Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет53/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106
БІРІНШІ АКТ
Бірінші сурет
Жарылғап ауылының сырты, дөң асты. Кешкі мезгіл. Жартас, өзен, 
қайыңды тоғай. Қоңырлатып айтып келе жатқан ән естіледі. Үш жігіт шығады. 
Алдында домбыра тартып келе жатқан Асан бұлғақ.
А с а н .
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес.
Ақбоз үйдің сыртынан аттандырып,
«Қош ағатай!» дегенің естен кетпес.
(
Артына айналып қарайды. Нарша мен Матай үндемей сал
-
бырап келеді. Асан көтеріліп.
)
– Уһ... кең дүниеге шығып сергіп қалдым ғой!.. (
Жолдаста
-
рына.
) Ой, шіркін!.. (
Өлеңдете сөйлейді.
)
Теңселе басқан тең жігіт,
Бейілі мырза кең жігіт!
Уа, бірің – жаға болғанда,
Бірің – берен жең жігіт!
Күйеумін деп сызылған 
Жеңгелерге жем жігіт.
Неге мұнша налыдың,
Қайыспас деген, ер жігіт?
Н а р ш а . Асан, сен бұл күнде еркесің. Тұнығы бұзылмас 
айдын судың ақ құсы емеспісің; көңілге жақса – отырдың, 
жақпаса – ұштың, кеттің. Біз уайым айтып жүдетіп жүрмесек?
А с а н . Жарқыным, бас алып, құлақ тігісіңді ұнатпадым. 
Сөз сарыныңда кейіс бар ғой, мәнін айтшы!
Н а р ш а . Біздей жанның кейісі не болу керек, сезбеймісің? 
Қол-аяғым сау, басым аман, өзім жас. Ағайынның аялаған ба-
ласымын. Тоқпақ жалды торының үйіріндей қалың Досан 
бірімін. Өзімдей салтанатты қайныма келіп жатырмын. Қыз... 


256
қызық... думан, той. Тек сонда да менде арман бар. Саған соны 
айтпақпын. Менің дертім – Қарагөз...
А с а н . Қарагөз! Қарагөздің ақ жүзінде мін бар ма? Оны хор 
жігіт олқысынбаса, кім кемсінеді? Ер жігіт арман етер алтын 
тақ, иран бақ Қарагөздей-ақ болмас па? Не мін таптың?
Н а р ш а . Рас, Қарагөзде мін жоқ. Қарагөздің ақылы мен 
көркі мен түгілі менен зор хан-қара, би-төренің қайсысына бол-
са да олқы келмес.
А с а н . Енді не жетпейді? Қарауылдың асылы, күміс 
бәйтеректегі бұлбұлы Қарагөз болғанда, сен оның алған жары 
екенсің, не тілейсің? Мен ұқпадым.
Н а р ш а . Қарагөз ақылымен, мінезімен тұсау салып тұр ғой 
маған.
А с а н . Ой, тәңірі-ай, ақ батамен қосылған, ақ адал малы 
төленген, күйеуі ұрын келген қалыңдық қайтып қапа, не деп 
қана тұсаушы еді сендей – нардай жігіт күйеуін?!
Н а р ш а . Өзге кебін айтып ие қылайын. «Көңілімді ала 
алмасаң, қарамасаң қабағыма, мені құшпайсың, маған берген 
малыңды құшасың», – деді ғой.
А с а н .
М а т а й .
Бұл қалай дегені! Қандай сөз бұл?
Н а р ш а . Бәсе қай қалыңдық аузынан шығатын сөз еді? 
Бірақ сол сөз шықты ғой Қарагөздің аузынан.
А с а н . Е, салмайсың ба тыйымды? Тартқызбайсың ба он-
дай қырсық мінез сазайын?!
Н а р ш а . Қара күш пе, зорлық па?.. Зорлап құшам деп 
келдім бе мен өз жарымды.
М а т а й . Е, ата-баба жолы, кәне? Тіпті не деп тұрғанын 
түсінбедім-ау осы мырзаның! Сазайын тарттырып, жазасын 
беріп салмаушы ма еді түзу жолға?
Н а р ш а . Оған қалса – ашудан, қамшыдан оңай не болушы 
еді! Бірақ Қарагөз ол құралды алып тұр ғой қолымнан.
А с а н . Қалайша? Бұл қалай болғаны?
Н а р ш а . Ол сондай мінезді, биязы, нәзік. Бір ауыз қатқыл 
мінез қатаң сөз қатпастан, үзіліп-талған, өзек жарған асыл 
сөзбен, әйел баласынан өз басым көріп-білмеген сыпайылық 
әдеппен жүйкемді құртып тұрған жоқ па?.. Тек бірақ... әттең, 
бірақ сөйте тұрып сұлу Қарагөздің өзі және мені жатқа бала-
ды ғой. Жаңылмасам, жаным деген жақыны бар. Менің қайғым 


257
сол ғой. Алған жардың көңілінде, талассыз, зорлықсыз еркін 
көңілінде бірдің өзі болмасам, маған тірліктің несі сән?! Бұл 
келген, күйеушілеген келістің несіне қуанайын?!
А с а н . Осы елдің сенімен бақ-талайын таластырар асылы 
кім? Соны айтшы маған?
Н а р ш а . Кім екенін білмеймін.
М а т а й . Кім екені белгісіз. Бірақ соны білу керек. Сен 
таппасаң табар жан жоқ.
Н а р ш а . Аты-түсі белгісіз болса да, бақ-талайы асқан 
дұшпаным бар.
А с а н . Қарагөздің елінде атағы шыққан жас пері – Сырым 
бар. Ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сы-
рым... Өз ауылы «тентек» десе де, ол сұлудың албастысы.
М а т а й . Сырымық не? Оны не деп айтасың?! Ол да Өсердің 
бірі емес пе?
А с а н (
жарыса
). Рас, Сырым болуға қисын жоқ. Ол қыздың 
ағайыны. Аралары неше ата екен осылардың? Тым жақын емес 
те ғой өздері.
М а т а й . Неше ата болса да, Өсер ауылы бір-бірінен қыз 
алысқан емес қой.
Н а р ш а . Және шоқтай тұтас бір үйір емес пе бұл ауыл?
А с а н . Солай... Жеті атаға жетпей, қыз алысар бұлар емес. 
Оған жеткенде де құда болыспайды ғой мұндай ауыл. Ал тегі 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет