Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет32/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   106
2-СУРЕТ 
I көрініс
Той күні. Сахнада үш-төрт бөлек қатындар, қыздар, келіншектер тобы 
өтеді. Тойға жиылған әйелдер, сәнді киінген күлкіші желекті бір топ қатын 
оқшау тігілген отаудың сыртын көріп:
1-қ а т ы н . Қыздың отауы осы ғой... Күйеулер осында ма
 
екен?
2-қ а т ы н . Қой бұл емес шығар... Ана жақта бір ақ үйлер 
тұр ғой...
1-қ а т ы н . Жоқ, осы. Анау дөдегелерінен танып тұрмын. 
Біздің ауылдағы ұзынтұра қайнағаның бәйбішесі істеген осы-
ны. Іші қандай екен, кірсек қайтеді? (
Қатындар келіп кіреді.
)
3-қ а т ы н . Алған малын түгел жасаймын деп отыр деп еді 
семіз бәйбіше, пәлен-бәтіре еш нәрсесі көрінбейді ғой өзінің.
1-қ а т ы н . Бұл жолы бермейміз, жасау-жабдығымыз да-
йын емес дескен екен... Қыздың бозалаңдап жүргенін сезіп 
тоқтатпай беретін болыпты ғой. Сондықтан шала-шарпы ісі бар 
шығар.
2-қ а т ы н . Қаракөзді бұзып жүрген кім екен, ей? Сұлу-сұлу 
дегенге босқа асқақтап жүр ме? Әлде күйеуі жаман ба екен?
1-қ а т ы н . Кіммен бұзылғанын білген жан жоқ дейді, 
әйтеуір мына күйеуіне риза емес болса керек. Бірақ күйеуі кем 
емес, кім біледі...
3-қ а т ы н . Қойыңдар, күйеуді көрейік (
шығады.
)

Мынау 
үйді жар-жарға дайындап қойған ғой, тегі.
2-қ а т ы н . Жар-жарды кім айтады екен?
1-қ а т ы н . Жүр ғой осында салдар... солар айтады да. Сы-
рым да жүр екен... бұл жолы қайтер екен?.. Өзгенің қызын 
ұзатқанда күйеуіне риза емес деп, қайдағы сұмдықты айтушы 
еді. Айтқыш болса, өз қарындасының наразылығын айтсыншы, 
көрейік.
2-қ а т ы н . Сырым айтпас деймісің, оны да айтады. Бұл 
күнге шейін ой-қырына қарап көрген жоқ, іркілер деймісің 
(
тамсанып
)
,
осы біртүрлі-ау өзі, бетің бар, жүзің бар демейді.
3-қ а т ы н . Өзінің жүзіне қарауға шыдай алмаймын! Осы бір 
алмасы бар сияқты.
2-қ а т ы н (
күліп
)
.
Құрып қалғыр, қызығып жүр екенсің ғой 
(
Күліседі.
)


209
1-қ а т ы н . Қызықса неменесі бар? Жас болмап па жұрт? Бір 
қатынға Сырымның басы татитын шығар... (
Табақшылар өтіп 
жатады, үлкен-үлкен табақ ет көтеріп.
)
II көрініс
А л ғ а ш қ ы т а б а қ ш ы . Ой, қатындар, құр кісі жоқ үйді 
айналдырғанша, ана ізденіп отырған жігіттерге, күйеулердің 
үйіне барсаңдаршы... Бар жігіт атаулы, ізденген қатын-қызбен 
салы бар, бозбаласы бар.
2-т а б а қ ш ы (
жүріп келе
жатып
)
.
Ізденер де түр жоқ қой 
өздерінде... Өңшең бір лақса, бұларды кім керек қылсын.
2-қ а т ы н . Одан да етіңді тасы жөндеп, саған жігіт тауып 
бер, басымды өткізе алмадық деген кісі бар ма? Осы ауылдың 
мал-қойшысы бейбастақ келеді өстіп.
3-т а б а қ ш ы . Қой, бұларға бөгелме, алып жүріңдер 
табақты, ана құдалардың үйіне астарыңды тез бер деп жатыр.
2-т а б а қ ш ы (
кетіп бара жатып
)
.
Бәлем, сен қатындармен 
ісім түссін, жігіт пысқырып қарамаған соң, ызалы болып 
ширығып отыр екенсіңдер, сендер ашулансаңдар – дүние ойран 
болады ғой.
2-қ а т ы н . Жігіт қарамады деп саған жалынамыз ғой, 
сұқсырдай неме?.. (
Күліседі.
)
3-т а б а қ ш ы . Бүлінбей-ақ қойыңдар... сендерге де өліп-
талып тұрған кісі жоқ әзірше... Ашамайдай қылып не қылсын 
сені арса-арса қылып. (
Күліседі. Табақшылар кетеді артынан 
қатындар жүреді.
)
III көрініс
Аздан соң Ақбала, екі келіншекпен бірге қолдарына жасау алып отауға 
келіп кіреді.
А қ б а л а . Ол жібекті мына шымылдыққа іл, оңайға қой, 
жаршы қыздардың жамылатын жібегі ғой.
1-к е л і н ш е к (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет