Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата15.03.2017
өлшемі12,72 Mb.
#9572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ТУҒАН ТІЛ  – ТҰҒЫРЫМ

30

Біткен  ұлтта  екі  «тоңмойын»  мәдениет 

бар,  бірі  –  дін,  дін  өктем  кезінде  Құдай  – 

шапағатшы,  адам  –  шапағатты  қабылдаушы; 

Құдайдың  білмейтіні  жоқ,  жаратпайтыны 

жоқ, адам – құралақан құлы. Қоғамның дамуы 

ғылым-техниканың  озықтануына  ілеседі. 

Адам санасы соқыр сенімнен алыстайды, ойы 

өскелеңдейді, адам қоғамның үстем тұлғасына 

айналады. Осыдан дін өзінің рухани сүйеніштік 

құнын  жоймайды-ау,  көп  те  көп  жөн-жосығы 

қоғамдық  өмірден  сұйқылдайды.  Енді  бірі  – 

тіл.  Социологияда  дене  тілі  дейтін  бір  ұғым 

бар. Мәселен, адамның қолын бұлғауы, басын 

изеуі, көзін алайтуы, бетін басуы – шақырғаны, 

мақұлдағаны,  жаратпағаны,  көрмеймін  дегені 

немесе  ұятсынғаны.  Белгілі  қажеттен  туған 

бұл  шартты  қимылдардан  объекті  ойдағыдай 

түсінік  алады,  соған  тіл  деп  аталған.  Бала 

шарана жарып жерге түскенде жылайды – жаңа 

ортаны жатсынғаны, көп өтпей шалықтайды – 

жадырай  бастағаны.  Қашанғы  тілі  шыққанға 

дейінгі  дене  қимылы,  мәселен,  күледі  – 

көңілденгені,  емінеді  –  сүтсірегені,  қолын 

созады – ұстағысы келгені... Хайуанның да тілі 

бар  делінеді.  Мәселен,  бұлбұлдың  сайрауы, 

тотықұстың  қанатын  жаюы,  жылқының 

кісінеуі, қасқырдың ұлуы... Бұл тұсқа келгенде, 

айтуға оқталған үш сөз бар. 

Адамзат  шоғырлары  алды-алдына  өңірлік 

тілдер  жаратқан.  Мұның  жай-күйі  беймәлім. 

Тіл  тарихы  тек  жазба  деректермен  ғана 

мөлшерленеді.  Айталық,  қытай  тілінің  жазба 

дерегі  жыл  санауымыздан  бұрынғы  XIV 

ғасырды,  латын  тілінікі  жыл  санауымыздан 

бұрынғы  III  ғасырды,  парсы  тілінікі  жыл 

санауымыздан  бұрынғы  III-V  ғасырды,  түркі 

тілінікі  заманымыздың  VIII  ғасырын,  славян 

тілінікі заманымыздың IX ғасырын көрсетеді. 

Осылар  және  тағы  басқалардың  түп  төркіні 

қолданудан  қалды.  Тайпа  немесе  ұлттың 

ішкі  ыдырауы  қатарлы  себептерден  алды-

алдына  диалект  туып,  бара-бара  бұлар  өз 

алдына  туыс  тілдер  қатарына  қосылып  отыр. 

Мәселен,  байырғы  түркі  тілінен  10  неше  тіл 

қалыптасқан.  Ертедегі  қытай,  латын,  славян, 

парсы тілі қолданудан қалғаны рас, осылардан 

өрбіген  тілдер  бүгінгі  таңда  масайрап  отыр, 

ендеше,  ұрпақтары  арқылы  байырғы  қытай, 

латын, парсы, түркі, славян тілі әлі тірі. Демек, 

тіл «тоңмойын» мұзды мұхиттың шет-жағасы 

кей жылдары жылымық тартып жібиді, жылы 

күні нөлден төмен екі градустық ауа райында 

еріп  жоғалуы  мүмкін  емес.  Құдайдың  құтты 

күні  тілдің  қолданушысы,  жоқтаушысы, 

қорғаушысы  бар.  Оны  қолданудан  қалдыру 

үшін  жасанды  жұт  жүруі  керек.  200  қанша 

жылдың  алдында  Еуропадан  барғандар  үнді 

тілін  өлімші  қылып  отырғаны  секілді.  Ендігі 

бірі  –  дене  тілі  дедік,  хайуан  тілі  дедік,  бәрі 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ 

ОЛАЙЫ МЕН БҰЛАЙЫ



Әуелқан ҚАЛИҰЛЫ

ҚХР Шыңжаң оқу­ағарту 

институтының профессоры

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

31

–  шартты,  шақты  қимыл,  шынайы  тіл  адамға 

тән, адам жаратқан. Тілсіз адамның күні қаран, 

адамсыз  шынайы  тіл  жоқ.  Тіл  –  адамзаттың 

ең  асыл  қазынасы:  адамдар  араластығының 

құралы,  тәжірибені,  білімді,  күн  көрудің 

жолын  тасымалдаушы.  Адамзаттың  ұшан-

теңіз  мәдениет  жаратқаны  шүбәсіз.  Өшкені, 

өнгені  аз  емес.  Талай  бөгеуді  бұзып,  күні 

бүгінге дейін жаратушысының керегіне жарап 

келе жатқан қайсары – осы тіл. Тілдің қадіріне 

жету керек. Соңғы бірі – тіл ана сүтімен бірге 

жаралған,  мәдениет  атаулының  ішіндегі  көне 

көзі, тарихы ұзақ. Тіл – ұлттың тектік белгісі. 

Тегін ұмытпаған тілін де ұмытпайды.

Әр  ұлт  мәдениетінде  екі  түрлі  сипат 

болады:  өзін  бірегей  білушілік,  басқаны  қақ-

пайлаушылық.  Айталық,  салыстыра  кеткенде, 

мәдениетіңнің  бәрі  бірегей  болса  –  бір  сәрі, 

кейбіреуі бірегей болмай қалса ше? Мәдениет 

атаулы  ұлттың  тарихи  кешірмесімен,  өте-

мөте  экономикалық  тіршілігімен  қатысты 

жаралады,  елде  бары  сенде  жоқ  болса 

қайтерсің? Өзіңдікі бірегей болмаса, басқаның 

бірегейін,  өзіңде  жоқ  болса,  басқаның  барын 

қабылдайсың.  Бұған  келмесең  –  тұйықтығың, 

етекбастылығың,  керенаулығың...  Мәдениет-

тегі бұл қоян жымына ешкім барған жоқ, ауысу 

халықаралық  жалпылық  дағдыға  айналып 

отыр.


Бізше, мәдениет ауысудың алғашқы кезеңі 

қарапайым  халықтық  араластықтан-көрші лес-

тіктен,  сауда-саттықтан,  тұрмыстық  аралас-

тықтан,  нанымдас  болса  –  мереке-мейрам, 

ойын-той,  өлім-жітім  сынды  қимылдардан 

туады. Бұл – ешкім зорламайтын, ешкім килік-

пейтін,  ешкім  қарсыласпайтын  бір-бірінен 

үйрену,  бір-бірінен  өз  еркімен  керегін  алу. 

Бұдан былайғыларының бірі – алтын сырғалы 

үгіт.  Мәселен,  христиан,  ислам  діні  арнаулы 

орган,  арнаулы  адам  күші  арқылы  көбінеки 

сыпайы  уағызбен  дүниенің  жер-жеріне 

таралды;  енді  бірі  –  ашық-әшкере  зорлықты 

күш.  Бұл  бір  есептен  ауысу  есептелмейді. 

Мәселен: жоғарыда айтылды, үнді тіліне қоса 

оның мәдениеті. Тілдің өзіне келсек, соңғы бірі 

– үлкен тілдің (қолданушысы көп тіл) кіші, ұсақ 

тілдерге  ықпал  көрсетуі,  сіңуі.  Дүниежүзінен 

алсақ, ағылшын, қытай, араб қатарлы тілдердің 

дүниежүзіндегі  басқа  мемлекет  тіліне  ықпал 

көрсетуі,  сіңуі.  Мемлекеттер  жөнінен  алсақ, 

ағылшын  тілінің  АҚШ  мемлекетіндегі  басқа 

ұлт тілдеріне, қытай тілінің еліміздегі басқа ұлт 

тілдеріне, араб тілінің араб мемлекеттеріндегі 

басқа ұлт тілдеріне ықпал көрсетуі, сіңуі. Бұл 

– дүниежүзіндік үлкен ауқым, ешкім жалтара 

алмайды.  Мысалы,  дүниежүзінде  қолданылу 

аясы ең кең қытай тілін алалық. Қытай тілінің 

бір  сөзі  (иероглифі)  бір  буыннан  тұрады,  бір 

мағына береді. Сөз жасау тым қиын емес, сонда 

да  өзінде  жоқ  болғандықтан,  басқа  ұлттан 

дыбыстық  аударма  жолымен  10  мыңның 

үстінде  (өткен  ғасырдың  80-жылдарында 

шыққан  кітапта  айтылуынша)  мәдениетке 

қатысты сөз қабылдаған. Кейінгі кезде мұндай 

қабылдау  көбейе  түскені  анық.  Ал  ғылым-

техника атаулары – бөлек бір төбе. Айта бер-

сеңіз,  ерте  заманғы  қытайдың  жазба  тілінде 

тыныс  белгісі  болмаған.  Осыдан  бір  қыдыру 

жаңғалақ  та  туған.  Тыныс  белгісі  –  жазудың 

қосалқы  таңбасы,  жазбаша  тілдің  құрамдас 

бөлімі,  орны  бөлек.  Шетелде  оқып  жүрген 

Уаң  Биңяу,  Чын  Уаңдау,  Ху  Шы  қатарлылар 

шетел  тілінің  тыныс  белгілерін  жеткізеді. 

Ішкі  жақтан  Лу  Шүн,  Ли  Дажау  қатарлылар 

үндеседі. Қытай жазбаша тілі тыныс белгісінің 

бастапқы  нұсқасы  қалыптасады.  Жаңа 

Жуңго  құрылғанның  екінші  жылы  орталық 

үкімет  өлшемдендірілген  14  тыныс  белгісін 

жариялады.  Мемлекеттік  тіл-жазу  қызметі 

комитеті  1990  жылы  бұған  тағы  екі  тыныс 

белгісін  қосты.  Сонымен  қазіргі  қытай 

жазбаша тілінің тыныс белгісі 16 түрге жетті. 

Демек, қытай тілінің тыныс белгісі шетелден 

келген.

Қазақ  әдеби  тілі  оның  ауыз  әдебиетінде 



көрінген.  Шынайы  іргетасын  Абай  қалаған. 

Жазбаша тілі мен ауызша тілі қазақ баласының 

бір  шөкім  оқығандары  мен  қалың  қауымын 

алыстата  бастаған  кезде  данышпан  Абай 

халықтың  ауызша  тілімен  шығарма  жазып, 

ауызша тіл негізіндегі жазбаша тілін жарыққа 

шығарды. Бұл ғана емес, қазақ тілінің кіршіксіз 

дамуына бағыт-бағдар көрсетті: «Бөтен сөзбен 

былғанса  сөз  арасы,  ол  –  ақынның  білімсіз 

бейшарасы». Абай бағыт-бағдар көрсетіп қана 

қойған жоқ. Өзінің әдебиет жасампаздығында 

үлгі  жаратты:  Абай  шығармаларында  46596 

сөз  тұлғасын  қолданған.  Араб,  парсы,  орыс 

қатарлы 11 ұлттан небәрі 578 сөз қабылдаған. 

Мұның  ішінде  арабтан  –  402,  парсыдан  – 

50  сөз.  Абай  қолданған  шет  тілдің  қажетін 

ғалымдар  былай  көрсетеді:  «Шетел  тілдері 

сөздерін  мейлінше  саралап,  аса  қажет  болған 

жағдайда  ғана  пайдаланған.  Ақын  шетел 

тілдері  сөздерінің  әрін,  ойының  нәрін  ұштай 

түсетін  сәттерде,  айтпақ  ойының  мағынасын 

анығырақ,  нақтырақ  жеткізу  үшін  ғана 

қолданады». 

 Енді қазіргі қазақ тіліне келейік. Бұл жерде 

бір  сөздің  басын  ашып  алуымыз  жөн  секілді. 

Ол  қазіргі  қазақ  тілі  дегендегі  «қазіргі»  қай 

тұс? Бұл сөзді былай айтуға да болады: қазіргі 

қазақ тілі – қазақ ұлтының күні бүгін қолданып 

отырған тілі. Ендеше, бұл қашан қалыптасқан? 

Жұртқа  аян,  еліміздің  тарихты  дәуірлеуі 

бойынша,  «қазіргі»  сөзі  еліміз  тарихының  30 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


32

жылын (1919-1949) меңзейді. Осы 1919 жылы 

оқушылар Жапон мен Германияның соғысуына 

қарсы  көлемді  ереуіл  өткізеді,  мәдениет 

қозғалысы  жеңістік  табады,  қытайдың  ескіше 

әдеби  тілі  қолданымнан  қалдырылып,  оның 

орнына  жалпы  жұрттың  ауызша  тілі  тұтқа 

болған  жаңаша  әдеби  тілі  жол  алады.  Бұл 

«қазіргі қытай тілі» аталып келеді. Қазақ тіліне 

келсек,  ХІХ  ғасырдың  80-жылдарының  орта 

шенінде, ұлы ойшыл Абай (1845-1904) қалың 

жұрттың  ауызекі  тілін  өлшем  ретінде  танып, 

көп  шығарма  –  өлең,  дастан,  қара  сөз  жазды, 

Пушкин  (орыс),  Гете  (неміс)  қатарлылардың 

шығармаларын  қазақ  тіліне  аударды.  Осыдан 

бұрынғылар,  яғни  Шағатай  хандығына  қарас-

ты  қазақ  мәдениет  адамдары  делінетіндер 

шағатай тілінде, араб тілінде шығарма жазды. 

Мамандардың  анықтауынша,  Абай  соншалық 

көп  шығарма  жазғанда,  аударғанда,  шағатай 

тілінен  не  бәрі  демеклік,  ғашықлық  қатарлы 

27  сөз  қолданған  екен.  Есепте  Абай  үкімет 

тілі  –  жалпы  жұртқа  бейтаныс  шағатай  тілін 

біржолата қолданбай, қазақтың жаңаша әдеби 

тілінің  (қазақтың  ауыз  әдебиет  тілі,  бізше, 

осыдан  бұрынғы  әдеби  тілі)  өшпес  үлгісін 

жаратты. Үлгі жаратылды-ау, қазақ даласында 

баспасөздің  орнықпауы  салдарынан  Абай 

өлеңдерінің өзі ХХ ғасырдың бас шенінде әрең 

басылым  көрді.  Еліміздің  тарихты  дәуірлеуі 

бойынша  да,  қазақ  тілінің  кезіндегі  жай-күйі 

бойынша да бұл тұстың қазақ тіліне «қазіргі» 

сөзі  түспейді.  Абай  үлгі  жаратып  30  да  40 

жылдан  кейін,  Ахмет  Байтұрсынұлы  (1873-

1938)  қазақтың  тіл  білімінен  «Оқу  құралы» 

(1912), «Тіл – құрал» (1914), «Әліпби», «Жаңа 

әліпби»  (1924-1925),  «Тіл  танытқыш  кітабы» 

(1925),  «Әдебиет  танытқыш»  (1926)  қатарлы 

кітап және мақала жазып жариялады. Абайдың 

үлгісі,  қоғамдық  ортаның  сіңімділігі,  Ахмет 

қатарлы  ғылыми  ардагерлердің  кәсіптік 

жетегі қазақ тілінің ғылымдануын жаңа өреге 

көтерді.  Былайша  айтқанда,  қазақ  тілінің 

қолданымдық  жүйесіне  (ауызша,  жазбаша) 

оның  білімдік  жүйесінің  өркені  қосылып 

ережеленді.  Бұл  тұсқа  келгенде,  еліміздің 

тарихты  дәуірлеуі  бойынша  да  қазақ  тіліне 

«қазіргі»  сөзі  қосылып,  «Қазіргі  қазақ  тілі» 

жарыққа  шықты.  30-жылдардан  бастап  баспа 

құрылымы жарық көрген қытай қазағының тілі 

де  осы  қатарға  ілінді.  ХХ  ғасырға  келгенде, 

Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Ұқсас қоғамдық 

түзім  ежелден  іргелес  екі  елдің  экономика, 

мәдениет  араластығын  жаңа  өрлеуге  көтерді: 

екі  ел  ұлттарының  өз  іші  берекесі  күн  сайын 

нығайып,  мәдениеттің  өзінде  жоғын  қажетіне 

қарай  басқадан  қабылдаудың  жолы  ашылды, 

мұның ішінде тіл де бар.

Біз алдымен Кеңес Одағы тұсындағы қазақ 

тілінің жай-күйіне ден қоялық.

Орыс  пен  қазақ  арыдан  іргелес,  аралас-

құралас өткен ұлт, бір мемлекет болып та көрді. 

Қалың  халқы  тарихи  достығын  қастерлейді, 

бір-бірінен  мәдениеттік  керегін  алды, 

қажетіне  жаратты.  Бұлардың  XVII  ғасырдан 

Қазан  төңкерісіне  дейінгі  сөз  ауысу  тарихын 

Қазақстан  мамандары  үш  дәуірге  бөледі.  Сол 

тұстағы  әдебиетімізден  орыс  тілінің  кірігу 

жинақы  мәліметін  Абайдан  таптық:  62  сөз. 

Қазан төңкерісінен бұрын жазылып 1947 жылы 

басылым  көрген  Көпейұлы  Спандиярдың 

«Қалың  мал»  романында  болыс,  насыбай



самауыр қатарлы сөздердің орыс сөзі екендігі 

өшкіндеп  бара  жатқандарын  былай  қойғанда, 

жоқтың қасы. Бірақ ел қолданымындағы мына 

сөздерде  кірмелігін  байқатпайды:  мескей, 



қазан,  кәтел,  шәйнек,  күрекше,  бұлық,  соқа, 

бөтелке,  сөмке,  лампа,  газет...  Осыдан 

өткен  ғасырдың  30  жылдарының  бас  шеніне 

дейін  қазақтың  әдеби  тілі  Қазақстанда  Абай 

тағылымын  ұстанған  Ахмет  қатарлы  тіл 

мамандарының  жетегі,  шынайы  еңбектері 

арқылы  кіршіксіз  дамыды.  Ең  әуелі,  өз 

тілінің  икемдігінен  пайдаланып  сөз  жасады, 

бар  сөзге  жаңа  мағына  берді.  Бұл  салада 

Ахметтің  қоғамдық  орны,  өнер  үлесі  бөлек. 

Өнер үлесіне келсек, басқасын қойып, әлгі екі 

кітабы  бұл  кісінің  ірі  ғалымдығын  танытады: 

«Тіл құрал» және басқа да оқулықтары арқылы 

қазақ тіл білімінің іргетасын қаласа, «Әдебиет 

танытқышы» арқылы әдебиеттанудың тағанын 

қалыптастырды.  Жоғарыдағы  оқталуымыз 

бойын ша,  біз  осындағы  тіл  (сөз,  тіркес)  тап-

қырлығына аялдаймыз. 

1.  Қазақ  тілі  грамматикасының  атауларын 

жаратты:

Cөз табы: зат есім, есімдік, етістік ...

Сөйлем  мүшелері:  бастауыш,  баяндауыш, 

толықтауыш...

Сөйлем  түрлері:  жай  сөйлем,  хабарлы 



сөйлем, құрмалас сөйлем...

2.  Тіркес жаратты:



көрнек өнер (көзбен көруге болатын өнер), 

қалып  сөз  (адамды  емдегенде  айтылатын 

сөздер), діндар сөз, ділмар сөз, көсем сөз, тіл 



танытқыш, әдебиет танытқыш...

3.  Қазақ  тілі  стилистикасы  қатарлыларға 

қарасты  сөздерді  тұрақтандырды:  теңеу, 

әліптеу, ауыстыру, бейнелеу, кейіптеу, перне­

леу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу, 

бүкпелеу,  толғау,  қайталақтау,  арнау  (сұрай 

арнау, зарлай арнау, жарлай арнау), кекесіндеу 

(мазақ, мысқыл, сықақ), шумақ, тармақ, бунақ, 

зейіндеме,  сауықтама,  сарындама,  еріктеме, 

зауықтама, терме...

Тұп-тұнық  қазақ  сөзі,  әуелгі  тұлғасында 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

33

тұрып  жаңа  мағынаға  жұмсалып  отыр.  Аз 

бөліміне  сөз  немесе  жұрнақ  қосылып  барып, 

тіркес немесе зат есім жасалған. Жаратылғалы 

90  жылдай  болыпты.  Көбі  тұрмыс  тілі  қа-

тарында керекке жарап отырғаны жұртқа аян. 

Заман  құбылды,  осыдан  былайғы  кез де, 

таптық  күрес  Кеңес  Одағында  қайта  уағыз-

далды.  Бұл  аз  ұлттардың  да  мәдениетін, 

мәдениет  қайраткерлерін  шарпыды.  Алаң-

құлаң  көзқарастардың  барлығы  буржуазия 

кепешін  киіп  аластауға  түсті.  Мемлекет, 

билік  басының  өзі:  «Орыс  тілін  неғұрлым 

тез  үйренсек,  коммунизмге  соғұрлым  тез 

жетеміз»,  –  деп  арманға  орыс  тілін  үйренуді 

шарт қылып көрсетті. Коммунизмді (қабілетіне 

қарай  істейді,  қажетіне  қарай  алады  дейтін 

ынталандыру)  аңсап  отырған  жұрт  құр 

қалып  жүрмейік  деп  орыс  тілін  бітеу  жұтып 

отырған  жоқ,  саяси  ауқым  қақалтып  отыр. 

Қазақ  тілінің  әйгілі  маманы  М.Б.  Балақаев 

тектеуінен  шыққан  мына  фактіні  көрелік: 

«Біз мынандай бір есеп жүргіздік: 1924 жылы 

«Еңбекшіл қазақ» газетінің әр 1000 сөзінде 14 

қана  термин  болса,  1929  жылы  «Социалистік 

Қазақстанда» 25, ал 1934 жылы 68, 1949 жыл 

80  термин  болған».  Ғалым  сөзінің  соңын: 

«Одан  кейін,  әрине,  олардың  саны  әлдеқайда 

көбейді»,  –  деп  нақты  мәлімет  бермейді. 

Бұл  тұстағы  мәлімет  көпке  аян:  проблема 

(мәселе),  процесс  (барыс),  метод  (әдістеме), 

патриот  (отаншылдық),  искусство  (өнер), 

творчество  (жасампаздық),  литература 

(әде биет),  революция  (төңкеріс),  делегация 

(үйірме), дипломатия (сыртқы істер), реаксион 

(кертартпа), прогресс (алға басу), консерватив 

(кербақпа), пассив (керенау), актив (белсенді), 

тенденция  (нысай),  пленум  (жиын),  аграр 

(ауыл  шаруашылығы),  председатель  (төраға), 



документ  (құжат),  перевод  (аудару),  тайный 

(жансыз), депутат (өкіл), гимназия (орта мек-

теп),  аренда  (майға  беру),  штраф  (пал  салу), 

приказшик (дүкенші), анархизм (үкіметсіздік), 

централизм (орталықтандыру) т.с.с.

Не  көрдік?  Орыс  сөзінің  жүйрік-жорғасы 

жоқ.  Бірақ  айна-қатесіз  баламасы  бар  қазақ 

сөзінің  орнын  тартып  алып  отыр!  Мұны 

қойып,  кешегі  күні  Ахмет  жаратып,  тұрақ-

тандырып  кеткен  сөздердің  бір  тобы  жарақ-

сызға  шығарылып,  ауыстырудың  орнына 

синек доха,  кейіптеудің  орнына  аллегория, 

шендестірудің орнына гипербола мен литота, 

айқындауыштың  орнына  эпитет,  кекеудің 

орнына  ирония,  сықақтың  орнына  сатира, 



шешендік  сұраудың  орнына  риторика...  келіп 

түсті.  Осылардың  бірқыдыруы  –  арғы  төр-

кінінен, орыс тілінен кірген сөздер емес, қайта 

грек, латын тілінен кірген сөздер.

Өткен  ғасырдың  50-жылдарында,  Қытай 

Кеңес  Одағын  ағалап  өтті.  «Мәскеу-Бейжің» 

дейтін ән екі ел достығының ұраны болды. Осы 

тұста Қазақстанның қазақ тілі іргесінде отырған 

Қытай қазағының тіліне аға болып тіке ықпал 

көрсетті. Олардың қабылдағанын теріс көргеміз 

жоқ: зиялы бастап, ере жөнелдік. Достық баянды 

болмады, экономикалық селбестік үзілді, ашық 

дау-шар көтерілді. Мұндайда мәдениет ауысу 

жайында қалып, жекенің туыстық араластығы 

тектеуге  түсті.  Былайғы  жерде  орыс  тілінен 

қашқалақтап,  керегімізді  қытай  тілінен  алу-

ға  бейімделдік.  Еліміз  60  жылдан  бастап 

«социализм  лагерінен»  ауашаланып,  шақты 

бірнеше  мемлекетпен  ымыраға  келді.  Бұл  – 

тектеп  келгенде,  еліміз  ішіндегі  көпірмелік, 

дүрлігушілік,  солақайлықтың  сыртқа  тебітіп 

шығуы еді. Өз сөзімізге келейік, көр соқырда 

барандап таныған шындық терістелді: «тілдің 

таптық  сипаты  бар»  деген  талқы  көтерілді. 

Сондағы бір дәлелі – «тап біткен өзінің сөзін 

сөйлейді» еді. Шаңға ергендер шақты болды-

ау.  Ғылымдағы  осындай  шытынап  тұрған 

тұрпайы солақайлықтан ықтау сүріне бастады. 

Ана  «социализм  лагерінен»  ауашаланудың, 

мына «тіл таптық сипат аладының» салдарынан 

1966  жылдан  басталып,  10  жыл  дегенде  әрең 

аяқталған «мәдениет төңкерісінде» қазақ тіліне 

шешек  шықты,  божбан  шұбар  болып  шыға 

келді.


Қытай қазақ тілінің жоғарғы күні келмеске 

кетсін  дедік.  Қытай  тілінің  қазақ  тіліне  тіке 

(дыбыстық аударма түрінде) сіңуі көп болмады. 

Баспасөзде күні бүгінге дейін осындай. Бізше, 

мұның  екі  түрлі  себебі  бар.  Бірі  –  үкімет  аз 

ұлт тіл-жазуының кіршіксіз дамуын қуаттады, 

қолдады,  мұны  заң  арқылы  тиянақтандырды. 

Және  бірі  жұртқа  аян.  Қазақ  тілі  алтай  тілі 

жүйесіне, қытай тілі болса – қытай-тибет тілі 

жүйесіне жатады. Қазақ жазуы – араб жазуы, 

қытай жазуы – қытай тілін таңбалайтын өзгеше 

жазу.  Екі  ұлт  тілі  мен  жазуының  аралығы 

алшақ.  Қытай  тілі  сөзін  қазақша  таңбалау  да, 

сөйлеу  де  қиын.  Сонда  да  жоқтың  орнына 

қытайдың сөзін тіке алдық:

Гоң, жың, каң, сай, шай, уаң (уан), юан, куаң, 

пал(салу), пәле, сылиң, ганзы, даутай, сайфың.

Дүңше,  жаңгүдей,  потай,  тажы,  хышаң, 

жамбы. Мұны да біртіндеп іріктеуге болатын 

секілді.


Дүниежүзінде  бір  қыдыру  тілдің  диалекті 

бар,  қазақ  тілінде  жоқ.  Диалект  –  жалпыға 

ортақ  тілдің  тармағы,  жерлік  өзгешеленуі. 

Мұндай  күй  ұлт  мекені  белгілі  өңірінің 

ауашалануынан,  араластығы  сұйқылдануынан 

туады.  Қазақ  баласының  үлкен  шоғыры  Орта 

Азияны  мекен  тұтты,  шет-жағасы  ауық-ауық 

бөлшектенгенімен,  іргесі  алыстаған  жоқ. 

Араластығы  үзілген  жоқ.  Диалект  көбінде 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


34

сөзді  дыбыстаудан  көрінеді.  Қазақ  тілі  күні 

бүгінге дейін бұдан мүлде аулақ. Дүниежүзінде 

кірмесіз тіл жоқ, қазақ тілі де сондай. Айталық, 

қазақ тілінде араб, парсы, моңғұл, орыс, қытай 

қатарлы  ұлт  тілінің  сөзі  бар,  ертедегілерінің 

көбі  кірмелігін  жойған,  қазақтың  сөздік 

қоры  қатарында  қызмет  өтейді.  Осылардың 

ертедегісі  болсын,  кейінгісі  болсын,  қалай 

жинақталса да, кірме сөз – бір ұлт тілі жөнінен 

«жамау»  ғана.  Айтса  айтқандай,  академик 

Әбдуәли Қайдаров мөлшерінше, қазақ тілінде 

«бір  миллиондай  мағыналық  единица  (бірлік) 

бар»  екен.  Топанын  мөлшерлесек,  кірме  сөз 

өте  мардымсыз.  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігіне» (10 том) бұған 70 мың сөз енгізіліпті. 

Белгілі  жазушы,  қоғам  қайраткері  Балғабек 

Қыдырбекұлы  бұл  сөздікке  кірмей  қалған, 

жаңсақ  немесе  шала  түсіндірілген  682  сөзді 

ел ішінен, ауыз әдебиетімізден тауып, қатарға 

қосты.  Қазақ  тілінің  қоры  мол,  жинауға  ұзақ 

уақыт,  күш-қуат,  құнттылық  кетеді.  Сонда 

кірме сөздің «жамаулығы» дәлелдене түспек.

Қоғам үрдіс дамиды. Ғылым-техника жаңа-

лығы  жыл  емес,  ай  санайды.  Бізде  қалай? 

Халықаралық атауды тіке алды: компютер, ас­



фальт,  проза...;  байырғы  сөзіне  жаңа  мағына 

берді: (авто)көлік, өнер(кәсіп), оқулық...; тың-

нан  сөз  жасады:  субұрқақ,  зілтемір,  себезгі...; 

басқа тілден аударды. 

Еліміз  қазақ  тіліндегі  газеттерінің,  радио-

телевизорының дені қытай тілінен аударылады. 

Аударма  мәдениет  маңызына  бола  қайталай 

жасампаздық делінгенімен, шындап келгенде, 

техникалық  құрылым,  дәлдік  –  оған  баянды 

өлшем.  Осыдан  арғы,  бергі,  бүгін  туралы 

дүниежүзінің  мемлекеті,  ұлты,  районы... 

тілдесе  алады.  Бұл  ғана  емес,  осы  араластық 

арқылы  ұлттар,  жан  саны  көбі  болсын,  азы 

болсын, пайда табады, тілі толысады. Басқаны 

емес,  қазақ  тілін  алсақ,  қытайша-қазақша 

арнаға  түсірілген  сөздіктен  үшеуі  (кәсіптік 

сөздіктер  сыртында)  шықты.  Соңғысы  (2008 

жыл)  «Қытайша-қазақша  арнаға  түсірілген 

атау-телімдер  сөздігі».  Бұған  35  мың  атау 

кіріпті. Мағыналық аудармадан кірген сөздер, 

дау-дамай  жүрмейді,  өз  сөзің,  қазақ  тілінің 

икемдік  құдіреті  бізге  баянды  жол  –  осы. 

Аудармада  әлсіздік  те  бар,  көбі  –  кәсіптік 

атаулардан.  Өзімізді  жұбататын  тіркесіміз 

бар:  «көш  жүре  түзеледі».  Осыдан  дәмеліміз. 

Көңілімізге келетін жері бар: арнаға түсірілген 

атау-терминдер  бірыңғай  қолданымға  түспей 

отыр.


Тіл  –  уағдалы  аталым.  Тіке  қабылдайық, 

аударайық,  көне  сөзге  жаңа  мағына  берейік, 

сөз  жасайық...  сіңгені,  көнгені  –  есеп.  Біздегі 

бұрыннан  келе  жатқан  мына  түйдектерге  ден 

қоялық.

Бие байлады: бие байланбайды, құлын бай-

ланады.


Ерлі­байлы: ер-әйел екеуі делінбек, мынада 

ері, байы бар әйел делініп отыр.



Иісмай,  иіссабын:  иістің  сипаты,  мәселен, 

күлімсі, сасық, жұпар... айтылмаған, сонда да 

жағымды иіс айтылып отыр.

Кірсабын:  кір  көйлек  десек,  көйлек  кір; 

кірсабын десек, сабынның өзі кір болып қалған.

Қаламақы: қалам – құрал, ақы шығарманың 

бодауы немесе автор ақысы.



Құс  жастық:  жастық  құстан  жасалмайды, 

құстың 


мамығынан 

жасалады. 

Ендігі 

бірнешеуінің  тізімін  берейін:  түлкі  тымақ, 



қасқыр  ішік,  төңкеріс,  ағарту,  екіқабат, 

қолғанат, ауыз үй.

Ауыр  аяқ,  қалам  қас,  өнер  кәсіп,  ет  бұзу, 

ер қашты, шыбын қору, сыңар езу, сиыр еміп 

қойды, көзіңе қарап жүр, бой бермейді.

Сәп  салған  қолма-қол  аңғарды,  бет  екі 

мағынасы  түгел  қате.  Бірақ  майдай  сіңіп 

кеткен,  қате  деуге  ауыз  бармайды.  Қате  екен 

деп  қолданудан  шығару  ешкімнің  қолынан 

келмейді.  Айтпағымыз  –  сіңіре  білсең,  кейде 

қате де – дұрыс. 

Біз  жоғарыда  баяндадық,  орыс  пен  қытай 

тілі  төтенше  құбылмалы  күндерде  тіке  баса 

көктеп  кірді,  ықтай  бердік,  бұдан  қазіргі 

қазақ тілінің олайын көрдік. Екі елдің қоғамы 

сабырға көшті, орыс пен қытай тілі тіке, көбінде 

аударылып,  қазақ  тілінен  орнықты  орнын 

тапты, қажетімізге жарады. Бұдан қазіргі қазақ 

тілінің  былайын  көрдік.  Қазақ  тілі  былайымен 

жүргені жөн, тілдің кіршіксіз дамуы деген – осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет