«Шаншар» – қазақтың тұңғыш күлкі журналы»
–
М. Әуезов мақаласын «Апрельдің аяқ кезінде Семейде «Шаншар»
журналының бірінші саны алынды» деген сөздермен бастайды.
Ал журналдың бір саны ғана шығып, әрі қарай жалғасын таппай
қалғаны жоғарыда айтылды. Журнал Ташкенде Түркістан Компар-
тиясы Орталық Комитетінің ұйымы – «Ақ жол» газетінің жанынан
шыққан. Оның себебі, осы кезде Ташкент Өзбек республикасының
қарамағына өтіп, баспасөз, оқу-ағарту билігі жағынан болсын
бұрынғы қазақтардың үстемдігі әлсірей бастайды. Көп жоба-
жоспарлардың жүзеге аспай қалатыны осыдан кейін болады. Оның
жалғасының шықпауы әлсіздігінен немесе қаржының тапшылығынан
емес, заманның өзгеруіне байланысты болды. Дегенмен «Шаншар»
– қазақ сатирасы тарихындағы тұңғыш күлкі-сықақ журналы болып
қала береді.
2. 3. 12-бет.
«Шаншардың қулары Тонтай, Текебайлардың
қу лығы да көбінесе сондаймен келген»
– XIX ғасырдың ішін-
де Шаншардан шыққан Қонтай, Тонтай, Текебай, Торсық байлардың
есімі Арқа жеріне кеңінен белгілі болады. Абайдың шешесі Ұлжан
болса, оның әкесі Тұрпан сол белгілі қулар Қонтай, Тонтайдың інісі.
Тонтайдың өлер алдында: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят
болды, енді өлмесек болмас» деген сөзі екінің бірі айтып жүретін
мәтелге айналып кеткен. Торсықбай жөнінде Жұмат Шанин пьеса да
жазды. Ал Шаншар – табиғи қылықтарымен ел арасында аты шыққан
Қаракесектің өнерпаз әулеті. Оның өнерпаздары уытты әзіл сөзді,
күлдіргі айтыс өлеңдерінің неше алуанын тауып айтқыштықтарымен
аттарын шығарды.
Т. Әкімов,
филология ғылымдарының кандидаты
311
ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ
Мақала алғаш рет «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы қаңтар
– ақпан айларындағы санында жарияланған. Сонына «Мұхтар» деп
қол қойылған. Кейін 1969 жылы шыққан он екі томдық шығармалар
жинағының 11-томына енді.
Енді мақаланың тікелей өзіне келсек, 1926 жылы 13 қаңтарда
ашылған қазақ театрына байланысты талас-пікірлердің көп болғаны
мәлім. Олардың көпшілігі тоталитарлық жүйенің қолдан жасалған
теріс саясатынан туған. Алайда, қазақ театрының даму бағытын
бағдарлаған М. Әуезовтің театрлық һәм эстетикалық ойларының
маңызы зор. Ұйымдастырылып жатқан ұлттық театр қандай болу
керек, оның өзге елдер сахналық өнерінен өзгешелігі неде, олардың
өнегесі, барар жолы қандай деген мәселелер төңірегінде М. Әуезов
келелі пікір айтып, ғылыми тұжырымдар жасайды. Мұнда сонау
көне Гректен бері қарай Еуропа елдерінің театрларына тоқталып,
олардың дүниеге келу, даму жолдарын, сахналық дәстүрін, актерлік
өнерін мәдени қауымға түсіндіре отырып, ұйымдастырылатын қазақ
театрының шығармашылық негізін ашып береді. «Қай өнерді алсақ та
әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан саты-
сында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне ба-
рып құяды», – деуі ұлы мәдениет қайраткерінің әлемдік сахна өнерінің
бір арнасы – қазақ театрының келешегін бұлжытпай танудан туған.
Бұған ұлттық театрымыздың әлемге әйгілі көркемдік жетістіктері
толық дәлел.
Әлемдік театр өнерінің негізін зерттей келіп, М. Әуезов: «Өзге
жұрттың мысалына қарағанда, театр өнерінің ұрығы елдің әдет-
салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталған. Театр
өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен
шыққан. Өнердің іргесін қалайтын елдің өзі. Содан кейін мықты
дүкен, сұлу күмбезді жасайтын – сол ел тірегіне иығын сүйеген
өнершілер», – дейді. Мұнда ұлы суретші қазақ театрының реперту-
ары, оны ойнайтын актерлер өнерінің алғашқы қадамын тап басып
көрсетеді. Жазушы-ғалым ел ішіндегі санқилы ойын-сауықтардың
312
үлкен өнерге дәнекер болатынын, бәрінің сонан бастау алатынын ай-
тып отыр. Халқымыздың ескі мәдени мұраларын жаңғырту, ақындар
айтысын, «Жар-жар», «Беташар», тағы басқа толып жатқан ел ішіндегі
өнердің «театрға ұрық болатын бұйымдарын» қарастырып, олардың
шығармашылық көзін тауып пайдалану жолдарын меңзейді. «Шы-
нында, ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен,
әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманында театр жасамай, не жаса-
ды? Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңілін көтергенінен
басқа, кәрі-жастың сай-сүйегін босатып, аруағын шақыртып, барынша
қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан соң ұзататын қыздың тойын-
да еркек пен әйел қақ жарылып алып айтысатын Жар-жар, салт ойы-
нын туғызған театрдың өзі емес пе? «Жар-жар» мен «Беташар» бүгінгі
заманның сахнасына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды. Со-
лар сияқты толып жатқан айтыс өлеңдерінің қай-қайсысы болса да
қалай болса, солай қоюға болады», – деп М. Әуезов театрдың халық
өнеріндегі түпкі нұсқасы мен репертуарлық негізін терең көрсеткен.
Басқасын айтпай-ақ, сонау дүниеге келген күнінен бері қарай сахна-
дан түспей келе жатқан жазушының «Айман – Шолпан» комедиясын-
да жоғарыдағы айтылған халық өнерінің барлық түрлері қойылымның
көркемдік ажарын келтіріп, ұлттық классикамызға айналуынын өзі
ешқандай дәлелдеуді тілемейді. Енді бірде, «Егер бүгінгі театр жалғыз
мұнымен қанағаттанбай, ел ескілігінен күлдіргі қызық бұйымдар
алам десе, яки көп халыққа ой түсіріп ақыл-сезімге татымдырақ дән
беремін десе, ондайлар да табылады.
Қазақтың көп күлдіргі әңгімесі белгілі қулардың айналасы-
нан жиналады. Мәселен, Семей аймағындағы атақты күлдіргілер:
Шаншардың қулары, онан соң тапқыштық, шешендікпен аты шыққан
Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың барлық өмірі толып жатқан ко-
медия», – деп, театр репертуарының мол қазынасын жіпке тізіп береді.
Мұндай тәжірибені жазушы сонау Италия ның дель Арте комедия
театрының ерекшеліктерінен танып, оның суырып-салма өнерінің
біздің халық арасынан шыққан әйгілі қулардың өнерімен ортақ үлгісін
көрсетеді. «Қазақ өмірінен мұндай күлкілі әңгімелердің мысалын
іздесең, Алдар көсе, Жиренше шешен, я болмаса бергі замандағы
Торсықбай, Айдарбек сияқты көп күлдіргі қулардың әңгімелері әбден
үйлесуге болады», – деп М. Әуезов қайталап, ойын еселей түседі осы
мақаласында. Жазу шының бұл ойын ұлттық театрымыздың алғашқы
даму кезеңіндегі сан қилы ізде ністерінің тәжірибесі дәлелдеп шыққаны
аян. Жүсіпбек Аймауытов, Бе йімбет Майлин, Жұмат Шанин, Ержан
Ерданаев, т. б. күлдіргі пьесалары – осы ой-тұжырымның нәтижесі.
Бұлардағы бай мен кедей арасындағы небір күлдіргі құбылыстар, ма-
313
хаббат жолындағы тапқырлыктар – сахналық өнеріміздің алғашқы
жылдарындағы мазмұны мен көркемдік сипаты болғаны айқын.
Қоянды жәрмеңкесіндегі кезбе труппаның өнері – сахналық
барлық шарттарға жауап беретін синтетикалық өнердің өзі. «Жын-
ды Омар» атанған Әбдіұлының, Зәрубай Құлсейітов, Иса Байзақов,
Майра Уәлиевалар... өнері – халықтың мөлдір бұлағынан қайнап
шыққан қайталанбас шынайы өнер. Зәрубайдың үстел үстіндегі
қымыз толтырылған кеселерге тиіп кетпей, төкпей, аппақ ақ қоян не-
месе ысылдаған жылан болып билеуі. Омардың қаздың қаңқылын,
бақсының жынын шақыруы, кісінің езуін жиғызбайтын Қалыбектің
өткір сықақтары, Исаның құйындай үйіріп әкететін, шынайы ішкі
әрекетке құрылған айтыстары мен желдірмесі, Майраның сызылтып
салған әсем әндері... қазақ даласының түкпір-түпкірінен жәрмеңкеге
жиылған елдің жапырыла тамашалайтын, өмірі есінен кетпейтін М.
Әуезов айтқан халықтық өнер туындылары болып табылады. Ұлы
дананың мақаладағы «жаңа заман театрының басы осы сияқты ел
күлдіргісінен басталған»,– деуінің мәнісін осыдан іздегеніміз жөн.
Халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен өнерін жетік
білетін М. Әуезов бүкіл рухани байлығымызды тұтас шолып, театр
жасауға септігі тиетін бұйымдарды түгел тізіп береді.
«Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ой-санаға дем беретін үлгіні
кіргізу керек болса, ертеде заман шерін айтып сарнаған Асанқайғы,
толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту керек. Тақпақ айтқан
билерді, естірту, жоқтау өлеңдерін айтқан ақындарды, қобызбен сарын
айтатын бақсыны, сыбызғымен күй шығарған күйшілерді тірілту ке-
рек. Осылардың барлығының жайында толып жатқан сұлу әңгімелер
бар. Соларға болымсыз ғана мәдениет иісін сіңдірсе әрі ел өнері
тіріліп, әрі театрдың іргесі құрылады», – деп, тағы да ұлт театрының
негізін қалауға қажетті жағдайларды атап көрсетеді.
М. Әуезов өзінің мақаласында театр өнерінің қазақ мәдениетіндегі
жаңа лық екенін, ал оны ұйымдастыру жауапкершілігінің онан да
күшті екенін ес кер тіп, бұған байланысты көп мәселелерді әбден ой-
ланып, толғанып барып шешу қажеттілігін де білгірлікпен ескертеді.
«Мүмкін болғанынша өзге, кей бір елде болған жаңылыс, теріс жолға
түсірмеуіміз керек... Сондықтан өзге лер жүріп өткен іздің ішіндегі ең
керектісін, ең дұрысын алуымызға керек. Қазақ тың театр өнері біздің
заманымызда басталғанына біз қуанамыз. Бірақ сол қуанышпен бірге,
бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау
керек, – дей келіп ол: –...өзге елден алсақ, сыртқы үлгіні ғана ала мыз.
Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке бірдей заңын, өлшеуін
ға на аламыз», – деп, М. Әуезов сахналық өнердің бәріне ортақ заңын,
21–1247
314
жалпыға бір дей сипатын сақтауды ілгері кеткен елдерден үйренуге
шақырады. Әсіресе, «өнер ге ыңғайлы кісілерді орыс артистерінің
мектебінде оқыту» қажеттілігін баса айтып, солардың сахналық
тәжірибесін үлгі тұтуға үйретеді. Бұрын-соң ды ешкімнің ойына келіп,
аузына түспеген «режиссер» деген сөзді де М. Әуе зов Ж. Аймауы-
товпен бірге айтып қолданып, бұл жұмысқа Жұмат Шанин мен бірге,
татардың немесе басқа жақтың тәжірибелі артистерін шақыруға ақыл
қосады. Сөйтіп, М. Әуезов халық өнерінің мол қазынасын тұтас қамти
зерт теп, қазақ театрының қалыптасу негізін, шығармалық ерекшелігін
ашып берді.
Қазақ топырағында құрылатын театрдың белгілі бір жанрлық
ауқыммен шектелмей, синтетикалық бағыт ұстағанның өзінде
сахнаға үйлесімді рухани дүниелеріміздің барлық түрлерінің басын
қосатын – «әдеби-мәдени өнерді бір жерге жинастыратын универ-
сал» (С. Сәдуакас ұлы) болуына М. Әуезов те баса көңіл аударған
өзінің мақаласында. Сонымен бірге, ол осы рухани қазыналардың
ерекшеліктерін таратып айтып, қалай пайдаланудың жолын нұсқайды,
театр шығармасына қосатын сахналық қызметін анықтайды.
М. Әуезовтің пайымдауында: «... бүгінгі күнде жаңа туғалы тұрған
театр жалғыз ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес,
ескіліктің ән-күйін, қобыз, сыбызғысын да қайта ояту керек. Қазақтың
өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі – ән-күй... Жалпы
музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын
білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы
– күй. Күйдің тіліндей бай тіл қазақтың әнінде жоқ... Бұлай болса,
бүгінгі театр ескілігіндегі күй мен әнді бір минут есінен шығармау ке-
рек... Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны
қайта тауып алу керек...
Қазақтың ескі салты мен ойын-жиындағы өлең сауықтың барлығы
ән мен өлеңді аралас жүргізетін, сондықтан ел театры қалың елдің
өмірімен шын жанасамын десе, ескінің суретін толық пішінді қылып
құруға міндетті екені даусыз. Өлең мен әнді қатар тірілтіп театр
жасауға айналсақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ел поэмалары,
«Бекет батыр» сияқты тарихи өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне оп-
оңай сыйып кетеді.
Міне, қазақ ескілігінің бүгінгі жас театрға тартатын сый-сипаты
осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен тесік моншақ
сияқты асыл бұйым, асыл ұрықты таңдап, танып алуға жараса, осы
сияқты анайы топырақтың үстіне іргесін орнатып, дүкен құрса, ол
өнер әрі елдің өнері болып, әрі келешегін кең өріске беттеткен өнер
болады», – деген.
315
Болашақ театрдың осындай синтетикалық әрі көркемдік
үйлесімділігін М. Әуезов музыка өнерінен көрген. Ол жекелеген
орындаушылардың енші сінде ғана қалмай, тұтас театр өнерінің
егіздің сыңарындай ажырамас құрамы тұрғысынан келген, музыкалы
драмалық әрекеттерді күшейтіп, үлкейтіп жеткізетін ерекшелігімен
бірге, көрермен тыңдаушысын жанды сезімге бөлейтін құдіретін еске
салып отырған.
Ғалым-жазушы «қазақ ескілігі» деген ұғыммен фольклорлық
шығар ма лар дың түрлерін қамтып отыр. Ұлттық театр өнерін жа-
сауда халықтық шығармалардың сарқылмас рухани байлығын
пайдаланудың ғылыми жолын саралап отыр. Кезінде мұның бәрін
тоталитарлық идеология мансұқ етіп, М. Әуезовті көне заманның ескі
дәстүрін тірілтуші, дәріптеушісі деп айыптағаны мәлім. Қазір еліміз
егемендік алғаннан кейін әділдік орнап, әсіресе әдебиетке байланы-
сты бұл мәселе жан-жақты көтеріліп жатыр.
Қалай десек те, ұлы қайраткердің мемлекеттік театрдың ашы-
лу қарсаңында айтқан ғылыми пайымдаулары мен болжамдарының
толық жүзеге асқанына сахналық өнеріміздің бүгінгі жеткен
профессиоиалдық биігі толық дәлел. Ал фольклорлық мұраға
сүйеніп жазылған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты көптеген
драматургиялық туындылар классикалық жетістігіміз есебінде әлемге
танылып отыр.
Осыған байланысты М. Әуезовтің: «Қай елдің жазушысы болса
да драмаларында алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін,
мінез жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне
салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен болымсыз ойын-
сауықтан шыққан кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған
уақытына шейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы,
қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол
ұстасып қатар отырды. Барлық салт театрының ретімен жазылған
пьесалар бұл сөздерге дәлел», – деуі ұлттық театрымыздың алғашқы
қадамдарын дәл саралаудан туған.
М. Әуезовтің бұл мақаласының театрдың алғашқы шығармалық
даму кезеңдеріндегі ықпалы күшті болды. Сонымен бірге, сахна мен
драматургия мәселесіне арналған профессионалдық үлгіде жазылған
әрі ұлттық театртанудың негізін салған мақала.
Достарыңызбен бөлісу: |