205
С ы р ы м (
түрегеліп
)
.
Олай болса,
сені жылатқан әке-
шешемен менің бітімім жоқ. Қарғамаса, атып жықсын. Қара
басым қара жерге кіргенше менің ешкіммен елдігім жоқ. Енді,
қош бол... Сенің күйігіңді көзіммен көрер шамам жоқ. Құдай
қосса, көрермін, әйтпесе түз құсы болып кеткенім осы. Мені
Қарауылдың елі-белі көрмей-ақ қойсын, ұры болам ба, қары бо-
лам ба, қаңғығанның алды осы түннен басталсын.
Қ а р а к ө з . Жоқ.., жаным.., оны істесең, мен риза емен...
Сен мені ертең ұзатқан жеріме келесің. Мені барар еліме
апарасың... Әйтпесе бір емес, екі өлгенім...
Мені осы жерге
өлтіріп кет! (
Сырым жүруге айналғанда қолынан ұстайды.
)
С ы р ы м . Жоқ.., жоқ... Мен енді сенің бетіңе шіркеу
келтіретін іс істемеймін.., менің болмағаным артық... Мен елдің
қызығын бұзып кетермін. Жаралы жас аюдай дұспан атаулының
бетін тырнармын... Мені босат.
Қ а р а к ө з . Сен – алғыр құс ақ тұйғын, өзгелер – қара қар-
ға... Сенің күндегі алатын жеміңді аяймын ба? Сыртыңнан
жырлаған жау алдында шыдай алмай, именіп кететінін көріп
кетемін, мені сен апарып салмасаң, көзімнің жасын кім тыяды?
Қайғылы басымды кім сүйейді?.. (
Тым-тырыс.
)
С ы р ы м (
ойланып тұрып
)
.
Олай болса, жарайды... біз
келерміз. (
Құшақтасып, сүйісіп, айырылуға айналып.
) Қара-
ғым-ай бір атадан неге тудың? Тумағыр басым,
неге тудым
Жабайдан. Сондайлық қарғыспен тудырғанша, бұл туысты
бір қылмасаң не етуші еді? (
Қайғырып тұрады. Біраздан соң
Ақбала салдармгн бірге сахнаға келіп шығып, Қаракөзді ертіп
шығып кетеді.
)
VII көрініс
Ақбала, салдар.
Салдар Сырымның қасына келеді.
Д у л а т . Жарықтығым, қабағыңды қарс жауып не қып
тұрсың. Не деп жүдетіп кетті... қол ұстасып бел асуға шыда-
мады-ау Қаракөз...
С ы р ы м . Қаракөз шыдамады... Біздің енді не боларымызды
Құдай білсін... Бірақ Қаракөзді Тұрсындікіне апарып салатын
болдық. Ертең той. Айтылатын жар-жар бар... Қаракөздің ке-
тер күні Қарауылдың елі мен белін күңірентіп кетсін. Біз ертең
206
қыздар тобында болып, жар айтармыз. Жарылғап пен Жабайға
қоштасқан сөзді қоса айтамыз...
Д у л а т (
бекініп
). Дұрыс осы.
Қаракөзімізді әкететін жау-
лар ға тым болмаса бір оқ атып қалайық. Ең болмаса барып-ба-
рып жығылмас па екен... Әкетсе де соққы жеп кетсін. Несіне біз
сері болып жүрміз? Неге қарап қаламыз?..
С ы р ы м . Рас айтасың...
Қ о с к е л д і . Бәрекелді! Жақсы болды, тілді безеп бір
байқалық... Өзіміз Қаракөз кетеді дегелі жабы болып барамыз.
Д ә у л е т к е л д і (
әндетіп, домбыраны соқтырып
)
.
Мен айтайын жар-жарым,
Ақ отауды тіккен жер,
Майдан болсын, жар-жар!
Ақ жүзімді
көруге айнам болсын, жар-жар!
Қандай жақсы болса да қайын атам, жар-жар,
Қайран менің әкемдей қайдан болсын, жар-жар?!
С ы р ы м (
тоқтап
)
.
Жоқ, біздің жар-жар бұл болмайды.
(
Көтеріліп, сергіп.
) Біздің өлең:
Қаракөздің жанына,
Жара салған жарына,
Күңіренткен зарына...
Д у л а т
.
Қайғылы болған халына,
Айырбас болған малына.
Қ о с к е л д і
.
Артта қалған ағайын,
Туғаны мен барына.
С ы р ы м (
басын изеп
)
.
Назаланып налына,
Бетін ашып тарыла.
Айтқан сөзін жыр қылармыз, осыған тіл беріңдер! (
Өзгелер
күліседі. Аз тым-тырыстан соң.
) Күнә болса күнә... Мен
Қаракөзден қалмаймын.., күдерімді әлі үзбеймін. Бұның күнә
болатынын білсе,
әлгі бір немесі мені еркек, оны ұрғашы
қылып неге жаратты? Мені алғыр тұйғын, оны айдынның ақ
құсы қылып неге жаратты? Мені жігіттің ардагері қылып, оны
Арқаның аруы қылып неге жаратты?
207
Д у л а т
Қ о с к е л д і
(
қосылып
)
.
Д ә у л е т к е л д і
Бәрекелді, сал Сырым,
Көрсетсеңші сән түрін.
Тарқатсаңшы ой кірін,
Айтушы
едің сен бұрын,
Шырқатсаңшы ән бірін.
С ы р ы м . Баста, олай болса, Қаракөзге. (
Бәрі қосылып, ән
салып кетіп бара жатады.
)
Ән (
Қаракөз
).
Серінің қыз құтылмас талабынан,
Қалқатай, бір сүйгізсең тамағыңнан.
Жеңгетай, тоғыз торқа толып жатыр,
Сілкіп ал шалбарының балағынан.
(
Сахнадан шығады, кетіп бара жатып
):
Қаракөз айым,
Қалдың кейін.
Кеткенде сен алысқа,
Зар еңірейін.
VIII көрініс
Асан сал кіреді.
А с а н (
ойланып, әндетіп
)
.
Қара шапан жамылып,
Қыз кетеді бір жаққа.
Ән шырқатып қағынып,
Сал кетеді бір жаққа.
Салқын
кеште сейіл қып,
Кім келеді бұл тасқа?
Жолығуға ыңғайлы,
Болғандай-ақ жолдасқа,
Сонда да мұнда сыр басқа.
Ойланып тұрып, ақырын ысқырып жүріп кетеді.
Ш ы м ы л д ы қ