Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет34/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
V көрініс
М ө р ж а н . Қарағым! Неге жүдеусің? Мынау отауыңа: 
«ұзағынан сүйіндір», – деп оң аяғыңмен аттап кір... Атаң күйеу, 
енең келін боп тілеу тілеп кірген, ақ күмбезі осы болар, әлде 
кімнің қызынша орынсызға именіп, жасқанбай, бойыңды дәл 
ұста... (
Қаракө
з 
кірмей, үндемей тұрады.
) Кір, жарығым, жасық 
боламысың, шіркін, әлде немене!..
Қ а р а к ө з . Әже-ай! Шығармыз да, кірерміз.., оның несін 
ырым қылдың... Қай қыз сапарымды оңда деп тілеу тілемеді 
дейсің? Соған қарап бағы ашылатын болса кім тілемес дейсің? 
Жылы ұядан шығып, жат ұяға кетіп барамыз, одан да батаңды 
берсеңші.


212
М ө р ж а н . Менің бата бермей жүрген балам ба едің сен?! 
Ана сүтім, ақ батамды ақтамасаң – саған серт, тілеуіңді тілеме-
сең – маған серт дегенім қайда? Қайдан білейін, туысқаның Сы-
рымша ата-ананың теріс батасын арқалап, аруақты күңірентіп 
жүрмесең. (
Тым-тырыстан соң.
) Басқан ізіңнен сынайтын 
жаттың ортасына барасың, сақ бол. «Басқа пәле қызыл тілден» 
деген сөз бар. Ата сақал аузына біткен сенің әкең Жарылғапты 
қағып отырсам да, сені бір күн алдыңнан шығып, көлденең кел-
ген жоқ едім. Өркөкірек қылып өсірген өзім едім, өлшеуіңнен 
аума, жаным.
Қ а р а к ө з . Әже, мені бір шаруаға шақырттың ба, әлде бір 
айтпағың бар ма еді?
М ө р ж а н . Қарағым, айтпағым бар екені рас. (
Аздан соң.

Сенде ішке жиған бір наразылық бар сияқты, қызығын қызық-
тағысы келмеген бір жараулық бар дейді. Сенің қызығыңа қара-
ған шешең мен үстіңде жаным шықсын деген анаңмын. Саған 
жаман ат тағылғанша, менің қартайған басыма ол қайғыны 
салғанша, құдайдың алғаны артық деп жүрген адаммын...
Қ а р а к ө з . Мен сонша жаманатты болыппын ба? Не 
істеппін?
М ө р ж а н . Сенің қабағыңа қарап, Нарша да жүдеп отыр 
дейді... оның да қабағы сынық сияқты маған. Одан артық 
сұмдық бола ма, бұл менің көрер күнім бе еді? Осыны бір емес, 
көп жұрт айтты. Қарағым, мен сенен мұның жай-жапсарын 
сұрамаймын.
Қ а р а к ө з . Неге сұрамайсың? Сұрағаның лайық емес пе? 
Бітеу жара қылып ішіңе сақтасаң, дерт болмай ма? Мені бұл 
болмаса, күл болсын дегенің бе... Әйтпесе қызының күйін 
шеше сұрап білсе мін бола ма екен?
М ө р ж а н . Жоқ... жаным... маған сұратпа, маған ол 
күйігіңді білдірме... Айтпағым сол, осы білгенім де жетер, 
менің кәрілігімді ұмытпа. Шешеңнің ауыр салмақ көтерер сиқы 
жоғын байқа.., мына тойыңды қуанышпен өткіз.., жабы болып 
жолдасыңды жасытпа. Ондағы баратын ауылыңның, мұндағы 
ата-анаңның жүрегін мұздатпа...
Қ а р а к ө з . Кім болса да қолынан келгенін істер...
М ө р ж а н . Балам, жоқ сұмдықты бастама... жұрттан естіп 
жатқан сөзім де жетер. Салғыласпа енді меніменен... (
Жақындап 
келе жатқан ән естіледі.
) Болды, енді үйге кір...


213
Қыздар үйге кіреді. Ақбала мен Қаракөз сырласып сөйлеседі, өзге қыздар 
бір жақта күлісіп, сөйлесіп тұрады. Бұл уақытта сахнаға күйеулер тобы 
шығады. Ішінде Асан сияқты салдары бар... бір бөлек болып құда-құдағилар 
шығады. Құдалардың ішінде Тұрсын, Қойсары би бар. Текті бәйбіше қасында, 
Жарылғап ауылының қатындары, кұда-құдағилар, бұлар салулы кілемге оты-
рады. Тойға жиылған ел, күйеулер тобының жанында болады, Асан сал әндетіп 
шығады. Маңайындағы жұрт қамалып, күлісіп, қуанысып келе жатады.
VI көрініс
М ө р ж а н (
Наршаның алдынан
)
.
Қарағым, ұзағынан 
сүйіндірсін. «Қыз алғанша қайын жуан, қыз алған соң күйеу 
жуан» деген. (
Бұл уақытта Нарша, Асан барлық жолдаста


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет