325
оған әу бастағы жоспарларын жүзеге асыртпаған секілді, оның
үстіне, көп ұзамай дүниеден де өтіп кетті. Қазақстанның мәдениеті,
тарихы, шаруашылығы, тағы басқа салалары жөнінде жазып жүрген
мақалалары мен көркем шығармалары аз емес еді. Елизавета тапсырған
қолжазбалардың ішінде оның кейбір мақалалары мен «Сәрсембек»
деген романы да бар. Алты сұраққа М. Әуезовтің «Өз жайымнан
мағлұматы» сияқты Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәбит
Мұқановтар жауап қайтарған. Бұлардан басқа Ж. Аймауытовтың
«Ақбілек» романын, Бернияз Күлеевтің бір томдық өлеңдер жинағы
мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиялық туындыларының
қолжазбаларын айта кетуге болады. Ал Торайғыровтың қолжазбаларын
оның екі томдық шығармалары жинағын бастыруды дайындап
жүргенде ғалым Ысқақ Дуйсенбаев Ләйла Мұхтарқызынан уақытша
пайдалануға сұрап алған болатын, артынан ол қайтыс болып кетті де,
қазір сол қолжазбаның қай да екендігі белгісіз күйінде қалып отыр.
Смағұлдың «Сәрсембегі» ұзын ша енсіз қағазға түсті қаламмен араб
әрпінде жазылған, Аймауытовтың қолжазба ларындай емес, бұларды
айырып, ажыратып оқу мүлде қиындық тудырады.
1. 67-бет.
Достарыңызбен бөлісу: