Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет39/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106
шырқатып, әндетіп
)
:
Қызыл жібек шымылдық пен пердеңіз!
Асыл келін олжалы, жек көрмеңіз.
Қасыңда жігіт болса, бас жақсысы,
Бөтенсіп әлдекім деп жат көрмеңіз.
(
Жұрт күліседі.
)
Бет пердең толқытады майда желдей,
Қуанттың ел-жұртыңды келер-келмей.
Болғанда жасау басы – басты жігіт,
Ел жоқ-ау Қаракөзді берген елдей!


222
Қ а р а к ө з (
Сырымға
)
.
Қанша кіштімтайлы болсақ та, мы-
надайда бой жасырғаны ер жігіттің өлгені де... Сөзін жесір 
жібермей, жауап бер.
С ы р ы м (
Домбырамен ән шырқайды
)
:
Қызыл гүл дауыл ұрып жерге соқты,
Ақ тоты бүгін саған тұтқын бопты.
Айдынның ақ құсындай қарағыма
Кез қыпты құзғындайын бассыз топты.
Асаусып алыпұшып аспай сөйле!
Қаракөз бір басы да саған көпті.
Қаракөз Қарауылда ерке болған,
Мың қойдан иығы асқан серке болған.
Таңдаулы мекенім деп сені алған жоқ,
Байлаған бата шығар ерте болған.
Қаракөз Қарауылдың ақ маралы,
Болғанда бетке сұлу, ой саналы.
Жеңбесе бойын тежеп өз көңілін,
Ешкімнің әкелген жоқ айла-амалы.
Кісі түгіл жасаусыз келсе дағы,
Сендерде сырт беретін күш шамалы!
Қ о й с а р ы . Сырым сөйлесе шеттігіне іліндіріп сөйлейді. 
Жуан ауылдың баласы өрге айдамаса көңілі көнши ме, Асан! 
Сырым екеуің әлі де талай шекісерсің. Енді мына қуанышын 
күтіп тұрған ата-ананың алдында Қаракөздің бетін ашып, ауыл 
көркі келінді көптен күткен игілік қой, қызығының түсін көріп 
көңілдері көншісін...
Т ұ р с ы н . Кәне, енді көптей тіл-жағыңды безеп алатындай 
болдың ғой, жақсы сөзбен қарағымның бетін аш...
Ж а р ы л ғ а п . Елдің баяғыдан жол қылып айтып жүрген 
сөзін айт. Осы шығарма өлеңдерің мірдің оғындай болып 
құлағымызға жат тиіп жүр. Тіпті, біз елемесек те, құдағи лары-
ңызды жүдететін көрінеді. (
Күліседі.
)
 
А с а н (
Беташарды бастайды
)
:
Келіннен енді сөйлейін,
Көп дабырлап шуламай,
Құлағыңды саласың.
Қатесі болса сөзімнің,
Осы отырған әлеумет,
Сынға салып қарасын.
Құлағыңды салып тыңдап тұр,
Келінжан, менің тілімді.
Әдет жолын үйренбек,


223
Жас кісіге білімді,
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығын-ды.
Бәрі саған керек іс,
Тыңдасаң, келін, жырымды.
Жырға қосып айтамын,
Бар өсиет сырымды.
Бұрынғы күнің – балалық,
Ержеткен күнің – бүгін-ді.
Өзім айтқан сөз емес,
Осылайша деген бұрынғы.
Келін боп келмек оң жаққа,
Ата-ананың мұрасы.
Бұрынғы үйің бекер-ді,
Мекенің осы – тұрасың,
Өз үйіңе тұрмақ жоқ,
Ұл боп тумай әуелде.
Қыз болған соң туысы,
Келін боп келген қиын іс. 
Жаңа өспірім балаға, 
Қызмет қыл иіліп.
Ата менен анаға,
Өзіңнен үлкен адамның
Бетіне тікке қарама.
Үлкен кісі келгенде, 
Қатарласып отырмай,
Кейін отыр панада.
Лажы болса шығып тұр, 
Қайтқанынша далаға.
Бар айтқаным бұл емес, 
Құлағың салып тыңдап тұр,
Сөзім бар айтар және де. 
Тұратын болса ата-анаң, 
Отырып қалма орныңда. 
Тұрып барып есік аш,
Еріп шықпа соңынан.
Дәрет суды көтеріп,
Қарап та тұр жолына. 
Орамалын алып бер,
Ұмытып кетпе оны да. 
Бұрынғыдай ойламай,
Сабыр етіп шыдам қыл, 
Аштық пенен тоғына.
Ұзын сөздің қысқасы. 
«Жақсы болып іс қылып», 
Жұртыңа жақ еліңмен.
Бар айтқаным бұл емес, 


224
Құлағың салып тыңдап тұр, 
Айтылар кейін қалғаны. 
Отырған адам көзінше,
Әр жеріңді қасыма. 
Жаулығыңды шуатпай, 
Дұрыстап ора басыңа. 
Астынан шығып тұрмасын, 
Ие боп жүр шашыңа.
Қолын ұстап, бетін сүй, 
Отырса бала қасыңа. 
Қайныңды сыйлап, қадірле, 
Қарама үлкен-жасыңа. 
Жасы құрбы екен деп, 
Жаманға болма ашына. 
Ойынның жөні осы деп, 
Біреуге тұрма асыла.
Мырза келін десін деп, 
Әркімге берме шашыла. 
Біреу жаман айтты деп, 
Болымсыз іске жасыма! 
Пәленше бүйдеп айтты деп, 
Жарыңа сөзді тасыма. 
Естісең де жаман сөз, 
Жүргенің жақсы жасыра.
Көңілге келіп жүрмесін,
Айтты деп сөздің қисынын.
Бүгінде жаман көргенмен,
Көңілге теріс келгенмен,
Бәрі де саған пайдалы
Ағаңның айтқан жырының.
Сендерге енді келейін,
Карт-қария, аталар,
Жапсардағы отырған –
Жастары үлкен аналар,
Ақылы артық, даналар.
Біздерге енді қуаныш,
Жасы кіші, балалар.
Бұрынғының бір жолы,
Келінді көрген адамнан
Көрімдікке мал алар.
Қайын атаға бір сәлем!
Бұл уақытта шымылдық көтеріледі. Қаракөз қасындағы Тұрсын ауылы-
ның үш-төрт келіншегімен иіліп сәлем етеді. Өзге әйелдермен жігіттер кейін 
тұрады. Шымылдық түрілгенде, Сырымның жолдастары салдар қыз-келін-
шектермен құшақтасып тұрады. Сәлем еткен соң, шымылдық орнына түседі.


225
Т ұ р с ы н . Тәңірі жарылғасын, абыройлы бақытты бол, ба-
лам!
А с а н (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет