218
Қ о й с а р ы . Тек, балаларға сөйле деп ерік беріп, артынан
әзіл сияқты сөзін жіпке тізгеннің орны болмайды, оны ашу
қылып, зіл қылғаның лайық емес. Мұндай-мұндайды айтпаса
жас бола ма, ұзатыларда осы ретті сөзді айтқаны жөн...
Т ұ р с ы н . Ендігі ойынын балалар мен жастар өзі ойнай
берсін, біз енді үй жағымызға барайық... (
Үлкендер тұрады,
Асан бірге шығады.
)
М ө р ж а н . Сырым жүрген жерден береке күткен жан емес
едім. Әке-шешеге күйініштен басқа берері жоқ, не деген азып
туған жан болды... Тілеген баласы осы ма еді? Бүйткенше өзі
берген құдайдың өзі алса еді, бүгінгі тойға келмесін деп едім,
Жарылғап пен Жабай, әйтеуір қылдыңдар маған... (
Еркектер
күліседі.
)
Ж а р ы л ғ а п . Апам жар-жарды естімеген-ау деймін осы?
Бұрын Сырым айтты дегенің болмаса, кім айтпаушы еді осылай
деп? (
Жүруге ыңғайланады.
)
М ө р ж а н (
Еркектермен кетіп бара жатып
)
.
Жарайды,
өсиет айтатын әке сенбісің? Заманыңа да болайын, әке бол-
мыс сен болсаң, саған да болайын. Ой-сана жоқ дей ме екен
өзге елде. (
Отаудың сыртында тұрған елге.
) Қарақтарым,
тоқтатыңдар да, тараңдар енді.
Сырымнан қай басты сөз
естимін деп тұрсыңдар, мұны істемесе, ол аты шулы болып ел-
ден шыға ма... (
Сырымға айғайлап.
) Қуарған ұл, кет енді ауы-
лымнан... қарамды көрме, жолама дегенім қайда... мен саған.
Сенің күйігіңнен өлер болдым-ау, жер жұтқыр.., көрінбе көзіме,
арам туған неме. (
Шығып бара жатады.
)
С ы р ы м (
Үйден сақылдап күліп
)
.
Шеше! Мен өтірік сөз
айтқаным жоқ. Айтылған сөздің бәрі рас.
Қ а р а к ө з (
Қасына келіп
)
.
Қойсаңшы енді. Әжеммен са-
лыс пашы осы, қарғысы жаман, аямайды.
С ы р ы м (
айғайлап
)
.
Әже! Өтірік десең, кәне, тыңда... Енді
сыңсып қоштасатын өлең айтылады. (
Ән шырқатады.
)
Батагөй
әжем де бар көзі тірі,
Тұғырдан тайғаны жоқ ақыл ірі.
Шешем өлігі жетім боп қалғанымда,
Зорлаушы сатушының өзі бірі.
Сүймеген келін бопты шешем менің
Қалыпты соған деген көңіл кірі.
Қаракөз жылайды, өзге үлкендер кеткенде, жалғыз Жабай қалады.
219
VIІ көрініс
Сырым жолдастарымен сыртқа шығады. Мұның алдында Нарша өз жол-
дастарымен сөйлесіп тұрады. Сырым сыртқа шыққанда, Нарша қасына келеді.
Бұл уақытта Асан Қаракөздің қасына келіп, ақырын сөйлеседі.
Н а р ш а (
Сырымға
)
.
Сырым, сен жалындаған асыл сөздің
иесісің. Сенің сөзіңді ажалдыға кез келсін деуші еді жұрт, бірақ
шырай топтың көзінше пұшпағынан ілінген ажалды киік мен
болам ба? Азалы, қайғылы жалғыз Қаракөз емес, сен де арман
көрінесің. Қаракөздің күйігін жыр қылу үшін басы сен болған
соң, қарындасыңда не арман болсын, жалғыз-ақ керегі жоқ... бұ
да кезі келген заман шығар.
С ы р ы м (
салқын
)
.
Қарағым! Мені жерлеп қайтесің, мен жол
мен жөннен адасқан әуре жанмын... Менің елім – жылаған қыз
бен жырлаған жігіт... одан басқа елдің бәріне мен де жатпын,
маған ел де жат. Тіл алсаң, мені қажама... Сенімен шиленіспей-
ақ қояйын.
Ж а б а й . Ей, Сырым! Бер кел... (
Сырым таңырқап келеді.
)
С ы р ы м . Не айтасың?
Ж а б а й (
Ашулы
). Не айтатыным сол:
әке-шеше болып
айтқан сөзім даритын болса, сен мына бейбастақтықты істемес
едің ғой. Сені не дейді, бізді не дейді, қымсынудан кеткен
екенсің; жатқа істеген ісің белгілі еді. Бүгін күйінген кісі болып
келіп, Қаракөзге де мынаны істедің бе? (
Ашуланып.
) Басқан із
көрінбейді екен деме... Әйтеуір ізденген бір бәлеңе ұрынғалы
келе жатырсың.., алдыңнан шықпайым... Жететін өрісіңе
жібердім... бірақ аяғыңды байқап бас... (
Жүріп бара жатады.
)
С ы р ы м (
салқын түспен
)
.
Сол ма?
Ж а б а й (
кетіп бара жатып
)
.
Сол... айттым... болды.
Ұғарлық болсаң... Ұғарсың...
С ы р ы м (
әндеткен сөзбен
)
:
Қаракөз асыл аяулы,
Қайғы басқан қаяулы.
Жарасын ашсам жақпайды,
Ұрсады маған бай ауылы.
Шер жесе де шығар ма,
Болмаса жаза таяулы.
Маған да күн қарап
Аттысы
атпен шапқанда,
Жаяуы қуды жаяулы.
Жолдастарымен сахнадан шығады.
Ш ы м ы лд ы қ