Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет35/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106
-
рымен Мөржан бәйбішенің алдынан сызылып тәжім етеді.

Енді Қаракөзім де бір, сен де бірсің. Екеуің қара өзегімді қақ 
жарып шыққан баламсың. Келші бермен (
Нарша қасына келеді, 
Мөржан маңдайынан сүйеді.
) Өмір жастарың ұзақ болсын, 
қарағым.
Т е к т і . Құдағидың мейірімі түскен баласы еді Қаракөз. 
Нарша екеуі тек ақ батаңды ақтайтын болсын, біздің де содан 
басқа тілейтін тілегіміз жоқ.
Ж а р ы л ғ а п . Кемпір шешенің содан артық не тілегі бо-
лады, тек балалар бақытты болсын, ұзағынан сүйіндірсін, 
бәріміздің де тілегіміз сол.
Т ұ р с ы н . Не нәрсе де ұзағынан берсін, біздің анау-мы-
нау сөзіміз жолда қалатын сөз ғой, тек әке едің, үлкен едің деп 
айтқан болмаса, өздерінің түз еңбегі жарасса, әке-шеше былай 
қалады ғой.
Қ о й с а р ы . Ақ батаны беріп, адал тілеуді тілеу – ата-
ананың міндеті, көл болған көп тілеуін орындау – адал туған ұл 
мен қыздың міндеті.
М ө р ж а н . Балаларым, жақсы болсаң, кеудеңде санаң бол-
са, үлкеннің тілеуі де, батасы да осы болар. Жаман болам десең-
дер, бізді өмір бойы бөктеріп жүрмессіңдер, өз күндеріңді өзде-
рің көрерсің, әйтпесе іріген-шірігеннің бірі болып жүрерсің 
(
Бұл сөзді тыстағылар мен үйдің ішіндегі жұрттың бәрі 
тыңдап тұрады.
)
Ж а р ы л ғ а п . Кәне, ойындарыңды бастаңдар.
Д а у ы с т а р . Иә, енді ойын басталсын, ойын басталсын, 
кәрінің ақылы айтылмай қалмас, кейін де айтылар. Жаршылар! 


214
Шығыңдар енді, қыз-келіншек күтіп тұр (
Күліседі, салдар мен 
ел жігіттері бөлініп шығады.
)
А с а н . 
Жар-жар болса, жаршы біз,
Айтысам деген ақын қыз 
Бой көрсетсін тығылмай,
Айтысатын ақынбыз (
аз тым-тырыс.
)
Тәтті ауыздан дәм кетпей,
Қиналып маңдай терлетпей,
Айтысам десең, бастаймыз 
Тындаушыны шөлдетпей.
Қыздар сыбырласып, ақырын күлісіп, жібек шәлі жамылып, төрт-бесеу 
топтанып, босағаға таман келеді, бұл уақытта Сырым көп жолдасымен сахнаға 
шығады – бәрі де сәнді салдар.
К ө п ж ұ р т . Салдар-салдар келеді (
Жол беріседі.
)
А с а н (
Сырымға
)
.
Қай топқа қосыласың?
Ж а р ы л ғ а п . Қай топқа қосылғаны несі – бұл еркек емес 
пе, еркекке қосылады да.
М ө р ж а н . Оны істесе Сырым бола ма (
Кекетіп күліседі.
)
С ы р ы м (
Құдалар жаққа қарап
)
Күлген кісі күлер,
Күлмегенің түнер. 
Тіл орамды ілер,
Мұндайда ақын бір түлер.
Түлегенде не дер –
Оны Сырым білер.
Жалғыз-ақ топтан тілек бар –
Тентек атты Сырым ғой,
Не сөз айтса албытқа
Қайнамасын жігер!
(
Көп жұрт күліседі
).
Д а у ы с . Әй, байғұсым, жүрек шерін тарқатар көсем сер-
кем осы дағы. (
Сырым жолдастарын ертіп үйдің ішіне кіріп 
кетеді. Үлкендер ұнатпаған пішінмен қарасады.
)
М ө р ж а н (
Жарылғапқа
). Осы сияқты ібіліс жынның 
жүрісін көрмесем деп едім, бүгінгі күн тағы кез келтірді ме?
Ж а р ы л ғ а п . Оның дағы жүргені аруақтың арқасы шығар, 
қайтушы едік, соншалық жатша қуып, жат бауыр қылып 
қайтесің.
М ө р ж а н . Мен қойдым, бірақ бұл жүрген жерден береке 
шықпайды: айттым да қойдым.


215
Бұл уақытта әр жердегі топ сыбырласып, күлісіп тұрады, Сырым үйге 
кіргенде Қаракөздің қасына келіп.
С ы р ы м (
Қаракөзге
)
.
Қалқам, мен бүгін текке келіп, текке 
кетем деп келгенім жоқ, мен баласы жауға тұтқын боп, өзіне оқ 
тиген жанмын, сені қамаған топты жараламай кетпеймін.
Қ а р а к ө з . Мен сөзімді айтқанмын. Менің еш нәрседен 
именерім жоқ, өзің біл.
Еркектер тобы, бастығы Асан әндетіп, қосылып жар-жар айтады. 
Ж а р - ж а р (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет