СУДЫҢ ҚАСИЕТІН СИПАТТАЙТЫН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ
Тұжырым
«Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының құрамы" ғылыми жобасының мақсаты Шығыс
Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының құрамын анықтау.
Алдағы қойған міндеттері: зерттеу нысандарын анықтау; зерттеу әдістерімен танысу; зерттелетін судың
қасиетін сипаттайтын органолептикалық көрсеткіштерін анықтау және судың химиялық құрамын анықтау.
Негізгі сөздер: cу, ауру, гидросфера, атмосфера, элементтер, су құрамы.
Су – биосфераның аса маңызды элементі.
Гидросфера – біздің планетамыздың аса маңызды
құрам бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн энергиясы
мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа
түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық
су түрлері жатады. Гидросфера Жердің басқа
элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз
байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады.
Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық
бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас жабық
жүйе: мұхит – атмосфера – құрлық түзеді. Ол
гидросфераның
түрлі
бөліктерінің
әртектілігіне
байланысты
өзгеретін
су
алмасу
процесінің
белсенділігін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні адамзат алдында тұрған көптеген
мәселелердің ішіндегі ең өзектілері: әлеуметтік,
экологиялық, азық-түліктік және су мәселелері болып
табылады. Су мәселесі тиімді шешілмей, басқа
мәселелердің оң шешілуі мүмкін емес. Біздің өңірімізде
су үлкен рөл атқарады. Адамзаттың сусыз не істейтінін
тіпті елестету мүмкін емес. Адамзат сусыз өмір сүре
алмас еді. Сумен біздің ғаламшарымызда тіршілік пен
ауа райынан басқа, көптеген халық шаруашылығының
салалары, әсіресе су көлік қатынасы тығыз
байланысты. Сондай-ақ су – энергияның бай көзі.
Су - әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ біздің
планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана,
барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың
наука и здравоохранение, №1, 2013
Статьи
67
жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы
өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Жердегі су ресурстары жалпы алғанда, жер бетілік
немесе континетальды сулар, Бүкіл Әлемдік мұхит
сулары және жер астылық сулар болып үш топқа
бөлінеді. Жер бетілік, не континетальды суларға - өзен,
көл, жабық теңіздер, батпақтар, атмосфералық жауын-
шашын сулары, мұздықтар суы, бүкіләлемдік мұхиттар
мен оларға құятын теңіздер, ал жерастылық суларға
топырақ ылғалдары, жер астылық грунд сулары
жатады.
Судың химиялық құрамы бір-біріне байланыссыз
екі фактордың – тарихи-табиғи және геологиялық
жағдайлар мен антропогендік фактордың әсерінен
қалыптасады.
Судың химиялық құрамының түрліше болуы
себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты
төмендегіше классификациялауға болады (1 г/л):
Тұщы су ---------------- 1 ге дейін
Тұздылау ---------------1-25
Тұзды ------------------- 26-50
Ащы ---------------------- > 50 [2]
Атмосфера мен литосфераға түсетін ластаушы зат-
тардың жаратылыстағы табиғи көзі гидросфера болып
табылады. Бұл судың өте жоғары еріткіш қасиетіне,
табиғаттағы су айналымына және су айналымының
соңғы нүктесі топтау буларға байланысты.[2]
Жер асты суларының мөлшері жер үстіндегі су
мөлшерінің жартысы шамасындай болады. Судың
құрамындағы ластаушы заттардың болуы барлық тірі
ағзаларға және судың функциясына жүйелі түрде әсер
етеді.
Жер асты сулары топыраққа сіңген сулар деп ата-
лады. Жер асты суларының сіңуі топырақтың қасиетіне
және құрамына, жаңбыр жауу жиілігіне, мөлшеріне
байланысты. Топырақ қабатының борпылдақтығына
байланысты суды сіңіреді немесе суды сіңірмейді. Жер
асты сулары табиғи қабаттардан өтіп су өткізбейтін
қабатқа дейін сіңеді де, су өткізетін жер қабаттарының
торшаларын толтырады. Мұндай су грунтталған деп
аталады, ал оның беті – грунттағы су айнасы болып
табылады.
Жер асты сулары беткі, грунтты және артезиян су-
лары болып жер қабаттарына байланысты бөлінеді.
Беткі сулар жер бетіне өте жақын орналасып, қорғай-
тын қабат болмағандықтан тез ластанады. Грунтты
суларға су сіңіретін қабаттағы сулар жатады. Ал арте-
зияндық сулар су өткізбейтін қабаттар арасындағы
сулар.
Грунтты сулар айнасының деңгейі әрқашан толқып
тұрады. Грунтты сулар айнасы жерге түскен жылдық
жаңбыр мөлшеріне байланысты көтеріліп, ал
құдықтардан
сулардың
тұрақты
алынуына
байланысты төмендеп отырады. Суға деген сұраныс
жылдан
жылға
жоғарылап
келеді.
Кейбір
мемлекеттерде осы грунтты судың мөлшерінің
төмендеуі үлкен маңызды жағдай ретінде алаңдатып
отыр. Жаңбырлы жаздың өзінде грунтты су мөлшері
аздаған мөлшерде ғана көтеріледі. Жаңбыр
суларының көп мөлшері өсімдіктер қажетіне кетеді.
Грунт суларының деңгейі салқын – қысқы
мерзімдерде, қазаннан наурыз айларында көтеріледі.
Өзен жағалауларында сүзіліп өтетін сулар көбіне
беткей және грунт суларының арасынан орын алады.
Табиғи су біртекті емес, онда жүзгіндермен газдың
ұсақ көпіршіктері болады. Мұндағы бөлшектердің
мөлшері әр түрлі. Судың түбіне тұнатын заттар
минералды ядродан және органикалық қабаттан
тұрады. Сонымен қатар су қабаты көптеген
микроорганизмдермен толы, олар қоршаған ортамен
тығыз байланысты.
Табиғи су көздеріндегі ластаушы заттардың әсері
әртүрлі. Мысалы: Жылу арқылы болатын ластаушы
заттар кезінде судағы ағзалардың интенсивті дамуына
әкеледі, бұл экосистеманы бұзады.
Сыртқы ортамен осмотикалық қатынастағы бір
жасушалы ағзалар үшін минералды тұздар қауіпті
болады.
Жүзгіндер судың мөлдірлігін төмендетеді, су
өсімдіктерінің фотосинтезіне кедергі келтіреді, ағынсыз
суларда түбіне шөгінділер жиналады.
Бұл әртүрлі суда тіршілік етуші ағзалардың
тіршілігін қиындатады. Жүзгіндерге әртүрлі ластаушы
заттар сіңіп, түбіне тұнады да екінші түрлі ластаушы
зат көзі пайда болады.
Судың ауыр металдармен ластануы экологиялық
қауіп қана емес, экономикалық зиян әкеледі.
Тау-кен өнеркәсібі, қара және түсті металлургия,
гальваникалық цехтар суды ауыр металмен ластау көзі
болады.
Су мұнай өнімдерімен ластанғанда су бетінде қабат
пайда болады, ал атмосферамен газ алмасады. Бұл
мұнай
эмульсиясынан
басқа
лас
заттарға
жинақталады.
Мұнай өнімдерімен суды ластаушының негізгі
көздері су көліктері болады.
Су көздерінде органикалық заттар бояғыштар,
фенолдар, ПАВ, диоксинда, пестицтар болуы улануды
туғызады, әсіресе диоксиндар қатерлі у болады. Бұл екі
хлорлы
өлі
қосылыс
дибензодиоксин
және
дибензофуран. Ғылымға белгілі ең улы зат 2,3,7,8 –
тетрохлордибензодиоксин (2,3,7,8 – ТХДД). Бұл улар
табиғатта жинала береді де, концентрациясы артады.
Судың ластануын зерттеудің өзіндік ерекшелігі
болады. Атмосфераның ластануы әрқилы, кейбір
ластаушы зат аз мөлшерде болуы мүмкін, олар
тұрақты болмайды.
Суда органикалық және анорганикалық заттар
тұрақты түрде күрделі құрылыста болады. Сонымен
бірге суда химиялық, фотохимиялық процесстер жүріп
жатады. Ол судың құрамын үнемі өзгертіп тұрады.
Жануар текті және өсімдік текті биологиялық
өзгерістер химиялық өзгерістерді жүзеге асыруға үлкен
үлес қосады. Сондықтан судағы оттегінің мөлшері
судың құрамына ірі көрсеткіш болады.
Судың құрамын дәл бағалау үшін, яғни оны
сынауға алу үшін біршама жағдайлар әсер етеді. Олар:
судың ағу жылдамдығы және ағу сипаты, тұнбасы,
ластаушы заттың физико-химиялық қасиеті және оның
судағы тұрақтылығы т.б. Егер суды шартты түрде тік
жазықтықпен кессек, одан үш бөлікті байқауға болады:
беткі қабық (пленка), негізгі су, тұнба. Тұнба мен беткі
қабат ластаушы заттар бөлімі (зона) болады. Тұнбаға
ерімейтін заттар түседі де, бұл көптеген заттар
заттарды сіңіреді.
Суға бөлінбейтін заттар түсуі мүмкін. Олар басқа
химиялық заттармен әрекеттесіп, тұрақты қосылыстар
түзеді де судағы тіршілік иелерінің (балық, планктон
т.б.) денесі арқылы адам ағзасына түсуі мүмкін.
Суды тексеруге алғанда барлық жағдайларды яғни
судың құрамына әсер ететінін ескеру керек.
Екі негізгі сынау бар: бір жолғы және орташа. Бір
жолғы қажет суды толық алады, ал орташада қажет
суды белгілі уақытта бөліп алады. Орташа сынау
құрамы сәйкес келген сайын дәл болады.Табиғи
суларда
азоттың
қосылуы
минералды
және
наука и здравоохранение, №1, 2013
Статьи
68
органикалық формаларында кездеседі. Минералды
формаға аммоний ионы NH4, нитраттар NO2, нитраттар
NO3
жатады.
Органикалық
формаға
төмен
молекулярлы қосылыстар жатады (амин қышқылдары,
аминдер, несеп қышқылы т.б.).
Құрғақ жерлердегі жер беті суларында 1 литр суда
азот концентрациясы 100 микрограммына милиграммға
дейін толқиды.
Аммоний тұздары, азотты, азот қышқылдары,
хлоридтер су қоймаларында нәжіс және несеп сияқты
органикалық заттардың ыдыраған түрінде кездесуі
мүмкін. Олармен бірге суға инфекциялық аурулардың
қоздырғыштары түсуі, эпидемиялық ластануына
әкелетін жанай көрсеткіш болып табылады. Азотты
қосылыстардың мөлшеріне қарай оның ластану
деңгейін, қай уақыттан бері ластанғанын, немесе
тұрақты су қоймасын ластанып жатқанын анықтауға
болады. Суда тек қана аммоний тұздарының болуы
судағы бактериологиялық су қоймасы көрсеткішті
анықтауға мүмкіндік береді, ол жаңадан органикалық
заттармен ластанғанын көрсетіп бере алады. Суда азот
және азотталған қышқылының болуы онда аммоний
тұздарының болмауы немесе аздаған мөлшерде із
қалуы – судың өздігінен тазалаудан өткендігін
көрсетеді.
Су құрамында заттардың болуы – су қоймасының
тұрақты органикалық заттармен ластануын көрсетеді.
Бірақ сонымен қатар табиғатта да осы заттардың
қосылыстарының болу мүмкіншілігі өсімдік тектес
қалдықтарынан түсетіндігін естен шығармаған жөн.
Мұндай жағдайда суды динамикалық бақылау негізгі
роль атқарады.
Әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері – Алматы:
Қайнар. – 2005. – 118 б.
2. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны
қорғау. Алматы, - 2004. – 130 б.
3. Сәттімбеков Р., Әлімқұлова Р., Шілдебаев Ж.
Биология. Алматы «Мектеп». – 2007. – Б. 198-201.
4. Кунце В. Технология солода и пива – Санкт-
Петербург: Издательство, Профессия. - 2001. – С. 73-
80.
Резюме
ОРГАНОЛЕПТИЧЕСКИЕ СВОЙСТВА ВОДЫ
Ш.Е. Калиханова, Ф.С. Рахимжанова, Г.А. Берекенова, К.Е. Калиханова
Государственный медицинский университет города Семей
Цель научного проекта "Состав грунтовых вод поселка «Водный», «Восход» – определение состава грунто-
вых вод поселка «Водный», «Восход», г. Семей Восточно-Казахстанской области. Поставленные задачи: опреде-
ление объекта для исследования, ознакомление с методами исследования, определение органолептических пока-
зателей характеризующих исследуемые свойства воды и её химический состав.
Ключевые слова: вода, заболеваемость, гидросфера, атмосфера, элементы, состав воды.
Summary
ORGANOLEPTIC PROPERTIES OF WATER
Sh.Ye. Kalikhanova, F.S. Rakhimzhanova, G.A. Berekenova, K.Ye. Kalikhanova
Semey State medical university
The aim of the scientific project is «Components of water of the villages «Voskhod» and «Vodny» are to define their
chemical components of underground water of the East Kazakhstan region, Semey. The object this article is to define re-
search object, to introduce with research of object, to define the qualities of chemical components of water and to define
organoleptical evidence, which define the quality of water.
Key words: water, morbidity, hydrosphere, atmosphere, elements, composition of water.
ӘӨЖ 614.2(470-571) 07
Ш.Е. Қалиханова, Р.Ж. Фатхуллина, Ф.С. Рахимжанова, Г.А. Берекенова, Қ.Е. Қалиханова
Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті
СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
Тұжырым
ШҚО, «Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының органолептикалық қасиеттері:
температура, мөлдірлік, түсі, иісі, тұнба және химиялық құрамы: рН, құрғақ қалдық, НСО3,-, Сl-, SO2-4, Са2+,
Мg2+, Ғе3+ иондары теориялық мәліметтерге сүйене отырып, іс-тәжірибе жасалынып қарастырылған. Әр
кенттерден он сынамадан алынып, зертханада титрлеу, аналитикалық, фотометрлік т.б. зерттеу әдістерін
қолдана отырып анықтау жүргізілген.
Негізгі сөздер: cу, ауру, гидросфера, атмосфера, элементтер, су құрамы.
Су агрегаттық үш күйде болады: сұйық, газ және
қатты (су, бу, мұз). Таза су түссіз және иіссіз сұйықтық.
Қалың қабаты көгілдір болады. Судың қайнау темпе-
ратурасы 1000С, ал температурасы 00С.
Таза су электр өткізбейді. Барлық сұйық және қат-
ты заттардың ішінде судың меншікті жылу сыйымды-
лығы бәрінен үлкен, яғни салмағын бірдей етіп бірнеше
зат алып, бір белгілі градусқа дейін қыздырғанда, суды
қыздыруға жылу соның бәрінен жылу көп кетеді.
Керісінше, салқындатқанда да, бірдей етіп алынған
заттардың ішінде, су жылуды көп шығарады.
Сондықтан су жазда баяу жылынып, қыста баяу суып,
жер шарының температурасын реттеуші қызметін
атқарады.
наука и здравоохранение, №1, 2013
Статьи
69
Судың басқа заттардан тағы бір өзгешілігі, оның
тығыздығы, салқындатқанда басқа заттардікіндей
үздіксіз өсе бермейді, судың тығыздығының ең үлкен
шамасы 40 та болады. Одан жоғары я төмен темпера-
тураларда судың тығыздығы кемиді. Судың молекула-
сында оттектің атомы бір жақ шетінде, сутектің екі ато-
мы екінші жақ шетінде болады, сондықтан судың моле-
куласы әжептәуір полюсті молекула (диполь ұзындығы
0,039 нм).
Судың молекуласының бұрышты молекула болуы,
оттек атомының sp3 – гибридты орбиталінің екеуі Н – О
байланысының екеуін түзуге жұмсалады. Қалған екі sp3
– гибридты орбиталдарының әр қайсысында айырылы-
спаған электрон қосағы болады. Су бу күйінде ғана, Н2О
формуласына сәйкес жеке молекула түрінде болады;
сұйық судағы молекулалар ассоциацияланып жүреді,
яғни жеке молекулалармен қабат, жалпы формуласы
(Н2О)х сәйкес күрделі қосындылар аралас болады. Бұл
күрделі қосындылар біресе түзіліп, біресе ыдырап жата-
ды, оны мынадай схемамен көрсетуге болады: х Н2О =
(Н2О)х.Су молекулаларының ассоциялануының себебі:
сутектік байланыс арқылы судың молекуласындағы
сутек атомы екінші молекуладағы оттекпен байланыса-
ды. Сутектік байланыстың энергиясы 18,8 кДж/моль.
Демек, коваленттік байланыстың энергиясынан көп кем,
бірақ ван-дерваальс күштерінен басымырақ. Судағы
тұздар толық диссоциацияланып тек ион түрінде кезде-
седі. Құрғақ қалдық дегеніміз – миллиграммен өлше-
нетін 1 литр суда еріген тұздардың мөлшері. Құрғақ
қалдықтағы органикалық заттардың мөлшері 10-15%
аспайды, судың минералдық сапасын құрғақ қалдық
бойынша біледі. Судың минералдық құрамының 85%
Са2+, Na+, Mg2+ катионы мен НСО3-, Сl-, SO2-4
аниондарынан тұрады. Қалған минералдық құрамын
Na+, К+, РО3-4 т.б. микроэлементтері және Ғе2+, Ғе3+,
Сu2+ т.б. микроэлементтері құрайды. Суда 1000
мг/литрге дейін құрғақ қалдық болса, тұщы су деп, ал
1000 мг/литрден жоғары болса минералды деп аталады.
Минералды тұздардың мөлшері өте көп болса, ондай су
ащы – тұз дәмді келеді. Мұндай суды пайдалану адам
ағзасына әртүрлі физиологиялық ауытқуларға әкеп
соғады. Алайда құрғақ зат мөлшері 50-100 мг/литрден
кем болса, мұндай суды ұзақ уақыт пайдалану тағы да
ағзаға зиянды болады (хлоридтердің мөлшері ұлпада
азаюы т.б.). Мұндай суда фтор мен басқа да микроэле-
менттер аз мөлшерде болады. 20-100 мг/литр тұз қоспа-
сы бар суды әлсіз минералды деп, 100-300 мг/литр –
болса қанағаттанарлық минералды деп, ал 300-500
мг/литр – болса жоғары минералды деп есептеледі. Жер
үсті суларында әдетте темір (ІІ) тұрақты қосылыс гуми-
ноқышқыл түрінде, ал жер асты суларында темір бикар-
бонаты түрінде кездеседі. Жер асты суындағы темір
бикарбонаты ауаның әсерінен тотығып, қоңыр түсті Ғе
(ОН)3 түзеді, бұл суға лай және сары түс береді (егер
темір мөлшері 0,3 мг/литр болса). Егер суда темір
концентрациясы 1 мг/литр болса, ащы дәм береді.
Темірдің мөлшерінің көп болуы судың органолептикалық
қасиетін төмендетеді. Бұл суды тоқыма өнеркәсібінде,
май-ірімшік жасауда пайдалануға болмайды. Мұндай
суда темір сіңіретін микроорганизм-дер көбейіп, темір
түтіктердің бітелуіне соғады. Сонымен пайдаланатын
суда темір мөлшері 0,3 мг/литрден аспауы керек. Судың
эпидемиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері екі
топшаға бөлінеді:
1 – санитарлық – микробиологиялық көрсеткіш.
2 – санитарлық – химиялық көрсеткіш.
Бірінші топшаға жататындар: микроб саны, коли – ин-
декс, коли – титр, бактериялар мен вирустардың болуы.
Микроб саны – бұл жалпы колониялар саны. Ол
370С температурада, 1 см3 суға 1,5% ет – пептонды
агар 24 сағат өседі. Коли – индекс 1 мл. судағы ішек
таяқша сынық (коли) санын көрсетеді. Коли – титр де-
геніміз – бір ішек таяқшасы болса да табылатын судың
ең аз мөлшері. Егер судың коли – индексі 3-тен аспаса,
сонда оның эпидемиялық қауіпсіз болатынын көп
жылғы тәжірибе дәлелдеді. Судың эпидемиялық
қауіпсіздік көрсеткішінің негізгісі санитарлық – микро-
биологиялық көрсеткіш болып табылады. Санитарлық
– химиялық көрсеткіш жанама болып табылады. Бұл
көрсеткіштер органикалық заттар немесе олардың
ыдырау өнімдері болуымен сипатталады. Оларды
анықтау үшін әртүрлі химиялық әдістер қолданылады.
Табиғи суларда азоттың қосылуы минералды және
органикалық формаларында кездеседі. Минералды
формаға аммоний ионы NH4, нитраттар NO2, нитраттар
NO3 жатады. Органикалық формаға төмен молекуляр-
лы қосылыстар жатады (амин қышқылдары, аминдер,
несеп қышқылы т.б.).
Құрғақ жерлердегі жер беті суларында 1 литр суда
азот концентрациясы 100 микрограммына милиграммға
дейін толқиды. Аммоний тұздары, азотты, азот
қышқылдары, хлоридтер су қоймаларында нәжіс және
несеп сияқты органикалық заттардың ыдыраған түрін-
де кездесуі мүмкін. Олармен бірге суға инфекциялық
аурулардың қоздырғыштары түсуі, эпидемиялық ла-
стануына әкелетін жанай көрсеткіш болып табылады.
Азотты қосылыстардың мөлшеріне қарай оның ласта-
ну деңгейін, қай уақыттан бері ластанғанын, немесе
тұрақты су қоймасын ластанып жатқанын анықтауға
болады. Суда тек қана аммоний тұздарының болуы
судағы бактериологиялық су қоймасы көрсеткішті
анықтауға мүмкіндік береді, ол жаңадан органикалық
заттармен ластанғанын көрсетіп бере алады. Суда азот
және азотталған қышқылының болуы онда аммоний
тұздарының болмауы немесе аздаған мөлшерде із
қалуы – судың өздігінен тазалаудан өткендігін көрсе-
теді. Су құрамында заттардың болуы – су қоймасының
тұрақты органикалық заттармен ластануын көрсетеді.
Бірақ сонымен қатар табиғатта да осы заттардың
қосылыстарының болу мүмкіншілігі өсімдік тектес қал-
дықтарынан түсетіндігін естен шығармаған жөн.
Мұндай жағдайда суды динамикалық бақылау негізгі
роль атқарады. Құрғақ қалдық – 1 л су құрамындағы
еріген заттар мөлшері. Суды минералдандырады.
Судың минералды құрамы Са2+, Na+, Mg2+
катиондарынан және НСО3-, Сl-, SO2-4 аниондарынан
құралады. Судағы құрғақ қалдықты анықтау үшін
фарфор шашкаға сүзгі қағаз арқылы сүзілген судан
100 мл құйып, электр плиткасына буландырып, 1100С
2 сағатқа кептіргіш шкафқа қояды. Одан кейін
эксикаторда салқындатып, аналитикалық таразыда
өлшейді. Мына формула бойынша есептейді.
(а-а1) 1000
Х=
___________________
V
Х – құрғақ зат массасы (мг/л) зерттелетін судың;
а – шашка мен құрғақ зат;
а1 – бос шашка, мг;
V – су көлемі, анықтауға алған, мл.
SO 2-4 – ионын анықтау. 50 мл зерттелетін суға ка-
тионит KУ-2 ден аздап қосып, шайқап 30 мин қоямыз.
30 минуттан кейін 10 мл осы ерітіндіден өлшеп аламыз,
5 мл ацетон аздап дитизон бензой қышқылын (1:5)
жақсы сүртілген үккіште араластырамыз. Ерітінді жа-
сыл түсті болуы қажет. Оны 500С дейін қыздырамыз
|