262
Д у л а т (
Қарагөз бен, Сырымға сөйлейді
)
.
Жас өмір сылдыр-күлдір
әлі-ақ өтер,
Қызығын бірі қалмай, бәрі кетер.
Бүгінгі алмадайын Қаракөзім,
Сол күнде күйің не боп, күнің не етер?
Қарағым, көп күрсінбей сөзін бітір,
Күткен көп үйге қайтар көзің жетер.
Өтіп кетіседі.
Қ а р а г ө з . Мал бергеннің жетегінде кетіп, іші өргеніп зар-
мен өткен қазақ қызы аз ба?.. Малға балап, батамен матап, мені
де осылай көп қыздың бірі етіп қор етер деп ойласамшы осы
шаққа дейін сорлы басым? Маңдайыма кеп тас тигенде – енді
ғана бар қазасын, шер жарасын аңдаппын. Бүгін
ғана сенің
жаныңда, аяулы асық жарым жаныңда осы дүние сұмдығынан
үркіп тұрған жүрекпен бауырыңа тығыла тұра айтарым:
лағынет, лағынет болсын сол қызықсымақ, сауықсымағына!
С ы р ы м . Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды!..
Лағынет, лағынет болсын сені тұтқын етем деген қаралық
малы, арам малы, қалыңмалына! Қаңғыманың алды осы түннен
басталсын!..
Қ а р а г ө з . Жоқ жаным... Атама оны!.. Сен ертең мені
ұзатқан жерге келесің. Тіпті, мені барар жеріме де апарып
саласың.
Әйтпесе бір емес, екі өлгенім...
С ы р ы м . Жоқ... жоқ!.. Менің бармағаным артық! Мен
елдің қызығын бұзып кетермін. Жаралы жас аюдай, дұшпан
атаулының беті-басын жаралармын, мені босат!
Қ а р а г ө з . Мені сен апарып салмасаң,
көзім жасын кім
тыяр? Қайғылы басым кім сүйер? Тілеймін, жаным!..
С ы р ы м (
ойланып тұрып
)
.
Олай болса, жарайды! Біз
келерміз. (
Қарагөзді сүйіп айырылуға айналып.
) Қарағым-ай,
Өсерден неге тудың? Тумағыр басым неге тудым алтыншы атам
Өсерден?! (
Қайғырып тұрады.
)
Салдар шығады. Ақбала мен Қарагөз кете барады.
Д у л а т (
Сырымға
)
.
Не деп жүдетіп кетті Қарагөз?!
С ы р ы м . Қарагөз шыдамады. Біздің енді не боларымызды
құдай білсін. Бірақ Қарагөзді Досан ауылына апарып салатын
болдық. Ертең – той, айтылатын «жар-жар» бар. Қарагөздің ке-
тер күні Қарауылдық елі мен белін күңірентіп неге кетпейді?
263
Д у л а т (
бекініп
). Бәсе, Қарагөзімізді әкететін жауларға,
тым болмаса бір оқ атып қалайық. Барып-барып жығылмас па
екен? Әкетсе де, соққы жеп кетсін. Неге қарап қаламыз?
С ы р ы м . Рас айтасың.
Қ о с к е л д і . Бәрекелді, жақсы болды. Тілді безеп бір баға-
йын!
Д ә у л е т к е л д і . Өзіміз Қарагөз кетеді дегелі жабы болып
бара жатыр ек. Сілкінейікші бір!
С ы р ы м . Жә, біздің жар тек болмайды. (
Көтеріле серпіліп.
)
Біздің өлең:
Қарагөздің
жанына
Жара салған жарына,
Күңіренткен зарына...
Д у л а т (
іле
).
Қайғылы болған халына,
Айырбас болған малына.
Қ о с к е л д і .
Артта қалған ағайын –
Туғаны мен барына...
С ы р ы м (
басын изеп
).
Назалана, налына,
Бетін ашып тарыла.
Сөйлеген сөзін жыр қыламыз. Осыған тіл безеңдер (
Аз
тым-тырыс.
) Егес болса – егес. Мен Қарагөзден қалмаймын.
Күдерімді үзбеймін әлі де. (
Салдар қосылып, ақырын әндете.
)
Бәрекелді, сал Сырым,
Көрсетсеңші сән түрін,
Тарқатсаңшы ой кірін;
Айтушы
едің сен бұрын,
Шырқатсаңшы ән бірің!
С ы р ы м . Баста олай болса, «Қарагөзге»!
Бәрі қосылып ән салады.
Серінің қыз құтылмас талабынан,
Қалқатай, бір сүйгізсең тамағыңнан.
Жеңгетай, тоғыз торқа толып жатыр.
Сілкіп ал шалбарының балағынан!
Қарагөз айым!
Қалдың кейін!
264
Кеткенде сен алысқа
Зар еңірейін!
Кетіседі.
А с а н (
жалғыз шығып, өлеңмен сөйлеп
)
.
Қара
шапан жамылып,
Қыз кетеді бір жаққа.
Ән шырқатып қағынып,
Сал кетеді сол шақта.
Салқын кеште сейіл ғып,
Кім келеді бұл тасқа?
Жолығуға ыңғайлы
Болғандай-ақ мұңдасқа.
(
Таңданып.
)
Мәні-жөнін ұқпадым,
Сонда да мұнда сыр басқа.
Ойланып тұрып, ақырын ысқырып жүріп кетеді.
Шымылдық.
Достарыңызбен бөлісу: