– Бүгінгі көркем әдебиеттің тіліне
қатысты қандай сыныңыз бар?
– Әр заман, әрбір тарихи кезең әде-
биет ке өз тілін ала келеді. Бірақ біздің ХХ
ға сырдағы классикалық әдебиетіміздің тілі
біздің қазіргі тілімізден мүлдем ат үзіп
кеткен тіл деуге болмайды. Шынайы әдеби
көркем тіл, менің ойымша, еш уақытта
қоғамға, заманға бейімделмейді. Себебі
ол – мәңгілік құндылық. Сондықтан да он-
да ған ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ
ті
лі өзінің құнарын жоғалтпайды. Мен
қазақ тілін өте бай тіл деп айта аламын.
Қазақ поэзиясындағы жас ақындардың
ізденістерін айтқан кезде тілдік ізденістерді
де қосар едім. Жақсы сөз тіркестері, сөз
орам дары, жақсы кестелі жаңа сөздер.
Бүгінгі әдебиеттің тілі жұтап, тоқырап, тоқ-
тап, сұйылып қалған тіл емес. Әдебиеттің
жан жүрегі, күре тамыры – тіл. Тіл жоқ жер-
де әдебиет жоқ. Әдеби тіліміз өте құнарлы,
көп қырлы әрі таза. Мұның себебі біздің
әде би тарих ХХ ғасыр әдебиеті, ХІХ ғасыр
әдебиеті, бес ғасырға созылған жыраулар
әдебиеті деген үш қайнардан тарап отыр-
ғандығынан деп түсінуіміз керек. Міне, осы
қай нарларды көп оқыған, игерген, бойына
сіңірген қаламгер, жазушы я драматургтер
тарихта қалады. Ал оқымағандар ешқашан
да әдебиет майданына ат ізін сала алмайды.
Кеше ғана 60-жылдардағы Тәкен Әлім-
құловтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Қа ли-
хан Ысқақтың, Шерхан Мұртазаның жауһар
тілі әдебиетті өркендетті. Мұның себебі
олар қазақтың сөздік қорын өз шы ғар ма-
ла рында ойнатып қолдана алатындығында
болып отыр. Ал кешегі Мұхтар Әуезовтің,
Зей нолла Қабдоловтың, Ақселеу Сей дім-
бектердің шешендігі мен сөз қолдану әдіс-
тәсілдері ешқашан да зая болмауы тиіс.
Сондықтан да қазіргі қазақ әдебиетінің ке-
дейленіп, сұйылып кетуіне ешқандай негіз
жоқ. Ұлы тұлғаларымыз, даналарымыз,
көр некті қаламгерлеріміз жасап кеткен тілді
біз молынан пайдалануымыз керек. Қазір
жаңа сөз тауып, жаңа тіркестерге жүгініп,
«белесебед» ойлап табудың қажеті жоқ.
Тіліміздің бүкіл құнары да, сөлі де клас си-
калық әдебиетімізде жатыр. Ол үшін біз
Абай Құнанбаевтың, Шәкерім Құдай бер-
дінің, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Ай-
мауытұлының, Мұхтар Әуезовтің тілін
зерделей зерттеуіміз керек. Қазіргі заманда
ақын-жазушыларымыз керемет сөз тір кес-
тері мен жаңа сөздерді әкеліп жатыр деп
айта алмаймыз. Қазақтың көне ұғым дары
мен атауларының барлығы да, соны мен
қатар қазақтың ұлы сөз өнері мен ше шен-
дік өнері де сан ғасырлар бойы әбден қыр-
налып, електен өтіп, төрт аяғынан тең
тұрған, төрт құбыласы тең керемет бай тіл.
Әлемде қазақ тілінен бай тіл жоқ. Киіз
туырлықты түркі халықтарының барлығы
да қазақ тілін құнары сақталған тіл деп
мойындап отыр. Бүгінгі өмір шындығын
өзіміздің құнарлы тілімізде сөйлете алсақ,
одан артық бақыт та, мәртебе де жоқ.
– Сіз көп жылдардан бері қазақ
әдебиетінің тарихын, қазақ прозасын,
оның ішінде қазақтың суреткер қалам-
гер лерінің көрнектісі Тәкен Әлімқұлов
шы ғармашылығын үзбей зерттеп келе
жа тырсыз. Бұл зерттеулердің ендігі бе-
талысы қалай болмақ?
– Ең бірінші кезекте 10 жыл бұрын Ел-
ба сымыздың тікелей бастамасымен қолға
алын ған «Мәдени мұраға» айрықша тоқ-
та луымыз керек, оның құндылығын айтуы-
мыз керек. «Мәдени мұра» дегеніміз – мә-
де ниеттің барлық саласын қамтитын үлкен
мемлекеттік бастама. Соның ішінде әде-
биет ке үлкен мән берілді. Жарыққа шығып
жатқан «Бабалар сөзі»– жүз томдық еңбек.
Кеше ғана соңғы әрпі басылған он томдық
– «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегі. Қазақ
әдебиетінің тарихын Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты жанр-жанр-
ға, кезең-кезеңге бөліп жазып жатыр. Өзі-
міз дің қара шаңырақ ҚазҰУ-да да қазақ
әде биетінің қысқаша тарихын екі том етіп
шы
ғарып жатырмыз. Қазірде жаңадан
құрыл ған Абай институты аталмыш тақы-
рып қа бес томдық еңбекті дайындап жа-
тыр. Алып Ер Тұңға, яғни ежелгі дәуір әде-
бие тінен басталып, қазіргі қазақ әдебиетіне
дейінгі тарихты қамтитын үш мың жылдық
әдебиетті жазып бітірдік. Осы салада «Мә-
дени мұра» бағдарламасымен шыққан 10
томдығына қатыстым. Оның оныншы
томын жазуға қатысып, үлкен тарау жаз-
дым. «Қазақ әдеби сыны» деген тақы рып-
тағы еңбегім шықты. Одан кейін Серік Қи-
ра
баевтың жетекшілігімен екі томдық
«Қазақ прозасының тарихы» атты еңбегім
шық ты. Онда мен өнер тақырыбына жазыл-
ған бүкіл қазақ романдарын жаздым. Ал
жиыр ма жыл уақыттай жазып жүрген тақы-
ры бым – өткен ғасырдағы, яғни 60-70
жыл дардағы қазақ прозасының тарихы.
Соның ішінде айрықша бір серпіліс болған
тарихи тақырып ерекше өркендеді. Үлкен
ақындарымыз, дана ла ры мыз, өнер иеле-
рі нің образдары сом дал ған прозалық шы-
ғар малар жақсы дамыған кез болды. Оның
басында Мұхтар Әуезов бас та ған Сәуірбек
Бақ
бергенов, Ілияс Есен
берлин, Тәкен
Әлім құлов, Сәкен Жүнісов, Әнуар Әлім жа-
нов, Дүкенбай Досжанов, Ілия Жақанов,
Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұ маділовтер
болды. Осы қаламгерлердің бар лығын да
қамтып, «Қазақ әдебиеті және қазақ әде-
биетіндегі өнер тақырыбы» де ген тақы рып-
ты зерттедім. Кейін оны «Әде биет және
өнер» деген үлкен мо но гра фияға айнал-
дыр дым. Қорқыттың, Абай дың, Ақан сері-
нің, Біржан салдың, Сүгір, Тәттімбет, Ықы-
лас тардың бейнелерін, олар дың аң-құсы
мен тазы иттерін, күйлері жайлы жазылған
шығармаларды зерттедім. 1960-80 жыл-
дары қазақ қаламгерлері осы тақырыпқа
үлкен бетбұрыс жасады. Кеңес өкіметі
тұсында цензура, тапшылдық деген секілді
кедергілер тұрғанда ұлттың тағдыры мен
тарихын жаза алмайтынсыз. Ал мә де ние ті
мен өнерін жазуға болады. Осы жол мен
там-тұмдап болса да та ри хымызды қолға
алдық. Сонда біз ХІХ ға сырдағы заманның
тарихи шындығын көр сете ал дық. Мәселен,
Әнуар Әлімжанов ең алғаш рет Махамбеттің
бейнесін жа
са
ған, одан кейін Тәкен
Әлімқұлов Махамбет тақы ры бына барды.
Одан кейін Марат Мә
житов тұтас бір
повесть арнады. Сол секілді Ілияс
Жансүгіров бір кездерде атақты «Құ лагер»
деген поэма жазып еді, ал кейін Сә кен
Жүнісов екі томдық «Ақан сері» атты ро ман
жазды. Оның алдында Сұлтанмахмұт То-
райғыровтың бейнесін Дихан Әбілов
«Ақын арманы» деген шығармасында ар-
қау етіп еді, кейіннен ол тақырыпқа қайта
орал ды. Шоқан Уәлиханов бейнесіне үлкен
туын
ды жазған Сәбит Мұқанов еді, ал
кейін нен Сәуірбек Бақбергенов ол тақы-
рып қа қайта оралды.
Міне, осы тақырып менің зерттеу ны-
саны етіп алған тақырыбым еді. Соның түп-
қазығы Тәкен Әлімқұлов прозасы болған
еді. Тәкеңмен қатар қалам тербеген он
шақ ты қаламгерлерді барынша зерттеп,
жаз дым. Бұл жерде негізгі нысаным тұл-
пар лар туралы жазылған шығармалар еді.
Және де осы тақырыпты жарқыратып, дүр-
кі ретіп жазған қаламгер Тәкең еді. Тәкең
ту ралы екі монография, жекелеген бес
кітап жаздым. «Әдебиет және өнер» деген
мо нографиям «Қазақ университеті» бас па-
сынан тұтас басылып шықты.
Жақында бір профессорымыз АҚШ-қа
барып қайтқан екен. Сонда Американың ең
атақ ты Ель университетінің кітапханасында
менің Тәкен Әлімқұловқа арналған «Арыс»
баспасынан шыққан кітабым бар екен.
Қазақ стандық профессор сол кітапты көріп,
ар найы алып оқыған екен. Бұл нені біл ді-
реді? Бұл сонау Америкада біздің қазақ
қаламгерлерін зерттеп жатыр деген сөз. Ал
қа зірде қазақтың сыншылары жайлы се-
рия лы мақалалар жазып жатырмын. Олар-
дың ішінде Асқар Сүлейменов, Тө леген
Тоқ бергенов, Сағат Әшімбаев, Сайлаубек
Жұмабек, Зейнолла Серікқалиев, Рымғали
Нұр ғали ағаларымыз бар. 1960-70 жыл-
дарда қазақ сынына бір шоғыр талантты
сын шылар келді. Бұлардың барлығы да
әлемдік әдебиеттің жаңалықтарын игерген,
әлемдік әдеби сынды игерген, интел лек-
туалдық деңгейі өте жоғары, жан-жақты,
көп қырлы сыншылар болатын. Олар біздің
қазақ әдеби сынын жаңа бір биікке көтерді.
Олардың алдында Серік Қирабаев бастаған
аға сыншылар, Зейнолла Қабдолов, Нығ-
мет Ғабдуллин, Тұрсынбек Кәкішевтер әде-
биет сынына 50-жылдары келді ғой. Ал
70-жылдары Зейнолла Серікқалиев бас-
таған үлкен буын келді. Қазірде солардың
шы ғармашылығын терең зерттеп жүрмін.
Қа зіргі ғылыми ізденістерімнің бір бағыты
осы. Осы сыншылардың шығармашылығын
то лық қамтып, мақалаларды толықтырып
же ке бір үлкен кітап шығару ойымда бар.
Жа қында «Қазақ әдебиеті» газетіне «Қа-
рағайдың қарсы бұтағындай» деген Сай-
лаубек Жұмабек туралы мақалам шықты.
Сайлаубек Жұмабек қазақтың үлкен әрі та-
лантты сыншысы болатын. Өмірден өт ке-
ніне бес жылдай уақыт өтті. Бұл кісі прозада
да, поэзияда да, драматургияда да 50-80
жыл дарда қалам тербеген қаламгерлердің
әрқайсысына бір-бір кітап арнаған үлкен
сыншы ғой. Шерхан Мұртазаға «Жұлдызды
нұрлы суреткер», Қалтай Мұхамеджановқа
«Титан драматург», Қалаубек Тұрсын құ-
лов қа «Қазығұрттың перзенті», Тахауи Ах-
та новқа «Талант тектоникасы» атты ең бек-
терін ар на ған еді. Қазірде өзім ҚазҰУ-да
70-80 жыл дардағы қазақ прозасы мен
өнер та қырыбында сабақ беріп жүр ген-
діктен, 10-нан астам шәкіртім осы та-
қырыпта кан ди дат тық еңбек қорғады. Ал
үш шәкіртім док торлық диссертация қор-
ғады. Бірі Әбіш Кекіл баевтың шығар ма шы-
лығы, екіншісі Тәуел сіздік жылдарындағы
ізденістер, ал үшін шісі қазақ по вес терінен
қорғады. Алдыма қойған мақ сатым – тұтас
қазақ прозасының тари хын толыққанды
зерттеу. Бүгінде осы ба
ғыт
та өзім де,
шәкірттерім де ізденіс үстіндеміз.
– Ғаламтордың көркем әдебиет ті-
лі не, әдебиеттануға ықпалын байқап
отыр сыз ба? Жалпы, ақпараттық тех-
но логияның әдебиетімізге, сөз өнеріне
алып-қосары не болмақ?
– Қазірде ғаламтор бетінде көркем
әдебиеттің керемет нұсқалары жарияланып
жатыр деп айта алмаймын. Болмаса, солар
туралы сын пікірлер, талқылаулар болып
жа тыр деп ойламаймын. Ғаламторды өзім
күнде қадағалап отырмасам да, болжаммен
білемін. Байқап отырсаңыз, мәдениетіміз,
руханиятымыз, әдебиетіміз әлі де ғаламтор
бетінен табылмайды. Бір атап өткім келгені,
бас пасөз беттерінде жарияланған жақсы
ма қалалар бар. Олардың газет сай ттарында
жариялануы жақсы шешім. Онда жекелеген
қайраткерлер мен тұлғалардың әртүрлі
саладағы ой-пікірлері болуы мүм кін. Осы
бағытта біз жақсы ілгеріледік деп ой-
лаймын. Ал, өкінішке қарай, қалам гер ле-
ріміздің шығармалары немесе оларға
деген сын пікірлер ғаламтор бетінен көрін-
бей ді. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Жар-
мақ» романына деген үлкен-үлкен пікірлер
әлі күнге дейін жоқ. Дүкенбай Досжанның,
Қалихан Ысқақтың, Шерхан Мұртазаның
жаңа шығармалары туралы ғаламтордан
пі кір лер таппайсыз. Ұсынарым, жа рия ла-
нып жатқан шығармаларға ғалам тор лар да
қысқаша ғана аннотациялар беріліп отыр-
са, сыншылардың болмаса жазушылардың
бір-бірінің шығармаларына деген пі кір-
лерін ғаламторға енгізсе. Бірақ қазақтілді
ғаламтор жақсы дамып келе жатыр. abai.
kz, masa.kz, egemen.kz деген секілді сайттар
ашы лып жатыр. Оларды ашып қарайтын
болсаңыз, біраз дүниені оқи аласыз. Өз ба-
сым abai.kz-ті үзбей оқып отырамын. Онда
ылғи тосын ой-пікірлер, өткір көзқарастар,
керекті мәселелер айтылып қалады. Өзім
көбірек сын айтылған мақалаларды оқи-
мын. Себебі сын бар жерде алға қарай
ілгерілеу бар. Өзінің ұлтына, халқына жаны
ашып қараған адам ащы пікір айтуы керек.
Бір ерекшелігі, қазірде сол пікірлерді қа-
лам герлерге қарағанда журналистер көп
жа
зады. Ғаламторда публицистиканың
бірін ші орынға шығып кеткен себебі сол.
Көр кем әдебиеттің рухани көшке ілесуіне
үлкен дайындық керек. Бірақ бұдан қо рық-
пау керек. Қоғамдық ой-пікірді жауынгер
жур налистер қозғауы керек.
– Еліміздегі жоғары оқу орын да ры-
ның қара шаңырағы – ҚазҰУ-ға фи ло-
лог боламын деп келіп жатқан студент-
тер жайлы не айтуға болады?
– Құдайға шүкір, қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығына сұраныс әлі күнге дейін өте
көп. Қазақ әдебиетін зерттеймін, осы ма-
ман дықты таңдаймын деген балалар жыл-
дан-жылға көбейіп келеді. Мен мұны фи-
ло логия факультетінің деканы ретінде то-
лық сеніммен айта аламын. Жыл сайын
Қазақ станда қазақ әдебиеті мен тіліне бай-
ла нысты 300 грант бөлінеді. Соның 200
грантын ұтып алған бала біздің оқуға келіп
құжат тапсырады. Мысалы, былтыр бізге
түскен 400 талапкердің жартысынан көбі
– қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған ба ла-
лар. Биыл 380 бала қабылдасақ, оның
280-і – қазақ тілі мен әдебиетіне баратын
ба ла лар. Бұл нені білдіреді? Болашақта
әде биетімді зерттеймін, тілші ғалым, әде-
биетші ға лым бо ламын деген жігіттер мен
қыз дар. Ал ар ғы жағында жазушы, қа лам-
гер, ақын бола мын деген үлкен арман әр-
қай
сысында да болатын дүние. Бұдан
біздің қазақ әде бие тінің болашағына нық
сеніммен қа рауы мызға болады. Сондықтан
да қазақ тілі мен әдебиетіне бөлінетін мем-
ле кеттік гранттар тек көбейе беруі тиіс.
Одан мемлекет те, ұлт та ұтылмақ емес. Бір
ерек шелігі, филолог бо ламын деп келетін
балалардың көбі – ауылдан келген балалар.
Бұл – ауылдарда қазақ тілі мен әдебиетімізге
де ген сұраныс әлі де биік деген сөз. Қазақ
тілінің құнары мен қайнары ауылда жатыр.
Факуль те ті міз дегі балалардың туған жер-
леріне көз сал са ңыз, Атыраудан Алтайға
дейін, оң түс тік тен солтүстікке дейінгі жер-
лер дің барлық жерінен келіп жатқандар.
– ҚазҰУ биылғы оқу жылынан бас-
тап зерттеу университеті болуға қадам
бас ты. Осы орайдағы университеттің
ке ше гісі мен ертеңіне тоқтала кет се-
ңіз.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан
Әбіш ұлы білім мен ғылым алдына үлкен
мақсат қойып отыр. Негізгі мақсат – Қазақ-
стандағы кем дегенде екі немесе үш ЖОО
зерттеу университеті болуға тиіс. Биыл ғы
жылдың күзінен бастап біз үлкен қадамға
барып отырмыз. Университет ендігіде білім
беріп қана қоймай, сонымен қатар 50
пайызға дейін ғылыми- зерттеу орталығына
айналады. Біздің факультеттің атауы да
өзгерді – «Филология, әдебиеттану және
әлем тілдері факультеті» статусына ие бол-
дық. Біздің факультетте бұрын 10 кафедра
бол са, қазір ғылыми бағыттар бойынша
ал ты кафедра болып бірікті. Кафед ра лар-
дағы ғылым докторлары саны ертеректе
2-3 қана болса, ендігіде 10 ғылым докторы
бірге күш жұмылдыратын болады. Бұл –
әлемдік тәжірибе. Әлемде үлкен рейтингілік
компаниялар бар. Міне, сол рейтингіде
алғашқы орындарға көтерілуді мақсат етіп
отырмыз. Білім сапасын көтеру мәселесі ең
бірінші орында тұр. Ал қазақстандық рей-
тин гілік ұйымның көрсетуімен Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті қазір-
де бірінші орында тұр. Мұнда студенттерді
қабылдау бұрынғы тестілік жүйемен жүзеге
асады. Бірақ бакалавр дәрежесіндегі сту-
дент терге қарағанда біздің университетте
магистратура дәрежесіндегі мамандықтар
көптеп дайындалатын болады. Былтыр біз
500 магистр маманды дайындасақ, биыл
1000-нан астам маман даярланды. Ең
үлкен жаңалықтардың бірі – ҚазҰУ педа-
го гикалық мамандықтарды жапты, тікелей
ғылымға бағытталған оқу орны болып
өзгер ді. Енді педагог мамандарды дайын-
да маймыз. Осыған қарамастан, Қазақ стан-
дағы гранттардың саны жағынан бірінші
орын да біздің оқу орны тұр. Педагогикалық
мамандықтарды жауып тастаса да, еліміздің
түкпір-түкпірінен келіп түсушілер жыл өткен
сайын көбейіп келеді. Мұның бар лығы
білім және ғылым министрі Бақытжан
Жұмағұлов мырзаның тікелей қадаға лауы-
мен жүзеге асырылуда. Сөйтіп, әлемнің
алдыңғы орындарындағы Кэмбридж, Окс-
форд, Сорбонна, Йель, Гарвард универ си-
тет терінің қатарына дейін көтерілу негізгі
мақ сатымызға айналып отыр.
Әңгімелескен Ардақ ҚҰЛТАЙ
Таңқурайды қай ел көп өндіреді?
Таңқурай – раушан тұқымдас өсім дік-
тер дің Рубус текті түріне жататын жидек.
Оның құрамында қант, ақуыз, эфир майы,
пек тин қышқылы, органикалық қыш қыл-
дар, спирт және кетон, антоциан, катехин
сияқ ты заттар бар. Таңқурай жидегінен
тосап, желе қайнатылады, шырыны сы ғы-
ла ды. Тосап пен жеміс шырыны ме ди ци-
на да да қолданылады. Ол адамның әл-
дәр менін арттырып, терді айдайды. Суық
тию, тұмау кезінде дене ыстығын ба са ды.
Таңқурай косметика мен пар фю ме рия үшін
де пайдаланылады. Әлем дік на рық та таң-
қу рай өндіруден Ресей көш бас тайды. Бұл
ел жылына орташа есеппен 175 мың тонна
таңқурай өндіреді. Жи дек тің бұл түрімен
әлемдік нарықты қамту жө нінен Сербия
мен Черногория, АҚШ, Поль ша, Германия,
Ук раина, Канада, Ұлы бри тания, Венгрия
елдері де алда. Айта кетейік, кеңес дәуірі
тұсында Ресей мен Ук раина таң қу рай ды
медицина үшін өн ді руге көңіл бөл меген.
Бұл өндіріс 90-жыл дардың ор та сынан бас-
тап қарқын алып отыр.
Қазір таңқурайдан жасалған дәрілік препараттар мен биологиялық
белсенді қоспалар көп шығарылады. Дені – ресейлік өнімдер. Таңқурай
өндірісі Ресей үшін фармацияның бір саласы болып отыр ма?
Кәмшат ЕСІЛБАЙҚЫЗЫ, Ақмола облысы
ДАТ!
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің
деканы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері:
Мәдениетіміз,
руханиятымыз, әдебиетіміз
әлі де ғаламтор бетінен
табылмайды
АЛАШ-АҚПАРАТ
Алматының Құлжа тас
жолының бойында орналасқан
«Жолбарыс» азық-түлік
базарында өрт шықты. Тілсіз
жау кезінде мұнда газ
баллондары жарылды. Абырой
болғанда, бұл күні базар
жабық тұрған.
Базардың 750
шаршы метрі
өртеніп кетті
Базарға жақын маңдағы үй тұрғындары
өртті дүйсенбі күні сағат 14.20 шамасында
ал ғаш байқаған. Алдын ала жасалған жо-
ра мал бойынша, тілсіз жау электр сымының
қысқа тұйықталуынан тұтанды. Дүйсенбі
базар үшін санитарлық тазалық күні бол-
ған дықтан, мұнда саудагерлер мен тұ ты-
ну шылар болмаған. Жалын сауда ор та лы-
ғын еркін шарпып, кейін жоғары қысымнан
ба зар ішіндегі газ баллондары атылған.
Да был жетісімен Талғар ауданының өрт
сөн діруші қызметкерлері оқиға орнына
келіп, қызыл жалынды бір сағаттың кө ле-
мін де ауыздықтады. Базардың 750 шаршы
метр жері өртенген болып шықты. Қазір
оқи ғаның нақты себебі мен базардағы ма-
те риалдық шығын анықталып жатыр.
Нұрлан СЕРПЕРБАЕВ, Алматы облыстық
төтенше жағдайлар департаменті баспасөз
қызметінің бас маманы:
– «Жолбарыс» азық-түлік базарында
өрт 14.18 минутта шықты. 14.19-да
Тал ғар ауданынан жеті адамнан тұратын
өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына ат тан-
ды. Сонымен қатар Алматы облыстық
тө тенше жағдайлар департаментінен
тілсіз жауды ауыздықтауға тағы бес
адам және тоғыз техника жұ мыл ды-
рыл ды. Жапа шеккендер мен қаза бол-
ғандар жоқ.
Ардақ ҚҰЛТАЙ
Әскери бөлімнің медициналық қыз ме-
ті нің бастығы Әділет Нұрғалиевтің ай туын-
ша, сарбаздардың 20-сы қалалық жұқ-
палы дерт ауруханасында жатыр. Төртеуі
әскери бөлімнің емханасында ем алуда.
Ал 12-сі алғашқы медициналық кө мек
көрсетілген соң қызметіне қайта кі ріс кен.
Осы жағдайдан кейін әскери бө
лімде
облыстық тазалық мамандарымен бірлесе
отырып, барлық алдын алу ша
ра
лар
жүргізіліпті. Алайда «жұқпалы дерт ау ру-
ханасына түскен науқастардың саны 20
емес, 24» дейді дәрігерлер. Сарбаздардың
бар лығына да өткір ішек инфекциясына
шалдыққан деген диагноз қойылған. Қазір
тиісті ем-шараларын көрсеткен соң, беті
бері қарапты. Дегенмен де іш өту жағ дай-
ла ры әлі тоқтамай отыр екен. Мамандардың
сөзіне қарағанда, инфекция сарбаздарға
бір-бірінен жұққан. Ал сарбаздар болса
тау ға шықпағанын айтады. Керісінше, кө-
ше дегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
еткен болып шықты. Тамыз айынан бері
қа
лалық жұқпалы дерт ауруханасына
түскен сарбаздардың саны 30 науқасқа
жетіпті. Олардың сегізіне тиісті көмек көр-
се тіліп, ауруханадан шығарылған. Қалай
болғанда да, қазір 6506 әскери бөлімінде
жаппай тексеру шаралары жүріп жатыр.
Ес теріңізге сала кетейік, бұған дейін де
әскери бөлімде 50 шақты сарбаз уланып
қалған болатын. Ол кезде мамандар ула-
ну ды көшеден болған деп қорытынды жа-
са ған еді.
Айнұр ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ,
Шымкент
6506 әскери бөлімінде қазір
карантин жарияланған. Өйткені
сарбаздардың жаппай улануы
мұнда екінші рет тіркеліп отыр.
Бұл жолы 36 сарбаз бірден іші
ауырып, лазеретке түскен.
Бөлімдегі дәрігерлердің
айтуынша, ауру жұқтырғандар
«Қаратау» оқу-жаттығу
орталығына барып, жабайы
жеміс-жидек жеген. Бұлақ
көздерінен су ішіп, тазалық
сақтамаған көрінеді.
Әскери бөлімде
сарбаздар тағы
жаппай уланып
қалды
e-mail: info@alashainasy.kz
Химикаттармен уланған адамға қандай алғашқы
жәрдем көрсету керек?
Хлор немесе аммиак иісінен уланып қалған адамдарға қалай алғашқы
медициналық жәрдем көрсеткен дұрыс? Нені білу қажет?
Болат СЕГІЗБАЕВ, Алматы қаласы
Құтқару қызметі мамандарының ке-
ңесінше, хлормен уланған адамға кө-
мектесу үшін мына жайттарды орындау
керек:
– таза ауаға шығару;
– мүсәтір спиртін иіскету;
– тыныс алмай жатқан адамға ауызбен
жасанды дем беру;
– жүрек тұсына массаж жасау;
– көз тұсын сумен шаю;
– дененің қалған бөліктерін 2%-дық
тұз ерітіндісімен ысу;
– сүт ішкізу.
Аммиакпен уланған адамға ар нал ған
алғашқы медициналық көмек мы на дай:
– таза ауаға шығару;
– көз, мұрын айналасын дым қыл-
дау;
– көмейде спазма байқалған жағ дай-
да ыстық компресс жасау.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
ДОДА
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Гран-при жеңімпазы – АҚШ арулары
Негізі, финалдық кезеңге сегіз құрама жолдама
алған. «А» тобында Сербия, Ресей, Тайланд және
Қы тай құрамалары ойнаса, «В» тобында Бразилия,
АҚШ, Жапония және Италия құрамалары өнер
көр сетті. Бірінші топта барлық ойында жеңіске жет-
кен серб қыздары тоғыз ұпаймен жартылай фи-
нал ға жолдама алса, жартылай финалдың екінші
жол дамасын ресейліктер иеленді. Екінші топта жүз
пайыздық көрсеткішке Бразилия қыздары қол
жеткізді. Екінші орын тек Бразилиядан ғана ұтылған
АҚШ қыздарына бұйырды. Жартылай финалда
АҚШ құрамасы Сербияны, Бразилия қыздары ре-
сей ліктерді 3:0 есептерімен жеңді. Сөйтіп, үшінші
орын үшін болған кездесуде сербтер екінші рет
Ресей құрамасын жеңіп, қола медальға қол жет-
кізсе, топтық кездесудегі жеңілісі үшін қарымта
қай тарған АҚШ Бразилияны 3:0 есебімен жеңіп,
бас жүлдеге қол жеткізді. Ал Қазақстан құрамасы
биыл ғы Гран-приде тек Перуді ғана артқа тастап,
он бесінші орыннан көрінді.
Волейбол спортына Алматыда өткен әлемдік Гран-при турнирінің екінші кезеңінен бастап
қызығамын. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Бразилия құрамасы керемет өнер
көрсетіп еді. Сол құрама әлем чемпионы атанар деп ойлағам. Бұл қыздар мақсаттарына
жете алды ма?
Қайрат КҮНҒАБЫЛОВ, Тараз қаласы
Немістер «Еуро–2012»
додасы сыйақысын бөлісуге кірісті
Екеуі де береді. Негізі, УЕФА Еуропа
чем пионатының ұйымдастырушысы ре-
тінде финалға шыққан 16 елдің ұлттық
құрамасының әрқайсысына 8 миллион
евродан береді. Бірақ бұл қаражат қазір
емес, артынан беріледі. Ал неміс фут-
бол шыларының қазір бөлісіп жатқан
сый ақысы – Германия футбол одағы
(DFB) беретін 4 миллион евро. Германия
құ рамасы Еуропа чемпионатының ақ-
тық додасына бәрінен бұрын шыққан
соң DFB өз футболшыларының ең бек-
те рін осылай бағалауды жөн көріпті. Ал
сыйақы көлемі кімнің қанша ой на ған-
ды ғына байланысты болатын көрінеді.
Мәселен, іріктеу ойындарының бәрінде
Футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық додасына
шыққан Германия құрамасына сыйақы беріліпті. Сонда сыйақыны
беретін кім? Германияның өзі ме, әлде УЕФА ма?
Жасұлан АХУДЕНҰЛЫ, Атырау қаласы
ойнаған жеті футболшы 180 мың ев-
ро дан алатын секілді. Олар – Томас
Мюл
лер, Филипп Лам, Мануэль
Нойер, То мас Кроос, Хольгер Бад-
штубер (бәрі де – «Бавария»), Месут
Озил («Реал» Мад рид) және Лукаш
Подольски («Кельн»). Ын та ландыру
сыйақысы осылай әр фут бол шының
өткізген ойындарына қарай бөлінбек.
Тіпті жасыл алаңға ойын ая ғын да
шығып, бір минут ойнаған фут бол-
шыларға да «тиын-тебен» бе
ріл-
мек.
ДЗЮДО
Ж
АҒА
Ж
АЙ ВО
ЛЕЙБО
ЛЫ
БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ
Соңғы екі жылдан бері
Шығыста облыс басшысы
Бердібек Сапарбаевтың
бастамасымен «Туған жерге –
тағзым» атты тамаша акция
қолға алынып келеді. Акция
аясында талай шаруа
атқарылды, талай ғимарат ел
игілігіне берілді.
Аягөзде бокс
кешені ашылды
Жақында осынау акция һәм «Тәуел сіз-
дік тің 20 жылдығына – 20 жарқын іс» бағ-
дар ламасы шеңберінде Аягөзде су жаңа
бокс кешені есігін айқара ашты.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына
облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, Пар-
ла мент мәжілісінің депутаты Сатыбалды
Иб рагимов, даңқты палуан Дәулет Тұр лы-
ха нов, әйгілі боксшы, олимпиада чем пио-
ны Ермахан Ыбырайымов арнайы қа тыс-
ты.
Айта кетейік, құны 80 миллион тең ге-
ден асып жығылатын бұл спорт кешенін
са луды, жабдықтауды осы ауданның ту ма-
сы, мемлекет қайраткері, Тәуелсіз Қазақ-
стан ның тұңғыш сыртқы істер министрі,
хал
қымыздан шыққан алғашқы кәсіби
дипломаттардың бірі Төлеутай Сүлейменов
пен ұлы Диас өз мойындарына алған көрі-
не ді.
Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан
облысының әкімі:
– Төлеутай Ысқақұлының жер лес-
те ріне осындай тамаша спорт кешенін
сыйға тартуы, ұрпақтарын ата-ба ба ла-
ры ның жеріне тәу еткізуі – үлкен кө ре-
ген ділік. Аягөз жері – бұрын да талай-
талай спортшыларымен даңқы шыққан
өңір. Барлық жағдай жасалған осынау
та маша спорт кешені орталарыңызда
тұр ған Дәулет пен Ермахан сияқты хал-
қы
мызды әлемге әйгілеген даңқты
спорт шылардың тәрбиеленетін орны
бол сын! Осындай жарқын істер жалғаса
бер сін!
Азамат ҚАСЫМ,
Өскемен
Бұл сында Лондон Олимпиадасының
ұпайлары сарапқа салынады. Сондықтан
ұлт тық құрама мүшелерінің барлығы бел-
де сіп, бақтарын сынамақ. Бұл туралы елі-
міз дің ұлттық құрамасының бас бапкері
Асхат Жіткеев мәлімдеді. Ал ұлттық фе де-
ра цияның таратқан мәліметтеріне сүйен-
сек, биылғы турнирге Халықаралық дзюдо
федерациясының президенті Мариош
Физер және Азия дзюдо одағының бас шы-
сы әл-Анзи сынды лауазымды тұлғалар
ке летін көрінеді. Өйткені келер жылдың
басында бідің ел тұңғыш рет «Word
Masteres» халықаралық турнирін өткізеді.
Бұл сында тек Халықаралық дзюдо фе де-
ра
циясының рейтингіндегі ең үздік 16
балуан ғана белдесе алады. Жүлде қоры
– 200 мың АҚШ доллары.
Ал енді Алматыдағы қыркүйек тур ни-
рі не келер болсақ, әлем кубогының ке зең-
дік белдесулеріне алыс-жақын ше тел дер-
ден, барлығы 20-дан астам мемлекеттің
дзюдошылары қатысуға ниет білдіріпті.
Бірінші орын алған балуанға 250 ұпай бе-
ріледі. Сол себепті Париждегі Әлем чем-
пио натында бақтары жанбаған балуандар
Ал
маты татамиінде барын салулары
керек.
Әлем кубогының дәл осындай кезеңдік
белдесулері Алматыға дейін Ұлан-Батыр
мен Ташкентте өтеді: Моңғолияда 10-11
қыр күйекте, ал Өзбекстанда 17-18 қыр-
күйек аралығында. Моңғолияға жол қа-
тынасы қиын болғандықтан, Ұлан-Батырға
біздің бапкерлер қосалқы құрамдағы 10
дзюдошыны жіберіпті. Ал Ташкентте 26
балуанға үміт артамыз. Тағы бір айта
кетерлігі, былтыр Ташкентте тек әйелдер,
ал Алматыда ерлер ғана белдескен. Биыл
екеуінде де әйелдер мен еркектер бақ
сынайды.
Телжан КҮДЕРОВ
«Үйеңкі жапырақтылар» еліндегі бү кіл-
әлем дік біріншілікте Қазақстанның на мы-
сын жеткіншектердің ішінен Марина Пи-
ли пенко мен Бахтыгүл Самаликова жұ бы-
ның көрсеткіштері жоғары болды. Рустам
Бектеміровтің шәкірттері 9-орынға ие
болып, тәп-тәуір ойын үлгісін көрсете білді.
Олар електік сынның екі айналымынан да
сүрінбей өтіп, «D» тобында бақ сынау құ-
қығына қол жеткізді. Мұнда екі ойында
же ңіске жетіп, тек біреуінде ғана жеңілістің
кер мек дәмін татып, екінші орынға ие бол-
ды. Нақтырақ айтар болсақ, топтық ойын-
дар да қазақстандықтар Нидерланды қыз-
да рына есе жіберіп, Италия және Канада
аруларын ұтты. Осылай плей-офф жүйе сі-
мен өткен әлем чемпионатының келесі ке-
зе ңіне шығып, онда Швейцария қыздарына
тап болды. Бұл жұптың деңгейі аса жоғары
екен, біздің қыздардан екі сетте басым
түсті. Сөйтіп, Марина Пилипенко мен Бах-
ты
гүл Самаликова әлем чемпионатын
9-орынмен аяқтаса, әлгі Швейцария қыз-
дары чемпион атанып тынды.
Екінші жұбымыз, яғни Любовь Богату
мен Оксана Пилипенко електік сында нор-
вег қыздарынан ұтылып, әлем чем пио на-
тынан тым ерте шығып қалды. Ресми түрде
бұл доданы 29-орынмен аяқтады.
Әлихан ЖАППАР
ВЕЛОСПОРТ
«Вуэльтада» да ауызды қу шөппен сүртеміз бе?
Негізі, 1935 жылдан бері өткізіліп келе
жат қан деңгейі өте жоғары велобәйге «Ас-
тана клубы үшін тәп-тәуір басталған.
Қазақ стан клубы командалық жеке жа рыс-
та төртінші орынға ие болып, жанкүйерлерін
риза қылған. Содан соң Фредрик Кесья-
кофф деген швециялық дүлдүліміз жалпы
есепте алдыңғы лекте ойқастап, көмескі
үмітімізді үрлей түсті. «Үмітімізді көмескі
тартты» дейтін себебіміз, осы көпкүндік
бас талмай жатып, «не топ жарамын, не
алғашқы бестікке ілігемін» деген Андрей
Кашечкин алғашқы кезеңдік жарыстарда-
ақ көш соңында қалып, жалпы есепте же-
ңіс ке жетпек тұрмақ, алғашқы ондыққа
ілігу мүмкіндігінен жұрдай болған. Әр ке-
зең дік жарыс сайын төмен сырғып, көш-
бас шылармен арадағы уақыт айырмасы
алшақтай түскен-ді. Ал Кашечкин «Аста на-
ның» осы көпкүндікте «жеңіске жетеді» деп
кәміл сенген саңлағы еді. Яғни ко ман да-
да ғы барлық жігіттер соған жұмыс жасауы
тиіс капитан болып бекітілген-ді. Алайда
Андрей сенім үдесінен шыға алмады. Біраз
уақыт осындай аламан додаларға қатыса
алмай, өзі жеке жаттыққан еді. Оның үсті-
не, бірер жылын допинг дауына бай ла-
ныс ты сарқ еткенін білесіздер. Міне, осы-
ның бәрі әсер етпей қоймады. Кашечкин
өзін қаншалықты спорттық бабында жүр-
ген дей сезінгенімен, іс жүзінде бәрі ой да-
ғы
дай болмады. Себебі жер тарпыған
басқа велошабандоздардың да «Вуэльтаға»
серуендеу үшін келместері анық. Велосипед
ершігінен түспей, үздіксіз дайындалып
жүр ген сыралғы дүлдүлдер жеңісті шаппай
бере қойсын ба?!
Абырой болғанда, Фредрик Кесьякофф
15-кезеңдік жарысқа дейін көшбасшылар
қа тарынан түспей, көсіле шапты. Тіпті 12-
ке
зең
дік жарыстан соң, жалпы есепте
3-орынға көтеріліп, мерейімізді тасытты.
Одан кейінгі екі кезеңдік жарыстан соң
6-орынға ығысты. Осылай Кесьякофф
биылға дейінгі аламан додалардың көрігін
қыздырып, көбінесе жеңіске жетіп жүретін
«Астана» клубының абыройына дақ тү сір-
мей, біраз шапты. Команда мүшелері оған
тайлы-таяғына дейін қызмет етіп, Кесья-
коф фтың өзі «командалас серіктерім өте
жақсы көмектесуде, күн ыстық, су тез жы-
лып кетеді, осындайда олар 15-20 минут
сайын кезектесіп, суық су тасып, алаңсыз
жүйт ки беруіме жағдай жасап жүр» деп
ағынан жарылған. Бірақ ол да көш бас шы-
лар арасында ұзақ тұрақтай алмады. Өкі-
ніш ке қарай, көмбесі 1557 метрлік биік
тау ға тігілген 15 кезеңдік жарыста швед
дүл дүлі алға ентелеген әккі вело ша бан доз-
дар ға ілесе алмай, шаң қапты. Осы кезең-
дік бәйгеде мәре сызығын бірінші болып
қиған испан саңлағы Хуан Хосе Кободан
бақандай 22,45 минут қалып қойып, көм-
бе ге 140-шы болып жетті. Бұл тұщымсыз
нә тиже Фредрикті жалпы есепте 6-орыннан
26-орынға бір-ақ сырғытты...
Осы кезеңдік бәйгеден соң шетелдік
ма мандар «Кесьякоффтың әлеуеті бір ап-
та лық көпкүндік болмаса, үш апталық көп-
күндікте жүлдеге ілігуге жетпейді екен»
десті. Бірақ 15-кезеңдік жарыстан соң «Ас-
тана» клубының менеджері Джузеппе
Мар тинелли соңғы екі күнде Фредриктің
іш құрлысы ауырып, оның арты гаст ро эн-
тер итке ұласқандығын мәлімдеді. Ыстығы
39 градусқа дейін көтеріліпті. Мұнымен
қоймай, Джузеппе Мартинелли өзегін
өртеген сөздерін айтып, еңсемізді түсірді:
– Кесьякофф ыстығы көтеріліп ауыр са
да, ол осы кезеңнің соңына дейін шыдап,
қай сарлық танытты. Бірақ біз оның көмбеге
жет кендегі хал-жағдайын көріп, биылғы
«Вуэльтадағы» тарихымыздың осы жерде
та мам болғанын түсіндік.
Иә, сонымен «Астананың» Испания ту-
рын дағы көмескі үміті осымен сөніп, өш-
кен дей. Енді «Астана» жоғары жетістіктерге
қол жеткізе алмас. Оған көз жеткізу үшін
15-кезеңдік жарыстардан кейінгі жалпы
есеп ке үңілейік (16 кезеңдік жарыс кеше
га зетіміздің осы саны баспаға жеткізілгенде
аяқталды):
1. Хуан Хосе Кобо (Испания, «Geox-
TMC») – 59:57:16
2. Кристофер Фрум (Ұлыбритания,
«Sky») – 0,20
3. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания,
«Sky») – 0,46
...23. Роберт Кисерловски (Хорватия,
«Астана») – 15,05
26. Фредрик Кесьякофф (Швеция,
«Астана») – 22,33
60. Андрей Мизуров (Қазақстан,
«Астана») – 1:34:36
63. Хосеп Хуфре (Испания, «Астана»)
– 1:35:59
67. Танел Кангерт (Эстония, «Астана»)
– 1:42:56
69. Евгений Петров (Ресей, «Астана»)
– 1:46:15
88. Энрико Гаспаротто (Италия,
«Астана») – 2:04:14
107. Александр Дьяченко (Қазақстан,
«Астана») – 2:27:37
121. Андрей Кашечкин (Қазақстан,
«Астана») – 2:38:31.
Бұған қазір «Вуэльтада» 178 вело ша-
бан доз қалғандығын ескерте кеткіміз ке-
леді. Ал командалық жалпы есепте «Ас та-
на» әзірше 8-орында (барлығы 22 ко ман-
да).
Міне, қазіргі жалпы жағдай осындай.
Биыл «Вуэльта» көпкүндігінде де «Тур де
Франс» велобәйгесіндегідей ауызды қу
шөп пен сүртіп, ешқандай жетістікке қол
жет кізе алмауымыз кәдік. Енді, не болса
да, артын тосайық...
ШАЙБ
А
ЛЫ ХОККЕЙ
«Барыс» чемпион болуды көксейді
Алдағы сенбіде «Барыс» Ново-
си бирс кінің «Сибирь» клубын қа-
был дайды. Қазір елорда клубының
барлық хоккейшілері – Астанада.
Жақында олар Екатеринбургте өт кен «Тас
гүлі» турниріне қатысып, үшінші орын алып
келді. Өткен жексенбіден бері Астанада
бірнеше спорттық-мәдени ша ра лар мен
акцияларға қатысып, жан күйер лерімен
кездесті. Әрі қазақстандық жан күйер лер-
мен толық құрамда емен-жарқын сөйлесіп,
еліміздің бірнеше өңірінен келген фанат-
тарының сұрақтарына жауап берді. Алдағы
жоспарларымен бөлісті.
Жанкүйерлердің «Барыс» клубы мен
жан күйерлеріне қойған қызықты сұрақ та-
рының бірі «Қашан чемпион боласыздар?»
болды. Бұл сұраққа чех шабуылшысы Ирж
Новотны «биыл» деп, сенімді түрде жауап
беріпті. Ал команданың басшысы Нұрлан
Ораз баев: «Биыл Шығыс конфе рен ция-
сында финалға шығуды мақсат тұтып
отыр мыз», – деп нақты мұраттарын тілге
тиек етіпті.
Жалпы, биыл «Барыс» клубына жан-
жақты жағдай жасалды. Астананың ірге-
сін дегі ауылдың бірінде жаңа база са лын-
ды. Клубтың баспасөз хатшылары таратқан
ақпараттарға сүйенсек, аталмыш спорттық
кешен қазіргі заман талабына сай салынып,
онда барлық жағдай қарастырылған. Сон-
дай-ақ «Барыс» биыл құрамын да күшейтті.
Бірен-саран ойыншылар кетіп, олардың
орындарына Юнас Юнланд (Швеция),
Камил Крепс (Чехия), Джош Грэттон,
Найд жел Доуз, Дастин Бойд (үшеуі де –
Канада), Эндрю Хатчинсон (АҚШ) сынды
деңгейі жоғары хоккейшілер алынды.
Мысалы, Эндрю Хатчинсон Солтүстік Аме-
ри кадағы Ұлттық хоккей лигасында ерен
же тістікке қол жеткізіп, 2006 жылы «Ка ро-
лина Харрикейнз» клубының сапында
Стэнли кубогының жеңімпазы атанған. Ал
Дастин Бойд пен Найджел Доуз – 2005
және 2006 жылдары жастар арасында
әлем чемпионы болған Канада қырандары.
Джош Грэттонды – өздеріңіз де білетін
боларсыздар, жүрегінің түгі бар төбелескіш
жігіт, «шаш ал десе, бас алатын» тафгай.
Бұларға Кевин Даллмэн, Джеффри Гласс
(екеуі де – Канада) Лукаш Кашпар, Иржи
Но вотны (екеуі де – Чехия), Брэндон Бо-
ченс
ки (Америка) секілді Астана жан-
күйер
лерінің сүйікті ойыншыларына
арнал ған бұрынғы легионерлерді қосы-
ңыз. Сонда команданың жартысына жуығы
– легионерлер. Үш жыл жолымызға жуа
болып біткен «Ак-Барстан» енді аса алмаса,
онда бас бапкер Андрей Хомутовқа өкпе-
назымызды жаудыртуға болады. Ал «Ак-
Барстың» бас бапкері Зинетула Биля лет ди-
нов Ресей құрамасының тізгінін қолына
алып, Татарстан клубына кетіп қалған. Яғ-
ни, Хомутовтың жағдайы биыл екі есе же-
ңіл деді деуге болады.
Айтпақшы, Канада қорғаушысы, «Ба-
рыс тың» капитаны Кевин Даллмэн біздің
елдің намысын қорғай алмайтын болыпты.
Ол екінші азаматтық алып (Канадада осы-
лай істеуге болады екен), Қазақстан құ ра-
ма
сының сапында ойнағысы келеді-ақ
екен. Оған бізде екі азаматтық деген аты-
мен жоқ. Даллмэн біздің елдің намысын
қор ғау үшін Канада азаматтығынан бас
тар туы керек. Ал Даллмэн өз елінің аза-
маттығынан түпкілікті бас тартқысы кел-
мейтіндей. Десек те, Даллмэн өзінің бес
жастағы ұлын жаңадан ашылған «Барыс»
ба лалар мен жасөспірімдер хоккейі мек-
тебіне берді. Эндрю Хатчинсон да бес жа-
сар ұлын осы мектепке жетектеп әкеліпті.
Ноа мен Коул қазақ-орыс балаларының
ара
сында шайбалы хоккей әліппесін
үйренуде.
«Барыс» клубының хоккейшілері өз
ын таларымен бір бастама көтеріп, кеше
елордадағы психоневрологиялық балалар
үйіне барды. Аталмыш медициналық-
әлеу меттік мекемеде қайырымдылық
акция сы өтіп, хоккейшілер балаларға сый-
лық тарын беріп, олармен әртүрлі ойындар
ойнады.
«Барыс» клубы жаңа маусымға дейін
осын
дай игілікті істермен айналысып,
Сары арқаның төсінде «Сибирьді» тосып
жатыр.
Айқын ЖАППАР
Бүгін шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасының
жаңа маусымы тұсауын кеседі. 2011/2012 жылдар маусымы
Уфада «Салават Юлаев» және «Атлант» клубтары арасындағы
ойынмен басталады. Ал «Барыс» алғашқы ойынын
10 қыркүйекте Астанада өткізеді.
КҮРЕС
Еліміздің грек-рим күресінің
балуандары Астанада алдағы
Әлем чемпионатына дайын да-
лып, әзірліктерін пысықтауда.
Қыркүйектің 24-25 күндері
Алматыда дзюдодан әлем
кубогының кезекті кезеңдік
белдесулері өтеді.
Канаданың Галифакс деген
қаласында жағажай
волейболынан жасөспірімдер
арасындағы әлем чемпионаты
аяқталды.
«Классиктерге»
алтын алу
жүктелді
Енді ұпай
жинауға
тырысамыз
Бойжеткендеріміз –
әлемде
тоғызыншы
Биылғы жылғы дүниежүзілік балуандар
біріншілігі қыркүйектің 12-сінде Стамбулда
жалауын көтереді. Алдымен грек-рим кү-
ре сінің шеберлері, одан соң әйелдер кү-
ре сінен әлем чемпиондары анықталса,
биыл ғы Әлем чемпионатын еркін күрес
ба луан дары тамамдайды. Арнайы барып
жо лық қанымызда, грек-рим күресінен
ұлттық құрамамыздың бас бапкері
Мұратбек Қасымханов:
– Кейбір салмақ дәрежесінде Әлем
чем пионатына «кімді апарамыз» деп көп
ойландық. Өйткені құрама сапында бәсе-
ке лестік өте күшті. Деңгейлері шамалас
бір неше балуан бар. Сол себептен біз ба-
луандарды бір-бірімен белдестіріп көріп,
соның қорытындысы бойынша құрама
жасақтадық. Негізінен, ұлттық құраманың
басым көпшілігі – өткен жылы Мәскеудегі
Әлем чемпионатында бақ сынаған ба-
луан дар. Тек 84 келі салмақтағы Мақсат
Ере же пов қана жас буын өкілдері қата ры-
нан. Басты үміт артатын балуандарымыз,
ол – әрине, Алмат Кебіспаев, Әсет Мәм бе-
тов жә не Нұрмахан Тінәлиев. Былтыр ко-
ман да лық есепте қол жеткізген екі қола
ме даль дың арқасында жалпы есепте
5-орын ға ие болғанбыз. Биыл алға қойы-
лып отырған мақсат – бұдан да жоғары.
Бізге алтын ме даль алу жүктеліп отыр. Со-
ны мен қатар, қол дан келгенше, Олим пиа-
да лицензиясын көбірек алуымыз керек.
Сонда биылдан бастап Олимпиада ойын-
дарына алаңсыз жат тыға беретін боламыз.
Өздеріңіз біле сіз дер, Стам булдағы Әлем
чем
пионатында 1-6 орын аралығында
Лон дон Олим пиа дасының жолдамалары
беріледі. Сол се беп тен әрбір белдесу өте
тар тысты бо ла тыны сөзсіз. Басты қарсы-
лас тарымыз Иран, Куба және Ресей ел-
дерінің ба луан да ры, сондай-ақ Азия
елдерінің білектілері болуы керек, – деді.
Балуандар 10 қыркүйек күні Астанадан
Стам булға ұшады. Енді бір ескерерлігі,
келер жылы біздің елімізде Азия аймағы
бойынша лицензиялық халықаралық тур-
нир өтеді. Әлем чемпионатында қол жет-
кі
зе алмаған лицензияларымызды осы
тур нирде толықтыруымыз керек.
Телжан КҮДЕРОВ
Нұрғазы САСАЕВ
Велоспорттан Испания
турының, яғни әйгілі
«Вуэльта» көпкүндігінің
көмбесі көріне бастады.
Алда бес кезеңдік жарыс
бар, ал «Астана» клубы
велошабандоздарының
ең үздіктері жалпы есепте
– тек үшінші ондықта.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
8
e-mail: info@alashainasy.kz
ДУМАН
№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
8
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
e-mail: info@alashainasy.kz
К
е
зекшi ред
ак
тор – Алма
т ИСӘДІЛ
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Мақсат ӘДIЛХАН
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Айдын ҚАБ
А – ж
а
уапты х
а
тшы
Талға
т КIРШIБ
А
ЕВ –
ж
а
уапты х
а
тшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
тор
Күләш НАҚЫПОВ
А
–
аға к
оррек
тор, т
е
л.:
388-80-76
Газе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
а
т
минис
трлiгiнде тiрк
е
лiп, бұқар
алық ақпар
а
т құр
алын есепк
е қою
тур
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Р
ед
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
а
уап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
ег
ль) ас
а
тын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
ас
у үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
а
ты
алынып, г
азе
тк
е сiлт
еме ж
ас
алуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк
иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №1016
А
ст
ана қаласы «А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №1839
Шымк
ент қаласы «Оңтүс
тiк по
лигр
афия» б
аспалар үйi» ЖШС
Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Т
ел.:
8
(7252) 30-03-30, 30-03-31
Тапсырыс – №9114
Бағасы к
е
лiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Газе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
ла
ш а
й
на
сы
» г
аз
ет
iн
е ж
аз
ы
лу
и
нд
екс
i: 6
42
59
Ре
д
ак
цияның
м
ек
ен
ж
айы
:
А
лм
ат
ы
қ
ал
ас
ы
,05
0
05
1,
Б
ег
ал
и
н кө
ш
ес
і, 1
4
8/
1 А
e-
m
ail
: inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
Аймақтағы тiлшiлер:
А
тыр
ау – Бақытгүл Б
АБ
АШ, т
ел.: 87015533653
Қар
ағанды – Серiк САҒЫНТ
АЙ, т
ел.: 8777 3909779
Ж
амбыл – Гүлж
ан КӨШЕРОВ
А, т
ел.: 8701 7711648
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 705 4418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т, т
ел.: 8777 7054466
Өск
емен – А
зама
т ҚА
СЫМ, т
ел.: 8777 3554114
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
е
л.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
е
л.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
е
л.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т, т
е
л.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
е
л.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
е
л.:
388-80-68
Дарх
ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
е
л.:
388-80-62
БҮГІН:
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
ҚЫРКҮЙЕК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Шығуы
Ұзақтығы
Батуы
06:22
12.56
19:18
Тар
ат
у қызме
тi
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00
8 (727) 380-41-78
e-
m
ail
:
alikulova.a@orangepoint.kz
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 215
Те
л.
: 8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
Аста
н
а б
ю
р
осының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
А
рман А
СҚАРОВ – тілші
Қыркүйектің 7-сі
Алаштың атаулы күні
• 170 жыл бұрын (1841 жылы) үш жүз өкілдерінің мақұлдауымен
Кенесары хан сайланды.
• 170 жыл бұрын (1841-1918) халық композиторы, әнші-ақын,
күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы дүниеге
келді.
• Соғыс ойыншықтарын жою күні.
Туған күн иелері
Серік Бүркітбаев (1957) – физика-математика ғылымының
докторы;
Дастан Елеукенов (1957) – физика-математика ғылымының
докторы;
Гүлмайдан Сүндетова (1958) – дәстүрлі әнші, Н.Жантөрин
атындагы Атырау облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет
қайраткері;
Бейбіт Ыбраев
(1961) – Қарағанды облыстық сот әкімшісі;
Клара Маутенбаева (1963) – ҚР Парламент Сенаты аппараты
сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Қайрат Сабыр (1966) – Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау
департаментінің директоры, медицина ғылымының докторы;
Ербол Өмірәлиев (1974) – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ
басқарма төрағасының орынбасары;
Әшір Айтқалиев (1979) – ҚР Мәдениет министрлігі Қаржы және
ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘШІР – арабтың «ғашур» сөзінен шыққан діни есім. «Ғашур» сөзі «он» деген
мағына береді. Арабтар мұхаррам айының (Хижра күн тізбесінде жылдың
бірінші айы Мұхаррам айы) оныншы күнін мереке ретінде атап өтеді. Мұхаррам
айының оныншы күнінде туылған балаға осы ныспыны «әрдайым қатарының
алды, ел бастаған серке болсын» деген ырыммен қояды. Ел ішінде сирек
кездесетін есім.
Алматтың әзілдері
Сәтбаев көшесі
Абай даңғылы
Құрманғазы көшесі
Қабанбай батыр көшесі
Достық даңғылы
Луганский көшесі
Бегалин көшесі
Бегалин көшесі
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259
Редакцияның мекенжайы:
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А
Телефон: 8(727)388-80-60,
Факс: 8(727)388-80-61
e-mail: info@alashainasy.kz
Республика
сарайы
Коккинаки көшесі
Байтасов көшесі
«АЛАШ АЙНАСЫ»
Бегалин
көшесі, 148/ 1а
Ертегіден үзінді:
«Шамасы, қызыңқырап қалсам керек», – депті
тойдан кейін үйіне оралған Күлбикеш салат салатын
хрусталь ыдысты аяғынан шешіп тұрып...
* * *
– Dо уоu sреаk Еnglish?
– Түсінбедім.
– Ағылшынша білесің бе дегенім ғой?
– Е, білеміз ғой ептеп...
* * *
Жаңалықтардан:
Көлік жөндеумен айналысатын астаналық ма ман-
дар қала әкіміне наразылық хатын жолдады. Онда
олар «қа ла дағы жолдардың тақтайдай тегіс болуының
сал дарынан бізге көліктерін жөндетуге келетіндер
саны күрт азайтып кетті» деген өкпе-реніштерін біл-
дірген.
* * *
Құрбылар әңгімелесіп тұр:
– Мына бешпетің керемет қой!
– Түйенің жүнінен тоқылған, ағзаға пайдалы әрі
төзімді.
– Сонда сен де 45 күн су ішпей жүре аласың ба?
СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?
Еуропалықтардың 38%-
ының жүйкесі ауырады
Еуропа халқының үштен бірінен астамы психикалық ауытқумен
ауырады. Миды зерттеу жөніндегі Еуропалық кеңес (EBC) пен Еуропа
нейропсихофармакология колледжінің (ECNP) үшжылдық зерттеуінің
нәтижесі осыны көрсетті.
«Компьюлента» порталының ха-
бар лауынша, тұрғындар психи ка сына
қа тыс ты зерттеу кәрі құрлықтың 30
мем ле ке тін қамтыды. Ғылыми талдау
нә ти же сінде, жыл сайын бұл елдердің
435 млн халқының 165 млн-ы, яғни
38%-ының психикалық ауытқулармен
не ме се нев ро логиялық дімкәстікпен
ауы ра тыны анық талды. Еуропалықтар
ара сын да күй зеліс, мазасыздық, ұй-
қы сыз дық сияқ ты кеселдер кең та ра-
ған. Ма ман дар дың айтуынша, тұр-
ғын дар дың дені бұл ауруларға жіті
мән бер мейді, сөйтіп, ерте кезеңінде
ем
дел
меген ауру асқынып, арты
жазылмас дерт ке ұласып жатады.
Жалқаулықтың генетикалық
құпиясы ашылды
Адамның жалқаулығы оның ақуыз синтезіне жауапты
гендерінің тапшылығынан болады екен. Канаданың Мак-Мас-
тер университетінің Грегори Стэйнберг бастаған ғалымдары
кемір гіштерге жүргізілген зерттеу барысында осыны анықтады.
Генетиктер адамның еңбекке
қабілетінің белсенділігіне АМФК
ферменті жауапты деп тапты. Өйт-
кені бұл зат жасушалар қуат шы-
ғын даған сайын ағзаның энергия
үнем деуін қамтамасыз етіп оты-
рады. Тышқандарға жүргізілген
сы нақ барысында бұл айқын аң-
ға рылды. Сынақ үшін АМФК фер-
мен тін бөлуге жауапты екі генінен
айы рылған кеміргіштер қатыс ты-
рыл ған болатын. Олардың бұл-
шық ет ұлпасындағы мито хон дри-
я лардың саны аз бол ған дықтан,
ұлпаның глюкозаға қанығуы да
тежелген. Сол себепті сау тыш-
қандар әдетте бір демде бірнеше
ша қырымды жүріп тастайтын
болса, бұл жануарлар бөлменің
бұрыш-бұрышына жетудің өзіне
жалқаулық танытқан.
ЖҰЛДЫЗ
-
ЖОРАМАЛ
ТОҚТЫ
Бұл күні кереметтей өз ге-
рiс тер болмайды. Қоғамдық
іс-шараларда өзiңiздi жақсы
жа ғыңыздан көрсетiп, тала бы-
ңыз ды бiлдiруiңiзге болады. Әр-
кiм өз қамын ойлайтындықтан,
кей бiр түсiнiспеушiлiкке ба сы-
ңызды қатырмаңыз.
ТОРПАҚ
Көптен басыңызды ауыр-
тып жүрген жұмбақ сұ рақ тар-
дың жауабы табылады. Сон-
дай-ақ осы мәселе шешiмi сiзге
пайдалы болуы мүмкiн. Бастаған
iсiңiздi аяқтауға тырысқаныңыз
дұрыс. Егер еш пайдасы бол ма-
са, тастағаныңыз жөн.
ЕГІЗДЕР
Көп жағдайда асықпай
ой
ланып барып, шешiмге
кел генiңiз жөн. Өмiр деген
ке дергiсiз болмайтынын ес-
ке рiп, қызмет пен жеке ба сы-
ңыз
дың шаруаларын ара
лас-
тыр маңыз. Себебi әрiптестерiңiз
бен туыстарыңызға ұнамауы
мүм кiн.
ШАЯН
Кейбiр мәселелердiң ше-
шi мiн осы күні табуға ты ры-
сыңыз. Бiраз жүйкеңiздi тоз-
ды руға тура келеді. Алайда он-
сыз болмайтынын ұмытпаңыз.
Ең күрделi мәселелер дұрыс ше-
шi мiн тапса, кешке өзіңізді кө-
ңіл ді және жеңiл сезінесiз.
АРЫСТАН
Бұл күні сiзге дұрыс таңдау
жасау қажет болады. Ескi мен
жаңа, жақсы мен жаманның
айыр масын бiлмей жатып, асы-
ғыс тық жасамаңыз. Егер қазiр
бір қателессеңiз, өкiнуiңiз мүм-
кiн. Дұрыс болса, сізде құлшыныс
пай да болады.
БИКЕШ
Осы күн сізді мол мүм кін-
дік терімен қуантады. Бо ла-
ша ғы бар жобаны қолға ал-
ған жөн. Мақсатыңызды анықтап
алып, қандай бағытта алға жыл-
жы ғыңыз келетінін шешу. Кәсіби
әрі жеке қызығушылығыңызды
ұш тастырған дұрыс.
ТАРАЗЫ
Келеңсiз оқиғалар орын
алуы мүмкiн. Ойыңызды
ашық айтып әуреленбей-ақ
қойыңыз. Егер ренiш өршiмесiн
десеңiз, үндемей құтылғаныңыз
жөн. Кейбiр әрiптестерiңiз дұрыс
түсiнбей қалуы ықтимал. Алай-
да қатты уайымдамаңыз.
САРЫШАЯН
Бұл күні сіз көп нәрсенi
уайым дап, жүйкеңiздi тоз-
ды руыңыз мүмкiн. Көптен
бергi мәселелердi бүгін ше-
шiп тастасаңыз, еңбегiңiзде та-
быс күтiп тұр. Кино немесе теа-
тр ға барсаңыз, жақсы де ма ла-
сыз, көңiліңіздi көтеріп, сергiп
қаласыз.
МЕРГЕН
Сiздiң кейде тау қопа-
рар дай күшiңiз тасыса, кей-
де болмашыны көңi лi ңiзге
алып, ренжiп қаласыз. Бұл
өмiрдегi ұсақ-түйек нәр се лер
болғандықтан, онша көп уайым-
дай бермегенiңiз дұрыс. Сүйік-
тіңіздің демеуiмен бәрін ұмы та-
сыз.
ТАУЕШКІ
Қызметiңiздегi жетiс тiк-
тер, әрине қажет-ақ. Алайда
жеке басыңыздың қамын
ұмыт пағаныңыз жөн. Жұмыс
пен туыстарыңыздың жағдайына
алаң дай бермей, бiр уақыт өзi-
ңiзге де көңiл бөлгеніңіз дұрыс.
Ке рексiз дүниеге жоламай-ақ
қойы ңыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Көптен берi мазалап
жүр ген ойыңыздың жауабын
осы күні табасыз. Жеке өмi-
рi
ңiзде ешқандай өзгерiстер
бола қоймайды. Отба сы ңыз да-
ғы мәселелер шешiмiн тауып,
ар
қадан ауыр жүк түскендей
бо лады. Өзіңізге көңіл бөліңіз.
БАЛЫҚТАР
Бұл күні ойлаған мақ сат-
та рыңыздың барлығы орын-
далады. Қызметiңiз бен же ке
басыңыздың мәселелерi ой-
дағыдай шешiлiп, кедергiсiз жай-
дарман күй кешесiз. Дос та ры -
ңыздың арасында беделiңiз өсiп,
мерейiңiз де үстем бо ла ды.
Ауа райы
+24+25
о
+11+13
о
+15+16
о
+10+12
о
+22+24
о
+7+9
о
+23+24
о
+11+14
о
+22+23
о
+14+15
о
+27+30
о
+9+14
о
+21+23
о
+9+13
о
+26+28
о
+16+18
о
+30+33
о
+19+21
о
+33+35
о
+17+20
о
+18+20
о
+6+9
о
+21+23
о
+2+5
о
+21+24
о
+9+11
о
+34+35
О
+15+19
О
+29+32
о
+14+16
о
+22+23
о
+10+13
о
+24+26
о
+6+10
о
+28+31
О
+17+19
О
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
СКАНВОРД
Газетіміздің №156 (608) санында жарияланған сканвордтың жауабы
КӨЛДЕНЕҢІНЕН:
Парик. Үкі. Тиек. Әнбие. Іні. Арын. Өреген. Рамат. «Дәуіт». Ану. Седи. Абат. Асан. Ілу. Си. Етек. Адыр.
ТІГІНЕН:
Лайнер. Әйбат. Езу. Митинг. Істік. Кие. Ерте. Ана. Дауа. Бүкір. Маис. Нышан. Асы. Пішін. Турнир.
Кеш
Револьверді
жетілдірген
Америка
конструкторы
Альпака,
гуанако
Импорт
пен экспорт
арасындағы
айырма
Саяси
бірлестік
Халық-
тардың
шығу тегі
Хим.
элемент,
газ
Құдалар
киімі
Мәші
Жапон
театр
жанры
Күзет,
қарауыл
Тәлімгер
«Құйыршық»
мультфильм.
автор. есімі
Еуропа
ерлер
киімі
Азбанқұл
Босқа,
бекер
Кемедегі
аспаз
«Хиросима
менің махаб-
батым» к/ф
режиссері
Өсімдік
сөлі
Бұйым,
нәрсе
№3 кіші
ғаламшар
Жылым
Тоғыз
әнші
Әскери
кемедегі
жалау
Жеміс
Тігінші
«Қорлан»
ән. авторы
Қар суымен
өсетін
өсімдік
Ызбар
М.Мағауин
кітабы
Тыныс
белгі
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |