230
рамын. Есімнен айырыламын ғой деймін. Қайтермін, жаным.
(
Жыламсырап.
) Айтармысың бірдеме.
С ы р ы м (
сазарып
)
.
Мен не айтайын? Мені сөзден тыйған
жоқпысың? Әлдеқашан қалған кісі емеспін бе мен...
Қ а р а к ө з . Қазір жер тар. Сөйлескім келеді... (
Көзін басып
жылап.
) Мені тастама!.. Шыдауға дәрменім жоқ. Ақбаламен
сөйлесіп, жақында оңаша кездесетін орын байлаңдар. (
Жүруге
ыңғайланады.
)
С ы р ы м . Рас па? Тағы да айнитың болсаң, өзіңді де, бізді
де әурелеме.
Қ а р а к ө з (
әлсіреп бұрылып бара жатып
)
.
Айттым ғой...
(
Сырым артынан қарап тұрып қалады. Асан, Ақбала, Қаракөз,
Кәмшатпен кетіп бара жатып, артта тұрған Сырымға қарап
таңданып әндетеді.
)
А с а н
.
Сұлу қыз бен келіншек – елдің сәні,
Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.
Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,
Бұлбұл кетсе тоғайдың жоғалды әні.
(
Артына бұрылып қарайды.
)
С ы р ы м . (
Өз-өзіне
)
.
Рас... рас...
Жүректің жатқа кетсе қалағаны,
Үміттің қайта үзілсе жамағаны.
Бетінен жат болып кеткен оралмаса,
Жас төгіп егілмеске шара кәны!
(
Достарыңызбен бөлісу: