Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет41/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Келіндер үйге кіреді, салдар бірге кіріп кетеді.
)
М ө р ж а н . Қарағым, ақылымен толғанса кімнен кем болар 
дейсің. Қойнымдағы алтынымдай сақтаған асылым емес пе? 
Құдай бұйырып, аруақ қолдаса, әлі ауылыңның баласы болар.
Т ұ р с ы н . Кәне, енді біз де үй жағымызға барайық, бала-
лар тынықсын; өз ойындарын ойнап жатсын, қысылып, иментіп 
қайтеміз.
Ж а р ы л ғ а п . Жарайды, дұрыс айтасыз (
Барлық үлкендер 
сах на дан шығады. Бұл кезде үйдегі жастар күліп-ойнап оты
-
рады.
)
IV көрініс 
Сахнада Нарша, Асан, Матай қалады.
Н а р ш а (
төмен қарап, салбырап отырған қалпынан көте-
ріліп, маңайға қарап
)
.
Жұрт тарқаған ба? (
Асанға
)
 
Асан! Менің 
жайымды сұраймысың, жоқ па? Мен саған тағы жабысқалы 
отырмын. Мені жазар күнің бола ма осы? (
Күрсініп
)
.
Менен де 
жынды жан болар ма екен?
А с а н . Неғыл дейсің?!. Тағы не болды? Тыныштық таба ал-
май қойдың-ау сен де!
Н а р ш а . Бүгін таңда тыныштық табатын түрім жоқ. Мені 
қызғаныш деген кесел өртеп барады. Бұл қалыптан құтылмасам, 
жынданармын деймін. Күткен қызықтың бәрі қайда кеткенін 
білмеймін. Қызықтаймын деген ойын-сауықта басыма тас ти-
гендей боламын. Еңсемді көтере алмай құлап бара жатқан 
сияқтымын. Мен не пәлеге душар болдым? Жүрегімнің түбінде 
ауыр тас басып жатқандай күдік, қайғы бар.
А с а н . Жаным-ау, не керек енді өзіңе? Қаракөзге енді 
кімнің ортағы бар. Өтер күн өтті, қызық шағың жетті. Қарауыл 
Қаракөзін ұзатты, енді қайғының не орны бар? Не айтпақсың?


228
Н а р ш а . Маған Қаракөз бір қайғы болса, Сырым тағы бір 
қайғы болды. Мені найзалағанын қоя ма, жоқ па осы? Қаракөз 
менің қасыма келгенде, барынша күтіп қадірлейді, мені 
жұбатқысы келе ме, қиналып жүргенімді сезе ме, бір жағынан 
қинап жүрсе, бір жағынан сол мінезімен еркімді алып билеп 
барады. Сырым менің жайымды ескеру былай тұрсын, тіпті 
күннен-күнге жау болып барады ғой. Қаракөздің сырын сол 
біледі. Маған соның білгенін біліп бер. Жасырса, менімен жау 
болғаны, досым ба, жауым ба соны айырып бер.
А с а н . Қазір осыны не деп айтамыз оған? Қонақ емес пе? 
Келмей жатып дүрсе қоя бергеннің лайығы бола ма?
Н а р ш а . Мен осы шыдап-ақ жүргем жоқ па? Үндеме дедің, 
ауылында үндемедім. Тіпті, не онда, не мұнда мені тірі адам 
деп ойлау керек емес пе? Сөзіме нансаң, бүгінгі күйігім ішімді 
жарып барады. Сырымға ой-қыры бар ма? Кеше келдім, бүгін 
келдім дей ме екен ол. Осыны сенен тілеймін... Қазып сөйлесіп 
бер. Ойында не барын өзіме айтсыншы. Өзің көріп жүрсің, мені 
ылғи шабақтап келе жатқан жоқ па? Енді осыдан әрі шыдай 
алатын емеспін.
А с а н (
ойланыңқырап отырып
)
.
Жарайды. Мен сөз тар-
тып көрейін. (
Нарша түрегеліп жүріп кетеді. Асан Сырымдар 
отырған үйге есіктен келіп
)
.
Сырым құда! Бері шығып кетші. 
Жалғыз ауыз сөзім болып тұр.
С ы р ы м (
бұған шейін үйдегі жолдастарымен ақырын 
әңгімелесіп отырады. Асан келгенде жай қозғалып
)
:
Асан сал, сал ішінде бір алуаны,
Тозған заң, азған заман палуаны.
Сал болмай, көбінесе жеңге болып,
Жүрген түрі, мінеки, қалып әні.
Жеткіз деп қандай сөздің тасымалын,
Қандай жан жіберді екен бозбаланы?
А с а н . Уай Сырым, қой, жаным... Сен менің соқтықпайтын 
кісімсің. Сенің сөзің асау қандай басқа шапшитын болған соң, 
сенен жырақ жүремін. Мен саған жол бердім ғой. Көп талас-
паймын... Бірақ сөйтсе де, сөз барымтасы жаман болады.
Ү й д е г і с а л д а р . Олай болса, айтып жібер.., айтып 
жібер. Ер шекіспей бекіспейді.
А с а н . Жоқ, мен Сырыммен шайқаспай-ақ тыныш жүрем. 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет