Елеусіз:
Бақыттың нұрын шашқан елім менің,
Шығыстан желпіп жатқан өмір лебін.
алпысың құтты болсын, республикам,
сен үшін биіктеді көңіл-көгім!
асырып даңқың менен ерлігіңді,
Паш етіп дарқандық пен кеңдігіңді.
сүйікті Компартиям арқасында,
Бар әлем «Қазақ» дейтін елді білді.
Қазағым, сен де елсің дара туған,
Бір жүрек, мың тілектен жаратылған.
алдыңда айнымайтын ағаң орыс,
Қайғыңа ортақтасып ара тұрған.
Қазағым, көңілің дария шалқып жатқан,
Жауыңды тұлғаңменен қалтыратқан.
Бабамның арманысың – Қазақстан,
Шығыстан аппақ таңдай балқып атқан.
Барша ұлт, барша халық туыс маған,
Жандармыз арға тиіп ұрыспаған.
сан ұлттың ыстық ұя, ордасысың –
достықтың биік туын нық ұстаған.
артып тұр, Қазақстан, бақ, талабың,
сондықтан өлең селін ақтарамын!
ырысты миллиардтың мекенісің,
сол үшін, сүйікті елім, мақтанамын!
мен бүгін қуаныштан шалқаямын,
Шаршасам, сары далама жантаямын.
даңқты ұлы тыңның авторысың,
сол үшін Қазақстан марқаямын!
Жері – құт, елі – дарқан, халқы байдың,
Қойнауы ырыс тұнған алтын айдын.
Қазағым – космонавтар отанысың,
сол үшін қалайша мен шалқымаймын?!
212
Қазақ өнерінің антологиясы
дүбірлі өнер қызған шақта нағыз,
Халқымның шежіресі жатқан аңыз.
Жерімде абай, мұхтар, Қаныш туған,
сол үшін кеуде кере мақтанамыз!
осылай мақтанбаймыз қалай ғана,
Күн болып, нұр атыпты арайлана.
Күш-қайрат, істеріңе риза болып,
емірене берді ырысын талай дала.
санасқан олар емес уақытпенен,
тел өскен өздерімен бақыт деген.
зейнеттің олар берген бал, шырынын,
Күн сайын құмарлана татып келем.
мен бүгін соларды айтып желпінемін,
өмірден талай дерек келтіремін.
ғалымов – еңбек ері, тарлан шопан,
екі етпей орындаған ел тілегін.
ағызам олар жайлы ән бұлағын,
маздатып шабыт отын жандырамын!
Бақташы Қосақбаев Базарбайды
Қалайша мадақтамай қалдырамын?!
ісімен өзін елге сүйікті етті,
Бар шаттық көкірегіне сыйып кетті.
Әйгілі құрылысшы Кереевім,
Жыл сайын ақтөбемді биіктетті.
мол мұра өткен ұрпақ бабамыздан,
Көп шықты ұлы адамдар даламыздан.
нұрпейіс Байғанинді кім білмейді,
Көмейден жыр ағызған, бал ағызған!
сіңірген жүрегіне даналықты,
туған жер туғызыпты сан алыпты.
Космонавт Пацаев пен Әлия батыр,
ақтөбе топырағынан жаралыпты.
213
Айтыс 4 ТОМ
Кім білмейді Шығанақ Берсиевті,
Кезінде қас тұлпардай көсіліпті.
тарыдан рекордтық өнім алып,
атамыз диқан даңқын өсіріпті.
даламыз алуан сипат түрге енеді,
Қаламыз жылдан-жылға гүлденеді,
өскенін көріп бүгін ақтөбенің,
Көмейге өз-өзінен жыр келеді.
Шолпан:
тамаша табиғатын көзің көріп,
ақыным, қалмады ғой, өзіңде ерік.
Қыз Жібек елін сүймеу мүмкін емес,
неше бір болса-дағы төзім берік.
Көтерген көпшілікте бастама тың,
динамның құрметтейді астана атын.
Қатысып фестивальға гаванада,
танытқан Қазақстан жастары атын.
сөз етсем, толып жатыр тағы басқам,
төгілген термен даңқы, бағы асқан.
тасытқан табысы мен ел байлығын,
олардың өмірі де лағыл дастан.
Беріле еңбек еткен отанына,
мақтанам Құбашевтай шопаныма.
ссср лауреаты атанды ол,
Жылма-жыл отар қосып отарына.
«Жетеді ерлеріміз біздің» деймін,
несіне топ алдында тізімдеймін.
соғылған бесжылдықтың балғалары,
еңбектің көрігі бар үзілмейтін.
ерлерім тұрды сертке, антында адал,
мақтанбай мен қалайша тартына алам?
туында ордені бар оралымның,
214
Қазақ өнерінің антологиясы
Бейнесі күн көсемнің жарқыраған.
отырсың елдің жайын өзің біліп,
ақыным, бола қоймас сөзіңде ілік.
ақ Жайық, ару Шаған жағасында,
Ән шырқап, жыр толғадың көзің күліп.
мадақтап көк майсалы қыр құйқасын,
ағыттың жүрегіңнен жыр ұйқасын.
аттандың тамсанумен біздің елден,
Қия алмай «Правданың» ритасын.
Қыздарға қырындадың жырыңды айтып,
(Білмеймін жүргеніңді бұрын қайтіп?)
мінезі жеңешемнің қандай еді,
Қойдың-ау қызбалықпен сырыңды айтып.
мен емес сөйлер сөзден ұтылатын,
іздегін амалыңды құтылатын.
Кезегің келді сенің, қарсыласым,
ілігіп қармағыма тұтылатын.
Жалындап жастығыңның арқасында,
Жақсыны тек өзіңе тартасың да,
ақтөбең сән-салтанат құрып жатыр,
оралдың ақ кірпіші арқасында.
Жоспардан шықпай жылда тұралаған,
заводың тиын пайда құрамаған.
іргеңді қазір аулақ салғанменен,
Кезің жоқ бізден кірпіш сұрамаған.
Белгілі көмекшіңбіз бас тартпаймыз,
«Қол ұшын бердік» деп те тасымаймыз.
төрінде астананың жауап берші,
ақыным, қашанғы біз «асыраймыз?»
Жүресің жаңалықтан қағыс қалып,
төрт түлік өсірмейсің бағысқа алып.
түйені ұмытыпты қобдалықтар,
215
Айтыс 4 ТОМ
осыған қалдым тағы намыстанып.
түйенің қасиетін құптайсыңдар,
өсіру керектігін ұқпайсыңдар.
Шілдеде шөл қысқанда сусын сұрап,
Шұбаты бар үйлерден шықпайсыңдар.
төске өрлеп ерлеріңнің бақ, табысы,
Болып ең республика мақтанышы.
тауығың тауысты ма, қайда кетті,
атақты ақтөбенің ақ тарысы?
ғарышқа қадам басқан ел сүйікті,
түлеген жылдан-жылға жер сүйікті.
ақтөбең ақ тарысын жоғалтқанмен,
еліміз ұмытпайды Берсиевті.
Жетеді көп алдында қызарғаның,
Жанбыз ғой жігіттердің ұғар жанын.
Берейін кезегіңді шырқап жібер,
Бар болар үйде жазып шығарғаның.
Елеусіз:
облысым қашаннан
заманамен жасарған.
дәуір жүгін арқалап,
Биіктерге аса алған.
ақтөбенің қаласын
адаспай-ақ табасың.
тоғыз жолдың торабы –
Көкпен, жермен барасың.
облысым самғады,
міндетті шешіп алдағы.
ауданы бар он сегіз,
еңбекқор кілең жандары.
алдағы істің арнасы –
өрбіп жатыр жалғасы.
Химияның алыбы –
216
Қазақ өнерінің антологиясы
Қасында тұр алғасы.
ер исатай атында,
Құрылды аудан жақында.
москвадан ту алып,
Болды лайық батырға.
атына даңқы жетеді,
өскен аудан екені –
Байлығы тұнған Шилісай,
екпінді құрылыс мекені.
мұғалжарым – ірі аудан,
талай жүлде ту алған.
Кен, қазына, мол астық,
табысы үшін қуанам.
өрбиді шумақ ойымда,
өнердің жүгі мойнымда.
Шығанақтың отаны –
Береке нағыз ойылда.
Жусаны әтір аңқыған,
Құмдары құт балқыған.
Жыр атасы – Байғанин,
ауданы бар шалқыған.
мекен-жайы іргелі,
адымдаған ілгері.
ұлы көсем атында,
ауданым бар жүлделі.
Шежіре жасап еңбекпен,
даласы жомарт, ел неткен!
Шалқар, ырғыз – шығыста,
малдан ырыс селдеткен!
Жерлерім көп тыңайған,
Беріп жатқан шұрай дән.
темірімде – Кеңқияқ,
217
Айтыс 4 ТОМ
ағызған өзен мұнайдан!
Бәйгені жылда бермеген,
Жарыста қалып көрмеген,
Кен теңізі – донской,
одақта даңқы өрлеген!
Қарабұтақ – кең мекен,
Бір өзі ғажап елге тең.
тахауи, Қуандық туған жер,
Білмейтін адам кемде-кем.
еңбекте нағыз сыналған,
сертінде талай тұра алған.
ауданым мәртөк батыста,
астықпен атын шығарған.
Жақсылықты қолдадым,
Жырға қостым, толғадым.
Әлия батыр туған жер,
тарихы қызық Қобданың.
ие боп бедел, сенімге,
Бесжылдықтың өрінде,
Келеді ақтөбеліктер
Жарыстың алғы шебінде!
Көңіліміз дархан даладай,
селомыз көркем, қала бай.
тойына Қазақстанның
табыспен келдік толағай!
өкпем жоқ сенің жомарт, кең еліңе,
зер салшы шаруашылық көлеміне.
мөлшері сүт өндіру кеміп кетті,
осының, қарындасым, себебі не?
Білемін жетістікті егістегі,
Жем-шөптің орындалмай көп істері,
өткен жыл өкініші аз болған жоқ,
дайындау мал азығын келіспеді.
218
Қазақ өнерінің антологиясы
айқайға жаз айында саламыз көп,
«Қыста да малды күйлі бағамыз» деп.
Шыңғырлау, Бөрлі, Чапай аудандарың,
сабылды қыстыгүні сабан іздеп.
«ет жайы қалай?» деген сұрақ туды,
өткен жыл көрсеткіші «жылап тұрды».
аудандар – Каменка мен Қаратөбе,
Жоспарды орындамай ұят қылды.
Қарағым, қарындасым ең арынды,
ақын ең тасқындаған сен ағынды.
Байқашы, облыста былтырғыдан,
Жүзінен жеті қозы кем алынды.
деп айтам басшыларың өжеттенсін,
екінші тыңға дұрыс кезек берсін!
Шырпыдай салмағы жоқ, неткен малдар?
Қой емес баққандары – көжек дерсің.
Шолпан:
намысын қорғаймын деп жігіттердің,
ақыным, қыз алдында үміттендің.
«аулыңда ескіліктің шырмауында
Жүргендер бар ма?» деп те күдіктендім.
суырылып шыға берер сөз дегенің,
Әйтсе де, бар ғой менің көздегенім.
Комсомол тойларына мән берілмей,
Әркімдер іске асырған өз дегенін.
Жігітсің сөз парқына түсінетін,
ескішіл пысық екен «ісіне» тым.
талайын көріп жүрсің, қалыңмалға,
Құлынды бие сұрар кісілерің.
Жақсыны болушы еді көрмек деген –
«темірден түйін түйіп өрнектеген».
Қыз қуып, көкпар тартар жігіт қайда,
ойнайды қазіргілер «шөлмекпенен».
219
Айтыс 4 ТОМ
дейсің бе әлде «бұған жаза айқын?»
Жігіт бар өзіңді де мазалайтын.
Қараңғы бұрыштардан күтіп алып,
Қалтаңды қағып-соғып «тазалайтын».
гүл атып махаббаты дүркін-дүркін,
тұратын ғашығымен бір күн, бір түн.
алимент – баласына «әке» болып,
Жүрген бар шатастырып қайын жұртын.
сөз етсек бүгінгі күн шаруаны біз,
Комсомол – «атышулы» ауданыңыз.
Хат жолдап тұрғындары журналдарға,
Жетіпті астанаға дау-даңқыңыз.
Келгенде кемшіліктер маған таяп,
несіне айтар сөзді қалам аяп?
дүкеннен шұлық таппай, шарасыздан,
Жүруді мода еттіңдер «жалаң аяқ».
айта отыр ойға түйіп алғаныңды,
Көрейін көп алдында талғамыңды.
аулыңнан мен кемшілік іздегем жоқ,
айттым тек көзге шалып қалғанымды.
Елеусіз:
ол рас кемшіліктің әлі бары,
Көңілім соны көріп тарылады.
тек қана тере берсең жамандықты,
олқылық оралдан да табылады.
Жылқыға қарайсыңдар салқын неге,
Бұздыңдар игі дәстүр салтын неге?
Қалайша түсірдіңдер бабамыздың,
Бұрынғы жылқы баққан даңқын неге?
Жылқы да түлік қой ол бабындағы,
Шапқанда басылмайтын арындары.
сіздерге ойсылқара «өкпелейді»,
азайып кеткеннен соң табындары.
220
Қазақ өнерінің антологиясы
түйе мал түлік болып еленбеген,
ол-дағы қамқорлыққа бөленбеген.
Кезінде зеңгі баба ойлап па екен,
осындай алалықты көрем деген?
Басшылар неге олай «алалайды?»
Пайдалы мал деп оған қарамайды.
Жесең – ет, ішсең – шұбат, асыл түлік,
түйені «жетім» ету жарамайды.
Халықпыз далақұмар, дала дескен,
мал басы облыста баяу өскен.
айтпақшы, сиыр малы мандымайды,
сиырды шығардыңдар қалай естен?
Жастарды ойланта ма мал жайлары,
Шопандар еңбегінде абырой бары?
Жетеуі бригаданың тарап кетті,
өткен жыл болмаған соң жағдайлары.
Колхозда ырыс, байлық атқылаған,
Бірақ та, бірер жайың батты маған.
«XXII партсъезд» колхозында,
монша жоқ, жұрт қалаға шапқылаған.
Кемшілік өнеркәсіп саласында –
Бар екен, қарындасым, нанасың ба?
Балықтың комбинаты жоспар бермей,
Қалып тұр жұртшылықтың табасына.
Көңілің қалай оған тарылмайды,
Кеудеде реніш от жалындайды.
өнімі аз ет консерві заводының,
Басынан жылда «тоқпақ» арылмайды.
мен сөзге үйір емен сылдыраған,
Жүрекке қабылдаймын сырды ұнаған.
Бар екен орал тігін фабрикаңыз,
Жыл сайын көрсеткіші құлдыраған.
221
Айтыс 4 ТОМ
Жүретін қарындас ең біліп көпті,
ойлама, сынды ағай «жіліктепті».
Шығарған нан заводы он төрт тонна,
өнімнің он тоннасы шіріп кетті.
Кемшілік айта берсең таусыла ма,
осымен мін айтысу қалсын ада.
Шолпанжан, тап осылай шырқай берші,
Шабыттың сәйгүлігін қамшыла да!
Қарағым, айналайын, қарындасым,
Әрдайым жүрегім мен жадымдасың.
атақты ақ Жайықтың ақын қызы,
Басыңнан қонған бағың арылмасын!
осындай мерекеде толғанайық,
өнермен бәстесу де болды лайық.
Қош, сау бол көріскенше, қарсыласым,
осымен жыр додасын доғарайық!
Шолпан:
мен айтсам, кездеседі кемшілігің,
Қарашы көңілімнің кеңшілігін.
«Қызартып қайтемін, – деп, – той үстінде»,
отырмын әдеп сақтап сенші бүгін.
Қарамай көңіліңе төкпелетіп,
Қатты айтып, алсам егер өкпелетіп.
Кешірім сіздің жақтан болсын деймін,
Жүрмесін өкпе, назың көпке кетіп.
өлеңнің отыменен жалындаған,
ұзаққа шаба берер бабында адам.
Берейік жыр талқысын көпшілікке,
осымен дұрыс болар дамылдаған.
салмақтап ой түйінін теңесеңіз,
Әлі де сөзбен талай егесеміз.
айтысқа әрқашан да мен дайынмын,
рұқсат берсе өзіңе жеңешеміз.
222
Қазақ өнерінің антологиясы
«ақ Жайық – ән жырымның өзегі» деп,
Жүргейсің, «ақын қыздың көзі еді» деп,
үкілі домбырамды сыйға ұсынам,
Келесі кездескенше төзеді деп.
дина мен Құрманғазы көзіндей көр,
Жалынды махамбеттің сөзіндей көр!
«арынды әнші мұхит дауысы» де,
Болмаса, мына менің өзімдей көр!
Елеусіз:
сағасы өлең дейтін дарияның,
сіз үшін, қарындасым, далиямын.
«айтыстың ескерткіші болсыншы» деп,
мүсінін ұсынамын Әлияның.
1980 жыл.
МАНАП ПЕН НАДЕЖДА
Манап:
надежда, сау жүрсің бе, қарындасым,
Жалын ең жасыңнан-ақ бағың басым.
өнерде өрге жүзген бір жүйріксің,
Қуанам сіздей жұптас табылғасын.
сыр бойы, Жетісуда тел өссең де,
Білемін Қызылорда жағындасың.
екеуміз асқар ақын шәкіртіміз,
ақын боп баста бізде танылғансың.
өнерді қызғанбаймын өз басыңнан,
ырысың күннен-күнге қалыңдасын.
Жырлаумен ел мейірін, ер бақытын
еңбегін паш етудің қамындасың.
«Жұптасым», «қарындасым» дегеніме,
Күйеуің қызғаншақ боп «қағынбасын».
өзіңсің бүгін Шолпан, сарамыз да,
Бүгінгі мариямсың арамызда.
сыр менен Жетісудың мақтанысың,
Жасырып мұны көптен қаламыз ба?
223
Айтыс 4 ТОМ
Жеріңнің құты болған – жеті өзенің,
Қазақпыз енші алмаған, о да өз елім.
еңбекқор түгел сау ма кәрі-жасың?
сыйлаймын сырт жүрсем де өнер елін.
осы елде туған Жамбыл, үмбетәлі,
Келеді келген сайын, келе бергім.
Шалқышы 60 жылдық мерейтойда,
ендігі сөз кезегін сізге бердім!
Надежда:
мен-дағы тарта тудым түріңізге,
сайраған сандуғаштай тіліңізге.
тұсыңа қарындасың келіп қалды,
Біріміз ұқсағасын бірімізге.
ағасы, есенбісіз, сөз зергері?
асықты жүрек тулап, көз көргелі.
Халайық, артықтау ғой сара ақынға,
ағаның надежданы теңгергені.
есен бе, «талап» деген совхозыңыз,
аман ба ел-жұртыңыз, жалпы өзіңіз?
«нартайдың бағы қонған, – дейді халқың, –
айтыста шалдырмайтын жампозымыз».
сайыстың небір ақын саңлағымен,
соларға болар ма екен салмағым тең?
дегенмен, бүгінгі күн сақ бол, аға,
артыңнан ере шыққан тайлағың – мен.
айтуға алматымдай ел ордасын,
Жырдың мен сайлап алдым бір жорғасын.
үйіме өлең түнеп жүрген жанмын,
Біздерді өнер қуған ел қолдасын!
Қазағым, мен бір қызы жыр бағының,
Жаңылмай ақын жүрек, жырла бүгін!
Жамбылдай заңғар таудан басын алған,
мен сенің күмбірлеген бір ағының!
224
Қазақ өнерінің антологиясы
Қазақтың октябрьден жетілгенін,
Құлдықтың қыл арқанын кетіргенін,
достықтың, жақсы айттың, манап аға,
туысқан ел орнатқан көпірлерін.
өсірді бір де қақпай бетімді елім,
Жеткізіп мен секілді жетімдерін.
тауларын молшылықтың жасаудамыз,
елемей шет дұшпанның лепіргенін.
еліне бағыштаған ақ арманын,
еңбекте көп қой менің майталманым.
есімін атауыма бір жыл берсең,
дастан қып әрқайсысын айта аламын.
Бүгінде әйел, қыз жоқ басы мұңды,
ұғарсыз орынды деп тасуымды.
Қыздардан ермен бірдей тізгін тартқан,
мен бүгін ала келдім шашуымды.
тарқамас өлең деген базарымыз,
ақында біз емес ек осалыңыз.
өнер мен күш – атасын танымайды,
ағасы, сәлем бердім, қош алыңыз!
Манап:
айтысқа кім құмартар, сын болмаса,
Жұрт нанбас жалған сөзге, шын болмаса.
мақтауды мұрат етпей екеуміз де,
аз ғана қағысалық, тым болмаса.
мен өзім алматыға көп келемін,
Жемісті, кемісті де көп көремін.
Қарындас, артық айтсам өкпелеме,
ескертіп біраз жайды кетпек едім.
не жетсін алматыға, астанаға,
өлке ғой үлгісі мол басқаға да!
төпелеп автоматты бір түн жүріп,
тап болдым су іше алмай масқараға.
225
Айтыс 4 ТОМ
тазалап табаныңды қалсаң-дағы,
Конверт ең арғысы алсаң-дағы,
Бір ауыз біреулермен сөйлескелі
автомат телефонға барсаң-дағы,
Жұтады тиыныңды, берері жоқ,
таусылмас елдің әуре-сарсаңдары.
Көшең мен мекемеңде қазақша аттан,
Бір қарап, қате таптым қаптап жатқан.
«апыр-ау, қашан осы түзелер?» деп,
Күн сайын қанша кісі даттап жатқан.
міне алмай автобусқа талай халық,
тұрғанын көзбен көрдім қатты налып.
өкпемді өлімші қып қысқан кезде,
Жаяулап кеткім келді түсе қалып.
тұрағың – ұзынағаш селосында,
Шындықты айтсам тәнті боласың ба?
Жоспарсыз қиқы-жиқы көшелерің,
Кешікпей қайта жөндеп саласың ба?
«Көше» деудің орнына «кәше» дейді,
Бір қатені он етіп еселейді.
Көше толған көп шұңқыр ойық-ойық,
асфальтты неге дұрыс төсемейді?
өзіңмен серік болып Қарғалыға,
өкіндім көрмек болып барғаныма.
Шұғалы, шұғылалы өңіріңде,
Жолыңды жөндеп салып алмадың ба?
тазалық, сәндік керек, өсер елге,
«Қадалып қалдың, – деме, – көшелерге».
«Жанында алматының отырмыз!» деп,
Бекерге желдей шалқып есе берме.
«табысым – таразыны басты!» деме,
айқаймен «абыройым асты!» деме.
«астана – алматыны көрген кезде,
Бұл ақын сырдан келген састы», деме.
226
Қазақ өнерінің антологиясы
ақынның құмар болар ойы асылға,
Келер жыл кемшілікті жоясың ба?
Әлі бар астанада сәнсіз көше,
немене, көрмеге оны қоясың ба?
Шоқ жұлдыз – абай, Шоқан, ыбырайым,
Қазақта кім білмейді мұның жайын?!
ыбырайға алматыда ескерткіш жоқ,
өнерлі болғаныңды не қылайын.
өкінем: «бұл қалай?» деп, келген сайын,
айтудың таппай жүр ем бір орайын.
ескертем жақын жерден басшыларға,
ескерткіш сал, келіп бір құттықтайын.
мұратбаев ғанидың сарайында,
Бейнесін орнатпақ боп маңайына.
он үш жыл болды қаулы алынғалы,
Жұртым-ау, нанбайын ба, нанайын ба?
надежда, егер шамаң келмей жүрсе,
Жерлесім ед, жайыңды айт ағайынға.
Жұмысты жинап тастап ауылдағы,
мүсінін өзім келіп соғайын да.
мәдениет қайраткері ең бір мықты,
аңыз қып жұрты айтып жүр Жүргеновті!
Жұмысын бес министр өзі атқарып,
Болғанда ол наркомпрос көзге ілікті.
еске алып сексенінде еңбегін бар,
Бас қосу, талай жиын арнадыңдар,
атында театр, мектеп, не көше жоқ,
Бар болса, айтшы, қайдан көргенің бар?
Қазақша оқып, қазақтың тілін білдің,
Бойынан сусындадың шырын жырдың.
Көркіңе, өнеріңе қызықтырып,
Қазақтың бір жігітін иілдірдің.
сыр елінен ақындық үйрендің де,
ағаңа қарсы ұмтылып, қырын жүрдің.
227
Айтыс 4 ТОМ
Әй, қайдам, байқауымша, надеждажан,
мені де келіп тұр-ау сүріндіргің?
Надежда:
Қолдасын мені бүгін Жамбыл аруақ,
сөзім тең, сізден кіші жасым бірақ.
сыйындым сүйінбайдай бабамызға,
Кейіме, түсер болсам басымырақ.
ақыны үзілмеген айдынынан,
облыспыз өзге ығар айбынынан.
ондаған миллиард сом әр жыл сайын,
өндірген өнімінің дайынынан.
озат көп еңбегінде салтанаты,
сан ерім аудан, облыс депутаты.
мен шыққан биігіме жете алмайсыз,
ағаеке, көкке тіреп қоймай саты.
Шелектің темекісін түтіндеттің,
ілемнің жедің қантын қарш-қарш шайнап,
еңбекшіқазағымда жүзім, алма,
Көргенде есің кетті көзің жайнап.
нарынқол, Жамбыл аудан, Шелекпенен,
Бір өзі миллион қозы көгендеген.
талғардың төсі толған курорттары,
Кісіге құшақ жайған «келем» деген.
Пальтоңыз Қарғалының шұғасынан,
Жеңгейге базарлыққа «шубасын» ал.
сіздегі «жарты қала» – комбинаттан,
Біз жаққа картон қағаз қашан шығар?
ал, аға, көкөністі көксегенде,
Келіп тұр өзің көрген Қаскелеңге.
Әй, қайдам, облысыңыз мән берер ме,
Помидор, картоп, сәбіз – ас дегенге?
Қорқыт пен тұрмағамбет қос данышпан,
туылып Қармақшыда өнер ашқан.
228
Қазақ өнерінің антологиясы
соларға бар ма еді тең келері,
Күмбезін көтерді ме сенген елі?
еңбекпен жер жүзіне асқан бағым,
сондықтан айтыс десе жасқанбадым.
ақынмын үмбетәлі бата берген,
Жарамас кезек тоспай айта берген.
Манап:
Жақаев тың түлетті үлгі ісімен,
сырластың өзің барып ол кісімен.
алматы облысы да күріш екті,
сыр бойы диқанының үрдісімен.
еңбекте, семьяда Батыр ана,
Қанықсың ұлбаланың атына да.
ол жайлы әңгімелей бастағанда,
ынтықтың «айта түс» деп, ақын аға!
Жер басып қос аяқсыз жүре білген,
Қайратын ел таныған білегінен.
Қасымтай, сәлиманы мақтан етем,
тең келмес батырларың біреуімен.
Белгілі одағыма шырын қауын,
алады шырын қауын көздің жауын.
Қауынның бір кеспесін жегеннен соң,
Қалады ұмыт болып айтқан дауың.
Әлемге әйгілі ғой қаракөлім,
алтынмен бағаланған құнды өнім.
Қысы-жаз біз өсірген қаракөлден,
тон киіп жүрген жоқ па сіңлілерің?
Шалқыған Шалқиядай кен де бізде,
одаққа даңқы кеткен ем де бізде!
ақыны алматының айтысушы –
тәрбие ап, оқып қайттың сен де бізде!
Жақсы жыр естігенде жайтаңдаймын,
мен сізді «осал қыз» деп айта алмаймын.
229
Айтыс 4 ТОМ
Шабытым шаршы топты ұйытқанда,
Шабыста шын жорғадай шалқаймаймын!
Қияға қанатыңды сермеп едің,
өлеңмен өрден-өрге өрлеп едің.
Қарындас, ағаңды да «осал» деме,
Жібермес сөзден есе мерген едім.
сынадың комбинаттың кемшілігін,
сөзің жөн, дей алмаймын ерсі мұның.
Бұрында ісі нашар болғанымен,
өнімнің кереметін көрші бүгін.
мал менен комбинатқа жетер қамыс,
Беруде сол қамысым көптен табыс.
Қарындас, жанашыр боп мінімді айтсаң,
Бермейміз жарыссаң да қолдан намыс.
Жасырмай, айтсақ сөздің расын дәл,
ауылда мал ұстамай тұрасыңдар.
Қаладан ет-сүт іздеп кезек күтіп,
Кінәлап көрінгенді шығасыңдар.
үйіңнің, шаруаңның бабын тауып,
Қайтеді асырасаң бірер тауық?
еліңе насихатта осыны да,
ет іздеп, көше кезбей босқа шауып.
мақтану болды, надя, бар арманың,
Жақсы екен бар ауылың, бар ауданың.
Білімнің дариясынан сусындатқан,
Білесің Қызылорданың жаңарғанын.
Бәйгеден дәмелі ғой қосқан аттар,
сыр елін қас та мақтар, дос та мақтар.
Қоймай-ақ көкке саты сағат сайын,
ғарышқа ұшып жатыр космонавтар.
«Кем дейсің көкөнісің әлі күнге»,
надяжан, шының ба бұл, әзілің бе?
230
Қазақ өнерінің антологиясы
Кем түспес алматыдан Қызылорда,
Жайылған дастарқанның мәзіріне.
Көрмедім асып-тасып жатқаныңды,
мін айтсам, ойлайсың тек ақталуды.
орның жоқ көкөністен мақтануға,
айтпасаң «Көкбазарға» сатқаныңды.
Келіп бір асханаға күйгенім бар,
Бергісіз төбелеске билерің бар.
еліктеп европаға ес кеткен көп,
соны да дейсің бе елге үйреніп ал?
сылқым қыз, сән түзеген қара бала,
Жармасқан иыққа да, жағаға да.
Би емес, би дегені шатты-бұтты,
Ша-ша-ша, чарльстон мен шала-бала.
меніңше, бұл жөн емес қызығарлық,
Қалшылдар жын қаққандай қызып алып.
Бұл не зат, қарындасым, мен білмедім,
Жастарды жүрмейміз бе бұзып алып?
Қарасам, қалқам, құрбы қыздарыңа,
Бұлбұлдай сайрап тұрған гүл бағында.
алды – елу, соңы – қырыққа келгенімен,
Білмейді-ау ана болып туғанын да.
Күйеуге тағдыр қосқан күйе жағып,
Күйінем сопа басы тұрғанына.
Кей күйеу есепте бар, үйінде жоқ,
Біразы баланың зар тырнағына.
Болмайды неге өзіңдей семьялы,
ескертіп қоймадың ба бұл жағын да?
«ер – қос ие, әйелге бала ― бақыт»,
ел қапа ұя шырқын бұзғанына.
Баурайы алатаудың көркем еді,
серуендеп қайтуыңа жер кең еді.
тауықтың кепесіндей дачаларға,
Көз түссе, көңіл шіркін өртенеді.
231
Айтыс 4 ТОМ
Курорт сал, салғыш болсаң, уа, ағайын,
сочи мен Қырымыңды не қылайын.
«алматы – әйбәт қала» десең-дағы,
Күйдірер, надяжан-ау, осындайың!
Достарыңызбен бөлісу: |