Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет38/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
2-ПЕРДЕ, 3-СУРЕТ 
I көрініс
Тұрсын ауылы, келінді тосып отырған ел, келін келген жоқ, бірақ күйеу, 
құдалар ауылға келген. Сахнада қыздың отауынын жартысы тігілген, отау 
сәнді, жасаулы, сырты кестелі, сахнаның жартысы ашық дала. Алыста 
тау, көл суреті бар, түтіні будақтап шығып жатқан ауылдар көрінеді. Тыста 
келінді күтіп тұрған жиын. Тұрсын ауылының үлкендері арасында Қаракөздің 
жақындары мен Нарша, Асан сал бар.
А с а н . Келін келе жатыр, жақындап қалды... Атасы мен 
енесі, қайнаға мен абысын, қатарыңды түзей бер.
Т е к т і . Қатарымды түзеймін деп Қаракөздің алдында мен 
сызылушы ма едім?.. Асау бастың жуасып, ақ ноқтаның киілгені 
осы; енді Қаракөз бізге сызылсын. Алдынан біз сызылғандай 
Қаракөз бізді қадірлеп пе еді? Жар-жар айтамын деп, өлеңші 
ағасына ойындағы бар арманын айтқызған жоқ па еді?
Қ о й с а р ы . Ол үшін кекті болсаң, келінің қолыңа келе жа-
тыр ғой – жазығын мойнына алып жаяулап. (
Тұрсын мен Жа-
рылғапқа қарап күліп.
) Бұл бір әмірі жүріп алған соң үл кендік 
деген бір пәле-ау, өзінен кішіні иментіп алып, қатал болып 
зілденеді де тұрады... (
Күліседі.
)
Т е к т і . Қалай күлгеніңмен Сырым айтқан сөзді неғып ұмы-
тайын. Құдағимен екеуміздің көңілімізге ол әлдеқашан түйін 
болып байланған. Құдай-ау ұзағынан сүйіндір! Игілігін көрсет 
деп жүрген баламнан мен «менсінбеймін, риза емеспін» деген 
сөзді естіп алып, енді мен немен жұбатайын өзімді?! Тіпті, сол 
емексіткендеріңе риза емеспін әуелі.
Н а р ш а . Олай болса, Асан сенің наразылығыңды қазір-ақ 
алдынан өлеңмен білдірейін деп тұр, оны қалай көресің?
Т е к т і . Ол қай өлең? Беташар ма, немене?
А с а н . Тіпті беташарды да қазір айтам. Қаракөзден ақылы 
асқан жақсы келіннің бетін ашып, келген жерде бір көрмей, 
қашанғы шыдап тұрады жұрт.
Қ о й с а р ы . Айтам десең, айт. Бала-шағаның шымылдықпен 
мына келе жатқан сәніне, беташардың өзі де осы жерде 
жарастықты болады. Қаракөздің жанына еріп Сырым да сал-
дарымен келе жатқан шығар. Еркек басымен әйел тобынан 
шықпағаны үшін о да бір қысылсын. (
Күліседі.
) Шымылдықтың 
ішінде бар болса, оның да бетін ашу керек.


221
Н а р ш а . Сырымның ежелгі елі: ұзатылып сыңсыған қыз-
бен күйеушілеген бозбала, оның туған-туысқаны, елі-жұрты 
қы зығы да сол. Ол өзге жұрттың жақсы-жаман дегенін ескерген 
емес, мен білген Сырым болса, осы шымылдық ішінде солар да 
бар...
II көрініс
Үлкен шымылдықты екі жағынан екі қатын ұстап әкеле жатады. 
Шымылдықтың артында сәукелелі келін, қасында қыз-келіншектің үлкен 
тобы. Қаракөздің жанында Сырым құшақтап келеді. Өзге қыз-келіншектермен 
салдар құшақтасқан.
Н а р ш а (
Асанға
). Сырым ойын-сауықтың перісі болып 
кетсе де, осы мына шымылдықтың ішінде келе жатқаны тым 
сыпайы емес шығар. Әнеугі тойдағы тілі үшін, бүгін бір кезегін 
алар орның келді. Енді бір қаруын алып қал...
С ы р ы м (
Шымылдыңтың ішінде Қаракөзге
):
Өз елім дер елім жоқ,
Туысқан-туған менде жоқ.
Осы сені қуантқан жерде қуанып,
Сені уатқан жерде уанып,
Жүрсем маған со да жетпей ме... Сен көргенді мен көрмей-
тін не қасиетім бар... Жұрт не десе о десін, мен де осы шымыл-
дықтың ішінде сенімен бірге кеттім... (
Қыз-келіншек күледі.

Тек осы шымылдық осы күйінде алдымда желбіреп отырсын, 
ақыретке апарса да соның жетегімен ере берем.
Д у л а т (
Қасындағы келіншегін сүйіп алып
)
.
Мына қалқа-
лармен қайда барсақ та арман емес.., шұбата бер шымылдықты... 
(
Үлкендер жиынының алдына келіп, шымылдық тоқтайды.
)
А с а н (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет