Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет52/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106
ЖАЛҒАУ СӨЗ
(
Эпилог
)
Алдыңғы шал шығады. Бұрынғы пішіні, қолында бұрынғы қобыз сыбызғы. 
Тым-тырыстан соң. Сонан соң сері Сырым сынығынан жамалып, тірлік етті. 
Ардақты жұрт!! Ақын жайын өлеңмен айтқанымды ұғарсың, айтайын:
Моладағы соңғы түн аруақтан соң,
Төгіліп ағыл-тегіл өлең кетті.
Сырымға ұшан-теңіз сөз дарыды,
Ашығы бата беріп қол сермеді.
Аздан соң дәурендеді ақын тілі...
Іркілмей жақ сарнады күні-түні.
Қайғы мен шерден туған ақын болып,
Шерменен аспанға өрлеп жалын шықты.
Біресе бүктетілген селдей болып,
Екпіні тау теңселтіп, тасты жықты.
Құба жон ордай жол осылып қап,
Шары өрде шабынғанды інге тықты.
Қолына сыбызғы мен қобыз ұстап,
Сайқалдап сар даланы шарпып өтті.
Кескекпен шапшып тұрған ашулы жау,
Бетінен шошығандай жасып ықты.
Әуелде ызаланған жауын қуды,
Зарын төгіп көзінің жасыменен,
Қаралы қайғы басқан бетін жуды.
Бір кезде ашуменен тас боратты.
252


ҚАРАГӨЗ
2-нұсқа
Төрт актілі, жеті суретті трагедия


Қ АТ Ы С У Ш Ы Л А Р
Қ а р а г ө з – бойжеткен.
С ы р ы м – ақын сал, 25-те.
А қ б а л а – Қарагөздің жеңгесі.
Ж а р ы л ғ а п – әкесі.
М ө р ж а н (семіз бәйбіше) – Жарылғаптың шешесі, 70-те. 
Ж а б а й – Сырымның әкесі.
Н а р ш а – Қарагөздің күйеуі.
А с а н – ақын сал, Наршаның күйеу жолдасы.
М а т а й – Наршаның жолдасы.
Д у л а т
Қ о с к е л д і
Сырымның достары.
Д ә у л е т к е л д і
Д у л а т – ақын.
Т е к т і қ ұ д а ғ и – Наршаның шешесі.
Т о й с а р ы – бас құда, Наршаның ағайыны.
Е г і н ш і ш а л .
Б а л ы қ ш ы ш а л .
То й ғ а к е л г е н ә й е л д е р, қ ы з - к е л і н ш е к, 
т а б а қ ш ы л а р.
254


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет