М э д е н и м у р а «Мэдени мұра»



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата15.03.2017
өлшемі13,67 Mb.
#9779
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55

108

өркениет жаңа қажетгіктерді жасаңцы түрде тудырған үстіне 

тудыруға үмтылады және, біз айтып кеткендей, ол қажетті- 

ліктер,  соның  өзі қанағаттандыра алатынынан гөрі, дәйім 

көп болады, жөне де, осы жолға бір түскеннен кейін, тоқтау 

аса күрделі болмақ,  оның үстіне,  бүндай токталысқа  еш- 

қаңдай салмақты себептер жоқтьщ қасы. Бүрын адамдар үшін 

өздері бар-жоғы туралы сезіп-білмеген жэне ешкашан үмтыл- 

маған нөрселерсіз омір сүрудің еш киындығы болмаушы еді. 

Бүгінде, керісінше, белгілі бір нөрселердің болмауын котере 

алмай  ауырлайды,  ойткені,  олар  соларды  қажетті деп  са- 

науға дағдыланып, ақыр аяғында, әлгілер шынында да олар 

үшін қажетті больш алды. Сондықтан, адамдар барлық мүм- 

кін-ау деген жолдармен — қазіргі заманғы адамда жалғыз- 

ақ  қалғаны сол — материалдық зәруліктерді қанағаттанды- 

рудың амал-тәсілдерді меңгеруге үмтылады. Жүрттың бәрі 

тек қана “ақша жасаудың” қамында, өйткені, тек қана ақша 

оларға барлык осы нәрселерді  иеленуге  мүмкіндік береді, 

сойтіп, ол нөрселер иелікгерінде негүрлым коп болған сайьш, 

соғүрлым олар, жаңа қажеттіктер табьшған үстіне табылып, 

одан  да  коп  нәрселерді  иелене  бергісі  келеді.  Жэне  осы 

қүштарлық өмірдегі бірден-бір мақсат болып кала береді.

Бірталайдан  бері  қатыгез  бәсекелестік  кейбір  эволю- 

ционистердің түжырымдамаларында “тіршілік үшін күрес” 

атымен ғылыми заң мөртебесіне котеріліп, енді тек ең мық- 

ты, тегінде, сөздің тар материалдық мағынасындағы мықты 

ғана тіршілік етуге қақылы деген түжырым осының кисын- 

ды  салдары  болды.  Содан  бері  аз  иеленгендер  тарапынан 

оздерінен артық иеленіп қойғандарға деген қызғаныш, тіпті, 

өлердей жеккөрініш пайда бодцы. Енді тендік теориясы үнемі 

саналарына сіңіріліп келген адамдар айнала жағдайлардың 

материалдык, ягни, жандарына бөрінен артық тиетін, жағына 

қатыстьшьш бәрінде толык теңсіздік жайлағанын коре түрьш, 

қайтып қана котерілмей қала алсын?  Егер де қазіргі зама­

нгы оркениет күндердің-күнінде қалың бүқараның озі ашып 

берген бейбастақ әрі тойымсыз аранына жүтылып, жойы­

лып кетер болса,  бүл оның өз күнәлары үшін немесе,  ғиб- 

ратнамага  қатысы жоқ  басқа  создермен  айтар  болсақ,  озі 

лаңдатқан  саладағы  іс-әрекеттерінің  салдарлары үшін 

лайықты жазаға  үшыраганы  боларын  соқыр  ғана  кормес. 

Ізгі хабарда былай делінген: “Семсер алганньщ барлығы ажа- 

лын содан табады”.  Кімде-кім түрпайы материя күштерін

109


оятса,  өздері үстемдік жасағысы келген сол күштердің ас- 

тында  тапталып,  ажалын  табады.  Оларды  қозғалысқа  бір 

келтірген соң, артынша олардың үстінен бақылау мәңгі жал- 

гасады  деп  үміттену  акымакшылык.  Мейлі,  бүл  табигат 

күпггері, әлде адамдар тобыры күші бола ма, әлде бір мезіідце 

екеуі де  бола  ма,  ол  жагы  маңызды  емес.  Кез  келген  жаг­

дайда бүлар дүниеге енгізіліп қойған материя күштері бол- 

мак жэне олар, еш шарасыз, оларды басқаргысы келіп, сөйте 

түра, бар материалдық деңгейден биіктүра алмаған әркімді 

жояды.  Ізгі хабарда, сондай-ақ, былай делінген:  “Егер пат- 

шалық оз ішінен бөлінсе,  күйреп тынады”.  Міне,  осы ай- 

тылган түтасымен өрі толықтай табигатына сайьш, жер-жерде 

кесапат,  дау-жанжал және  бөлінушілік дөнін  сеппей  түра 

алмайгын қазіргі замангы оркениетке қатысты. Осының бар- 

лыгынан,  тіпті,  басқа  дәйектерге  ж үгінбей-ақ,  нық 

сенімділікпен егер бүгінде табиги болып кеткен іс-жагдай- 

лар заттар барысына тоңкеріс жасайтын батыл озгеріс,  ба- 

тыл араласушылық болмаса,  бүл дүние,  шүбөсіз, қайгылы 

тағдыр  қүшуы тиіс әр бүл ең жуық арада болуы тиіс деген 

қисынды қорьггынды жасауға болады.

Біз қазіргі замангы оркениет  боле-жара материалистік 

және материалдық болып табылады дегенде табандап түрып 

алгандықтан, коп адамдар бізді ол материализмді белгілі бір 

мағынада бәсендететін,  жүмсартатын кейбір элементтерді 

назардан тыс қалдырды деп кінәлары анық.  Іс жүзінде, егер 

ондай элементтер мүлдем болмаған болса, онда, бөлкім, бүл 

оркениет осы кезде ендігі озінің бейшара тірлігін догарып, 

тоқырап тынган болар еді.  Сондықтан, біз ондай элемент - 

тердің барлығына еш дау айтпаймыз,  бірақ,  екінші жагы­

нан, бүл түргыда да ешқандай алдамшы киял қүрудың жоні 

жоқ: біріншіден, оздерін “спиритуализм” жөне “идеализм” 

деп атайтын алуан  гүрлі философиялық ағымдар,  ал,  осы­

ган тендес, морализм жэне сентиментализм сияқты қазіргі 

замангы тенденциялар сол шын мәнінде материалистік емес 

элементтердің санатына жатпайтындығы себепті. Біз бүның 

себептерін түсіндіріп кеткенбіз, енді тек біз үшін бүл агым- 

дар теориялык немесе практикалық материализмнің озінен 

кем емес “қарабайырланган”  болып табылатындыгын эрі, 

бір қарагандагьщай емес, одан, тіпті де, алыс емес екендігін 

еске саламыз. Екіншіден, егер ақиқи руханият жүрнактары

1 1 0


шынымен-ақ сақталып қалса да, бүл қазіргі заманның ала- 

сапыранына керегар, онымен толықтай қайшылықтан бол­

ган  еді.  Бүл  руханият  жүрнақтарын,  егер  тек  батыстық 

дәстүрдіҢ  өзі  туралы  ғана  айтар  болсақ,  тек  діннен  ғана 

табуға болады.  Бірақ,  біз бүгінде дін өрісінің қаншалықты 

тарылғандығын, ол турасында дінге сенушілердің оздерінің 

арасында қаншалықты жүтаң, жартыкеш үғым орныққан- 

дығын және қаншалықты дәрежеде ақиқи руханилыққа ба­

рабар шьшайы интеллектуалдылықтан жүрдай екендігін атап 

еткенбіз.  Бүндай жагдайларда,  діннің  бойында  өлі де  кей 

мүмкіндіктер бар болғанмен,  онда олары тек жасырын, по- 

тенциалды  күйДе,  содан да,  онын  шын  болымды  ықпалы 

аса  шектеулі.  Әйткенмең,  тіпті  өзін  оны  біржола  жойып, 

тыксырып тастауға көпғасырлық өрекеттенушіліктерге қара- 

мастан,  виртуалды,  потенциалды күйге  шейін тарылса да, 

діни дәстүрдің қандайлық өміршең күшпен тотеп беріп келе 

жатқанын кору таңқаларлық. Әлі де ой ойлауга қабілеттілер 

бүл  қарсыластықта  “адамдық  емес”  күштердің нышанын 

аңғармай  қалмас.  Бірақ  біз  бүл дөстүрдің қазіргі замангы 

дүниеге тиесілі еместігін,  оның сыңарларының бірі болып 

табылмайтындығын, қайта, керісінше, оның барлық тенден- 

циялары мен мақсаггарына мүлде қарама-қарсы екендігін 

тағы бір қайталап айтуға тиіспіз. Екі ымыраласпайтын нәр- 

сені ымыраластыруға  арам тер  болғанша,  осы түжырымға 

табандап түрған жөн:  сөздің шынайы мағынасындағы діни 

сана мен айрықша қазіргі замангы сана арасында түбегейлі 

Қарсыластықтан баска, ештеңе болуы мүмкін емес жэне кез­

келген ымыра тек біріншісін әлсіретіп, екіншісін күшейтеді. 

Бүндай ымырага келген жагдайда казіргі замангы сананың 

Діни  санага  қатысты  жаулыгы  әсте  біржола  тыйылмайды, 

өйткені, оның актық мақсаты һәм тіршілігінің мөні адамзат 

бойындагы нақ адамдық деңгейден әлдеқайда үстем шындық 

сәулелерін жеткізетіннің баршасын жоюда жатыр.

Кейде қазіргі замангы Батысты христиандық деп атайды

бірақ, бүл мүлде дүрыс емес. Қазіргі замангы сана аса анти- 

христиандық болып табылады, өйткені, ол өз тегінде анти- 

Діни сана. Ал, оның анти-діни болатын себебі сол, ол создің 

еҢ кең магынасында анти-дәстүрлі.  Міне, дөл осы қасиеті 

°Ның айырым сипаты болып табылады, ол осыдан түрады. 

Ещ күмәнсіз, Христиандықтан казіргі замангы анти-хрис-



111

тиандық өркениетге де қайтсе әлдене қалған, содан да, тіпті, 

оның  ең  “озық”  өкілдері  (солардың  өз  анықтамасынша) 

қайсыбірде  еріксіз,  бейсаналы турде  болса да,  белгілі  бір, 

көбінше жанама христиандық ықлалға душар келеді: өткен- 

нен қол үзу қандайлық батыл шешім болмасын,  ол ешка­

шан да  онымен жалпы  байланыс  атаулыны жоя  алмайды. 

Бүған  қоса,  қазіргі  заманғы  дүниеде  шамалы  да  болса, 

қүндылыққа иенің барлығы оған дәл сол Христиандықтан 

немесе,  ең кемі,  Христиандықтың дәнекерлігімен  келген, 

себебі, Христиандық озімен бірге ілгерідегі достүрлердің бүкіл 

мүрасын алып келді, ол мүраны, мүмкін болып түрғанында, 

тірілтті және  күні бүгінге  шейін  жасырын күйде коптеген 

сондай мүмкіндіктерді оз бойында сақтауда.  Бірақ бүгінде, 

тіпті, озін христиан атайтындардың ішінде сол мүмкіндіктер 

жайында шынайы білімге ие біреуі бар деймісіз? Ең болма- 

ғанда,  католизмде  оздері  сырттай  уағыздайтын доктрина- 

лардың  аса  терең  мән-мағынасын  үғынатын  және,  азды- 

копті үстіртін — саналыдан горі, сентименталды — “наным- 

мен” канағаттанып коймай, оздерін мүрагерлері санайтын 

дәстүрдің ақиқаттарын шынымен  “білер” адамдарды қайдан 

табуға  болады?  Біз,  мейлі,  тіпті,  саны  мүлде  аз  болса  да, 

ондай адамдардьщ барлығының дәлелін кореек деп едік, міне 

сонда бүл Батысты шын мөнінде  күтқарудың аса зор жэне 

де,  бәлкім, бірден-бір жалғыз үміті болар еді.  Бірақ біз күні 

бүгінге шейін ондай ешкім-ештеңені кезіктірмегендігімізді 

мойындауға  мәжбүрміз:  мүмкін,  олар,  Шығыстың  кейбір 

даналары сияқты, оздерін қүпиялармен қоршап, елдебір аяқ 

жетпес баспанада омір сүріп жатыр деп жорамалдағанымыз 

жон шығар? Ал мүмкін, осы бір қүтқарылуға деген үмітпен 

мүлдем қош айтысуымыз керек болар?  Батыс Орта гасыр- 

ларда христиандық болған, бірақ,  ендігі жерде ол ондай бо­

лып табылмайды.  Егер кімде-кім өзі қайтадан христиандык 

бола алатынын айтар болса, оған бүдан артықты біз де тілемес 

едік әрі бүл оқиғалардың сыртқы ағымы күтуге мүрсат бер­

ген мерзім аяқталудан бүрынырақ болады деп шын жүрек- 

тен сенгіміз-ақ келеді дер едік. Бірақ, бүл түрғыда да адас- 

паган  жон:  егер  ол  болып  жатса,  қазіргі  замангы  дүние 

мәңгілікке қүриды.



112

8-тарау.  БАТЫС  ЭКСПАНСИЯСЫ

Айтып кеткеніміздей, қазіргі заманғы бьшық батыстық 

дүниеден тамыр тартып, бертінге шейін азды-көпті шектеулі 

ауқымды  жайлап  келген  еді.  Бірақ,  бүгінде  былықтың 

пропорциялары үлғайғаны сондай, оның маңызы өлшеусіз 

артып  келеді:  былық жэне  хаос жер-жерде таралып,  тіпті, 

Шыгыстың өзі олардың күрбаны болып бара жатқан төрізді. 

Эрине, батыс экспансиясының өзінде түрған жаңа ештеңе 

жоқ,  дегенмен,  ілгерідегі дәуірлерде  ол  халықтарға  азды- 

копті дөрекі үстемдік етумен шектеліп,  Батыстың ықпалы 

саясат жэне экономика деңгейінен әрі таралмайтын: Батыс 

өкілдерінің өр түрлі сылтаулармен жүргізген өр қилы үгіт- 

насихатгарына қарамастан, айрьждіа шығыстық дүниетаным 

қалыбы  бүзылмастан  қалып,  ежелгі дәстүрлі  оркениеттер 

бүрынғысынша тіршілігін жалғастыра берген еді. Бүгіндері, 

керісінше,  бүтіндей  һәм  толығымен  “вестернденген”,  оз 

дөстүрлерінен безінген және оте-моте қазіргі замангы дүние- 

танымға тән күллі жаңсақтықтарды меңгеретін шыгыс адам­

дары барған сайын коптеп пайда болуда. Еуропалық не аме- 

рикандык университеттерде окумен жолдан тайган осы іспетгі 

“вестерндеген” элементтер оз туған едцерінде бүліншіліктер 

мен толқулардың бастауы болып жатады.  Бірақ бүл ретте, 

ең  болмағанда,  дәл  қазіргі  уақытта,  олардың  маңызын 

әсірелеудің жоні жоқ: Батыс адамдары осы бір даңғаза, бірақ, 

бірен-саран кейіпкерлерді қазіргі замангы Шыгысты таны- 

тады деп жиі қиялдайды, ал,  бірақ, шын мәнінде, олардың 

ықпалы қандай да болмасын кең я терең жалгасын таппай- 

ды.  Бүл жаңылысушылықтың аса қарапайым түсініктемесі 

бар:  шын мәніндегі  Шыгыс окілдері Батыста мәшһүр һәм 

танымал болуга титтей де ынталы болмайды, бүл солай бол­

ганда,  шыгыстық модернистер,  егер осылай айтуга болса, 

үнемі  алдыңгы  шептен  корінуге  үмтылып,  соз  сойлейді, 

кітаптар жазады жөне сыртқы әрекеттердің небір түрлеріне 

кірісіп жатқандары. Дегенмен де, осы  анти-дәстүрлік қоз- 

галыс шын мәнінде жеткілікті кең жайылуына мүмкіншілігі 

бар және де, қандайлық жагымсыз болганмен де, бүл мүмкін- 

шілікті  назарда  үстаган  жон.  Ақиқи  дәстүрлі  рух  бүгінде 

барган сайын түйықталу тенденциясына бой үрып, оны то- 

лыққанды сақтайтын орталықтар да күннен-күнге негүрлым 

жабық өрі қол жеткізбестей болып барады. Бьшықтың жап-

219-7

113


пай қамтитындығы сипаты өзі де Кали-юганың соңгы ке- 

зеңінде орын алуы тиісті ахуалға дөлме-дөл сәйкес келеді.

Барша кесімділікпен айту қажет: айрықша қазіргі заманғы 

дүниетаным таза батыстық болып табылады,  ол оған шар- 

пылғандар, тіпті, шығу тегінде Шығыстың адамдары болып 

табылған жагдайда да, сол “батыстық” дүниетанымды жет- 

кізушілер саналуы тиіс болады. Шыгыстық идеялар мүндай 

адамдарға мүлде жат, олардың дөстүрлік доктриналарға ка­

тысты  ошпенділігі де  олардың  осы  саладағы толық  надан 

білімсіздігімен ғана түсіндіріледі.  Берілген жағдайда Батыс- 

тың жақтастары интсллектуалды, ал дәлірек айтқанда, анти- 

интеллекгуалды жоспарда жиі саясат мәселелерінде Батыс- 

тың қарсыластары болып табылатындығы жайты танданар- 

лық  әрі  оғаш  корінуі  мүмкін.  Бірақ,  бүнда  таңқаларлық 

ештеңе жоқ, ойткені, мүндай адамдар Шығыста алуан түрлі 

“үлттарды” қалыптастыруға үмтылады, ал кез келген үлтшыд- 

дық дәстүрлі орныққан козқарас-пікірлерге аса жат. Тіпті, 

егер бүндай қайраткерлер шетелдік үстемдікке әділ қарсы 

түрғылары келсе де, олар бүл үшін батыстық халықтардың 

оздері де озара алауыз тартыстарда пайдаланатын,  сол  бір 

батыстық  әдістерді  пайдаланады.  М үмкін,  олардың 

тіршілігінің озінің мәні де бір гана осында жатқан шығар. 

Егер мүндай іспетті әдістерді пайдалану ендігі жерде шара- 

сыздық болса, онда бүнымен тек қоғамның дөстүрмен бай­

ланыс атаулыны үзген мүшелері гана айналыса алады. Бәл- 

кім, кейін батыстық жаулаушылардың оздерінен қүтылған 

сияқты,  қүтқарьшу  үшін де,  прагматикалық  мақсаттарда 

бүндай элементтерді пайдалану да керек шығар. Бүған қоса, 

Батысқа тап соның оз идеяларын карсы бағыттау әбден-ақ 

қисынды болар еді,  ойткені мүндай идеялар оларды ең ал­

гаш үсынғандарға қарсы бағьггталған боліністер мен бүлінші- 

ліктерден басқа ештеңе туындата алмақ емес.  Мүмкін, дәл 

осындай идеялардың нөтижесінде қазіргі заман дүниесінің 

күйреуін жазған  шығар.  Бүл  Батыстың озінде  ішкі талас- 

тартыстар, үлттар немесе әлеуметтік таптар арасындагы та- 

лас-тартыстар барысында я, бәзбіреулердің жорамалынша, 

“вестернденген”  Шыгыс  адамдарының  шабуылдарының 

нәтижесінде әлде “гылыми ілгерілеу” тудырган апат нәти- 

жесінде бола ма, оншалық маңызды емес — қалай болганда 

да, Батыс үшін кауіп-қатер атаулы соның озінен келіп шы­

гады және соның озі тудырган жемісі болып табылады.

114


Бұл жерде қойылуға тиісті жалғыз ғана сауал мынадай: 

Шығыс Батыстың ықпалымен тек уақытша және мейлінше 

үстіртін  дағдарысқа  төтеп  бере  ала  ма,  өлде  Батыс  өзінің 

күлдырауында күллі адамзатты  ала кете  ме?  Бүгінгі танда 

бүл  түрғыда  нақты  деректерге  негізделген  қандай  да  бір 

айқын  жауап  бере  қою  қиын.  Бүл  қарама-қайшылықты 

мүмкіндіктердің екеуі де бүгінде Шығыста қарастырылуда, 

бірақ,  өйткенмен,  дөстүрде  болатын  рухани  күш  — оның 

барлығы туралы жаулары,  тіпті,  сезікгенбейді де,  — мате- 

риалдық күш оз рөлін орындап шыққаннан кейін одан үстем 

шығып, оны жарықтың түнекгі жарғанындай, сейілтуі әбден 

іі  мүмкін. Бірақ, бүл болғанға дейін де, толық қараңғы түнек 

Il  кезеңі орнайтыны да айқын. Дәстүрлі рух, өзгеріс пен өлімнен 

^  тысқары  болғандығынан,  күйрей  алмайды.  Бірақ,  ол  бүл 

дүниені  мүлдем тастап  кетуі  мүмкін,  бүл  жағдайда  нағыз 

II  “Заман ақыры”,  “Дүниенің ақыры” сол болады. Жоғарыда 

айтылғанның  барлығының  бүндай  жағдай,  сірә,  ең  жуық 

IJ 

болашақта орын алары айқын болуы тиіс. Бүгінде Батысты 

'  шарпыған  және  Шығыста  барған  сайын  таралып  жатқан 

ij  былық  “Заман  ақырының  басталуы”  ретінде,  “индуизм 

'I  дәстүріне” сәйкес, бүісіл сакральды доктрина қабыршаққа 

тығылғандай түйықталып, одан толыққанды түрінде қайта-

I  дан тек жаңа дүниенің таңы атқанда ғана шығатын сәттің

II  жуық  арада  басталатыны  туралы  ескерту  белгісі  ретінде 

түсініле алмақ.

ü 

Алайда,  болашақ  уақиғаларды  болжауды  қоя  түрып, 



и  қазіргі кезеңге келейік: қалай болганда да, Батыс, еш шүбәсіз, 

!І  оз  экспансиясын  жер-жерде  жүзеге  асыруда.  Бастапқыда 

оньщ ықпалы тек материалдық, озіне мейлінше жақьш орісте 

ғана зорлықпен жаулаушылық,  сауда жөне басқа елдердің 

табиғат қорларьш бақылау арқылы көрінеді. Ал, бүгінде жағ- 

II  дай едәуір шиеленісті.  Батыс адамдары,  қашан да өздеріне 

соншалық тән прозелитизмге қүмарлықтарымен, оздерінің 

,і  анти-дәстүрлі және материалистік дүниетанымдарын басқа 

халықтар арасында егуге алдарына жан салмады. Егер бастап- 

қыда  олардың  жаулаушылықтары  адамдарды  тек  тәндік 

түрғыда жанаған болса, бүгінде олары адамдардьщ санасын 

j  улай  және  олардың  бойындағы руханилық  атаулыны жоя 

отырып, неғүрлым нәзік өріске өтуде. Эрине, тек материал - 

дық түрғьщағы бағындыру ғана рухани түрғыдағы жаулау- 

шылықты мүмкін  етті,  сондықтан да,  Батыс,  ақыры,  өзін

115


дүниеге тек дөрекі күштің көмегімен ғана таңып отыр деп 

түжыруға  болады,  онысы дегенмен,  қисынды да,  өйткені, 

тек дөрекі материадцық өрісте ғана, басқадай көзқарас түрғы- 

сынан қандайлық шығынды көрінсе де, батыстық өркениет- 

тің бірден-бір артықшылығы жатыр. Батыстық экспансия -  

бүл барлық түріндегі материализмнің экспансиясы және ол 

басқадай еш нэрсе бола алмайды да. Бүл ақиқатгы еш нәрсе — 

ешқандай екі жүзді желеулер,  ешқандай ғибратты сылтау- 

лар, ешқандай адамгершілікті асқақ сөздер, ешқанідай наси- 

хатгық айла-шарғылар, осы бір жойымпаз мақсатгарды бүр- 

кеуге тырысатын ешқандай (қайбірде айтарлықтаій епті әрі 

шебер) илаңдырулар теріске шығаруға қабілетті еміес. Оны я 

айықпас  ашық  ауыздар,  я  сөздің  ең тура  мағынасындағы 

“ібілістік” операцияны жүзеге асыруға тікелей мүдіі;елі адам­

дар терістеуі мүмкін1. 

|

Бір таңқаларлығы, дәл батыстық баса көктеушілік жер- 



жерде жүріп жатқан сөтте, бөзбір адамдар өздерін үрейлен- 

діретін қатер жайлы шу көтеру үшін шығыстык идеяларды 

Батысқа енгізуді тандайды. Бүл жаңа жаңылушьшДты қалай 

түсінген жөн? Біздің жалпы жосықты ой-толғамдайкен ғана 

шектелмек ниетімізге қарамастан, бүл жерде дәл ос|ы көзқа- 

рас баяндалған Анри Массистің жуықта жариялан ған “Ба­

тысты қорғау”  кітабы турасында бірер сөз айтпай қала ал- 

маймыз.  Бүл  кітап  көмескіліктер  мен,  керек дес|,  ашық- 

тан-ашық қарама-қайшылықтарға толы, ал, бүл, тіпті, қазіргі 

заманғы жосықсыздықтарға қарсы түрғысы келстіндердің 

де қаншалықты дәрежеде бүны іс жүзіне асыруға қ&білстсіз 

екендіктерін, өйткені, олардың өздері де неге қарсы күрес-

пек екендіктерін онша анық түсінбейтіндерін тағ: 

лелдесе керек. Автор шьшайы ІІІығысты сынау оньщ 

жоқ екендігін әдейі баса айтады. Жэне де, егер ол, 

те,  псевдо-шығыстық  ой-қиялдарды,  баскаша  а; 

соңғы  кезде  алдамшы  шығыстық  атаулармен тар 

шын мәнінде қазіргі замангы хаосты ой-машықты

б  i p   Д Ә -  

[иетіңде 

үл рет- 

ітқанда, 

іған,  ал 

типтік


1  Ібіліс  ежелгі-еврейше  “жау”,  “қарсылас”,  яғни,  азғындаШшы,  зат- 

тардың басын аяғына тоңкеруші дегенді білдіреді.  Терістеу және төңкеріс 

рухы  іс  жүзіңце  төмендеуші  һом  түгелдей  төмендетуші  тенданциямен, 

сөздің этимологиялық мағынасындағы “инферналды” тенденциимен сой- 

кес  келеді  (infemus латынша  “темен”,  “төмендеуші”  және  бір  меіҺлде  “та- 

мүк”  дегенді  білдіреді  —  Аудармашы  ескертпесі),  ол  тіршілік  ш лерін  қа- 

зіргі дүниенің дамуы негізінде жатқан  материализация процесіир тартады.

116

үлгілері болып табылатын таза батыстық теорияларды сы- 

наумен шектелген болса,  онда бүл біздің тарапымыздан тек 

толық қолдау тапқан болар еді,  өйткені,  біз өзіміз әрдайым 

осы іспеттес  заттарда  түнған  қатерге,  сондай-ақ,  олардың 

толык интеллектулдық қауқарсыздықтарына баса көңіл ауда- 

рып отырамыз.  Өкінішке қарай,  автор мүнымен тоқталмай, 

шынайы Шығысқа жалған шығыстық пародиялардан айыр- 

масы шамалы түжырымдамаларды телиді.  Бүл мәселеде ол 

шығыстық докіринаны, әдетге, өлдебір келемеж сурет түрінде 

корсетіп қоятын азды-копті “ресми” ориенталистердің пікі- 

ріне сілтеме жасайды.  Қызық, егер әлдебіреулер Христиан- 

дықты талдауда дэл осындай әдісті пайдаланып, ол жонінде 

“гиперкритицизмнің” университетгік окідцерінің еңбектерінің 

негізінде  пікір  айтуға  тырысатын  болса,  Массистің  озі  не 

айтар еді?  Бірақ,  ол  Үндістан және Қытай доктриналарына 

қатысты дәл осыны істеп отыр, бүған ол сілтеме жасап отыр­

ган  батыстық  зерттеушілер  бүл  доктриналар  жонінде  еш- 

қандай тікелей білімді меңгермегендігін  қоссаңыз,  жағдай 

ауырлай түспек,  мүның қасында,  олардың Христиандықпен 

айналысатьш әріптестері, кемі, онымен тікелей таныс, әрине, 

олардың дінге қатысты жаулығы олар үшін оны қаншалық- 

ты  болмасын  барабар түсіну мүмкіндігін жауып тастайды. 

Бүған қоса, қайсыбірде біз ориенталистердің зерттеулері оз 

мәнінде олар тарапынан саналы қаралау емес,  қайта, олар­

дын  берілген  мәселедегі  толық  кәсіби  мағлүматсыздығы- 

ньщ нәтижесі ғана екендігіне Шығыс адамдарыньщ коздерін 

жеткізуде  зор  қиыншылықтарға  кезіккен  едік  —  олардың 

жазбалары соншалық жаулық пен зілге толы, әсілі, бүл күллі 

анти-дәстүрлік дүниетанымға төн. Осы жерде біз Анри Мас- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет