Бек МЕРГЕН
Шығыс әпсанасы бойынша жыланды
сы
бызғы, қурай тектес үрмелі аспаптың
үні мен иіріп әкетуге болады. Соған қарап,
олар дың музыкаға елитіндей есту қабілеті
нә зік деп ойлауға болады. Шындығында,
олай емес. Жыландар мүлдем естімейді.
Олар өзге тұрмақ, өзінің де дыбысын есті-
мей ді. Жылан атаулыға тән шырылдау, тіп ті
улы жыланның ысылдауы – олардың ес кер-
туі.
Дегенмен Жаратушы есту қабілетінің
жоқ тығының орнын көзінің төмен жағын-
да ғы екі терең жарғақпен толтырған. Олар
құлақтың орнын алмастырып тұрған жы-
луға, яғни инфрақызыл сәулеге өте әсер-
шіл келеді. Қоршаған ортадан бірнеше
гра дус температураға жоғары затты се зе тін
жарғақтары жүйке талшықтарымен жал-
ғасқан. Оның үстіне бұл мүшесі тек жылу
сәу лесін ғана қабылдамайды. Олардың те-
реңіректе орналасуы жылудың келіп тұрған
бағытын да айқындауға мүмкіндік береді.
Бауырмен жорғалаушылардың төресі жыланның құлағы жоқ қой. Дегенмен
олар дыбыс ести ме?
Еркін ТАСБОЛАТ, Ақтау
«... 2015 жылға қарай Ұлттық
инно ва ция лық жүйе толыққанды
жұмыс істеп, 2020 жылға қарай
елде енгізілетін тал даулар,
патенттер мен дайын тех но ло гия-
лар түрінде өз нәтижелерін беруге
тиіс. Білім беру саласында Астана
қаласында құрылып жатқан
бірегей оқу орындары – «Жаңа
халықаралық уни верситет», «Ар-
нау лы қор» және қазірдің өзінде
табысты жұ мыс істеп жатқан «Ин-
теллектуалдық мек тептер» секілді
жобалар ерекше ба сым дыққа ие
болмақ. Мен олар дың менің
есімімді алуына ке лі сі мімді бердім.
Олардың отандық білім беру
жүйесінің флагманы болып, осы
заманғы оқу бағдарламаларын
кейіннен оларды бүкіл республика
бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу
мен байқап көру жөніндегі басты
алаңға айналуы үшін қолдан
келгеннің бәрін жасау қажет».
Қазақстан Республикасының
Пре зиденті Н.Назарбаевтың
халқына Жол дауынан
(Астана қ. 29 қаңтар, 2010 жыл)
«Қазақстан» ұлттық арнасынан инновациялық
ғылыми жаңалық ойлап табушыларға байқау
жарияланатындығы туралы күнде аңдатпа берілуде.
Сыйақы да қомақты – 7 500 000 теңге. Бұл қаржы
өнертабысыңызды өндіріске енгізуге артығымен
жетеді. Ал өнер саласы байқауларының сыйы әрі
кетсе 500 мыңнан аспайды. Миымызды жұмыс істетіп,
жаңалық ойлап табуға талпынбауымыз өрге емес, көрге
сүйрейтінін сезінетін уақыт жетті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам
баласын...» демей ме хакім Абай. «Дипломмен де
жұмыс жоқ» деп құр зарламай, балаға жастайынан
мемлекеттің тетігін жамауға пайдасын тигізерліктей,
техника, нақты ғылым саласы мамандықтарын таңдауды
санасына сіңіру қажет. Ендеше, шашыраған, нақты
шешімге келмеген ойымызды, Ломоносов айтқандай,
«математика арқылы тиянақтауға» кім кедергі?
ТҮЙІН
Басы 1-бетте
ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ
Қазақ өнері күні кеше ғана өзінің таңдаулы тарландарының бірі
әрі бірегейі, Қазақстанның Халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың
лауреаты, композитор Мыңжасар Маңғытаевтан айырылды.
Қазақ әуені қаһарманымен қоштасты
Мыңжасар Маңғытаев музыкасы
баяғыда-ақ бүкілхалықтық сүйіспен-
шілікке бөленіп, әнсүйер қауымның
жүрегін жаулаған болатын. Ком по-
зи тордың «Іздедім сені», «Жас ұлан-
дар жыры», Абайдың «Не іздейсің
кө ңілім», сондай-ақ С.Сейфуллин,
Қ.Аманжолов, І.Мәмбетов, Ж.Мол-
дағалиев, Н.Шәкенов, Н.Әлімқұлов,
М.Әлімбаев өлеңдеріне жазған
әндері – бір емес, бірнеше буынның
жүрегін тербеп, ұранына айналған,
рухын көтерген шығармалар. Сол
сияқты, Мыңжасар ағаның
«Қозы мен Баян» балеті, «Арман»,
«Құлагер» симфониялық поэмалары,
«Шексіз махаббат» ораториясы,
«Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қара-
тау әуендері» сияқты хорға арналған
поэ малары – композитордың әр-
алуан жанрларда ой тербеп, жемісті
еңбек еткендігінің айқын дәлелі. Со-
нымен қатар композитор көптеген
драмалар мен спектакльдерге, кино-
фильм дерге музыка жазып, театр
мен кино саласына да сүбелі үлес
қосты. Маңғытаев шығармашы лы-
ғы ның жанрлық жан-жақтылығымен
ғана емес, ашық әуезділігімен де ай-
рық шаланатынын музыка білгірлері
сөзсіз мойындайды. Мұның сыр тын-
да композитордың ұлттық бояулы
мәнеріне вокалдық және халықтық-
аспаптық ерекшеліктерді біріктіру
тән.
Ең бастысы, Мыңжасар аға
музыка сы нан қазақтың жазира даласының
лебі есетін, қоңыр желі мен боз жусанының
исі аңқитын. Ұланғайыр даланы найзаның
ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған
қаһарман бабалардың ерлікке, өрлікке
толы өлмес рухы есетін. Өйткені өзінен
ілгері-кейінді өмір сүрген Шәмші, Әсет,
Әбілахат, Нұрғисалар сынды Мыңжасар
Маңғытаев та кешегі Ақан сері, Біржан сал,
Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Сегізсері,
Жаяу Мұса, Естайлар тәрізді тумысынан
талантты халық композиторларының ізін
жалғастырушы дара дарын иесі-тұғын.
Алайда осыншама биік бітіміне, бірегей
тұл
ғасына қарамастан, Мыңжасар аға
мей лінше қарапайым, бос мақтан мен
артық-ауыз әңгімеден аулақ, ерекше мә-
де ниетті жан болатын. Көбінесе өзі туралы
емес, өзгелер туралы айтқанды қалайтын.
Әл декімдердей еңбегін бұлдап, еңкейген
жасын, ағарған басын саудалағанын да
көрген емеспіз. Бір әңгімесінде итальян
ком позиторы Респиги Отториионың әлде-
бір симфониялық поэмасының лейтмотиві
етіп Ақан серінің «Қараторғайын» алған-
ды ғын айтқаны бар. Сөйтіп, «ұқсата білген
адамға қазақ музыкасы – ұшы-қиырсыз
мұхит секілді. Сол мұхитты ретін тауып
пай далана алмай жүрміз ғой...» деп күр-
сінген. Енді бірде «Шәмші әндерінің ғажап
болатын себебі – оның ауылда өскендігінен.
Ол заманда оңтүстік өңірлер қазақ халқы
жиі шоғырланған, ұлттың салт-дәстүрі
жақсы сақталған бірден-бір аймақ
болатын. Міне, Шәкең жастайынан соның
бәрін көзімен көріп, көкірегіне түйіп өскен
және соның бәрі оның шығармашылығына
үлкен әсер еткен. Қалада тәрбиеленген
кейінгі жастар мұндай қасиеттен жұрдай.
Олардың шығармаларының жұрт көңіліне
қонбайтыны сондықтан. Ата дәстүрің мен
төл мәдениетіңді, ұлтыңның өзіндік
философиясын бойыңа неғұрлым
тереңірек сіңірсең, соғұрлым кемел азамат
болып шығатының анық» деп сыр шерткен.
Біздіңше, бұл – көрнекті композитордың
шынайы сыры ғана емес, өзіндік берік
ұстанымы да. Өйткені ол өзгеден көргісі
келген осынау ата дәстүр мен төл
мәдениетке деген махаббатты, адалдықты
өзіне де ту етті және сол жолдан, сол
ұстанымнан ешқашан тайған жоқ.
Елін, жерін шексіз сүйген тағы бір ұлы
жүрек мәңгілікке дамылдады. Сіз ұстанған
асыл мұрат – ұлт ұланына аманат. Жаныңыз
жәннатта, нұрыңыз пейіште шалқысын,
абзал аға!..
Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Халық әртісі:
– Мыңжасар екеуміз 1957 жылы
кон
серваторияға келiп түсiп, сонда
танысқанбыз. Ол композиторлар да-
йындайтын бөлiмде оқыды. Бiрақ
шығармашылық жолда үнемі бiрге
болдық. Әрбiр шығарылған әнiмiз,
әрбiр атқарылған шаруа лары мыз, бәрі-
бәрі есімде. Ол адамгершілігі зор, адал
азамат болатын. Мыңжасар дың түрлi
жанрларда еңбек етіп, тең дес сіз мұра
қалдыруының өзі – сирек кез десетін
жайт. Осындай көрнекті ком позитордың
еліне сіңірген еңбегі еш уа
қытта
ұмытылмайды деп ойлай мын...
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Қазақстанның
Халық жазушысы:
– Мыңжасар Маңғытаев – қазақ ән
өнерінде ерекше орны бар маңдайалды
композиторларымыздың бірі еді.
Кезінде екеуміз бірігіп жазған «Жастық
назы» және «Жүрек назы» деген екі ән
халықтың жүрегіне жетіп, көңілінен
шы қ қан шығармалар болды. Әңгіме,
әри не, шығарманың санында емес, са-
па сында. Мыңжасардың қай әні болсын
ел арасына кеңінен таралған, сондай
саз ды, назды, сүйкімді дүние лер. Тағ-
дырға не шара? Бақилық болған ба уы-
рымызға иман тілейік. Алла тағала ал-
ды нан жарылқасын.
ҮКІЛІ ҮЗІНДІЛЕР
* ...Осы күні қарттардан: «Жастар
әнді бұзып айтатын болып жүр, неғып
соларға «қой» демейсіңдер?» деген
әңгімені көп естимін. Бірақ кімнің аузына
қақпақ боласың? Кімнің ақшасы бар, сол
жаздырады. Біреудің өзі жақсы, біреудің
көзі жақсы. Сөйтіп, жолын тауып, күні-түні
радио мен теледидардан «шырқайды» да
тұрады. Негізінде, біздің халқымызда
керемет әнші қыздар мен жігіттер бар.
Бірақ солардың насихаты аз, жолдары
ауырлау болып жатады. Арагідік сондай
әншілерді тыңдағанда өзім жалғыз
отырсам, мен тіпті жылаймын...
* ...Мен өзінің жасына қарамастан,
даусын сақтап қалған үш адамды білемін.
Олар – Ермек Серкебаев, Роза Бағланова,
сосын осы Нұрғали Нүсіпжанов.
Әншілердің ішінде осы Роза әпкеміз бен
Нұрғалиға ерекше ризамын. Үндерінің
қайталанбастығы өз алдына, олар әннің
әрбір сөзін терең түсініп, тыңдарманға
тақпақтай тәптіштеп жеткізеді, әннің мән-
мағынасын көкірегіңе құйып береді. Ал
көп әншілер өз даусына өзі елігіп, сөздің
астарын түсінбейді. Түсінсе де соны жұртқа
жеткізіп айта алмайды.
*Атақ кімге керек емес? Ол –
халықтың арнайы мойындауы, баға беруі.
«Адам содан өсіп кетеді» деген әңгіме жоқ.
Бірақ ықылас кімнің болса да мерейін
өсіреді. Әрбір талантты адам сәби сияқты,
жылы сөзден көңілі толығады, «мені
халқым сыйлайды екен, ел билеген
азаматтар ескереді екен» деп ойлайды.
Мысалы, сені біреу «данышпан» десе, сен
«жоқ, мен данышпан емеспін» дейсің бе?!
Әркімнің көкірегі – Алатаудай. Атақ-
дәреже деген моральдық тұрғыда, жұрттың
елеп-ескеруі үшін ғана керек. Абайды неге
«данышпанымыз», Мұхтарды неге «заңғар
жазушы» дейміз?! Халқы мойындамаса,
дәріптемесе, Абай «Абай», Мұхтар
«Мұхтар» болар ма еді?!
(Композитордың
«Алаш айнасына» берген
сұхбатынан үзінді)
Ғалымқайыр МҰТАНОВ, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің
ректоры, техника ғылымының докторы:
– Елдің дамуы, ұлттың дамуы ада ми
ка питалмен байланысты. Адами ка питал
дегеніміз – адамдардың ин тел лек туал-
дық, кәсіптік деңгейі. Әр адам ның, ұлт-
тың жиынтығы мемле кет тің деңгейін кө-
те реді. Әсіресе, жас тарға дұрыс бағыт,
түзу тәрбие беріп, ертеңгі күні сол ар қы-
лы болашақ жаса ла тынын ойда ұс та уы-
мыз керек. Білімге не гізделген иннова-
ция лық эко номи каны дамытатын жаңа
тех но ло гиялар – ғылым мен білім нәти-
же сінде жа салған үлкен жобалар. Олар
не гі зінен жаратылыстану саласынан жа-
са лады. Біз осындай болу керек деп ай-
тамыз, ал математиканың жақсы қа сиеті
– формула түрінде үлгісін жасап бе реді.
Математика арқылы өндірістің нақты бір
жобасын жасамай, сол ар қылы мо дель-
деп үлгісін жасап, тексеріп алуға болады.
Жаратылыстану – ғылым мен білімнің
не гізін жақсы жасайтын ғы лым дар. Гу-
ма нитарлық бағыттағы ма мандар рен-
жі месін, адамзаттың, ел дің, ұлттың да-
муын
да оның да өзіндік орны бар.
Гуманитарлық сала – жігер беретін,
ұлттық сананы кө
те
ретін руха
ни плат-
форма. Ол болмаса, ертең ұлт қа, мемле-
кетке қалай қызмет етеміз? Сон дықтан
жан-жақты дамыған жақсы ма ман да-
йындасақ, ең жақсы идеал бо латын еді.
Мемлекет дамуының қозғаушы күші
ғылым, әсіресе жаратылыстану ғылым-
дары екенін ел түсінді. Ілгерілеу де бар.
Бү
гінде лауазымды қызметтерден ойып
орын алып отырғандардың көпш ілігін бі-
лім нә рі мен сусындатқан атақты О.Жәу ті-
ков атын дағы Республикалық ма ман дан-
ды рыл ған дарынды балаларға арналған
фи зи ка-математика
мектеп-интернаты-
ның Ха лықаралық Жәутіков олимпиада-
сын өт кізіп келе жатқанына жеті жыл бол-
ды. Бұ дан тыс өткізіліп жатқан халық ара-
лық, рес публикалық білім додалары қан-
ша ма. Әлем нің озық техникалық оқу ла-
ры на сү рін бей түсетіндер де – нақты ғы-
лым ды игер гендер.
ОТАНДЫҚ ТЕХНИКТЕН ШЕТЕЛДІК
МАМАН НЕГЕ АРТЫҚ?
Республикамыз елге қажетті маман-
дықтар тізімін де айқындап алды. Не гі зі-
нен, педагогтер мен техника, медицина
са ласы мамандарына баса назар ау да ры-
луда. Биылғы жылы 35 046 мемлекеттік
грант бөлінген. Оның ішінде ең көп бө-
лінгені: 1000 грант педагогтер үшін сырт-
тай оқуға, техника ғылымдарына – 11
827, жаратылыстану ғылымы және бизнес
– 1350, денсаулық сақтау және әлеуметтік
қамсыздандыруға 3600 грант бар. Сандар
сайрап тұрғанымен, білім сапасы әлі күнге
дейін көңіл көншітер емес. Әсіресе елдің
аса зәру мамандық иелерін дайындау
сала сында.
Әужан САҚАБЕКОВ, ҚБТУ жоғарғы
математика және кибернетика
кафедрасының меңгерушісі, физика-
математика ғылымдарының докторы:
– Жастарда техника саласына деген
қы зығушылық бар, бірақ әлемдік стан-
дартқа сай жеткілікті дәрежеде бі
лім
бе
ріліп жатқан жоқ. Оқу стандарт
та-
рын жақсылап жөндеу қажет. Қазақ-
Британ техникалық университетінде
дайындық жаман емес, әлдеқайда дұ-
рыс. Жұмысқа да орналаса алады бі-
тір гендер. Ал басқа техникалық уни-
вер ситеттерде бұл мәселе қалай? Ба-
лалардың жұмысқа орналаса алмау
се бебі – ЖОО-дағы білімнің жетіс пе-
уінен. Техника мамандарын дайын-
дай тын мұғалімдер де жеткіліксіз. Ке-
ңес өкіметіндегі мен қазіргі технология
бөлек. Батыстың технологиясын алып
кететіндей ұстаздар жоқ. Мұғалім біл-
меген соң, одан білім алған студент те
жеткілікті білім алмай шығады.
Кәсіпорын, фабрикалардағы қондыр-
ғылар да заманауиланып жатқанда, білім
жүйесіне де реформа қажет екендігі бай-
қалады. Жаратылыстану ғылымын те рең-
детіп оқытатын мектептер бар, техникалық
университеттер де жетерлік. Ал барлығына
бірдей сұраныс жоқ. Жұмыс таба алмай
жүрген инженер қаншама. Жұмыс болған
күннің өзінде олардың маңдай тері шет-
елдік инженерден кем бағаланып жатады.
Шындығында, біздің маманның барлығы
бірдей өз ісінің қас шебері дей бермей,
кінәні өз білімімізден іздеген жөн шығар.
Шетелдік маманды өз елімізде тайраң-
датып, ақымызды жегізбеу үшін, білі
мі-
мізді көтеріп алу ләзім болып тұр.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ –
МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА
Ел Тәуелсіздігіне 10 жыл толғанда, Қа-
зақ-Британ техникалық университеті құ-
рылса, былтыр Астанадан Назарбаев уни-
верситеті бой көтерді. Әлемдік стан дарт,
күллі дүниені мойындатқан батыстық білім
жүйесі бойынша оқытатын аталған оқу
орындары уақыт өте келе үңірейіп тұрған
техника саласын бір биікке кө терері хақ.
ҚБТУ мұнай-газ, ин фор ма ция лық техно-
логия, қаржы-экономика фа куль теттері
бо йынша білім берсе, На зар баев уни вер-
ситетінде негізгі бағыт инженерия және
ме дицина мектебі, жа ра тылыстану ғы лы-
мына бұрылып отыр. Қа зақ топырағынан
Но бель сыйлығының иегерлерін шығару
мақсатында құрылған оқу орны діттеген
мақсаттан шығары сөзсіз. Себебі оған
тілек білдіретіндер де іріктеліп келеді.
Елбасының бастамасымен былтырғы
жылдан бері инновациялық мектептер де
ашылып жатыр. Астана, Семей, Көкшетау,
Тал дықорған қалаларында физика-мате-
ма
тика, Өскемен қаласындағы химия-
био логия бағытындағы Назарбаев Зият-
кер лік мектебі жұмыс істеп тұр. Жаңа оқу
жы
лы басталғанда Н.Назарбаев мұндай
мек
тептің саны алдағы уақытта 20-ға
жететіндігін айтты. Елдегі дарынды бала-
лар ға арналған мектептер, 30 қазақ-түрік
лицейі жылдағы мемлекеттік гранттан
үздік көрсеткіш көрсетіп жүргенін білеміз.
Ал зияткерлік мектеп оқушылары бола-
шақ
та Назарбаев университетіне қинал-
май түсе алады. Ел дамуының басым ба-
ғыт тарын айқындап алдық. Енді бізге ке-
регі – сөзден іске көшіп, терең де қажетті
білім алу ғана.
ҚАПЕРГЕ
2011 жылдың үздік шығармалары төмендегі аталымдар бойынша
«Алтын қалам» сыйлығымен марапатталады.
«Жылдың үздік прозасы» – (роман, повесть, әңгіме, сатира, эссе т.б.)
«Жылдың үздік поэзиясы» – (өлең, поэма, дастан, сатиралық өлең т.б.)
«Жылдың үздік балалар шығармасы» – (өлең, ертегі, әңгіме, повесть, т.б.)
«Драматургия» – (пьеса, кино сценарий т.б.)
«Жылдың үздік публицистикалық, іскерлік және ғылыми еңбегі» –
(зерттеу, сараптама жұмыстары, көлемді мақала, талдаулар т.б.)
«Жылдың үздік блогы»
Бәйгеден озып шыққан қаламгердің шығармалары «Алтын қалам» әдеби
сыйлығының серіктестері және құрылтайшыларының арнайы баспа
бағдарламасына енгізіледі.
Нұрғис
а ЕЛЕУБЕК
ОВ (фо
то)
«АЛАШ АЙНАСЫНЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ
Композитор Мыңжасар Маңғытаев 1937 жылы, 23 желтоқсанда Оңтүстік
Қазақстан облысында туған. 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы
мемлекеттік консерваториясын профессор К.Х.Қожамьяровтың класы
бойынша бітірген. 1965-1967 жылдары республика Мәдениет министрлігінің
өнер басқармасы музыкалық мекемелерінің аға нұсқаушысы, 1967-1969
жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының жауапты
хатшысы, 1969 жылдан бастап «Жазушы» баспасы өнер және музыка
редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Нұрғис
а ЕЛЕУБЕК
ОВ (фо
то)
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ АЗАМАТЫ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
– Қазіргі жас ақын-жазушылардың
шы ғар маларын оқисыз ба? Бүгінгі көр-
кем әдебиет жайлы қандай көз қа рас-
та сыз?
– Бүгінгі қазақ әдебиеті туралы ой қоз-
ға ған кезде алдымен әдебиетіміздің даму-
өркендеуі Тәуелсіз мемлекетіміздің рухани
өрлеу жолындағы мақсат-мұратымен бағ-
дар лас, сабақтас екенін айту орынды. Елі-
міз егемендігін алғаннан соң рухани құн-
ды лықтарымызды, Алаш арыстарын қай-
тар дық. Уақыт өте келе тарихымызды да
тү ген деп жатырмыз. Осыған байланысты,
әрине, әдебиетке де жаңа тақырыптар
келді. Әдебиетіміздің бағыты өзгерді. Қа-
зір гі жас ақындар поэзиясына қарап отыр-
саңыз, Тәуел сіздік идеясын көтеретін, ел-
дік, ұлт тық құндылықтарды айтатын поэзия
қа
лып
тасып келеді. Осы поэзияда жас
ақын дар дың өрлеуі, дамуы оң нәтиже бе-
ріп, отыр. Оларда өзіндік жаңалықтары
мен ал ға қарай ілгерілеу байқалады. Жас-
тарда бұрынғыдай таптық идеологиялық
шектеу жоқ, цензура жоқ, бір сөзбен айт-
қан да, мүм кіндігі мол. Үлкен тақырыптарға,
адам гер шілік, ұлт тақырыптарын арқау ету-
ге бо ла ды. Мүмкіндігі барлығынан, оның
ау қым дығы, өлең құрылысына, бунағына,
ұй
қасына, ырғағына деген шектеу жоқ
бол ғандықтан, поэзия қазақ әдебиетінің
көшін бастап келеді. Егер ақын идеялық өте
те рең ойын айтқысы келсе, оны өлеңнің кез
кел ген жанрында жеткізе алады. Маралтай
Райым бекұлы, Жарас Сәрсек, Әмірхан Бал-
қы бектің поэзиясынан жаңалықтарды жиі
байқаймын. Ең бастысы, бұлар бірін-бірі
қай таламайды. Үш ақын да – өз қолтаң ба-
сын тап қан ақындар. Орта буын ақындары
Есен ғали Раушанов, Темірхан Медетбек,
Аман хан Әлім, Темірғали Көпбаевтар – бү-
гін гі рухани сұранысқа толық жауап беріп,
қоғамның дамуына үлесін қосып отырған
ақындар. Қарап отырсаңыз, қазіргі поэзия
адами құндылықтарға бет бұрды. Қазіргі
ақ шаның алғашқы орынға шығуы, дүние-
қо ңыз дықтың, парақорлықтың, баққұ мар-
лық тың, таққұмарлықтың бірінші қатарға
шығуы, мұнымен қатар, қызғаншақтық,
аяқ тан шалу, мақтаншақтық дегендердің
бой көтеруі сонау Абайдың терең фи ло со-
фия лық поэзиясынан табылады. Қазақтың
бойын дағы мыңдаған мін қазақ поэзия сы-
ның негізгі тақырыбына айналды. Жастар
поэ зиясында қазірде тарихымызға үңілу,
ұлт тық мұраларға ден қою тенденциясы
басым болды. Ұлы тұлғаларымызды тірілту
немесе олардың ұлы шығармаларын айту
негізгі орынға шықты. Бір ерекшелігі, сонау
жы раулар поэзиясындағы үлгілер, ка нон-
дар жастардың шығармашылығынан та бы-
ла білді. Тарихи тағдырымызды поэзия ті-
лі мен жырлау белең алды. Одан нәр алу
жә не рухани қажеттіліктерімізге жарату,
әсі ресе жастардың санасына ізгілік ұялату
мақсатында қазіргі қазақ поэзиясы едәуір
жұ мыстар атқарды. Осы турасында қазақ
прозасы да дамып келеді. Тұтастай алғанда
қазіргі қазақ әдебиеті үлкен ізденіс үстінде
дер едім. Ұлттық деңгейде ғана емес,
әлем дік деңгейге көтеріліп отыр. ХVI-XVIII
ғасырлардағы классикалық әлем әдебиеті
үлгілері қазақ тіліне аударылды. Гума нис-
тік ке, ізгілікке шақыру мақсатындағы із де-
ніс тер жасалып жатқан тұста қазақ әдебиеті
тоқырау үстінде, тоқтап қалды, болашағы
жоқ деген сөздерді айтпауымыз керек.
Қазақ әдебиеті қазір өзінің мақсат-мұратын
айқындап, үлкен арнасын тауып, жақын 10
жылдықта оқырманымен тығыз байланыста
бо лады деген үміттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |