Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет40/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106
келін сәлем еткенде Тұрсынға
)
.
Көрімдігін айтыңыз! 
Балаларыңның ішінде көрімдігі көп, ақылы артық келінің, 
жалғыз қара болмасын; түйе болса боталы, бие болса тайлысы.
Т ұ р с ы н . Қалағаның болсын. (
Жұрты қошемет қылысып 
күліседі.
)
А с а н . Қайын енеңізге бір сәлем (
Тоқтайды, шымылдық 
көтеріледі, келіндер әуелгідей сәлем етеді.
)
Т е к т і . Өмір жасың ұзақ болсын, қарағым, Құдай ұзағынан 
сүйіндірсін.
А с а н . Келінің, балаң бір теңлі қосылыпты сайына, осын-
дай жақсы келінді көрімдігін атамай, көресіңдер ме жайына. 
Түйе берсең ақтан бер, өсеріне бақтан бер.
Т е к т і . Бас-басымызға шұбыртып ала берейін деп пе едің? 
Алдың ғой байдан.
А с а н . Тым болмаса ен салдыр, түйенің кенже ботасы, бие-
нің кіші тайына, малға шамаң келмесе (
жұрт күліседі
) берсең 
де риза боламыз қаптағы құрт пен майыңа. Қайын ағаға бір 
сәлем (
Бұрынғы ретпен шымылдық көтеріліп, сәлем етеді.
)
Қ о й с а р ы . Ауданыңа атағы, ағайынға қадірлі, ауылының 
көркі бол, қарағым! Қосағыңмен қартаятын күнге жеткізсін, 
үбірлі-шүбірлі бол.
К ө п д а у ы с ы . Бәрекелді! Айтқаның келсін... Айтқаны 
келсін.
Т ұ р с ы н . Қысылғанымыз ба – неден? Біздікі тіпті бата 
сияқты болмап еді, бата жаңа келісті ғой.
А с а н (
бұрынғысынша әндетіп, Қойсарыға
)
.
Келін, келін, келіңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Түсін айтып беріңіз.
Қ о й с а р ы . Ентелеткеніңмен саған ақша беремін деп өлең 
айтқызғаным жоқ. Тілеуіммен Қаракөзді риза қылсам болады. 
Атын айтпай-ақ айта бер қалған сөзіңді.
А с а н (
күліп
):
Қойды берсең қоңырдан;
Өсеріне оңынан,
Абысынға бір сәлем.
(
Бұрынғыдай сәлем етеді.
)
15–1247


226
Ешкі берсең сарыдан,
Мол қолда бол жарыған.
Түсін атап, енін айт,
Асып кет те бәрінен.
Беремін деген қай қатын,
Шығарып беріп жанынан.
Бергенім осы менің дер,
Алыстан келген кей қатын?
Берер едім аямай,
Жақын емес елім дер,
Бермеймін деген кей қатын?
Дүниенің билігін,
Үйдегі білер ерім дер.
Сылтау қылып кейбірі:
«Өкпелімін бұл тойдан,
Беретін жоқ жерім» дер.
Желдірітпелеп кейбірі,
Сабыр қылып тұратын.
Берейін саған кейін деп.
Кейін барып сұрасаң:
«Ойнамай жүр менімен,
Мен емес сенің теңің» дер.
(
Жұрт күліседі
) Жалпы жұртқа бір сәлем. (
Келін сәлем 
етеді.
)
Т ұ р с ы н . Асан! Енді балаларды шаршаттың ғой деймін, 
өлеңің бітті ғой... Енді рұқсат қылайық. Үйге кірсін. (
Бұл 
уақытта Мөржан бәйбіше де нөкерімен келеді
.)
ІІІ көрініс
А с а н (
жұлып алғандай
)
.
Өлең біткеннен Құдай сақтасын. 
Біздің өлең бітпейді, әншейін өздерің үйге кірсін демесеңдер. 
Мен ала қаптың аузын жаңа ғана ағыттым! (
Бұл уақытта 
үлкендер шетке таман шығып жол береді. Келіндер үйге та
-
ман жүреді.
)
А с а н (
шырқатып әндетіп
)
:
Сал бар ма бұл Арқада Асан салдай,
Алдына келе жатыр ақын салмай.
Асанның Қаракөзге сөзі көпті,
Шығарсақ қырмызыдай талдай-талдай.
(
Келіндер отауға таман келгенінде
)
:
Жаңа өмір мына туды атқан таңдай,
Балалық дәурен өтті, кетті шалғай.
Қызыл жібек шымылдық мұнда әкелді,


227
Ақ үйің алтын сарай енді болғай.
Ағайын тілеуіңде бірі қалмай,
Көп тілеуі қалған жоқ, сірә, болмай.
Атта да оң аяқпен босағаңды,
Тілеп кір: «Бере гөр деп өмір балдай».
Қ о й с а р ы . Бәрекелді... Жақсы айтасың, айтқаның келсін, 
қарағым. Келін! Осының тілегін сен де тілек қыл... Артыңды 
онда көгертіп, алдыңды мұнда жасартсын; «келіннің аяғынан, 
қойшының таяғынан» деген; келген ауылың түгіл, еліңнің құт 
берекесі бол (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет