Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет51/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106
Еңіреп жылап үстіне жығылады.
)
Шымылдық.


248
6-СУРЕТ
Кеш батқан. Бейуақ. Алыста батқан күннің қызыл шапағы көрінеді. Анда-
санда алыстан күн жарқылдайды, құлазыған ессіз дала, елсіз жерде жалғыз 
мола – төрт құлақты бейіт. Бейіт сахнаның жартысын алып тұрады. Үш 
қабырғасы көрінеді. Артқы қабырғада кішкене есік. Бейіттің ішінде жалғыз 
қабір. Қаракөздің қабірі. Сахна ашылғанда, біраз жым-жырт. Артынан аз-
дан соң ақырын қоңыраулатып дауыс айтып біреу келе жатады. Дауыс әуелі 
алысырақтан шығады. Мұңды, қайғылы, жоқтау әні.
Д а у ы с :
Жасымда шешемді алдың қуат берген,
Өмірде бір жетімдік – барым көрген.
Қуанышым, жансерігім, Қаракөзім,
Сүйенішім – оны алдың қасыма ерген.
Жаратқан, бірге алмадың сүйген жармен.
Жыладым, тентіредім, кеттім елден.
Қараңғы көрдей болды көрген күнім.
Тілерлік тілегім жоқ ендігіден.
Армандап күнім өтті қайғы, зармен.
Қалған жоқ, жанда қуат, бойда дәрмен.
Бейуақытта түн жамылып тілейтінім, –
Өлейін орын берші қара жерден.
І көрініс
Ән бітуге айналғанда бейіттің есігі ашылады, келген – Сырым.
С ы р ы м (
Жүдеп, сарғайған, жалаң бас, есіктен қарап 
бірталай тұрып
)
.
Қырық күн!!.. Қаралы қайғы мен жылаумен 
қырық күн өтті. Әлдеқашан өлетін шығармын... Ит өмірден 
кетермін деп едім; әлі күнге мен арсыз тірімін... Кімді күтем? 
Нені медеу қылам? Не тілеймін?! (
Бейіттің ішіне кіреді.
)
Баяғы қабір әлі де меңіреу... Баяғыдай нық басып бітеуленіп 
жатырсың, бір топырағың шашылған жоқ; бір жеріңе жік түсіп, 
жалғызыңның бір тырнағын көрсеткен жоқсың, өткеніне жеті 
күн толғанда түсімде көріп едім, «шыда, күт тапсыратын сөзім 
бар» деп еді, ендігі бір белгі беретін күні бүгін шығар. Қырқы 
толған күні бір рет ескермес пе екем? (
Тым-тырыс.
) Бейуақытта 
бүгінгі күн бір белгіңді күтемін, жалғызым. Мен саған жазалы 
едім. Ақ жүзіңе кір салып, алма бетінді суалтып едім; әлемге 
жаманатты масқара қылдым; сені жолдан тайғызған мен бол-
дым. Мен – жүзіқара... Ағаң екенімді ұмыттым, суға кетіп бара 


249
жатқанда сүйенетін туысқаның бола тұрып, су түбіне өзім 
кетірдім. (
Тым-тырыс
.) Өтті дәурен, тарқады той... бітті ты-
ныс... қуаныштың, тойдың арты қайғы болды. Той үстіндегі 
ән арты қаралы дауысқа айналды; тіршілік тозақ болды... Сен 
көтере алмадың, көштің. Мен дүние толған лағынет, қарғыс, 
жаманаттың ортасында жалғыз қалдым. Жазалы мен едім.., жа-
замды тарттым. Мен қимайтын не қалды?! Баяғы қызықтырған, 
желіктірген дәуреннің барлығын талақ еткен жоқпын ба? 
Астымда жалғыз ат та жоқ, үстімде лыпа қылар киім де жоқ, өлі 
ме, тірі ме деп бір уақыт келіп халымды біліп, сұрайтын жан иесі 
де жоқ. Мені дүниеде тірі жанның санынан шығарған. Сенің 
тірі шағыңда бес күндік дәурен болса да көрікті болсын деп мен 
барымды салғаным қайда? Сонда арттағы күнге қайтатын жол-
ды тастап па едім? Сенің басың дертке ұшырап, дүние толған 
дұшпанның торына шырмалған күнде мен бірге дертті болмап 
па едім? Ауру болса да көремін, қолымнан күтемін, қасыңда 
өлемін дегенде, көп дұшпан тағы да дұшпандық етті. Мені 
сенің қасына жолатпай, көруге кеңшілік етпеді. Оның үстіне, 
әке болып, туысқан болып соңыма түсті, қуғынға ұшыратты. 
Сонда сені жаралаған қылықтары үшін мен де жау болғаным 
қайда, алысып, араздық жаулыққа шыдасқаным қайда? Оның 
бәрін дұрыс іс демеймін, сен солардың кесірінен дертке 
ұшыраған соң, мен сенің жолыңда өлуді мақсат қылмап па 
едім? Пайда үшін, батырлық атағы үшін, мақтан үшін емес, 
сені мен өзімнің жазықсыздығым үшін, бір сенің дертің үшін, 
ол жүрістің бәрінде де есіннен тансаң да бір жерде сені көзің 
тірі деген қуат, сену бар еді. Сен үзілген жерде денемнің 
тірілігі болмаса, менің де күнім қараң болып, өмірім суалған 
жоқ па еді? (
Қабірді құшақтап жығылып.
) Жалғызым, енді 
мен қайтейін? Қайтейін... бірдеме десеңші. Жаралы болдым; 
әлім бітті. Тұншықтым ғой. Бір күнде түсімде өлме дедің, 
неге айттың? Мен сындым ғой... Міне, екі үзіліп, бүктетіліп 
жатқан жатысым. Бүгін таңда бір нәрсе айтпасаң, осы қалыпта 
қабіріңді құшақтап жатып аштан қатып өлемін... бар тілегім – 
өлім... өшемін (
Еңіреп жылап, қабірді құшақтап, жабысып 
жатып қалады. Тым-тырыс. Аздан соң күн күркіреп, найзағай 
шартылдайды, бейіттің есігі тарс етіп шалқасынан ашылып 
қалады. Ақ кебінге оранған Қаракөздің аруағы есіктің сырты
-
на келіп көрініп тұрады.
)


250
ІІ көрініс
А р у а қ. Ей, Сырым, (
Сырым шошығандай басын көтеріп, 
аруаққа қарап қатып отырып қалады, аруақ баяғы сау, сұлу 
Қаракөз пішінде
)
.
Бүгін саған келгенде жалғыз-ақ сөз тапсы-
рамын. Сен еркексің. Ер бол да, екеуміздің басымызды ақта! 
Сенің қолыңда соған жарайтын қуат бар. Сен – жалындаған 
жанды сөздің иесісің, көңіліңді тоқтатып күйге түссең, сенің 
аузыңнан өрттей сөз шыққалы тұр. Бұл күнде сен қуатыңды 
буып, өзіңді-өзің тұншықтырып жүрсің. Енді сен бойыңды 
жи, беліңді бекем буын!! Күрмелген тіліңді шеш, кеудеңе 
құдай құйған өнерді өзен қылып ағыз! Елді жылат, егілт. Мені 
де, өзіңді де ақта... Еркек болсаң, мені ойласаң, тапсыраты-
ным осы, сынған ер жамалады, сынып біткен көңіл қайғысын 
сөзбен шаяды. Сен көреген боласың. Сен жақсы кәрі. Жақсы 
болып жазыласың. Ескі ақынша оян да толған!! Сенің даусың 
биік, қалың тоғайдың басын теңселткен қатты желдей аңқып 
еседі. Сенің бетіңе тура қарайтын жау болмайды, дауыл менен 
жауында жай ұшырған жапырақтай болып ұшады, жоғалады. 
Өлі бойға жан бересің... шеш тіліңді... екеуміз тартқан күйікті 
жыр қылып күңірентіп өт. (
Кетіп бара жатып.
) Оян... Серпіл.., 
сөйле... сөйле..! (
деп жоғалып кетеді. Аруақ жоғалып бара 
жатқанда, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.
)
ІІІ көрініс
С ы р ы м (
Ұйқыдан оянғандай біраз ыңыранып отырып
). Рас 
па?! Күнім!! Рас па, жалғызым... (
Көтеріліңкіреп
) айтқан сөзің 
ем болар ма?? Күздің суық қара түнінде ішімде күн туғандай 
болғаны қалай?? Жаз исі шығып, қара тастай қатып-семген 
көңілдің жібігені қалай? Бойым балқып иігендей, жүрегімнің 
кайғысы қаралы жүзімнен ағарғандай... Діріл қағып елбіреген 
домбыраның ішегіне ілінген күйдей болып ішімде қайғылы, 
мұңлы күй оянғаны қалай?.. Қара түнде қара жыландай қайғы 
оралып, қараңғы көрді тілегенімде, алды-артымда шам жанып, 
басыма кеп сөз қатты. (
Өлеңмен сөйлей бастайды
):
Көк сөгіліп от төкті,
Жай отымен нұсқар ма?
Баратұғын пір бетті, сен жарық ең,
Мен – көлеңкең, құдірет қуып сорлы етті.


(
Серпіліп түрегеліп.
)
Құйыл сөзім... құйыл енді қысылмай,
Таудан аққан тас бұлақтың суындай.
Өрт қып ойнап, көбіктен де аспанда,
Ішін тартып аласұрған құйындай.
Жалынындай түндегі оттың жаланшы,
Жансыз жаным, ақсын қаным тыйылмай.
(
Қабырға қарап.
)
Қара түнде қабіріңнің басында 
Ант етемін бұлт басқан айыма.
Оқ нөсері құйып тұрсын жолыма,
Уәдем осы – куә болшы, суық көр!
Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма 
Кепілім бол, кереметті қуанышым!!
Қару ұстап аттанамын жауыңа.
Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,
Қолда найзам жай отымен үштелген.
Кесілгенше кесілгір тіл сөйлесін,
Құдіретім, қылығыма куә бол!!
Есеңгіреп, құлаңқырап, шалқайып барып бейіттің қабырғасына сүйеніп аз 
тұрып қалады. Аз тым-тырыстан соң шығып кетеді.
Шымылдық.
251




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет