ЖАНҰЯ
- 252 -
жолымен балалы болуда діни тұрғыдан зияны бар ма?
Жауап: Жоқ, бұл амалдардың өздері зиянды емес. Алайда
бұларды істеген кезде күнә араластырмау керек.
Жасанды түсік (аборт)
Сұрақ: Аборттың медицинадағы
және дініміздегі орны
қандай?
Жауап: Медицина мамандарының айтуы бойынша:
«Аборттың қауіптері мен зияндары жүктілік мерзімі өскен
сайын арта түседі. Сондықтан
қажеттілік жағдайда аборт
алғашқы айларда жасалуы керек. Аборттың заңнамалық
шектеуі 12 апта делінеді. Бұдан кейінгілері заңсыз. Сондықтан
12 аптадан асырмауға тырысу керек. Басқа жолдармен түсік
жасауға тырысқан әйелдердің түрлі
ауруларға шалдығып
жатқандығы, тіпті ажал құшып жатқандығы ащы шындық.
Сондықтан аборт заңды, медициналық жолдармен жасалуы
керек.»
Дінімізде үзірсіз бала алдыру харам болып табылады,
яғни бұған тыйым салынған. Әсіресе,
кедейліктен қорқып
құрсағындағы баланы өлтіру, әділетсіз түрде баланың жанын
қию – зұлымдық болуымен қатар,
бала ақысын білмеу
болып табылады, үлкен күнә болады. Анасының немесе сүт
емуде болған басқа нәрестенің өліміне себеп болатындай
үзір
бар болса, дене мүшелері әлі дамымаған баланы
алдыру жаиз (рұқсат) болады. Кутуб-и Ситтадағы
«Адам,
Достарыңызбен бөлісу: