Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66



Pdf көрінісі
бет18/46
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9441
түріСборник статей
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46

список литературы:
1. Современный маркетинг /Под ред. Хруцкого В.Е. М.: Изд-во Республика,2005.
2. Багиев Г.Л., Тарасевич В.М., Анн Х. Маркетинг: Учебник для вузов 3-е изд./ Под общ. Ред Г.Л. Багиева – 
СПб.: Питер, 2006.-736 с.
3. Нормативно-правовые документы АО «Казпочта»
4. Стратегия АО «Казпочта» на 2010-2020 гг.
Тоқсанбаева Гүлдана Ержанқызы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 
Жас ғалымдар кеңесі төрайымы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының 
аға оқытушысы, 
философия ғылымдарының кандидаты
философияныҢ проблемаларын инновациялыҚ тҰрҒыдан 
оҚытудыҢ ӨзектІ мӘселелерІ
Философия ғылымы өзінің тарихында ғылыми кеңістік аймағында айтарлықтай беделге ие 
қоғамдық ғылымдардың бірі. Оның генезисіне шолу жасасақ, біріншіден, алғаш рет көне Анти-
ка дәуіріндегі Пифагор мен Гераклиттің идеяларында кездесетін «даналыққа құштарлық» де-
ген концептіден бастау алатындығы [1,14 б.; 2,17 б.] және осы ұғымның байыпты мағынасына 
тағы да шолу жасап өтуіміз қажеттігі туындайды. Даналыққа құштарлық түсінігі көне Үнді мен 
Қытай немесе байырғы Мысырдағы идеал ретінде қалыптасқан «даналыққа» жету культін  на-
сихаттамайды, себебі, «даналық» философия әлемі үшін шексіз трансценденттальділік, тек ар-
ман мұраттардың аясындағы адами құндылық. «Абсолютті дана» философия үшін нақты бір 
ойшылдың шығармашылық кезеңі немесе белгілі бір сатысы, тіпті түпкі инстанциясы емес, яғни, 
«құштарлық» сөзі арқылы оған мәңгілік ұмтылуды білдіріп тұрғандығы сөзсіз. Осы ұғым фило-
софия таихындағы мыңдаған жылдардан бері қалыптасқан және өзінің маңыздылығын жоймай 
келе жатырған парадигма ретінде бүгінгі күні де мәнді мәселе. Екіншіден, ол бүкіл ғылымдардың 
атасы ретінде, қазіргі адамзаттық өркениеттердің түпнегізгі шарты, шындап келгенде, ол қазіргі 

129
біздің  осындай  мәдениет  пен  рухани  кеңістік  аймағында  өмір  сүруіміздің  алғышарты  болып 
табылады. Үшіншіден, философия кейбір басқа ғылымдар сияқты моральдік нормалардан тыс 
бола алмайды, тек ізгіліктілік пен гуманизмді ғана басшылықа алады. Осы тұста айта кететін 
жайт,  атом  қуатын  бейбітшіл  емес  мақсатта  да  жұмсауға  болатындығын  тұжырымдаған  фи-
зиктер, гендік инженерия саласындағы адамның мутанттық түрлерін жасау мүмкіндігін ашқан 
ғалымдардың ізденістері көп жағдайда ғылым эикасына қайшы келеді, әрі адамзат өркниетінің 
жалпы жетілген үлгісін бере алмайтындығын атап өтуіміз қажет. Төртіншіден, философияны 
тарихтағы барлық дәулетін ұрпақтарына бөліп беріп, өзі түксіз қалған «Король Лирге» апарып 
таңатын көзқарастармен де [3,12б.] келісуге болмайды. Қазіргі жаратылыстану мен қоғамдық 
ғылымдар өзінің бөлініп шыққан түптамырын ұмытпауы тиіс. Осы орайда айта кететін жайт, 
философияның негізгі мәселесіне қатысты он тоғызыншы ғасырларда туған, «философиядағы 
жанжал» деп аталатын ұғымның пайда болуы, ол философия ғылымы өзінің мыңдаған жылдық 
даму  тарихына  қарамастан  бірді-екілі  логикалық  заңдардан  басқа  ештеңе  ашқан  жоқ  деген 
сынаудың  өзін  сыни  тұрғыдан  қарау  қажеттілігі  туады.  Ендеше,  философия  бүгінгі  ғылыми 
жаңалықтардың  барлығын  өзінің  аясынан  сыртқа  шығарған  болып  шығады,  мүмкін,  қажет 
кезінде өзінің шеңберіне қайтадан сыйғызуы да ықтимал, ол болашақтың таңдауы. Біздің бұл 
орайда айтатынымыз, осы ұстанып отырған философияның төрт тарапты беделі туралы пайым-
дауды қайтадан жаңаша көзқарас тұрғысынан пайымдауға келіп жетелейді, демек, инновациялық 
тұрғыдан философия да тыс қалмақ емес. 
1. Бірінші мәселе, ең түп түйткіл, «философияны қалай оқыту қажет» деген мәселеден ту-
ындайды. Мәселен, философияның теориялық мәселелерімен шұғылданатын Б.М. Аташ фило-
софияны оқыту үшін арнайы әдістеме керектігін ұсынып, субстанция мәселесін мысалға алып 
көрсетеді [4,39-43 бб.]. Осы орайда, біз барлық ғылымдарды оқытудың әдістемесі туралы арнайы 
педагогикалық  ілімдердің  бар  екендігін,  ал  әлеуметтану,  саясаттану,  логика  тәрізді  қоғамдық 
ғылымдардың, әсіресе, философияны оқытудың әдістемесі күні бүгінге дейін дамымағандығын 
басшылыққа ала отырып, «философияны оқыту әдістемесі» ілімінің жолға қойылу қажеттігін 
ұсынамыз.  Біріншіден,  философия  күрделі  пән,  көп  жағдайда  ол  міндеттелген  пән  ретінде 
барлық мамандықтарға жоғары және арнаулы оқу орындарында оқытылады, бірақ бүгінгі күні 
көп жағдайда студенттердің философияны жете түсінбейтіндігі туралы келеңсіздіктерге тап бо-
ламыз. Сондықтан, оны барлық мамандықтағы студенттерге қалай түсіндіру керектігі туралы 
нақты  мәселе  туындайды.  Ол  үшін  қазіргі  жетілген  техникалық  құралдарды  пайдалана  оты-
рып, алдымен лектор, өзі түсініп тұрған мәселесін өзі үшін ғана айтуды емес, өзгелерге қалай 
жеткізуді басшылыққа алу керек. Екіншіден, философ түсіндірудің оңай жолын таңдауы тиіс, 
бұл нақты өмірден үнемі мысал келтіріп отыруды қажет ететін озық әдістеме болып табыла-
ды. Үшіншіден, философ маман, өзінің педагог ретіндегі қызметінен айнымай, педагогикалық 
оқыту әдістемелерін меңгеріп, оны студенттер үшін қолдану керек. Төртіншіден, философия тек 
абстрактілі, өмірге қажетсіз деген түсініктен арылту үшін, оның нақты өмірге керекті мәселелерін 
үйрету қажет. Осыдан екінші түйткіл туындайды. 
2. Философияның кең ауқымдылығына сүйенсек, оның зерттеу обьектісінің аймағының әр 
тарапты  екендігін  басшылыққа  алсақ,  философияны  оқытудың  инновациялық  жүйесін  еске-
ре  отырып,  осы  орайда,  мынадай  өз  ұсыныстарымызды  береміз.  Философия  мамандықтары 
үшін  «бизнес  философиясы»,  «маркетинг  пен  менеджер  философиясы»  деген  пән  енгізілсе 
және  философиялық  емес  барлық  мамандықтар  үшін  осы  сала  арнайы  әлеуметтік  филосо-
фия  бөлімінде  қамтылса  біз  инновацияланған  ғылымдар  аясындағы  талаптарды  орындауға 
бет  бұрамыз.  Себебі,  біз  баяғы  ескірген  кеңестік  жүйенің  кейбір  кемшілікті  тұстарынан,  оқу 
жүйесін де, оқыту жүйесін де толықтай арылтуымыз қажет. Бағдарламаны жаңаша қарастыру 
керек. Мәселен, менің ұсынысым бойынша, бірінші философияның теориясы, кейіннен тари-
хы  оқытылуы  тиіс.  Себебі,  мәселен,  субстанция  ұғымының  не  екендігін  білмей  тұрып,  көне 
Грекиядағы, орта ғасырдағы, тіпті жаңа замандағы субстанцияны ұсынушы философтар туралы 
айтудың өзі қайшылықты сияқты. Көне Грекиядағы Элей мектебінің өкілдерін оқытуда, мәселен, 

130
«Парменид болмыс мәселесін алғаш негіздеген ойшыл» деген сөйлемді түсіну үшін, алдымен, 
сол болмыс дегеннің не екендігін пайымдап, ұғынып алу керек. 
3.  Қазіргі  заманғы  интеграциялық  үрдіс  аясында  философиялық  мәселелердің  жаңаша 
қойылуы – әлемнің құрылымы жөніндегі жаратылыстану теориялары мен «жаңа онтология», 
жаңарған  эпистемология,  ғылыми  және  ғылыми  емес  білімдер  синтезінен  туындаған  ой-
тұжырымдар адамның дүниеге өзгеше қатынасы мен тың бейнелеуді қажет етіп отыр. 
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның өркениеттілік дәрежесіндегі рухани даму мен парасаттылық ой 
иірімдерін игеру, әлемдік байыпты ой кешу үрдістеріндегі дәйектілік пен прогресшіл ұмтылысты 
бағамдау, еліміздегі құқықтық-демократиялық жаңару сатыларындағы Қазақстандық азаматтың 
тұлғалығын кең дүниетаным аясында қалыптастыру жаңа ғылыми кеңістік шеңберінде жүзеге 
аспақ.  Осыған  орай,  бұл  мақала  да  елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  айрықша  маңыз  беріп  отырған 
«интеллектуальді  ұлт»  қалыптастыру  ұстанымына  орайласатын,  ұрпақтарымыздың  рухани 
танымдық деңгейін көтермелеуге септігін тигізетін, мемлекетіміз маңыз беріп отырған ғылым 
дамуында шығармашылық ой иірімдерін қалыптастыратын туындылар қатарынан орын алады. 
Бүгінгі  күнгі  барлық  ғылыми  дискурс  аясы  мойындаған  интеграциялық  әдіснама,  тіпті 
миф  пен  магияның  өзін  қоса  қамтығанда  [5,82б.],  оның  құрылуы  мен  тәсілдері,  жүзеге  асы-
ру  жолдары,  шындығында,  философия  ғылымынан  бастау  алады.  Бұнымен  ғылым  филосо-
фиясы мен әдіснамасы пәні арнайы шұғылданады. Олай болса, философияны оқыту аясында, 
осы интегративтілікке баса назар аудару қажет. Кез келген мамандық иесі, бүгінгі күні тек қана 
өзінің ғылыми аймағында ғана ойлауды емес, жан-жақты ойлауды, өмірге бейімделу мен барлық 
ғылымдардан  хабардар  болуды  талап  етеді.  Сондықтан,  ғылымдар  интеграциясы  маңызды 
мәселелерді шешуге, адамзаттың қолы жете бермейтін түйткілдерді ашуға жан-жақты ұмтылады. 
Философияны оқыту деңгейінде, осы интеграцияны баса атап өту қажет. Бұл интеграция біздің 
пайымдауымыз бойынша, тек ингеллектуальдік деңгейдегі таза ғылыми емес, парасатты, руха-
ниятты, ізетті болуы тиіс. Мәселен, тек интеллектуальді ұрпақ басқа діни секта аясында, не өзінің 
потенциалын өзге мемлекет үшін арнаса, интеграция басқа арнаға бұрылып кетеді. Сондықтан 
философияны  оқытуда  жаңа  интеграция  мәселелерін  қою  керек.  Атап  айтқанда,  интеграция 
мәселесі, этиканы, руханилықты, діни сенімнің дәйектілігін және оның ата-баба арқылы өрбіген 
бағытын ғана ұстану керектілігін, сайып келгенде, осындай мәселелерді философиялық тұрғыда 
шешу қажеттігін меңгеруі тиіс. 
Осы  орайда,  философияның  интеграцияға  қаншалықты  қажеттігі  бар  деген  сауал  туын-
дауы  ықтимал.  Қоғамдық  көпшілік,  философияның  қазіргі  жаратылыстану  тұжырымдамасы, 
физиканың  философиялық  мәселелері,  химияның  философиялық  мәселелері,  техника  фило-
софиясы т.б. сияқты философияның салаларын аңғара бермейді. Яғни, философия, қоғамдық 
және  жаратылыстану  ғылымдарын  тұтастай  қамтиды,  оның  философиялық  негіздерін  ұсына 
алады.  Сондықтан,  осылардың  барлығының  түп  негіздік  әдіснамалық  бірлігін  тиянақтау  да 
философияның басты міндеті. 
Философияның, сонымен қатар, ғылым этикасы, биоэтика, эвтаназия деген арнайы салала-
ры, ашылған ғылыми жаңалықтардың моралдік тұрғыдан өткізілу қажеттігін, оның адамзат үшін 
қаншалықты игілікті екендігімен шұғылданатындығын ескерсек, интеграциялық әдіснаманың 
этикалық қыры да болуы тиіс екендігін пайымдай аламыз. Философияны инновациялық тұрғыдан 
оқыту мәселесіне орай, осы «интеграциялық әдіснама және оның этикалық мәні» туралы сала 
енгізілуі қажет деп ойлаймыз. 
4. Бұрынғы кеңес дәуіріндегі оқыту жүйесінің тиімді қырларын сақтауымыз қажет. Диа-
лектикада  терістеу  қағидасы,  ескіні  түпкілікті  жоюды  мақсат  етпейді.  Ескі  мен  жаңаның, 
тарихилық  пен  логикалықтың  бірлігін  қамтамасыз  етуді  қалайды  [6,48-67бб.].  Ендеше,  сол 
кезеңдердегі барлық мамандықтарға оқытылатын «Логика» пәнін қайтадан енгізудің болашағы 
зор деп айта аламыз. Себебі, еліміздің стратегиялық дамуындағы интеллектуальді ұлт, мәдени 
мұра, отансүйгіштік мәселелері осы логиканы меңгерумен тығыз байланысты. Соңғы уақыттағы 
кейбір ғылыми жұмыстар логикалық тұрғыдан тіптен өзіне өзі қайшы келеді. Логиканы меңгеру 

131
дұрыс  ойлау  мен  шығармашылық  пайымдауды  жетілдіруге  септігін  тигізетін  білім  жүйесіне 
айналғандығы күмәнсіз. Ендеше, философияны оқыту аясында, әсіресе, «таным» тақырыбында, 
логиканың қарапайым бастапқы үлгілері берілуі тиіс. Бұл қазіргі қарым-қатынас заманына да 
сай келетін, оның үлгілерін жетілдіретін пән ретінде қолданылуы тиіс. Ал егер логика пәні ар-
найы енгізілсе, ол «қарым қатынас логикасы» тарауымен жаңашалануы тиіс. 
5.  Қазіргі  ғылыми  танымдық  кеңістіктің  дамуы  туралы  мәселелер  аймағы  аясында 
антисциентистік және сциентистік бағдарлар құрылғандығы белгілі. Осыған орай, жалпы ғылым 
дамуы туралы мәселе, экология, техника, саясат, ұрпақ тәрбиесі сияқты ауқымды мәселелерде, 
өзіндік даму жолының нақты жүйесін жасауды қажет етеді. Демек, қазіргі ғылым дамуы мен 
оның  перспективаларын  дәйекті  зерттеп,  оның  теориялық-әдіснамалық  негіздерін  ұсыну  да 
философияның басты міндеттерінің бірі. Ал бұл философияны оқыту аясындағы жанама мәселе 
болғанмен, маңызды түйткілдердің бірі екендігі күмәнсіз. 
Қорыта  айтқанда,  ғылым  дамуындағы  инновация  өзінің  жетістіктерімен  қатар,  өзіндік 
кемшіліктерін  де  қамтиды.  Сондықтан,  осы  кемшіліктерді  жою  арқылы  ғылым  дамуының 
инновациялық  мәселелерін  дәйекті  жолға  қоя  аламыз.  Бұнда  ұсынылған  кейбір  мәселелер, 
ғылыми дискурс аймағында талқылануы тиіс, әсіресе, бүгінгі жас ғалымдар үшін ой саларлық, 
талқыларлық түйткілдер болып табылады деп айта аламыз. 
 
пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Мырзалы  С.  Философия  әлемі:  Оқу  құралы/Қостанай  әлеуметтік-техникалық  университеті.  –  Қостанай: 
Қостанай баспа үйі, 2005. -678 б. 
2. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы.-Алматы: «Зият-Пресс», 2006. -204 б.
3. Основы марксистской и ленинской философии.-Москва: Политиздат, 1979. -164 с.
4.  Аташ  Б.М.  Философиядағы  терминдерді  оқыту  әдістемесі  («Субстанция»  ұғымын  оқыту)  «Әлеуметтік-
философиялық пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік проблемалары» атты облыстық ғылыми-әдістемелік 
конференцияның материалдар жинағы.-Атырау, 2007.- 39-43.
5. Изотов М. Превобытная магия как пролог научного эксперимента//Проблема духовности в современном мире.: 
сб. материалов международной научно-теоретической конференций, посвященной 70-летию К.Ш.Шулембаева. 16-
17 марта 2007 года. КазНПУ им. Абая, ИФиП МОН РК, АСНК, Алматы: «СаГа».-2007. -560с.
6. Кумпф Ф., Оруджев З. Диалектическая логика: Основные принципы и проблемы. -М.: Политиздат, 1979. -286 с. 
 
Төлебаева Құралай Тоқтарқызы
Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті,
Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты
 
ҚазІргІ ҚазаҚ поЭзиясы арҚылы ҰлттыҚ рухты Қалыптастыру
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы  –  бүгінгі  жастар.  Сіздер  оларға  қалай 
білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», – деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі 
– білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды да-
мыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін әдебиетімізді, мәдениетімізді толыққанды 
меңгеруіміз қажет. 
Қазіргі қазақ поэзиясының көтерер жүгі ауыр. Қамтыған тақырыбы да сан-салалы. 80-ші 
жылдардың  аяғындағы  қоғамдағы  бетбұрыс  әдебиет  әлеміне,  соның  ішінде,  қазақ  поэзиясы-
на үлкен жол ашты. Кеңестік кезеңде ауыздықталып келген поэзия тынысы кеңейді. Жабулы 
жатқан тақырыптардың аузы шешілді. Бүгінгі әдебиетші қауым сөзіне құлақ тоссақ: «Айдынды 
өткені мен айбынды дәстүрлері мол қазақ жырының бойынан нарық тудырған кескекті кезеңнің 
күнгей-көлеңкесі шымырқантқан мінез көбірек байқаладың», – деуі (Н.Оразалин) жоғарыдағы 
пікірлеріміздің айғағы.

132
Қандай да болмасын әдеби мұраның бағасын тарих береді деп, бүгінгі қазақ поэзиясының 
тынысы турасында нақты ғылыми-зерттеудің сыбағасын ертеңгі күнге қалдыру әдебиетке жара-
спайды. Бүгін жазылып, сиясы кеппеген өлеңді талдап, жақсысын танып, жаманының кемшілігін 
уақыт оздырмай айтып жатқан тұста ғана қазақ өлеңінің бүгінгі тынысы айқындалмақ.
Бүгінгі биіктен төл әдебиетіміздің тарихына көз тоқтатар болсақ, уақыт сілемі алыстаған 
сайын асқақтай түсер ұлы тұлғалар бейнесі төбе-төбе болып көзге шалынады. Өз заманының 
саңлағы  атанып,  туған  халқының  атын  әлемге  әйгілеген  ұлылар  болашақ  буынның  ұранына 
айналып,  күннен-күнге  даңқы  артып,  үркердей  жарқырай  түспегі  хақ.  Мәселен,  ХV  ғасыр 
әдебиетін Асан Қайғы атымен атаймыз. ХVІІІ ғасырыңыз буырқанған Бұхар жырымен өрілсе, 
өткен ғасырдың аяғы- қазақ поэзиясының шыңы- ұлы Абай дәуірі.
ХX  ғасырдың  басында  қазақ  әдебиеті  көп  қуғын,  зорлыққа  қарамастан  өркендеп,  қанат 
жайды. Сан ғасырлардан бері «қазақ» деген атымызды өшірмей ХХІ ғасырға дейін жеткізген 
ақындарымыздың үлесі зор. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің туып, қалыптасу кезеңінде по-
эзия жанры жетекші қызмет атқарды. Төңкерістің рухын, идеялық бағытын, теңдік, бостандық 
ұранын халыққа бірінші жеткізген – қазақтың ұшқыр өлеңі еді.
Ақындар өлең тудырып, оны өмірге келтірушілер мен жасап – құрастырушылар болып екі 
топқа бөлінеді. Алдыңғылары нағыз ақындар да, соңғылары ақындар емес, яғни кәсіпқорлар.
«Нағыз ақындардың өлеңдері – жұмбақ әрі құпия, олардың түбіне жете алмай – қайта оқып, 
қайта-қайта оралуға мәжбүр боласың. Ал кәсіпқой өлеңін күнделікті мақала – фельетон секілді 
оқып, қажетті мәлімет аласың да қоясың»- дейді бүгінгі күн сыны /1/.
«Нағыз өлеңінің өмірі ұзақ. Ол бірте-бірте, араға жылдар салып, жалпыдан-жалқыға көшеді 
де, жұмбақ әрі құпия поэзияға айналады. Оның қайта-қайта оқылып, оқылған сайын әр қырынан 
көріне беретінің де сыры сонда болса керек», – деген қағида шымыр шындық /2/.
Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен 
ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бірін – бірі танып 
біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмы-
сында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық 
сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан 
қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс 
тұлғалары, ақын – жырауларың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең 
– жырлары, шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді 
қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің оъектісі мен қайнар көзі – Отан десек, 
оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған 
өлкедегі  тамаша  киелі  орындар.Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық 
сезімдерді  ұялатып,  ізгі  де  ерлік  істердің  қайнар  көзіне  айналуы  патриотизмге  тәрбиелеудің 
арқауы.Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен – өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп 
қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әр кімде әр кезде оянып, кейін тәжірибемен, уақытпен, 
біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар  әсерімен  қалыптасады. 
Патриоттық сезім тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрлерінде қалыптасады. Сон-
дай – ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Жастарды  патриотизмге  тәрбиелеуде  сүйенетін  негізгі  ұғым  «Қазақстандық  патриотизм» 
арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер 
берудің  тиімділігі  арта  түспек.  «Қазақстандық  патриотизм»  ұғымдарына  анықтама  беріп, 
олардың мазмұнын жасау Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді ұстану, мемле-
кет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктерді кеңейте түседі.
Патриотизм туралы кең толғамды идеяларды қазақ даласының ойшылдары Әбу – Насыр Әл 
– Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы жыраулары Асан Қайғы, Доспам-
бет  жырау  Аймауытұлы,  Шалкиіз  жырау  Тіленшіұлы,  Бұхар  жырау  Қалқаманұлы,  Махамбет 
Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.

133
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік негізінде Алаш орда қайраткерлері нақтылы 
іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білді.
Міржақып Дулатұлы: «Оян, қазақ!» – деп ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, Ахмет 
Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, бүкіл Алаш жұртын тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт 
отаршылдық бұғаудан құтылатын күнді аңсады, туған жұртының ұлттық, отаншылдық сезімін 
тәрбиеледі.Жаңа ғасырдың бас кезінде бүкіл қазақ жұртының рухани және саяси жетекшісіне 
айналған Әлихан Бөкейхан сияқты дара тұлға ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп кірісті. 
Бұл кезде қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, қуатты күшке айналды.
Б.Момышұлы «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, 
қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзіңнің  мемлекет-
ке  тәуелді  екеніңді,  мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау, 
қысқасын  айтқанда,  патриотизм  дегеніміз  мемлекет  деген  ұғымды,  жеке  адамның  өткенімен, 
бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасын барлық жағынан біріктіреді» – деп терең 
әрі жан – жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы «ұлттық патриотизм», «қазақстандық па-
триотизм» ұғымдарына философиялық анықтама берген. Сондай – ақ ол «ұлттық патриотизм» 
– бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі, 
өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі территориясы, тілі, тұрмыс – тіршілігі, мінез 
–  құлқы,  психологиялық  және  этнографиялық  ерекшеліктері,  қалыптасқан  тарихи  дәстүрлері 
жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» 
– дейді. Б.Момышұлы пікірін жіктей отырып, бүгінгі патриотизмнің мазмұнын анықтауға бола-
ды.
Б.Момышұлы  көрсеткен  рухани  ерекшеліктерді  сақтау  ұлттық  патриотизмнің  критерийі 
болып  табылады.  Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан  азаматтарын  патриотизмге  тәрбиелеудің 
педагогикалық  негізі  –  тұлғаның  патриоттық  сана  –  сезімін  қалыптастыру;  патриоттық  іс  – 
әрекетін  ұйымдастыру;  мінез  –  құлқына  патриоттық  сипат  беру  бастауыш  сыныптағы  оқу  – 
тәрбие  ісінің  өзегі  болуы  керек.  Бұл  оқулықтар,  оқу  –  әдістемелік  құралдардың  мазмұнынан 
бастау алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасын табуы тиіс.
Бұдан ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір 
сүріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтын сый-
лау, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану; кемшіліктерін 
болдырмаудың жолдарын қарастыру – Қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген 
ой келіп шығады.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол 
ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқаты 
– наным – сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алған жылдар ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің 
темірқазығы – Қазақстандық патриотизм болды.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, 
еліміздегі саяси – әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен 
ұлыстардың  өкілі  өмір  сүруде.  Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  отаны  және  бұдан  бы-
лай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата 
– жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек 
етуі  тиіс.  Сол  себепті  Қазақстандық  патриотизм  ұғымы  күнделікті  өмірде  жиі  қолданылып, 
кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл  ұғымның  педагогикалық  мәніне  келер  болсақ,  ол  болашақ  Қазақстан  азаматтарын 
тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік 
пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел иелігіне 
жұмсау,  ата  –  мекен  мүддесіне  арнау  болмақ.  Өз  елінің  өткенін,  тілін,  әдет  –  ғұрпын,  салт  – 
дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, патриотизмнің керемет үлгілерін көреміз. 
Бүгінгі күні егемен ел болып қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата – бабаларымыздың 

134
теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы 
кезі, одан бертіндегі ұлт – азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы елін, 
жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қалмаған.Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден 
сол кездегі патроиттық сеземнің қалыптасуында отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға 
болмайды.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамдардың өзіне байланысты екені белгілі. Бұл 
қоғамның жай – күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз. Демек, еліміздің егемендігі 
мен  тәуелсіздігінің  нығайып  дамуының  басты  шарттарының  бірі  –  оның  азаматтарының 
патриотизмі.
Ендігі басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық 
жағдайын көтеру. Бәсекелестікке қабілетті әлемнің 50 мемлекетінің қатарына қосылуды мұрат 
етіп отырған ел үшін өсіп келе жатқан жас ұрпақ, ертеңгі мемлекет иелерінің бойында патриоттық 
сана – сезім, патриоттық іс – әрекет қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Ота-
нын – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық 
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап 
көрсетіліп отыр.
Білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  бағдарламалары  оқу  процесінің  құрамдас  бөлігі  бо-
лып  табылады  және  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  патриоттық,  азаматтық, 
интернационалдық,  жоғары  моральдық  және  имандылық  сезімін  қалыптастыруға,  сондай  – 
ақ  жан  –  жақты  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  жұмыс  жүргізуі 
керектігі қарастырылған.
ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың өлең өнерін өрелі биікке көтеріскен дарындардың 
қатарынан ақын Нәсіпбек Айтұлының аты ерекше аталады. 
Н. Айтұлының ақындық сүрлеу-соқпағы қазақ өлеңінің күре даңғылына небір асу белдерді, 
шөл  мен  шөлейтті,  нулы-сулы  өлкелерді  басып  келіп  қосылған.  Оның  балалық  бал  дәурені 
Алтайдың ар жағындағы, қазақы қаймағы бұзылмаған ауылда өтуі, ес жиғанда шекара асып та-
рихи отанына оралуы, аңсап келген ата-жұрттың да астан-кестен болып, қайраңға қармақ салып 
отырған ендігі халі, үміт пен күдік жалғасқан бүгінгі болмыс, бұлдыраған болашақ-осының бәрі 
Несіпбек Айтұлының ой қазынасына түскенде, бұрқ-сарқ қайнап, асылдарын қақпақтан асыра 
лақтырмасқа шара қалдырмағандай.
Мұқағали Мақатаевтың ақжолтай тілегінен Несіпбек Айтұлының поэзия жанрында таусыл-
мас жолын байқаймыз. Онда былай делінеді «Өлең өнерімен әуестенуші жастарымыз баршылық. 
Алайда,  шынайы  шын  поэзияны  жай  ғана  елестеушіліктен  айыра  білу  қажет-ақ.  Әртүрлі  әр 
үндес ақындардың дүниеге келуі қуанышты. Мен Несіпбек өлеңдеріне осы тұрғыдан қараймын. 
Өз жастығы мен жас творчествасына лайық үн аңғардым. Тілі жатық, ойы анық. Өлеңдерінен 
жасандылық байқалмайды, жастыққа тән от бар. Ағынан жарылып, таусыла талаптану, ізденіс 
бар. Қайсыбір жастарда ұшыраса бермейтін мүлде бір бөлек сарын еседі. Жасқанба, жас адам, 
жақсы-жақсы жырлар жаз!» /3, 3/
Осы  М.Мақатаевтың  тілегін  Н.Айтұлы  шын  жүректен  қабылдап  ақтады.  Н.Айтұлының 
«Рухымның падишасы» өлеңдер жинағы-ақынның жаңа асуы. Бұл өлеңдер жинағы 2000 жылы 
Астанада басылып шықты.
Туған жеріне, еліне арнап өз жырларынан орын бермеген ақын кемде-кем. Қай ақын болса 
да  өлең  жазғанда  алдымен  өзінің  туған  жеріне  деген  ыстық  махаббатын,  нәзік  сезімін  әдемі 
өрілген өлең жолдармен білдіреді. Ақынның «Отан», «Естілші тағы да бір», «Қоштасу», «Кіндік 
жыры»,  «Киіз  үй»  сынды  жырларын  үстірт  қарасаң,  күнде  сан  айтылып,  сан  естіп  жүрген 
үйреншікті  сөз  сияқты,  бірақ  үңіле  оқысаң,  сол  маржан  жас  шебердің  қолымен  тігілген  зер-
дей құлпырғанын көресің. Аңсауға толы, арманға толы жан сыры: туған жер топырағының исі 
аңқып тұр. Сағыныштан көздің жасын іркіп алған ақынның жүрек дүрсілі естіледі. Туған жеріне 
деген махаббатын білдіретін өлеңдерінің бірі «Отан». Онда ақын:

135
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін,-деп, талай жылдар Ресей патшалығының қол астында 
бодан ел болған халқының тәуелсіздік рухын жоғары көтере келе:
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен, – дейді.
Ақынның тағы бір өлеңінде туған жерінің өзен-суын, табиғатын, анасының бесік жырын 
айтып әлдилеген әнін аңсауы жырланады. Оған куә «Естілші тағы да бір» өлеңі. Ақын:
Адамның еске түссе есіл күні,
Есіне түседі екен бесік жыры
Жадымнан оқта-текте шығып кетсе,
Анашым, айналайын, кешір мұны.
Қоңыр тау,
Келеді өзен сарылдаған,
Келеді алыстан сол сарын маған
Өз үнім естілгендей өзіме анық,
Бір кезде бесігімде шарылдаған, – деп толғайды.
«Қоштасу» өлеңінде:
Қош есен бол, кіндік қаным тамған жер
Кім болғаны сені ұмытса жалғанда ер?
Жүргенімді жібек жіптей кеміріп,
Өле-өлгенше қара күйе-арман жер, -
деп, туған жерімен қоштасуын және де балалық шақтың ағып жатқан өзендей көзіңді ашып-
жұмғанша өтіп кеткенін жырлайды. Кім болса да өзінің туған жерін қимайды. Қалай алысқа 
кетсе де туған жеріне деген ыстық сезім, адам жүрегінде өшпейді. Ақын туған жерімен қоштаса 
келе өзінің ауылын, кіндік қаны тамған жерін есіне алады. Ол «Біздің ауыл» өлеңінде айқын 
көрінеді.
Біздің ауыл бүркіттің ұясындай,
Тарбағатай тауының қиясында
Қыран қонар тектұрды қасиетті,
Шәу қарғаға шулаған қиясың ба?
деп, ауылды бүркіттің ұясына теңей келе:
Шүршіт те алған бұл тауды, қалмақ та алған,
Тағдыр солай мойнына салмақ салған
Тарбағатай аумайды мүгедектен,
Денесінің жартысы сал боп қалған,-
деп, Тарбағатай тауының бөктерінде орналасқан ауылда қазақ халқының көкпар тартып, той 
тойлап, көңілді өмір сүріп жатқан сұлу табиғаттың жұлым-жұлымы шығып, талай жаулардың 
езгісінде болғандығын тебірене жырлайды. 
Ақын «Кіндік жыры» өлеңінде былай дейді:
Дауыл тұрып құйын-желден, 
Дөңгелетіп үйіргенмен,
Кіндік-жібім үзілмейді,
Ата жұртқа түйінделген.
Қасіретті-аз болғаным
Қыршығаным-өз бармағым,
Кіндігіңе ғұмыр берсін.
Тозған елім, азған қаным!…
Бұл өлеңінде ақын туған жердің ыстықтығын, ешқашан да ұмытылмайтындығын жырлай 
келе, қандай қиыншылық кезең туса да кіндік жібі үзілмейтіндігін айтады.
Кіндігіңе ғұмыр берсін
Тозған елім, азған қаным,-

136
деп, туған жеріне мәңгі жасай бер деген ақ тілегін айтып, өлеңін аяқтайды.
Отан менің бір-анам, бір-бесігім,
Бесігімнің балақ бау-іргесімін
Осқылаймын оты боп найзағайдың,
Бақытыма тигізсе кім кесірін, – 
дейтін «Бәрін көріп» атты өлеңінде ақын еліне, жеріне төніп тұрған қиыншылықтармен, 
әртүрлі  сынақтардың  туған  жерінде  жарылып,  талай  халықты  зар  еңіретіп  отырған  тас 
жүректермен арпалысатынын айтады.
«Киіз үй» сынды өлеңінде ақын бірнеше ғасырдан бері қазақ халқының шаңырағы болған 
киіз үйдің құдреттілігін, әсемділігін айта келе:
Киізіне жүні кеткен мың қойдың
Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.
Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,
Дей алмаймын ағашына мін қойдым,-
дейді. Киіз үйді ғана мақтап қана қоймай ақын қазақтың қымызы жөнінде:
Балдай қымыз балбыратып денеңді
Алпыс екі тамырыңды бойлайды, – деп, мақтанады.
Ақын туған жерін суреттей келе елінің ана тілін де шет қалдырмайды. 
«Ана тілі» өлеңінде:
Ана тілім,
Жүрегісің анамның 
Жүрек-ана.
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның, – деп, ана тілін жүрекке теңей келе:
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем, – 
дейді. Бұл өлең жолдарында ақын ана тілді ардақтап, құрметтей келе, өз ана тілін білмейтіндер 
өзін де, елін де құрметтемейді деген ойды айтады.
Ғасырлар бойы айтылып, барған сайын шыңдала түскен халық өнерінің ең жақсы жақтарын 
бойына сіңіре білген  ақын Несіпбек Айтұлы өз өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін жоғары са-
лада көрсетеді.
Өз өлеңдерінде ақын эпитет, теңеу, қайталау, кейіптеу т.б. сияқты көркемдік айшықтарды 
өте тиімді қолдана білген. 
«Байтақ өлкем, сен жаса» өлеңінде:
Сырып тастап қараңғылық көрпесін,
Таң сәулесі аймалайды жер төсін.
Таң нұрындай тұтас сүйіп- құшсам-ау,
Туған  елдің  таңғажайып  өлкесін!  –  деп,  туған  жердің  қараңғылықтан  жарыққа  ұмтылып 
шығуын, өмір талабына сай табиғат та әр түрлі сырларын көрсетіп жатқандығын жырлайды.
Сонымен қатар, 
Сырып тастап қараңғылық көрпесін, 
Таң сәулесі аймалайды жер төсін,- деген жолдардан кейіптеуді байқаймыз.
«Айтұлы поэзиясында тазалыққа тамсану, табиғи текке елеңдеу орын алып, уыздай бол-
мысын  сақтаған  құйма  жолдар  тәңірдің  тартқан  несібе  күйінде  ұйып-  ұйып  түседі.  Сәбидей 
аңғал, баладай өкпелігіш ақын айтқанына сендірмеске, дегеніне көндірмеске лаж қалдырмайды. 
Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбеттердің шаң баспаған асыл мұрасын, Абайдың тұңғиық тереңін, 

137
Тұрмағамбеттің сәулетті өрнектерін алдына үлгі еткен бүгінгі қазақ өлеңі-ұшар басына қарасаң 
қалпағың жерге түсетін тым биікке шығарған шын шеберлердің бірі- осы Айтұлы» – дейді ақын 
Жүрсін Ерман.  
Өнерлі  ақындарымыздың  бірі  –  Н.Айтұлы  қазақ  поэзиясына  өзінің  шеберлікпен  өрілген 
өлеңдерін тайға таңба басқандай етіп қағаз бетіне түсіріп, толық өлеңдер жинағы етіп шығады. 
Оның өлеңдері қағаз бетінде ғана емес, сонымен қатар, оның өлеңдерін шын жүректен сүйіп, 
құрметтеп, беріле оқитын оқырман қауымдарымыз да баршылық. 
Н.  Айтұлы  өлең  жазып  қана  шектеліп  қоймай,  көлемді  де  мәнді  поэмалар  жазған.  Біз 
қашанда поэзияның адам жанының құпиясынан жаратылатынын біліп, сезінеміз. Аристотель 
айтқандай, басқа өнердің бәрі адамзат қолынан жасалса, поэзияның құдайдың құдіретінен жара-
тылатынын мойындаймыз. Жыр әлемі деген тылсымға тіл бітірген тумыстан талантты ақының 
тұма бұлақтың тұнық суындай туындыларына деген ықылас жылдан жылға арта түсті. Сонау 
жасөспірім шағында-ақ, «Бассүйектер» атты әлеуметтік жүгі ауыр, астары терең поэма жазып, 
жырсүйер  қауымды  жалт  қаратса,  келе-келе  кейінгі  жазған  «Жасынның  сынығы»,  «Мұхтар 
мен абыз» толғау-дастандарының өзінде Айтұлы шығармашылық қуатының мол екенін жақсы 
дәлелдеп  еді.  Есейе  келе  Әлішер  Науаидың  «Ескендір  қорғаны»  атты  аса  ірі  философиялық 
шығармасын  шеберлікпен  тәржімалап  шыққан  ол  халық  қазынасынан  қоса  Шығыс  пен  Ба-
тыс әдебиетінің ақ қайнарынан сусындаған, тілі шұрайлы, ойы құнарлы, сезімі сергек, көркем 
образға бай, серпінді, еркін тынысты өлеңдері мен толғау дастандары арқылы ХХ ғасырдың 
соңғы ширегіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихында биік белес болып қала бермек.
Қазақ  жырының  мұзарт  шыңы  –  Мұқағали  көңілінен  шыққан.  Несіпбек  жырлары  өз 
заманының сол заманға сай образдар сомдауымен айшықталады.
Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің ертеңі деген ел бірлігі, ұлт тағдыры, мемлекеттің ертеңі 
деген сияқты тақырыптарда тоғысып жатыр. Бүкіл алға қарата айтқан бүгінгі күннің:
Күмістей күнім, сыңғырар,
Сынаптай сусып, сырғыма.
Түймедей көзім, қалғыма,
Шоқпардай басым, шұлғыма! – деген тілегін болашақ буын жадында сақтап, тілекші болар. 
Ұлттық иісі аңқып, елдің шынайы тілегіне бөлене бастаған тәуелсіз поэзия келешек ұрпақтың 
ұранына айналары да сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет