МҰНайшы маусым 2013 3 Dear readers and colleagues!


Галина Ше, ГжГ Геология және



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.03.2017
өлшемі6,66 Mb.
#9989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Галина Ше, ГжГ Геология және 

геофизика департаментінің ли-

цензиялар мен келісімшарттар 

бөлімінің бастығы, ПҚҚР: «Менің 

кәсіби маман ретінде қалыптасуыма 

компания, ұжымым және менің 

тәлімгерлеріме айналған басшыла-

рым үлкен үлес қосты. Менің баға 

жетпес тәжірибем мен алған білімім 

үшін барлығына алғысымды білдіргім 

келеді, ал компания басшылығын 

- білдірген сенімдері мен менің 

көпжылдық еңбегіме берген жоғары 

бағасы үшін алғасымды айтамын». 

Асхат Найзабаев, Өндіріс 

департаменті кеніштердегі 

өндіру технологиясы тобының 

жетекші инженері, Арысқұм 

кен орны: «Табыс - бұл ауыр 

жұмыстың нәтижесі, сәтсіздіктер мен 

табандылықтан сабақ алу, бұл сенің 

өз компанияңа пайдалы болуға деген 

ұмтылысың. «Президенттік жүлдені» 

алу - біздің барлығымыз үшін үлкен 

марапат!»


8

Маусым 2013      



МҰНАЙШЫ

МҰНАЙ: ЖЕР ҚОЙНАУЫНАН… СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗГЕ ДЕЙІН

Бұрғылау - мұнай мен газ өндіру тізбегіндегі келесі кезең болып табылады және 

ол нағыз ерлердің жұмысы. Бүгінгі бұрғышылардың жұмысын айтарлықтай 

жеңілдеткен технологиялар біршама алға жылжып кеткенімен, бұл жұмыс қиын 

техникалық жағдайлармен, далалық жазық алқаптағы тіршілікпен және ауыр 

физикалық еңбегімен байланысты. 

Үшінші бөлім. Ұңғымаларды 

бұрғылау және күрделі жөндеу. 

Ұңғымаларды бұрғылау - бұл 

диаметрі оқпан бойы ұзындығымен 

салыстырғанда аз болатын тау 

жынысындағы бағытталған цилиндрлік 

қазбаны орнату үдерісі. Бұл процесс 

адамды кенжарға жібермей, бұрғылау 

жабдығының көмегімен жүзеге асыры-

лады. Жердің бетіндегі ұңғыма баста-

масын - саға, түбін - кенжар деп атайды, 

ал ұңғыма қабырғалары оның оқпанын 

құрайды. Бұрғылаудың үш түрі бола-

ды: тігінен, еңісті-бағытталған және 

көлденең, соңғысы техникалық жағынан 

ең қиыны болып саналады. 

Ұңғымалар ескі замандарда да 

бұрғыланған - осылайша, Қытайдағы су 

және тұзды ерітінділер өндіруге арналған 

ұңғымалар туралы алғашқы хабарлама-

лар б.з.д. 600ж. Конфуции еңбектерінде 

кездеседі. Мұндай ұңғымалардың 

тереңдігі 900 метрге жеткен.  

Бұрғылау үдерісінің күрт өсуі мұнай 

өндірісінің дамуымен тікелей байланы-

сты. Бірінші мұнай ұңғымасы 1826 жы-

лы АҚШ, Кентукки штатында тұзды су 

іздеу кезінде кездейсоқ бұрғыланған еді. 

Ал алғашқы «нағыз» мұнай ұңғымасын 

АҚШ-та 1859 жылы полковник Э.Дрейк 

Seneca Oil Company компаниясының тап-

сырмасы бойынша Пенсильвания, Тай-

тесвилла қ. төңірегінде бұрғылады. Екі 

айлық жұмыстан кейін шамамен 20 метр 

тереңдіктен мұнай табылды және бұл 

Штаттағы мұнай өнеркәсібінің бастауы-

на айналды.  



Аса терең ұңғымалар

Бірінші американдық мұнай 

ұңғымасы  20 метр тереңдіктен 

мұнай берді, бірінші ресейлік 

мұнай ұңғымаларының тереңдігі 

100 метрден аз болды. Алай-

да мұнай өндірісінің дамуымен 

бірге бұрғылау тереңдігі біртіндеп 

өсті, себебі мұнайды одан да терең 

деңгейжиектен өндіру қажет 

болды. Мысалы, 20 ғасырдың 

60-жылдарының соңына қарай КСРО 

өндіруші ұңғымаларының орташа 

тереңдігі 1710 метрді құрады. Бүгінде 

өнеркәсіптік өндіру жүргізілетін 

дүние жүзіндегі ең терең ұңғыма 

- тереңдігі 7460 метрді құрайтын 

Техастағы газ ұңғымасы табыла-

ды. Ал ең терең мұнайсыз ұңғыма - 

тереңдігі 12 шақырымнан асып кет-

кен ғылыми-зерттеу мақсаттарында 

пайдаланылатын Кольский ұңғымасы 

болып табылады. 

Инженерлік - техникалық бұрғылау бөлімі / Инженерно - технический состав отдела бурения /

 Engineering staff of drilling department

Өндіру ұңғымасының жерасты жөндеуін өткізу / Проведение текущего ремонта добывающей скважины / 

Carrying out routine maintenance of the production well


МҰНАЙШЫ      

Маусым 2013

9

- «ПетроҚазақстан» кен орындарындағы бұрғылау жұмыстарын кім жүргізеді?

- Компанияның ұңғымалары мердігер мекемелермен бұрғыланады - бұл «Сибу-Қызылорда» 

ЖШС, «Жанрос Дриллинг» ЖШС, «ПМ Лукас» ЖШС, «Бурение и К» ЖШС және «НТС» ЖШС, 

бұрғылау қондырғыларының жалпы қоры - 10 дана. 



- Ұңғыма құрылысы қандай кезеңдерден тұрады? 

- Ұңғыма салу дайындық жұмыстарын, мұнара мен жабдықты құрастыру, бұрғылауға 

дайындық, бұрғылау үдерісі, ұңғыманы шегендеу құбырларымен бекіту және оны цементпен 

тығындау, сондай-ақ қабатты ашу және оны мұнай мен газ келуіне тексеру кезеңдерін қамтиды.  

Дайындық жұмыстары кезінде бұрғылау орны таңдалады, келу жолы төселеді, қуат көзі, су-

мен қамту және байланыс жүйелері жүргізіледі. Одан әрі, бекітілген орналастыру сызбасы-

на сәйкес мұнара мен жабдық орнатылады. Жабдықты жұмыс қауіпсіздігін, қызмет көрсету 

ыңғайлылығын, құрылыс-құрастыру жұмыстарының төмен құнын және бұрғылаудың барлық 

элементтерін жайғастырудағы жинақтылықты қамтумен орналастыруға тырысады. Барлық 

элементтері мен түйіндердің жұмыс қабілеттілігі тексерілетін бұрғылау қондырғысын сына-

ма іске қосу бұрғылауға дайындық кезеңіне кіреді.

Бұрғылау үдерісі қашауды шаршы қималы жетекшi құбырға бұраумен басталады. Ротор ай-

налып жетекші құбырды, ал жетекші құбыр сәйкесінше қашауды қозғалысқа әкеледі. Ұңғыма 

бағанасының тереңдеуіне байланысты қажет жағдайда оны бекiту және тығындау жұмыстары 

жүргiзіледi. Ұңғыманы бекіту - бұл ұңғымаға шегендеу бағаналарын түсiру және оны це-

менттеу жұмыстары. Ал тығындау жұмыстары шегендеу бағаналарының ішіндегі мақсатсыз 

деңгейжиектерден сұйықтық ағудың алдын алу үшiн жүзеге асырылады, бұл үшін бағана бойымен жер жыныстарының барлық 

қуыстары толтырылады. Бұрғылау барысында өнiмдi қабаттар ашылғанымен олар мұнай мен газдың ұңғымаға енуi кейінгі 

бұрғылауға кедергi келтiрмеуі үшін шегендеу құбырлары мен тығындау арқылы оқшауланған.  

Қазып өту аяқталғаннан кейiн мұнай және газ ағынын қамтамасыз ету мақсатында өнiмдi қабаттар перфорациялық тәсiлмен 

екiншi рет ашылады. Содан кейiн ұңғыма игеріліп, оған мұнай мен газдың құйылуы шақырылады. Нақты жағдайларға байланы-

сты ұңғыманың игерілуі бiрнеше сағаттардан бастап бiрнеше айларға дейiн созылуы мүмкiн.

Мұнай мен газ пайда болғаннан кейiн ұңғыманы қолдану қызметі қабылдайды, ал мұнара келесі ұңғыма түбін (ред.: түп - үлкен 

бір мұнай алаңын қамтитын 10-12 еңіс ұңғыма) бұрғылау мақсатында бірнеше метрге жылжытылады немесе келесі түпке ауы-

стырылады. 

- Бүкіл үдеріске орташа есеппен қанша уақыт кетеді?

- Дайындық жұмыстарынан басталып, ұңғыманы аяқтауға дейiнгі барлық үдеріс орташа есеппен 15-18 күнтiзбелiк күнді 

құрайды. 

- Компаниямыздағы ұңғыманы бұрғылаудың тарихи ең көп және ең аз уақыты қандай? 

- Уақыт бойынша тарихи ең азы 6,5 күнтізбелік күнде бұрғыланған Арысқұм-304 ұңғымасына келеді. Тұзкөл және Досжан-24 

ұңғымаларын ұзақ уақыт бұрғыладық, сәйкесінше 86,7 күн және геологиялық қиындықтарға байланысты 108,4 күн.    

 Бұрғылаудың тереңдігі бойынша - бұл 4250 метр тереңдікте бұрғыланған Арысқұм 301 барлау ұңғымасы болып табылады.  



- Ұңғымалардың қандай түрлері болады?

- Бұрғылау ұңғымалары таяз (тереңдігі 2000 метрге дейінгі), орташа (4500 метрге дейін), терең (6000 метрге дейін) және аса 

терең (6000 метрден көп) болып бөлінеді. Оқпан білігінің орналасуы мен ішқұрылымы бойынша бұрғылау ұңғымалары тігінен, 

көлденең және еңісті болып бөлінеді. Біздің компаниядағы бірінші көлденең ұңғыма 2005 жылдың наурыз айында бұрғыланды, 

қазіргі уақытта ПҚҚР-да осындай 19 ұңғыма бар. Қазірде «ПетроҚазақстанда» негізінен тік ұңғымалар бұрғыланады. 

Таяу уақытқа дейін аталған ұңғыма 

әлемдегі бірінші мұнай ұңғымасы деп 

есептеліп келді, бірақ В.Н.Семенов 

басшылығымен жүргізілген жұмыстар 

жөніндегі табылған құжаттарда 

әлемдегі бірінші мұнай ұңғымасы 

1848 жылы бұрғыланған Каспий теңізі 

жағалауындағы Биби-Эйбат кен ор-

нында бұрғыланғаны және 14 шілдеде 

мұнайдың бірінші ағынын берген 

ұңғыма болғандығыны расталды. 

Қазақстандағы алғашқы мұнай өндіру 

жылы болып 1899 жыл есептеледі, 

Қарашынгүл кен орнында 40 метр 

тереңдікте жеңіл мұнай фонтаны 

атылған еді. Біздің еліміз бұрыннан 

мұнай өндіретін әлем елдерінің бірі бо-

лып табылады, себебі бізде «қара ал-

тынды» XIX ғасырдың соңынан бастап 

өндіре бастады, бұл Венесуэла, Иран, 

Кувейт, Мексика, Норвегия немесе Сауд 

Аравиясынан да ертерек.  

1987 жылы Тынық мұхиты, Сомер-

ленд көлінің аймағында теңіздегі алғаш 

бұрғылау жүргізілді (Калифорния, 

АҚШ). 

Біздің компаниямызда ұңғымаларды 



бұрғылаумен, сондай-ақ оларды күрделі 

және жерасты жөндеумен жалпы саны 80 

адамнан тұратын «ПҚҚР» АҚ Бұрғылау 

және ҰКЖЖ бөлімі айналысады, аталған 

бөлім екі құрылымды  бірліктен - 

Бұрғылау операциясын жүргізу бөлімі 

және жерасты және күрделі жөндеу 

бөлімінен (ҰКЖЖ) тұрады. 

2012 жылы «ПетроҚазақстанда» 56 

өндіруші, 32 барлау және 22 бағалау 

ұңғымаларын қосқандағы жалпы 

ұзындығы 169 315 погон метрді құраған 

110 ұңғыма бұрғыланды. Оған қоса 

2012 жылдың соңына дейін 102 ұңғыма 

пайдалануға берілді. 

Бұрғылау, кен орнындағы басқа 

жұмыстар секілді жоғары қауіптілік ту-

дырады. Бұрғылау және ұңғымаларды 

жөндеу процесінің егжей-тегжейін 

анықтау үшін біз мамандарға сұрақ 

қойдық. 

Жылқаманов 

Серікбек, 

Терең бұрғылау арқылы 

мұнай-газ барлау бастығы, 

ПҚҚР


10

Маусым 2013      



МҰНАЙШЫ

-  Соңғы жылдары әлемде бұрғылау саласында қандай жаңа технологиялар 

ашылды?

«Жанрос Дриллинг» компаниясының басшылығы бұрғылау және ҰКЖЖ саласындағы 

инновацияларды жіті бақылап отырады және жабдықтармен қоса технологияны да 

жаңалап отырады. Мәселен, 2012 жылы жаңа ZJ30 бұрғылау станогы жұмысқа кірісті, ал 

жақын арада Тұзкөл кен орнына су жаңа ZJ40 мобильді станогы жөнелтілді. Бұл жабдық, 

сондай-ақ, жұмысшыларға да ыңғайлы - бұрғышы орны отыздықта да, қырықтықта 

да жабық кабинада орналасқан, оның қолында темір тұтқа емес, джойстик бар және 

бақылауды да бейнемониторлардан жүргізеді. Еңбек жағдайлары жақсарып келеді, 

өнімділік, міндеттерді орындау дәлдігі, қауіпсіздік техникасын сақтау күшейтіліп келеді, 

демек, жұмыс сапасы мен жылдамдығы артады.  

Бұрғылау мен ҰКЖЖ технологиялары бір орында тұрмайды. Қашаудың сапасы, бұрғылау 

ерітіндісінің көрсеткіштері, бұрғы құбырларының, агрегаттар мен механизмдердің са-

пасы әрдайым жаңалануда. Ал келешегі бар технологиялардың ішінен колтюбингті тех-

нологияны атар едім, оның арқасында құбырдың ұңғымаға үздіксіз шеңберлі берілуі 

жүзеге асырылады, бұл бұрғылау мен ҰКЖЖ жұмыстарын кәдімгідей жеңілдетіп, жыл-

дамдатады. Колтюбингті жаңа ұңғымаларды бұрғылауда, қабатты қайта ашу кезінде 

қолдануға болады, бірақ оның ең жоғарғы техникалық және экономикалық тиімділігі 

қолданыстағы ұңғымалардың екіншілік еңіс немесе көлденең оқпандарын бұрғылауда 

жақсы байқалады. Иілгіш құбырлар бұрғылауды тоқырауда жүргізуге және ұңғыма дебитін 

3-8 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Колтюбингті пайдалану танымалдығы оның жоғарғы тиімділігі мен қауіпсіздігімен 

түсіндіріледі. 

«Жанрос Дриллинг» ЖШС алдағы жоспарларында едәуір қаржыны талап ететін колтюбингтік технологияларды меңгеру 

тұр. Компаниямыздың жаңашаландыру мен оңтайлы инвестициялық климатын тығыз қарым-қатынас орнатылған және 

компанияға бірнеше мәрте ірі көлемді несие ұсынған Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі қолдайтынын атап өту қажет.  



Мылтықбаев Алексей, 

«Жанрос Дриллинг» ЖШС 

Бұрғылау компаниясының 

бас директоры

- 2012 жылы қандай техникалық жобалар әзірленіп, іске асырылды және 2013 

жылғы жоспарларыңыз қандай?

- Ұңғыманы бұрғылау үшін алдыменен ұңғыма құрылысына техникалық жоба дай-

ындау қажет. Мұндай жоба белгілі бір тереңдіктері бар ұңғымалар тобына (бір кен 

орнының шеңберіндегі) жасалады, онда бұрғылау станогының тұрпаты мен ұңғыманың 

ішқұрылымы көрсетіледі.  

2012 жылы топтық алты техникалық жоба негізінде компания блоктары мен кен орын-

дарында бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Негізінен, барлау-пайдалану ұңғымаларын 

белсенді бұрғылау жүзеге асырылды. Мысалыға, Солтүстік-Батыс Қызылқия кен орнында 

жобалық тереңдіктері 1600 метр пайдалану ұңғымалары, Қарағанды блогы мен Арысқұм 

ойысы аймағында - жобалау тереңдігі сәйкесінше 1500/2750 метр және 2250/3250 метр 

барлау-пайдалану ұңғымалары бұрғыланды. Ал Қызылқия кен орнында Н-3 және Н-4 

пайдалану-көлденең ұңғымаларын бұрғылау жүргізілді.  

2013 жылы жоғарыда аталған жобалар бойынша жұмыстар жалғасады. Соны-

мен қоса, техникалық деректер мен ұңғыма тереңдіктерінің өзгеруіне байланысты 

қосымша үш топтық техникалық жоба әзірленеді. Қазіргі уақытта Досжан, Бұқарсай 

кен орындарындағы барлау-пайдалану ұңғымаларын және Солтүстік Нұралы, Майбұлақ, 

Арысқұм кен орындарындағы пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, жаңа жоба бойынша Арысқұмдағы көлденең ұңғыма бұрғыланды. 



Жиенбаева Рысқан, 

Бұрғылау бөлімінің 

жетекші геологы, ПҚҚР

Біз мұнай саласында ұңғымаларды зерттеу (олар өз кезегiнде iздестiру, барлау және басқаға бөлiнеді) және пайдалану 

ұңғымалары деп бөлеміз. Пайдалану ұңғымалары өндiруші, айдама бағалау және бақылаулық болады. Өндiруші және айдама 

ұңғымалар пайдалану қорын немесе  пайдалану ұңғымаларын қалыптастырады.



- «ПетроҚазақстан» кен орындарында бұрғылаудың қандай тәсілдері қолданылады? 

- Ұңғымаларды механикалық және механикалық емес тәсілдермен бұрғылауға болады (мысалы, гидравликалық, электр им-

пульсы). Дегенмен өнеркәсiпте механикалық тәсiлдер қолданылуда - екпiндi және айналма бұрғылау, механикалық емес түрлері 

экспериментальдi өңдеу кезеңiнде. Бiздiң барлық кен орындарымызда механикалық бұрғылау тәсiлі қолданылады. 



- Терең бұрғылауда қандай қиындықтар кездеседі? 

- Терең ұңғымаларды бұрғылаудағы көп таралған қиындықтың бірі ұңғыма қабырғасының құлауы, жуу және тығындау 

ерітінділерінің сіңіп кетуі, қабаттық сұйық айқындаулар (яғни сұйықтық ағуы), сондай-ақ бағананы бұрғылау және шегендеу 

құбырларының бөгеп қалуы болып табылады.  



МҰНАЙШЫ      

Маусым 2013

11

- Бұрғылау - ұңғыма құрылысындағы уақыт бой-

ынша да, құны бойынша да басты элементке 

жатқызылады. Шығындар есебі мен жеткізушілермен 

жұмыс істеу жөнінде айтып берсеңіз. 

 

Ахметова Жанат пен Умарова Лилия:

- Бұрғылау - бұл ұңғыма құрылысындағы маңызды 

жұмыстардың бір түрі. Оның уақыт шығыны бойынша 

және ең маңыздысы, ақша қаражатының шығыны бой-

ынша да салмағы ауыр. Сондықтан да басқа нысандармен 

салыстырғанда бұрғылау шығындары аналитикалық есепте 

егжей-тегжейлі топтастыруға ұшырайды. 

Мұнай өндіру саласы шикізат шығындары болмай-

тын салаға жатады. Мұнай кенінің бағасы болмайды 

және шикізатқа шығындану түріндегі ақшалай көрінісі 

де жоқ. Алайда бұрғылау кезінде көптеген түрлі матери-

алдар шығындалады: топырақ, цемент, құбырлар, энер-

гия, техникалық мақсаттағы судың көп мөлшері, қосалқы 

өндіріс қызметтері қолданылады (бағаналарды цементтеу 

және бітеулігіне тексеру және электрометрлік жұмыстар 

жүргізу бойынша). Жабдық пен құрал-саймандарды жалдау 

шығындарымен қатар аталған шығындар ұңғыма құрылысының өзіндік құнын шығарады. Біздің сала қаражат сыйымдылығы 

күрделі өндіріске жатады, себебі бұрғылау, ұңғымаларды пайдалану және оларды механикаландыру шығындары өте жоғары 

болып келеді.  

Бүгінде бұрғылау бойынша 5 компания біздің компаниялар тобына (ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ) 10 бұрғылау қондырғысын 

ұсынып отыр. Ұңғымаларды жөндеуге 6 компаниямен ұсынылған 16 станок түріндегі техникамыз бар. Тағы да 15 шақты ком-

пания цементтеу, геодезиялық қызметтер, станок супервайзерлерін ұсыну, газдық каротаж және өзге бұрғылау мен ұңғыма 

жөндеуіндегі қосалқы жұмыстар бойынша өздерінің қызметтерін ұсынады.  

- Сіздердің бөлімше жылына орта есеппен қанша ұңғыманы жөндейді? 

- Біз өндіру және айдама ұңғымаларының жерасты және күрделі жөндеу, сондай-ақ қайта 

бұрғыланған ұңғымаларды игеру  жұмыстарын жүргіземіз.

Бұл жылы біз 1000 ұңғымада күрделі жерасты жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспар-

лап отырмыз - бұл жаңа ұңғымаларды игеру жұмыстарынан, ЭҚС (электрлік сыртқа тебуші 

сорғылары), бұрандалы сорғылары, ҚТС (қарнақты терең сорғылары) бар ұңғымаларды 

жөндеу жұмыстарынан, су жылыту ұңғымаларындағы жұмыс, сонымен қатар тоқтатылған 

ұңғымаларды өндіруші қатарына  қайтару мақсатындағы жөндеу жұмыстарынан тұрады.

Жөндеу жұмыстары мердігер мекемелер ұсынған көтергіштермен жүзеге асырылады.  Осы-

лайша 2013 жылы біз «ДОС Инжиниринг ЛТД» ЖШС, «Technology АлемОйл» ЖШС, «РМЗ-

Шапағат» ЖШС, «Жанрос Дриллинг» ЖШС, «МұнайТехСервис» ЖШС және «Фрак-Джет» ЖШС 

сияқты мердігер компаниялардың 16 көтергішін пайдаланатын боламыз.  



- Біздің кен орындарындағы басты мәселе оларды суландыру болып отыр. 

Ұңғымаға су өткізу кезіндегі жөндеу барысы қанша уақыт алады? Және қандай 

жағдайларда жөндеу қиынға соғады? 

- Жөндеу жұмыстарының көбі өндіруші ұңғымалармен байланысты (ЭҚС, бұрандалы 

сорғылар және ҚТС). Сондай-ақ 100 жаңа бұрғыланған ұңғыма КЖЖ көтергіштерімен 

игерілмек. 

Ұңғымаға су өткізу кезіндегі жөндеу уақытына байланысты су межелдемесін оқшаулау мақсатындағы өндіру ұңғымаларын 

қайта игеру жұмыстары орташа есеппен 229 сағатқа созылады.    



- Сіздің бөлім ұңғымаларды жоюмен айналыса ма?  

- Бұдан былай өнімсіз немесе шегендеу бағаналарын жөндеу мүмкін емес кейбір ұңғымалар уақыт өте тоқтатылады немесе 

жойылады. Аталған шараны жыл сайын бірнеше ұңғыма ғана қажет етеді. Ұңғымаларды тоқтату мен жою адамдар әрекетінің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында қажет.   



Ахметова Жанат, 

Бұрғылау бөлімінің 

шығындарды есептеу 

маманы, ПҚҚР

Умарова Лилия, 

Бұрғылау бөлімінің 

шығындарды есептеу 

маманы, ПҚҚР

Сариев Талғат, 

 ҰКЖЖБ менеджерінің 

орынбасары, ПҚҚР

Мақаланы дайындауға қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз! 

12

Маусым 2013      



МҰНАЙШЫ

1. Сіздің жұмыс күніңіз қалай 

өтеді?

Операторлардың жұмысы кезекшілік 

әдіспен өтеді. Қазақтың «Ерте тұрған 

жігіттің ырысы артық» деген мақалына 

сүйене отырып, мен таңертен сағат 5.30-

да оянып, жұмысқа дайындала бастаймын. 

Автобус жұмысшыларды жатақханадан 

өндірістік нысанға апарады, сағат 6:45-

те мен жұмыс орнына келіп ауысымды 

қабылдаймын.

Біздің нысанның басты мақсаты - шикі 

мұнайды өңдеу және оны тауар сапасы-

на жеткізу болып табылады. Мұнай бізге 

мұнай құбыры және автоарба бойын-

ша Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, соны-

мен қатар басқа кен орындарынан түседі. 

Біз мұнай құрамындағы механикалық 

қоспаларды, суды, тұзды және мұнайлық 

газды бөліп аламыз, содан соң тауарлық 

мұнай кейінгі сыртқа тартып шығару 

үшін МСӨЖ (Мұнай Сапасын Өлшеу 

Жүйесі) арқылы қозғалыс бағытына 

сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесіне 

өткізіледі. 

Шикі мұнайды тауар сапасына жеткізу 

үдерісі кезінде ол бірнеше дайын-

дау кезеңдерінен өтеді. Менің міндетім 

мұнайды әртүрлі қоспалардан шұғыл бөлу 

мақсатында қолданылатын химиялық 

реагенттерді қосуды бақылау болып та-

былады. Сондай-ақ мен қондырғылардың 

үздіксіз жұмыс істеуін бақылаймын.



2. Сіздің жұмысыңызда қандай 

қателіктерге жол беруге болмайды?

Біздің жұмысымызда надандық, 

жауапсыздық, ұқыпсыздыққа, еңбек 

қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша 

талаптарды сақтамауға жол берілмейді. 

Бұл туралы жер-жерде, әлденеше рет 

айтылғандығына қарамастан, қауіпті 

өндіріс орнында жұмыс істейтін ма-

ман ретінде мұнай өндіру - атылыс қаупі 

жоғары нысан болып табылады және осы 

талаптарға салқын қарау адам өміріне 

қауіп туындауына және материалдық зи-

ян тиюіне алып келуі сөзсіз екенін тағы да 

ерекше атап өткім келіп отыр.



3. Жұмысыңыздың арқасында 

қандай пайдалы дағдыларды 

иелендіңіз?

Мен әрдайым қауіпсіздік техника-

сын және қауіпті жағдайлардың алдын 

алуға арналған барлық рәсімдерді мұқият 

сақтаймын. Сонымен қатар ақауларды 

дер кезінде анықтап, қажетті шаралар-

ды қолдану үшін барлығын дәл бақылауға 

дағдыланғанмын.



4. Сіздің ең басты жеке жетістігіңіз?

Бұл менің жұмысыммен байланысты - 

1991 жылы 2-ші разрядты оператор бо-

лып жұмыс істеуден бастасам, ал бүгін мен 

5-ші разрядты оператормын. Сондай-ақ 

Облыс әкімінің Алғыс хатын және ПҚҚР 

Президентінің Құрмет грамотасын алу 

мен үшін зор құрмет.



5. Сіз үшін ең жақсы демалыстың 

түрі?

Қаншалықты қарабайыр естілуіне 

қарамастан - бұл отбасыммен бірге болу, 

оған қоса мен кезекшілік әдіспен жұмыс 

істейтіндіктен өз жұбайымды және бала-

ларымды сирек көремін. Біз табиғатта дем 

алғанды, балық аулағанды жақсы көреміз. 

Өмір қарбаласын ұмытып, әйелің мен 

 

балаларыңның жарқын жүздеріне қарап 



қуану қандай керемет.

6. Сіздің сүйікті нақыл сөзіңіз?

Қазақта «Жігіттің екі айтқаны өлгені» 

деген мақал бар. Осы мақал менің мінез-

құлқымды ашады деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет