Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата15.03.2017
өлшемі12,72 Mb.
#9572
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

94

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

мұнша  жақсы  көргеніне  қаншама  таңқалса, 

осы таңғажайып суретті көрсетпеуге тырысып, 

жанарын  бұлдырата  түскен  ана  көздеріндегі 

ыстық жасқа да соншама таң қалды.

Осы  түні  бұл  екі  адам  көпке  дейін 

ұйықтамады. Кең дүниеден лап етіп енген мы-

нау өмірдің ызғары сәби жүрегіне де қонақтай 

бастаған-ды. 

 

 



Қар жауған күн

– Шаршау шегіне жеткен, жүйкең жұқарған, 

жүрегіңде ақау бар,– деді дәрігер Ақпанға зерт-

теу  қорытындысынан  көз  алмай  шұқшиған 

қалпы.

–  Ал  мен  шаршап,  жүйке  жұқартатындай 



ештеңе тындырып жүргенім жоқ,– деді Ақпан 

сәл-пәл аңырып.

–  Мәселе  онда  да  емес.Кейде  тіпті  ештеңе 

тындырмасаң да, жүйке жұқаратыны бар.

– Солай ма?

–  Солай  деуден  гөрі  «мүмкін»  дегеніміз 

жөнірек болар. Мүмкін, сені әр нәрсе мазалап, 

уайымға да көбірек салынатын шығарсың.

Дәрігер  қарсы  алдындағы  жігіттің  басы-

нан аяғына дейін сәл таңданыспен көз жүгірте 

отырып, қажетті деген дәрілер тізілген қағазды 

қолына ұстатты да «жүре бер» дегенді ишара-

мен білдірді.

Ойлап  отырса,  Ақпан  өзінің  қазіргі 

тірлігіне көңілі толатын сияқты. Сүйген жары 

Жаннұрына  қосылып,  кішкентай  Ернардың 

сәби  қылықтарын  қызықтауға  тағдыр  жазды. 

Жайлы жұмысы бар. Онда да көңілсіз емес. Ал 

енді неге оның жүйкесі жұқаруы керек?

Тек  кей  кездерде  зайыбының:  «Әлденеге 

басың  қатып  жүр  ме,  неге  ғана  үндемейтін 

тұйық  болып  алдың?»  –  деген  реніш  ара-

лас  назы  болмаса.  Ал  бұндайда  Ақпан  айтар 

уәж  әрдайым  дайын:  «Не  қыл  дейсің,  бір  уақ 

үндемей жүрсек – несі айып?»

«Жоқ-жоқ,  оның  да  себебі  болуы  керек 

қой. Әлде-әлде бір жерің ауыра ма? Мені дал 

қылғанша  дәрігерге  қарал,  сол  дұрыс  шығар. 

Әйтпесе «үндемес» ойыныңа мен төзе алмас-

пын.  Екеуміз  тұрмыс  құрмай  тұрғанда,  яғни 

сен  бозбала  жігіт  болып  бойжеткен  менің  ар-

тымнан салпаңдап еріп жүрген кезіңде, тыңдап 

отырсың ба, артымнан еріп жүрген кезіңде (бұл 

сөзді Жаннұр әдейі салмақ сала қайталады) мен 

сені «көк мылжыңның бірі шығар» деп ойлау-

шы едім. Мені тіпті Айға да балап, періштеге 

де санап өлең оқушы едің ғой. Есіңде бар ма?». 

Әйелінің әләулайын селқос тыңдап отырған 

Ақпан сол сәтте: «Жоқ!» – деп жауап қата жаз-

дап барып, есін енді жиғандай: «Иә!» – дегенді 

басын  изеу  арқылы  білдіре  салған.  «Қазір 

мен  саған  періште  болмай  қалдым  ба?  Әлде 

«Үйленгенше ғана жаным дейді» дегеннің кебі 

ме?»


  Құдай  ұрайын  десе  –  оңай  емес  пе?  Бұл 

тағы да басын изей салыпты.

 «Бәсе, өзім де солай ойлап едім. Сен айта 

беретін алау сезім бықсыды деші», – деген. 

Жауап орнына Ақпан жастық жастануға да 

жалқауланып, төсегіне сұлай кеткен.

Сонда  ғана  басы  ауырып,  мазасы  кетіп 

жүргенін  бағамдаған.  Енді,  мінеки,  дәрігерге 

қаралып, қайтып барады.

 Далада аппақ ұлпа қар жайымен ғана жауып 

тұр.  Бұл  дүниенің  ғажайыптығын  ғаламға  паш 

еткісі келгендей бетіңді аймалап ақырын өбеді.

– Ғажап, – деп күбірлеп қойды Ақпан. 

Алдынан  сабалақ  жүнді  қара  ала  иттің 

күшігі  мен  аяғына  қолқылдақ  кең  етік  ки-

ген  шұнақ  құлағы  өрттен  шыққандай  қып-

қызыл жалаңбас ұл жүгіріп өтті. Анадайға ба-

рып, шоқиып отыра қалған күшік қар суынан 

тітіркенді  білем,  әлсіз  ғана  сілкініп  қояды. 

Бұл көрініс өз үйі орналасқан көшенің шетіне 

іліккенше  көз  алдынан  кетпеді.  Енді,  мінеки, 

оның  бар  назары  осы  маңда  орналасқан 

ұзынша  келген  аласа  ағаш  орындыққа  ауды. 

Орындықтың  шегесі  босаған  болуы  керек, 

ұзын  тақтайдың  бір  ұшы  салбырап  қалыпты. 

Ақырын  тербеліп,  сықыр-сықыр  етеді.  Ақпан 

дәл  осы  арада  ағаш  орындықтың  бар  екенін 

қалай ғана есінен шығарып алғанына таңданған 

қалпы кінәлі адамдай қымсынып, қажет болма-

са да, қымтанып қойды.

  Балалық  шағында,  орта  мектепте  оқып 

жүрген кезіңде осы орындықта талай рет оты-

рып  еді.  Иығын  қиып  жіберуге  шақ  тұратын 

ауыр  сөмкесін  бір  шетіне  қойып  алып,  тәтті 

қиялдарға  берілетін.  Әдейілеп  алып  шыққан 

бауырсақтарын  үгітіп,  кептерлердің  алдына 

шашатын  да  олардың  дәнді  шоқығандарын 

қызықтап, қарық болып қалатын. Сегізінші сы-

ныпта оқып жүргенде ме еді, жоқ, одан кейінірек 

болар, бірде мұның аяғы сынып, төсек тартып 

жатып қалғаны бар. Сол күндердің бірінде дос-

тары  шуылдап,  шұрқырап  халін  сұрау  үшін 

жиналған шақта бұл таяғына сүйеніп, ақсаңдай 

басып келіп, осы орындыққа сылқ етіп отыра 

кеткені бар.

 Айналаны аппақ қар басқан дәл бүгінгідей 

қыс  маусымы  еді.  Бірнеше  күн  көзінен  таса 

боп  кеткен  достарымен  көрісуге  асығып, 

жеңіл  киімімен  шығып  кетіпті.  Осы  жайды 

балалардың  ішінде  алғашқы  боп  аңғарған 

Айнаш есімді қыз бұған тонын шешіп берген 

болатын. Тонның жылы құшағына көміліп әрі 

сүйсініп, үн-түнсіз қалған ол құрбыластарының 

Айнаш  екеуін  мазақ  етіп  сықылықтап  күл-

генінен  болар,  қос  бетінің  ұшына  қызыл  қан 

ойнап  шыға  келген  Айнашқа  ғана  әлдебір 



95

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

кінәлі  сезіммен  қарап  қалғаны  есінде.  Сонда 

балалардың  күлкісінен  қымсынып  қызарған 

екен  ғой.  Сол  Айнаш  қазір  қайда  екен?.  Ал 

орындық  болса  –  қаңырап,  шегесі  босап  сал-

бырап  тұр.  Жүрегі  сыздап  кеткендей  болды. 

Мүмкін, кішкентай ұяң қыздың сондағы жылы 

тонын аңсап кеткен шығар. 

Сол Айнаш қайда екен?. 

Кенет келіншегі есіне түсті де бұл қиялынан 

сәл ыңғайсызданып езу тартты.

  «Шіркін  деймін-ау,  –  деп  ойлады  ол  тағы 

да  –  Сондағы  сықылықтаған  күлкінің  иелері 

тағы  да  келіп,  халімді  сұраса  ғой,  басымның 

ауырғаны лезде-ақ айығар еді».

Алайда  бұл  ойының  бос  қиял  екенін  мо-

йындайды,  мойындай  тұра  өз  құрдастарының 

барлығы  да  сонау  бір  кездегідей  күле  ал-

майтынына,  жұптарын  жазбай  келіп,  халін 

сұрап,  көңілін  көтермейтініне,  олардан  ара-

сы  тым  алыстап  кеткеніне,  барлығының  да 

бүгінгі қам-қаракет, тірлігі, бары кейбір сәтте 

сәлем берісудің өзі бақай есепке айналып бара 

жатқанына  көзі  жеткендей.  Жапалақтап  жау-

ып жатқан күміс қар бұның алды-артын орап: 

«Досың жоқ, бос қиял, досың жоқ, бос қиял» 

деген  сөздерді  әлсін-әлсін  қайталап,  мазақ 

ететін секілді. Ал орындық байғұс қар екпінін 

көтере алмағандай тақтайы салбырап, ыңырси 

түседі.


«Иә,  бұл  орындыққа  отырмағалы  да  көп 

болыпты-ау», – деп күрсінді Ақпан.

«Отырған  былай  тұрсын,  сен  оны  көріп 

жүрсің бе?» – дегендей болады алды-артын орай 

жауған  қар.  Таңертең  мен  кеште  жұмыс  орны 

мен  үйінің  арасындағы  тынбайтын  жүрісте, 

дәлірек айтсақ, жүгірісте кездесер көріністердің 

құрамында  осы  орындық  та  бар.  Бұлар  бір-екі 

жыл бойы ешқашан өзгеріп көрмеген Ахметтің 

үйінің  жанындағы  тау  төбе  болып  үйілген  күл, 

Мәлік шалдың есігі алдында үнемі жусап жата-

тын кәрі ақбас сиыр, сылағы түскен ескі дүкен 

үйі, сосын осы ағаш орындық.

  Ағаш  орындықты  Ақпан  бүгін  ғана 

көргендей болды, яки дәрігерге қаралып қайтқан 

бетінде.  Өз  өміріндегі,  балалық  шағындағы 

тәтті  бір  күндерді  Ақпан  бүгін  ғана  есіне 

түсіргендей болды, яғни дәрігер қабылдауынан 

шыққан бойда. Бағанағы сабалақ жүнді күшік 

пен  қолқылдақ  кең  етік  киген  жалаңбас  бала, 

ақшаңқан  қардың  барлығы  да  бүгін  бөлекше 

көрінген секілді. 

Ал  бұрын  болса...  Иә  бұрын  болса  –  қу 

тірліктің қамы, жұмыс жайы деп, соларды ғана 

ойлап  жүріп,  рауандап  атқан  таң  мен  батқан 

күннің, жауған қар мен жазғытұрымғы шыққан 

көктің ғаламатын, қайталанбас ғажайып көркін 

байқай  бермейтін  жарты  басты  адам  болып 

келгенін ол бағамдай алған жоқ.

 Сағатына қарап еді, ауруханадан шыққалы 

табаны күректей бір сағат уақыт болған екен. 

Жалма-жан  салбырап  тұрған  орындықтың 

тақтайын  қарынан  тазалады  да  айналасынан 

сипалап  жүріп  жұдырықтай  тас  тауып  алды. 

Тақтайдың бұрынғы шегесі орнында екен. Со-

нысымен тұғырына қайтадан шегелеп, бекітіп 

қойды.  Сағатына  тағы  да  бір  қарай  берді  де 

көзін лезде тайдырып әкетті.

– Асықпайықшы осы, – деп өзіне-өзі сөйлеп 

алды да бұрынғы қалпына келіп тап-тұйнақтай 

жөнделіп қалған орындықтың бір шетіне келіп 

сылқ  етіп  отыра  кетті.  Мүмкін  бала  кезіндегі 

сияқты  құстардың  шықылықтағанын  тамсана 

тыңдағысы келген шығар.

 

 ﹡ ﹡ ﹡


Түн ортасы ауса да, ерлі-зайыптылар өз ой-

ларымен оңаша қалып, біразға дейін көз ілмеді. 

Күйеуінің қылығы зайыбының ойынан бір сәт 

те шыққан жоқ.

  «Не  қыл  дейсің  енді,  бір  уақ  үндемей 

жүрсек – несі айып?» 

Осы  бір  сөз  құлағының  түбінде  ызыңдады 

да  тұрды.  «Мүмкін,  бір  уақ  үндемей  жүру  де 

жақсы болар» деп ойлайды кейде жас келіншек. 

Ал  Ақпанға  келсек,  «Құдай-ау,  енді  не 

жетпей жүр?» деген өзіне өзі қоятын сауалын 

қайталап, жауабын іздеп сандалады.

 Бүгін жексенбі еді. Ақпан әдеттегіден ерте 

тұрып,  киіне  бастады.  Әйелінің  ұйқысы  да 

шайдай ашылып:

– Бүгін демалыс қой, қайда барасың? – деді 

құмыға. 

Күйеуінің  соңғы  күндердегі  қылығына 

қырсыққан  ол  «Өзім  де  тіл  қатпай  қояйын, 

бірдеңе сұраса да, жауап бермейін» деген ойға 

бекіген  еді.  Енді,  мінеки,  таңқалған  кезде  ол 

ойы табанда ұмыт болды.

– Сен де тұр енді, Ернарды да киіндір, – деді 

Ақпан.


– Не үшін екенін айтшы Құдай үшін!

–  Өзенге  барып,  мұз  үстінде  серуен 

құрайық,  сырғанап  ойнайық.  Ал  біздің  ондай 

қызықтарды көрмегенімізге қанша жыл болды 

десеңші! Тіпті өмірі көрмеген шығармыз. Дала 

қандай тамаша, айнала аппақ қар, таза ауа.

–  Аппақ  қарды  күн  сайын  көріп  жүрген 

жоқпыз ба?

–  Жоқ,  біз  оны  көріп  жүрген  жоқпыз. 

Тұрсаңшы енді.



«Осы,  Ақпан  жынданған  шығар»  деп 

ойға  қалған  Жаннұр  төсектен  тұрған  қалпы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет