде ойларымызды жинақтар болсақ олар төмендегіше көрініс табады:
1-кесте
Лексикалық дериваци
энциклопедиялық
сөздікте (ЭС)
Тілдік сөздікте
(ТС)
Лингвоелтанымдық
сөздікте (ЛС)
Бір негізді сөздер
+
-
+
Сөзжасамдық ұя
-
+
-
Егер деривация заңды болатын болса, яғни егер «барлық дериват-сөздер бір түбірден
алынған, оның экспликативті қызметін нақтылауға қызмет етсе», ондай ұяшық лингвоелтанымға
қызықты емес, себебі дериваттардың жанында негізгі сөздердің симантикасына сілтеме жасалы-
нанды.
2. Атау бірліктері негізіндегі құрамдық атаулар. Құрамдық атауларды түсіндірме сөздіктерде
кездестіреміз, бірақ олар атау бірлігі ретінде емес сөздік мақаласының семантикалаушы бөлігінде
кездеседі. ЛЕ сөздікте бұндай сөздер атауыш бөлігінде кездесе беруі мүмкін. Себебі белгілі бір
тақырыпта тірек сөздердің мағынасы болмауы мүмкін, ал сөз тіркестері тақырыптық болуы
мүмкін.
2-кесте
Атауыш бірліктер
ЭС
ТС
ЛС
Бір сөзден
+
+
+
Сөз тіркесінен
+
-
+
3. Жалпы және терминологиялық лексика
Қазіргі кезде көптеген жағдайда сөз бен терминдерді ажырату өте қиын болып отыр, әсіресе
бұл әлументтік саяси, қоғамтану терминдеріне қатысты. Лингвотанымдық сөздікте терминге
ұқсас сөздердің үлесі көп болады.
3-кесте
Лексикалық бірлік
ЭС
ТС
ЛС
Сөз
(+)
+
+
Термин
+
(+)
(+)
73
4. Грамматикалық сипаттам және үлеспелі тілдік мәліметтер. (4-кесте).
ЛЕ сөздікте қарапайым филологиялық түсініктемелер қолданылады, сөздік шетелдіктерге
бағытталғандықтан олар кеңейтілген түрде қолданылуы да мүмкін.
4-кесте
Грамматикалық
сипаттамалардың
болуы
ЭС
ТС
ЛС
-
+
+
Сөздік мақаланың семантикалаушы бөлігі.
5. Берілетін білімнің бағытталуы
5-кесте
Деңгейі
ЭС
ТС
ЛС
Ғылыми-теориялық
+
(+)
(+)
Күнделікті-аялық
-
+
+
Түсіндірме сөздікте білім жиынтығы қолданбалы, көпшілік сипатта болады: «Сөздікте
зат пен құбылыс жөнінде осы қоғамда қабылданған танымның қортындысы беріледі. Басқаша
айтқанда, жалпы сөздіктерде түсіндірмедегі семантикалық ақпарат, әлеументтік шарттанған, ол
тікелей осы қоғамның танымдық деңгейін көрсетеді, ғылым мен техникасының, дүниетанымның
деңгейін сипаттайды» [5, 10]. Екіншіден энциклопедиялық сөздіктердегі сөз тізбегіне бәріне
белгілі сөз енген күнде де оның сөздік мақаласында оқырманға таныс емес жаңа мәліметтер
көрсетіледі.
6. Семантикалаудың мақсатқа бағытталуы.
6-кесте
Мақсат құру
ЭС
ТС
ЛС
Жаңа білім беру
+
(+)
+
Семантикалық тіркеу
және жүйелеу
-
+
+
Жаңа білімді беру мақсаты ЛЕ сөздік пен ЭС бірдей орын табады, бірақ олардың арасын-
да үлкен айырмашылық бар: біріншісі өз отандастарына екіншісі шет елдіктерге арналған.
Сондықтан ЛЕ сөздік түсіндірме сөздіктен энциклопедиялық сөздікке дейінгі жарты жолды
қамтиды: егер отандастарға арналса ол білімді тіркейді және жүйелейді, ал шет ел азаматтарына
бағытталғанда жаңа мәліметтер жеткізеді.
Сондықтан лингвоелтанымдық сөздіктер көптеген маңызды мәселерді шешуге бағытталады,
әсіресе филологиялық мәселе, мәтінді дұрыс түсінуге тікелей әсерін тигізеді.
Лингвоелтанымдық лексикография төмендегі қағидаларға негізделеді:
Лексикалық ая семантикалаудың объектісі ретінде қарастырылады.
1.
Өзекті тілдік санаға бағытталу.
2.
Өзекті историзм лингвоелтанымдық семантикалаудың бір белгісі ретінде.
3.
Көрнекі мәліметтерге сүйену.
4.
Тақырыптық сөздің парадигматикалық және синтагматикалық қатынасын көрсету.
5.
Мазмұн тереңдігінің филологиялық өлшемін сақтау.
6.
Сөздікте тақырыптық бағыттау (шолу) кіріспесінің қажеттілігі.
7.
Оқытуға бағытталу.
8.
Семантикалаушы оралымдардың білімдік қызметі.
9.
Материалдың концентризмі мен құрылымы.
10.
Семантикалаушы бөлімде тіл үйренушінің ана тілін қолдану.
11.
Бұл қағидаларды сөздік жасау ісінде тұтасынан алсақ, олар филологиялық лексикография-
да, шын мәнінде, жекеленген дербес жанрды жасауға негіз болды деп ойлаймыз.
74
пайдаланылған әдебиеттер:
1. Реформатский А.А. Ведение в языковедение. Москва – 1967
2. Киселевский А.И. Языки и метаязыки энциклопедий и толковых словарей. Минск – 1977
3. Гак В.Г. От толкового словаря к энциклопедии языка./ Изв АН СССР. Сер.лит. и яз., 1971 №6
4. Щерба Л.В.Языковая система и речевая деятельность. Ленинград – 1974
5. Арбатский Д.И. Толкования значений слов. Семантические определения. Ижевск – 1977
Салкынбаева Фатима Давитбаевна
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі,
Маңғыстау облысы, Экономика магистрі
маҢҒыстау облысыныҢ ҮдемелІ индустриалды-инновациялыҚ
даму баҒыттары
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол – «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл
түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің
бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның
жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал50 жыдары педагогикалық инноватика
қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны
анықталды:
біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең
сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс
ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасы-
мал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану
мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер)
Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім
өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және
басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады[1;65 б].
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ой-
лап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға
жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін
белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық
игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып
табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым
өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды
іздестірумен болады.
Кесте 1-Инновацияның негізгі мақсаттары мен кезеңдері көрсетілген
инновацияның негізгі мақсаттары:
1. Мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер
табыстарын құру;
2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық
жасалымдарды өткізу;
3. Өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;
4. Өткізуді дайындау және ұйымдастыру;
5. Нарыққа жаңа тауарды ендіру;
6. Технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа
нарықтарда орнығу, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату.
инновацияның негізгі кезеңдері:
1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;
2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы
идеяны өңдеу;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін тал-
дау;
4. Жаңа өнімді құру;
5. Нарықта тестілеу
6.Өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы
негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы
шешімді қабылдау.
75
Елбасының Үкімет пен облыстар алдына қойған экономиканың жыл сайынғы жеті
пайыздық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау Маңғыстау облысында да ба-
сты міндет болып табылады. Осы орайда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын айқындайтын – «Индустриалды-инновация», «Инвестор. Өнімділік», «Жұмыспен
қамту», «Бизнестің жол картасы», бағдарламалары жүзеге асуда.
Осындай мүмкіндіктер ескеріліп, облыста «Жер-Теңіз-Аспан» мегажобасы жасақталған. Ол
аймақтың оңтайландырылған жоғары технологиялық экономикасын және әлемдік қатынастарға
негізделген үйлесімді интеграциясын қамтамасыз етеді. Жоба экономиканың барлық негізгі
бағыттарын өркендетуді қамтиды, сонымен қатар бірінші кезекте отын-энергетикалық сектордың
керек-жарағын, яғни инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудан бастап, ғылыми-техникалық
жаңалықтарды қолдауларды ұсыну мен қажет өндірістерді, оның ішінде Каспий теңізіндегі
теңіз-мұнай операцияларының жағалау инфрақұрылымдарын қолдап, жабдықтауды қамтамасыз
етуге дейін бағытталған[2;23].
Маңғыстау облысында 2010 жылы үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың
бағдарламасы қорытындыланды.Маңғыстау облысында 17 инвестициялық жоба қарастырылды.
Соның ішінде 8 жоба жалпы сметалық құны 501,8 млрд теңгені құрады, осы жоба бойынша 22
мың жұмыс орны құрылады, ал 9 жобаға құны 33,2 млрд теңге жұмсалды.
Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС теңіз металл
конструкциялары өндірісі. Машина жасау саласына бағытталған жобаның жалпы құны 11 млрд.
550 млн. теңгені құрайды. Нысан құрылысы кезеңінде ашылатын жұмыс орындар саны 500-ге
жетсе, пайдалану кезеңінде олардың саны екі есеге артып мыңға тартады. Ал өндірістің
шығаратын өнім ассортименті итальяндық «Розетти Марино» компаниясына сәйкес болып та-
былады. Бұның Қазақстан өндірісінде баламасы жоқ. Кешеннің 1-ші кезеңінде өнім бойынша
жылына металл конструкцияларды өндіру 10 мың тоннаға жетеді деп жоспарланған. Сатып алу-
ларда қазақстандық қамтылым үлесі 50 пайызды құрайды.
Атырау – Ақтау жолыныңБейнеу- Манашы учаскесінде былтырдан бері қайта құру
жұмыстары қолға алынуда. Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 8,124 млрд. теңге қаражат
қарастырылған, олардың ішінде 2010 жылға 250 млн. теңге, 2011 жылға 3663 млн. теңге,
2012 жылға 4211 млн. теңге. Қазіргі уақытта осы нысан бойынша 2011 жылға 1,0 млрд. теңге
мөлшерінде қаржы бөлінді. Ол игерілуіне байланысты республикалық бюджеттен бөлінетін
қаржы көлемі 3 млрд. теңгеге дейін көбеймек. Қазіргі уақытта Азиялық даму банкі Маңғыстау
облысының автокөлік жолдарын қайта құруға 800 млн. АҚШ доллары мөлшерінде көп транш-
пен несие бөлу жұмыстарын қолдап отыр. Бұл жобаға Қазақстан Республикасы Көлік және ком-
муникация министрлігінің оң қорытындысы мен Әділет министрлігінің ғылыми сараптамасы
алынды.
Бейнеу – Ақтау учаскесінің ұзақтығы 470 км. Оның 40 км учаскесінде үстіміздегі жылы
республикалық бюджет есебінен қайта салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 430 км бой-
ынша Азия даму банкісімен (АДБ) келісімсөздер жүргізілуде. Аталған халықаралық қаржы ин-
ституты Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы және Жетібай – Жаңаөзен – Түркменстан ше-
карасы жолдарын қайта салуды қаржыландыруға да қызығушылық білдіріп отыр. Сондықтан,
қазіргі уақытта Атырау – Ақтау дәлізінің инвестициялық бағдарламасының жалпы құны 1,1 мил-
лиард АҚШ долларына бағалануда, соның ішінде АДБ несие түрінде көп траншты механизімі
арқылы 800 миллион АҚШ долларын қаржыландыруға дайын.
Қазіргі заман талабына сай байланысты қамтамасыз ету үшін 2011 жылы Мақат – Маң ғыш-
лақ учаскесіне оптикалық-тал шықты кабель төсеу жұ мы сы на 124 млн. 572 мың теңге бө лінетін
болды.Технологиялық процесті же тіл діру мақсатында ДУАМАТ, РМ, Атлас жол машинала-
рын пай даланып, 620,5 шақырымды жөн деп, қалпына келтіруді жос пар лап отыр.Атырау жол
бөлімшесі бо йын ша негізгі бағыттардағы та рамдардың бәрінде рельстер Р-65-ке ауыстырылып
болды. Ал, станциялардағы қосалқы та рамдардың ескі рельстері жос пар бойынша біртіндеп жа-
ңа ла ну да.Жол бөлімшесі бойынша бү гінгі күні магистралдық же лі тарамдарының 23% ғана те-
76
мірбетон шпалдар, 137 ша қы рым жолдың жоғары төсемі құм, 71 шақырымы асбест бал лас та
жатыр. Учаскелердегі ор таша жылдамдық 70 км/сағ құ райды. Үстіміздегі жылдың екінші жар-
тысында Каспий энергетикалық хабі жобасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен
сыртқы инфрақұрылым нысандарын, олардың ішінде Каспий энергетикалық хабіне кіреберіс
автокөлік жолын салуға қаржы бөлінуіне жұмыстануда. Республикалық бюджеттен мақсатты
трансферттер есебінен Қызылсай – Шопан ата- Оғыланды, Форт-Шевченко – Таушық автокөлік
жолдарын салу, Таушық – Шетпе автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.
Қазір теңіз, темір жол, авто жол мамандарын даярлауға комиссия құрылып, жұмыстар жоспарлы
жүргізілуде [3;28].
Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара аралығында салынып жатқан темір жол желісі
бойында облыс әкімінің ұсынысымен елді мекендердің пайда болуына құрылған жұмысшы
топтың тапсырмасына сәйкес басқарма өз тарапынан тиісті жұмыстар атқаратын болады.
Осыларға қосымша облыстың әрбір ірілі-ұсақты елді мекенін спутниктік сандық телехабарлар-
мен қамтамасыз ету мәселесі жүзеге асырылады.
Бейнеу-Шалқар темір жол желісі жобасын іске асыруға жұмыстануда. Жолдың жалпы
ұзындығы – 471 шақырым, құны- 156 млрд. теңге. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы №81 қаулысы-мен бекітілген экономиканың шикізаттық емес ба-
сым салаларындағы серпінді жобалар мен инфрақұрылымдық инвестициялық жобалар-
ды іске асыру жөніндегі Бас жоспарымен қаралды. Бұл нысан Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына және Қазақстан Республика-
сы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі №86 қаулысымен бекітілген 2015 жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясына енгізілді.
Ақтау – Қаламқас автокөлік жолын жөндеуге «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы
500,0 млн.теңге, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы 183,0 млн. теңге, «Бузачи Оперей-
тинг ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 191,0 млн. теңге, «Арман» біріккен кәсіпорны»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12,0 млн. теңге, «Жалғызтөбемұнай» 1,4 млн. теңге бөледі.
Жөндеу жұмыстарының үй-лестірушісі «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы компаниялар-
дан түскен 887,4 млн. теңгенің жұмыстарына бірыңғай мердігерді анықтап, жөндеу жұмыстары
басталып кетті.Сонымен қатар Каспий энергетикалық хабі-нің сыртқы инфрақұрылымын салу
шеңберін-де автокөлік жолдарының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға республикалық
бюджеттен 35,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 2,8 млрд. теңге. Ка-
спий құбыр жолы консорциумы Жалпы ұзындығы 1510 км болатын мұнай құбыры «Теңіз» кен
орны мен Қара теңіздің ресейлік жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терми-
налын біріктіреді.Мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тонна мұнай айдауға
дейін ұлғайту көзделіп отыр
Өзен (Қазақстан) – Қызылқая – Берекет – Этрек (Түркменстан) – Горган (Иран) темір
жол желісі . Жалпы ұзақтығы 686 км, оның ішінде Қазақстанның аумағы бойынша – 146 км,
Түркменстан – 470 км, Иран – 70 км өтеді. 2009 жылғы 5 қарашасынан бастап жер төселімін
және инженерлік жасанды құрылыстарды салу жұмыстары жүргізілуде. 15 шілдеге дейін жер
төселімінің 91 % салынып, 64 су өткізетін құбырларын салу жұмыстары аяқталды, 12 км рельс-
шпалдық торламалар құрылып, 11 км жол салынды. Жұмыс барысында 1500 адам мен 700 тех-
ника жұмылдырылған. Пойыздардың қозғалысын ашу 2011 жылдың желтоқсанында жоспарла-
нуда.
Кендірлі – бұл 11 км құмайт жағажайлары. Жақын арада бұл жерде төрт курорттық дема-
лыс аймақтары да құрылуда. Біріншісі – аймақтың оңтүстік-батысындағы, шипажайдын жүрегі,
аумағы 182 га «Мерет» су жұмағы», ал негізгі нысаны – ғажайып, 40-қабатты «Бозжира» толқын
қонақүйі және Кендірлінің рәмізі. Екінші аймақ – алаңы 280 га «Босаға» отбасылық жұмағы».
Бұл жерде, шипажайдың солтүстік жағында, ботаника бағы, аллеялармен саябақ, «Темір-баба»
тарихи-мәдени мұрасына келгендерге киіз үйлер ауылы, кемпинг пен караванингке арналған
77
жерлер орналастырылуда.Тағы бір аймақ – бұл жастарға арналған «Тамшалы» сауықтыру
жұмағы». Осы жерде, 233 га алаңында сіз теңізде жүзу, серфинг пен дайвинг үшін су спорт
түрлері орталығын табасыз. Соңғы төртінші «Шайыр» гольф жұмағы» аймағына 364 га алаңды
ең үлкен жер берілді. Бұл жер, атауына сәйкес, арнайы қауымға бағытталған. Осы аймақта аса
жоғары әлемдік стандарттарына сәйкес, жобаланған жаттығу алаңы мен клуб ғимаратын қоса
алғанда, 36 шұңқырларымен гольф даласы созылуда.
Аймақ экономикасының одан әрі дамуы экономикада облыстың айқын бәсекелестік
артықшылығы бар секторларында салалық кластерлерді қалыптастырылуын және дамытумен
тікелей байланысты.
Осы бағытта төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- ғылыми-технологиялық әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік
ұйымдар желісімен ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық пар-
ктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы
элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;
- экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде
бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;
– бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша отандық зерттеулер негізінде
ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа
материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;
– отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау мақсатында уақытша жеңілдікпен қарыз
құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық ма-
шиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.
Маңғыстау обылысының «Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену» стратегиясы мен
«Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты қосатын үлесі
мен елдің бүкіл экономикасында алатын орны ерекше.Маңғыстау облысы республикалық
өнеркәсіптік кешенге мұнай өндіруші аумақ ретінде кіреді, ал Ақтау қаласы бүгінгі таңда
алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік орталықтардың бірі болып табылады. Облыста соңғы жылдары
ірі, және шағын кәсіпкерліктің тұрақты әрі қарқынды дамуы байқалады және бұл жерде келе-
шекте дамудың потенциалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |