МҰНайшы маусым 2013 3 Dear readers and colleagues!


Бүгінгі таңдағы еркекті қалай си-



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата15.03.2017
өлшемі6,66 Mb.
#9989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Бүгінгі таңдағы еркекті қалай си-

паттаушы едіңіз?

Менің ойымша қазіргі заман еркегі ру-

хани бай, адал, отан сүйгіш болуы және өз 

отанын мақтан тұтуы қажет. Нағыз еркек 

- бұл сөзімен емес, ісімен көрінетін еркек.

Отан қорғаушы күнінің құрметіне біз компаниямыздың ер қызметкерлеріне 

жұмыс және басқа мәселелер туралы сұрақ қойдық.

...ПҚҚР, Мұнай дайындау және қайта айдау цехы, сусыздандыру және 

тұзсыздандыратын қондырғының 5-ші разрядты операторы 

ЕЛМҰРАТОВ ҒАБИТ НҰРМАХАНҰЛЫ МЫРЗАҒА 

Білімі

Қызылорда қаласының №1 ор-

та кәсіптік-техникалық училищесі, 

мамандығы - 3-ші разрядты 

мұнай және газ өндіру операторы; 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 

мемлекеттік университеті, «Мұнайгаз 

ісі» мамандығы



Мансабы

1986 - жұмысшы, Бірінші мамыр 

каракулев совхозы; 1990 - 11-ші 

телім жолының 1-ші разряд бой-

ынша жөндеушісі, Батыс-Қазақстан 

темір жолы; 1991 - құрғататын  және 

тұзсыздандыратын қондырғының 

(ҚТҚ) 3-ші разрядты операто-

ры, «Оңтүстікмұнайгаз» өндірістік 

бірлестігі; 2000 - ҚТҚ 4-ші разрядты 

операторы; 2007 - ҚТҚ  5-ші разрядты 

операторы, ПҚҚР



Марапаттары

- Қызылорда облысы әкімінің алғыс 

хаты (2002) 

- «Құмкөл кенішінің өнеркәсіптік 

игерілуінің 20 жылдығы» 

мерейтойлық медалі (2006)

- Компания президентінің алғыс ха-

ты (2011) 



Әскери атағы

Жауынгер, ішкі әскер



7 СҰРАҚ…

МҰНАЙШЫ      

Маусым 2013

13

…ПҚҚР, Бас технологы 

БЕКЛИЕВ ӘДІЛБЕК ҚОШТАЙҰЛЫ МЫРЗАҒА

 

1. «ПетроҚазақстанда» жұмыс 

істеген жылдарыңызда қалай 

өзгердіңіз? 

Мен компанияға институтты бітіре 

салысымен келдім, және мұнда жұмыс 

істегеніме 20 жылдан асты. Есімде, 

90-жылдары мұнай саласы Қызылорда 

үшін жаңа, таңғажайып нәрсе еді. 

Отбасыңнан алыс, кезекшілікпен жұмыс 

істеу, топтық қондырғылар, коллек-

торлар, арнайы техника, ұңғымалар... 

Және, әрине, мұнай - біздің қара алтыны-

мыз... Мұның барлығы сондай қызықты 

еді! Қызылорданың шақырайған күні 

астындағы жаз айларында біз ызғырық 

аязы мен үскірік желі бар қысты ұмытып, 

салқынды аңсайтынбыз, ал қыс  айларын-

да керісінше еді. Табиғаттың құбылмалы 

мінезіне және барлық қиындықтарға 

қарамастан біз тату ұжымда жұмыс істедік, 

жұмысымызды бағалап, бір-бірімізге 

көмектесетінбіз. Өйткені бұл көрші 

республикалардың емес, қазақстандық 

мамандар игеріп жатқан Қазақстандағы 

алғашқы кен орны еді ғой. 

Құмкөлде жұмыс істеп жүріп, мен 

өндірістік үдерістің барлық техноло-

гиясын түсініп, тәжірибе жинақтауға 

тырыстым. Нәтижесінде мен қызмет 

баспалдағымен табысты көтерілдім. 

Компанияда жұмыс істеудің көп пайда-

сы тиді: баға жетпес тәжірибе жинақтап, 

ұйымдастырушылық қабілетті дамытты, 

дипломатты болуға үйретті және басшы 

ретінде қалыптасуға мүмкіндік берді.  

2. Сіздің кәсібіңізге қандай 

қасиеттер қажет?

Біздің кәсіпте төзімді болу керек. 

Сондай-ақ кен орнында жұмыс істеу 

табандылық пен шыдамдылықты, 

ептілік пен байсалдылықты, күш-

қайратты талап етеді. Бұл қасиеттердің 

барлығы Қызылорда аймағы мен бүкіл 

Қазақстанның өркендеуіне әкелетін 

биіктерге жанкешті еңбектің арқасында 

ғана жету мүмкін екендігін түсінетін 

нағыз мұнайшыларға тән.  

3. Жұмыс күніңіздің ең тыныш 

бөлігі қайсысы?  

Мен 2010 жылы «Көлжан» ЖШС бас 

инженері болып тағайындалдым, ал 

2011 жылдан бастап ПҚҚР бас техно-

логы болып қызмет атқарамын. Бұрын, 

кен орнында жұмыс істеген кезде мен 

өзіме тиесілі 15 демалыс күнімде, мұнай 

кәсіпорнын қажет болғанда қаладан-ақ 

басқарып, дем алумен өткізетінмін. Бүгін 

маған жұмысымның қай бөлігі ең ты-

нышы екендігін дөп басып айту қиын. 

Инженерлік-техникалық қызметкердің 

жұмыс күні реттелмеген. Мүмкін, ең 

тыныш уақыт - таңертеңгісін жұмыс 

бөлмесінің табалдырығынан аттаған бір-

екі минутым шығар (күледі).



4. Жас маман болған шағыңызда 

кімді үлгі тұттыңыз?

Жергілікті мамандар болмағандықтан 

1993 жылы Құмкөлге шақырылған Ат-

чибаев Махат Кабдулович менің 

тәлімгеріме айналды. Маңғышлақтың 

Өзен және Жетібай мұнай-газ кен орын-

дарында жұмыс істеген және мұнай 

ісінің теориялық білімі мен практикалық 

дағдыларын жете меңгерген білімді ин-

женер жас мұнайшылармен өзінің бай 

тәжірибесімен асқан мәрттікпен бөлісетін 

еді. Компания мамандарын бірінші кезек-

те жергілікті қызметкерлерден дайындау-

ды ұсынған да сол еді. 



5. Жинақтаған тәжірибеңізбен жа-

стармен қалай бөлісесіз?

Мен өз білімімді компанияда еңбек жо-

лын бастаған жастармен бөлісуге әрдайым 

дайынмын. Бүгінгі жас мамандардың 

компьютерлік сауатты, шетел тілдерін 

меңгергендігі және кәсіптің барлық қыр-

сырын білуге құштарлығы аса қуантады.

 

6. «ПетроҚазақстан» компанияны 



адаммен салыстыратын болсақ, ол 

қандай болар еді? 

Бүгінде біздің компания - заманауи 

инфрақұрылымы мен жоғарғы өндірістік 

көрсеткіштері бар Қазақстандағы мұнай 

өндіретін үздік компаниялардың бірі. 

Бірақ мен оны ең алдымен Құмкөл 

дамуының қайнарында тұрған және 

оның ізашарларын бастаған кәсіпқой-

мұнайшы Мурат Газизович Саламатовпен 

байланыстырамын. Дәл соның жетекшілік 

қасиеттерінің, іске адалдығының, 

жұмысты тиімді ұйымдастыру және пер-

соналды іріктей білуінің арқасында 

бүгінде Құмкөл сөзі бүкіл елге асқақ 

естіледі. 

7. Егер сіздің алдыңызда таңдау 

тұрса: ұзақ өмір сүру немесе сәттілік, 

қайсысын таңдайтын едіңіз? 

Мен сәтті ұзақ өмірді таңдар едім - бірі 

екіншісіне бөгет болмайды. Бірақ ең ба-

стысы - жаныңда сенім артуға болатын 

адал серіктестерің 

Білімі 

В.И.Ленин атындағы Қазақ 

политехникалық институты, 

мамандығы - мұнай-газ кен орында-

рын игеру және пайдалану, біліктілігі 

- тау-кен инженері; «Болашақ» 

Қызылорда Университеті, 

мамандығы - құқықтану



Мансабы

1993 - Мұнай және газ өндіру 

цехының (МГӨЦ) 5-ші разрядты опе-

раторы, «Оңтүстікмұнайгаз»; 1995 

- орталық инженерлік-техникалық 

қызметтің (ОИТҚ) инженер-техно-

логы; 1995 - ОИТҚ ауысым бастығы; 

1996 - МГӨЦ бастығының орынбаса-

ры; 1998 - МГӨЦ бас инженері; 1999 

- МГӨЦ басқарушысы; 2000 - МГӨЦ 

өндіру жөніндегі менеджерінің 

орынбасары; 2005 - кен орнындағы 

өндіру тобының жетекшісі, ПҚҚР; 

2006 - Құмкөл кен орнында мұнай 

өндіру жөніндегі менеджер; 2010 - 

бас инженер, «Көлжан» ЖШС; 2011 - 

бас технолог, ПҚҚР

Марапаттары

- ҚР Энергетика, индустрия және 

сауда министрлігінің «Мұнай 

өнеркәсібіне 100 жыл» төсбелгісі

(1999)

- Алтын Президенттік сыйлықақы 



(2008)

- «KazEnergy» Қауымдастығының 

медалі (2010)

Әскери атағы

Сержант, танк әскері



14

Маусым 2013      



МҰНАЙШЫ

…ПҚОП, Висбрекинг технологиялық қондырғысының аға операторы 

ШАУПОЛАТОВ ШАЯХМЕТ ӘБДУҒАНИҰЛЫ МЫРЗАҒА

1. Жұмыс сізді неге үйретті?  

Жауаптылық пен зейінділікке - МӨЗ 

қондырғыларында жұмыс істеу бары-

сында бұл өте маңызды болып келеді. 

Аға оператор бригададағы өзіне 

бағынышты операторлар мен машини-

стерге, жабдықтың дұрыс пайдаланы-

луы мен қондырғының технологиялық 

үдерісін жүргізуге жауапты болады. 

Зейінсіз болу лауазымдық міндеттердің 

орындалуын аса қиындатады. Өйткені 

қолданыстағы технологиялық 

қондырғы мұнай өндіру зауытының 

барлық жабдығы секілді жоғарғы 

қауіптілік сыныбына жатады. Кез кел-

ген ережені елемеу немесе дұрыс  зейін 

салмау аса қайғылы салдарларға әкелуі 

мүмкін.


2. Сіздің жұмыс істеген 

жылдарыңызда компания қалай 

өзгерді? 

10 жыл бұрынғы «ПетроҚазақстанды» 

қазіргімен салыстырғанда өзгеріс 

өте көп және бұл тек қана жаңа тех-

нологиялар емес екендігін атап 

өткім келеді. Компания құрылымы, 

жұмыс жүргізу стилі өзгерді. Қазір 

еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға, 

сондай-ақ технологиялық үдерістерді 

басқаруға қатты көңіл бөлінеді. Мы-

сал ретінде келтірсем - бүгінде 

технологиялық қондырғының опе-

раторы өз уақытының көбісін 

технологиялық үдеріс жүргізуге ар-

найды, ал жабдықты жөндеу және та-

залаумен басқа мамандар (темір 

ұстасы, жөндеу бригадалары) айналы-

сады. Шынымен де өндіріс қауіпсіздігі 

компанияның бірінші басымдылығына 

айналды және сәйкесінше бөлімдермен 

оны қамтамасыз ету, өндірістегі жаза-

тайым оқиғалар санын нөлге жеткізу, 

сонымен қатар экологиялық құрамдас 

бөліктерді жақсарту жөніндегі белсенді 

жұмыстары жүргізілуде.    

3. Сіз үшін қандай адами 

қасиеттер маңызды? 

Адалдық, ар-ұяттылық. Адамның ал-

дамайтынын және опасыздық жаса-

майтынын білу маңызды - бұларсыз 

сенімді қарым-қатынас құру өте қиын.   

4. Сіз 5 жылдан кейін өзіңізді 

қалай елестетесіз?

5 жылға есейген, қуанышты, табысты 

және әрине, бақытты!  

 

5. Балаңыздың «Әке, жұмыста не 



істейсің?» деген сұрағына қалай 

жауап берер едіңіз?

Менің балаларым бұны сұрап 

қойған - қазір олар айналаның бәрі 

қызықтыратын және көп сұрақ қоятын 

жаста! Мен оларға былай деп жауап 

бердім: «мен бензин жасайтын үлкен 

зауытта жұмыс істеймін. Бұл бензинді 

адамдарды тасымалдайтын көліктерге 

және автобустарға құяды». Менің жауа-

бым оларға ұнады (күледі).



6. Сізге берілген ең жақсы ақыл-

кеңес? 

Маған берілген және мен құлақ 

қойған ақыл-кеңестің ішіндегі ең 

жақсысы - «темекіні таста» дегені. 

Мұндай әдеті бар адамдар оны 

тастаудың қандай қиын екендігін 

біледі! Бірақ, міне, менің темекі тарт-

пайтыныма екі жыл болды. Өз-өзімді 

анағұрлым жақсырақ сезінемін, 

сырқаттануым да азайды, тұрмыс сал-

тым да өзгерді. Бұрын менің күнім 

шылым шегумен басталып, сонымен 

аяқталатын. Қазір болса мен салауатты 

өмір салтын ұстанып, жаттығу залы мен 

бассейнге барамын. 

7. Егер Сізде кез келген 

құрылғыны жасауға қажетті 

қаржы мен технология болса, бұл 

не нәрсе болар еді? 

Бұл күн қуатын өндіріп шығаратын 

құрылғы болар еді. Құдайға шүкір, 

Шымкент - шуақты қала және  бұлтсыз 

шуақты күндердің саны «жасыл» тех-

нологияларды енгізуге және оны жыл 

бойына пайдалануға мүмкіндік береді. 

Осындай құрылғыны үйіме орнатып, 

күн қуатын суды жылытуға, электр 

қуатын өндіруге, қысқы уақытта ауаны 

жылытуға және жазғы уақытта ауаны 

салқындатуға пайдаланар едім. Себебі, 

үнемділігінен басқа мұндай құрылғы 

біздің ауаны таза қалпында сақтауға 

мүмкіндік береді! 

Білімі

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік 

университеті, факультеті - отын 

және көмірсутек материалдарының 

химиялық технологиясы, мамандығы 

- инженер-химик-технолог



Мансабы

1998 - Каткрекинг қондырғысының 

операторы, Павлодар мұнай-

химия зауыты; 2000 - Висбрекинг 

қондырғысының аға операторы, 

ПҚОП


Марапаттары

- «Кәсібінің үздігі» (2006)

- «KazEnergy» Қауымдастығының ма-

рапаты


Әскери атағы

Лейтенант, түтін және оқ шашатын 

взводының командирі


МҰНАЙШЫ      

Маусым 2013

15

...ПКОП, №1 цехтың 200-ші секциясының аға операторы және ауысым жетекшісі 

СЫЗДЫҚОВ БАУЫРЖАН АМАНҒОСҰЛЫ МЫРЗАҒА

1. Өзіңіздің жұмысыңызда нені 

бәрінен қатты ұнатасыз?

Әрбір қойылған тапсырма-

ны жүзеге асыру кезіндегі реттілік 

және жауапкершілік мен үшін ба-

сты өлшемдер болып табылады. 

Біздің өндірісіміз - ауыр және қауіпті, 

сондықтан барлығы сағат секілді 

жұмыс істеуі қажет. Себебі, біздің мұнай 

өңдеу зауытымыздың жалпы дамуы 

әр қызметкердің қосқан үлесіне бай-

ланысты болады. Есте сақтау қабілеті 

және ең алдымен көз қапері жақсы бо-

луы қажет.  Логикалық ойлай алу, озық 

ойлай және жұмыс істей алу, жағдайды 

сезіне білу, келешекте не болуы мүмкін 

екендігін алдын-ала болжау маңызды 

болып табылады. Мысалы, температура 

көтерілгеннен кейін, бірнеше сағаттан 

соң бензиннің негізгі көрсеткіші - ок-

тан саны көтерілуі мүмкін және осын-

дай себеп-салдарлық байланыстарды 

ескере білу маңызды. 



2. Цехыңыздың  жүзеге асырған 

қандай жобасын мақтан тұтасыз? 

Бүгінгі таңда өндірістегі барлық 

үдерістер заманауи технологиялардың 

арқасында автоматтандырылған және 

50 жыл бұрын әкелерімізге секілді 

көмірді оттыққа лақтырудың қажеті 

жоқ. Және ілгерілеу өндірістің ба-

рынша нәтижелігіне себепші бо-

ла отырып, алдыға қарай қарқынды 

жүреді. Біздің жаңа жабдығымыздың 

ішінде маған 2011 жылы 200-ші сек-

цияда орнатылған қытай өндірісінің 

«LAMPEC» жылу алмастырғышы ұнады. 

Ол аса ыңғайлы және оған қызмет 

көрсету де қарапайым.

3. Сізде «кәсіби ырымдар» бар ма?

Ерекше нанымдарым жоқ, 

жұмыста өзімнің тәжірибеме және 

қәсіпқорлығыма көбірек сенемін. 

 

Күнделікті өмірім туралы айтатын бол-



сам, мәселен, қазақтарда сәрсенбі- 

сәтті күн деген ырым бар. Осыған орай  

«Сәрсенбінің сәтті күні...» деген сөз 

тіркесі де бар. Бұл жаңа жұмысты ба-

стау үшін  өте жақсы күн.  

4. Сіздің ойыңызша 

жұмысыңыздағы ең қиын нәрсе 

не?

Бірқатар кәсіби тәжірибемнің 

арқасында жұмысымда ерекше 

қиындықтарды сезбеймін, қиын 

жағдайлар пайда болған жағдайда 

оларды өз күшіммен  орындауға 

ұмтыламын. Оған қоса, әрдайым 

басқаларға көмектесуге тырысамын 

- менің ойымша ұжымшылдық және 

ұжым рухы кез келген жағдайды жеңуге 

өз әсерін тигізеді. 

Жалпы айтқанда, біздің секцияда - 

жоғарғы температура, қысым секілді  

технологиялық үдеріс өзімен өзі ау-

ыр болып табылады, сондықтан бізде 

аса білікті жұмысшылар жұмыс істейді.  

Өйткені, ең ақырында жоғары сапалы 

бензинді шығару үшін біз зауыт алдын-

да ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының 

алдында жауапты боламыз.  



5. Жас мамандарға беретін 

кеңестеріңіз

Еңбек қызметін зауытта бастап 

жатқан жастарға жауапты, адал, 

тәртіпті және тәрбиелі болуды тілеймін. 

Білім алыңыз және міндетті түрде 

өздеріңіздің әріптестеріңізден, өз 

бетіңізбен әрдайым үйреніңіз. Бірақ 

ең бастысы - еңбекқор болыңыз, 

бұл қасиет ешқашан көзге түспей 

қалмайды. 



6. Арманыңыздағы көлік? 

Бәлкім, барлық еркек бұл сұраққа 

- Феррари, Ламборджини деп жау-

ап беретін шығар (күледі). Шыным-

ды айтсам, менің арманымдағы көлік 

- бұл жақсы көлік, ал жақсы көлік тек 

жаңа көлік қана бола алады. Сондықтан 

өзімнің арманымды іске асырып, осын-

дау көлік алуға тырысып жүрмін.  

7.  Сіз алған ерекше сыйлық?

Әр сыйлық мен үшін ерекше және 

аса қымбат. Мысалы, өз сәбиіңізден су-

рет немесе арнайы сіз үшін жасаған 

ұсақ-түйекті алу қашанда жүрекке жы-

лы тиеді. Ал, жалпы, әрине, ең бастысы - 

бұл адамның көңілі мен ниеті.   

Білімі

Казақ химия-технология институты, 

факультеті - жанармай және көміртек 

материалдарының химиялық техно-

логиясы, мамандығы - инженер-хи-

мик-технолог



Мансабы

1993 - №1  цехтың 200-ші секция опе-

раторы; 2003 - №1 цехтың 200-ші 

секциясының аға операторы және ау-

ысым жетекшісі. 

Әскери атағы

Лейтенант, химиялық әскер 

взводының командирі


16

Маусым 2013      



МҰНАЙШЫ

...ПҚОСИ Маркетинг және Тасымалдау, Жылжымалы құрама жөніндегі аға маман 

МУРЗИЕВ ТАЛҒАТ ІҢІРҒАЛИҰЛЫ МЫРЗАҒА

1. Соңғы 5 жыл ішінде 

жұмысыңызда өзгеріс бар ма? 

Жұмыс көлемі әрдайым артып 

келеді, оның үстіне соңғы жылдары 

мен атқаратын қызметтер күрделенді, 

бұл, ең алдыменен қосымша білім мен 

дағдыны талап етеді. Жауапкершілік 

деңгейі де, өндіру және шешім қабылдау 

үдерісіне қатысу дәрежесі де өсті. 



2. Өз ісінің майталманын қалай 

сипаттар едіңіз?

Майталман - бұл өз ісінің шебері. Мен 

былай айтар едім: оның жетістіктерін 

әріптестері мен серіктестері 

мойындаған, одан кеңес алуға құштар. 

Мұндай адаммен дайындалған жоба-

лар табысты болады, ол тақырыпты 

қалай ашуды және нақты мәселені 

талдаудың түрлі әдістерін  пайдала-

на отырып, талдауды қалай жүргізу ке-

рек екендігін біледі. Мұндай мамандар-

ды түрлі конференциялар мен кездесу-

лерге көп шақырады, ондай жерлерде 

ол қатысушылармен өз тәжірибесімен 

бөлісе алады. Бұл өз ісінің егжей-

тегжейін толығымен білетін адам.  



3. Сіз Президенттік сыйлықа-

қыны қандай жоба үшін алдыңыз? 

Президенттік сыйлықақыны біз 

ұжыммен - Жылжымалы құрам 

мен мердігерлер қызметін басқару 

тобының құрамында алдық. Біздің топ-

пен жылжымалы құрам жиынтығын 

пайдаланудың тиімділігін артты-

ру және шығындарды оңтайландыру 

бойынша жобалар қатары табысты 

жүзеге асырылған еді. Аталған жобалар 

мұнай өнімдерін тасымалдау көлемін 

арттыруға, цистерна-вагондардың 

жұмысқа жарамсыз паркінде тұру 

уақытын азайтуға және оларды пайда-

лану шығындарын кемітуге мүмкіндік 

берді. 


4. Өміріңізде спорт қандай орын 

алады? 

Бұрын мен футбол ойнайтын-

мын, бірақ жарақат алғаннан кейін 

тоқтаттым. Қазір жаттығу залы-

на және йогаға барамын. Спорт-

пен айналысу денсаулық, күш-қуат, 

төзімділік, икемділік, жақсы сым-

бат, өзіңе сенімділік сыйлайды және 

ерік-жігерді шыңдайды. Ерінген 

шақта осы түрткілерді еске түсіру 

қажет. Спортпен шұғылдансаң, өз 

денеңнің қалай өзгеріп, сауығып бара 

жатқанын сезінесің. Әрине, ол бірден 

өзгеріп кетпейді, бірақ бір ай ішіндегі 

тұрақты жаттығулардан кейін шынайы 

өзгерістерді байқауға болады.   



5. Әйел адаммен даула-

су тәсілдері. Кеңестеріңіз бен 

ескертулеріңіз.

Әйел адаммен дауласу өте қиын, 

сондықтан дауласпаған дұрыс (күледі). 

Аса қажет жағдайда өзіңді байсал-

ды ұстап, ашуға бөленбей, дауысты 

көтермей ақырын сөйлеген жөн. Со-

нымен қатар жарыса сөйлемеу ке-

рек, бір-біріңнің сөзіңді бөлмей, және 

ең бастысы тыңдай білу қажет. Бұлай 

жасамасаң, пікірталас ұрысқа айналып 

кетуі мүмкін.  

6. Қосымша қандай мамандықты 

игергіңіз келеді?

Мен заңгер мамандығын игергім 

келеді. Қызмет барысында хат, шағым, 

шарттар  жасап, түрлі жобаларды 

қарастыру және іске асыру бойынша 

келіссөздерге, жиналыстарға қатысуға 

тура келеді. Сондай кездері құқықтық 

қатынастарды реттеу саласында терең 

білімнің болуы жақсы септігін тигізер 

еді. Бұл, менің ойымша, орнығып келе 

жатқан өзара қарым-қатынасты және 

контрагенттің әрекеттерін қандай да 

бір жағдайларда дұрыс пайымдауға, 

сондай-ақ құқықтық салдары орын 

алатын мәселелерді шешудің заңды 

жолын оппонентіңе білікті дәрежеде 

дәлелдеуге сенімділік береді.   

7. Футбол. Ерлердің спорт түрі 

ме, әлде …?

Футбол - спорттың бұқаралық ең 

әйгілі түрі. Алайда оның оғаштығы 

- аталған қауым көпшілігінің алаң 

бойынша сол 90 минутты жүгіре ал-

майтын көрермендер екендігінде. 

Және кейбіреулері қазіргі уақыттағы 

ерлердің ең танымал спорты - 

теледидардағы футбол деп негізді түрде 

есептейді.  

Мен футболды қатты ұнатамын, 

меніңше - бұл қозғалысты және 

құмарлы ұжымдық спорт түрі, ондағы 

әрбір ойыншының өзін-өзі көрсетуге, 

жаратуға және ойлануға зор мүмкіндігі 

бар. Бүгінгі футболды мен тек қана 

ерлердің спорты деп айтпас едім. 

Әрине, ол жерде жарақаттануға 

әкелетін алаңдағы түрлі соқтығысулар 

бар - бірақ бұл спорттың барлық 

түрінде де кездеседі. Бүгінде футбол-

ды қыздар да ұнатады, және ол - басқа 

да нәрселер секілді - адамзаттың тек 

қана мықты жартысына тиесілі болу-

дан қалды. 

Білімі 

Алматы автожол институты (қазіргі 

Қазақ көлік және коммуникация 

академиясы), мамандығы - инже-

нер-механик; Т.Рысқұлов атындағы 

Қазақ экономикалық университеті, 

мамандығы - экономист

Мансабы

ПҚОСИ-да 2004 жылдың маусым ай-

ынан бастап жұмыс істейді

Марапаттары

- Алтын Президенттік сыйлықақы 

(2011)

Әскери атағы

Лейтенант, запастағы офицер, әуе ша-

буылына қарсы қорғаныс әскері


МҰНАЙШЫ      

Маусым 2013

17

...ПҚОСИ, АТ пайдаланушыларға қолдау көрсету жөніндегі аға маманы, 

ДМИТРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ЕСЬКОВ МЫРЗАҒА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет