Гімелер, аудармалар


«Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, бол-



Pdf көрінісі
бет82/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106
«Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, бол-
маса Сәлімбеков пе біреуі» – 
Сәбит Дөнентаев белгілі ақын, ал 
Сәлімбековті анықтауға мүмкіндік болмады.
9. 71-бет. 
«Содан кейінгі баспа сөзіне толығырақ араласқаным 
1918 жылы «Абай» журналының шығуымен байланысты»
– Бұл 
журнал туралы толық мағлұматты 1-томның түсініктерінен оқи ала-
сыздар.
10. 71-бет. 
«Сырлы әдебиетке кірісуді пьеса жазудан бастадым»

 
Мұн дағы 
сырлы әдебиет
дегені – қазіргі 
көркем әдебиет
деген 
ұғымды береді.
11. 71-бет. 
«Сонда ең алғашқы пьесам «Ел ағасы» деген 4 
перделі дра ма жаздым»
– «Ел ағасының» жоғалғандығын осы 
өмірбаяндық қол жаз басында өзі айтады. Сондықтан ол жөнінде толық 
түсінік беру қиын. Пьесаның Жаңасемейде халық үйінің клубында 
қойылғандығы жөнінде 1921 жылғы 26 ақпанындағы санында мақала 
басылды. Ол хабарды жазған – Сейіт Тоқымбаев. Мұнда шығарманың 
мазмұнынан да хабар етеді. Архивтен пьесаның бағдарламасы табыл-
ды. Онда былай деп жазылған:
Программа. Қадірлі жолдастар! «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып 
секіреді». Мәскеудегі мұқтаж қазақ студенттеріне жәрдем болсын, 
программа сатып алыңыздар!
1. Ел ағасы. Мұхтар Әуезұлы шығарған 4 перделі пьеса.
О й н а у ш ы л а р :
Ж ұ м а х а н (жуан, зорлықшыл) – Нұрмұхамбет Жамышин
А қ ы ш (Жұмаханның қайын ағасы) – Серке Жармұқанұлы
Е р м е к (оқыған жігіт) – Мұхаметжан Парызұлы
Қ а б ы ш – (жаңа пікірлі учитель) – Абдолла Байтасұлы
Ә с и я – (Ермектің ағайының қызы) – Шәмения Әлібекова
Б и т е м і р – (Әсияның әкесі) – Ғаббас Дәулетбекұлы
Қ а л и м а н – (шешесі) – Бану Асылбекова
Ж ұ м а ғ ұ л – (пысық кісі) – Әбдірахман Бектасұлы
Ә д і л б е к – (ақсақал) – Ғабдолла Диханбайұлы
Д ү й с е н – Рахметолла Қаржаубайұлы
С ә л м е ш – Рахым Асылбекұлы
Д ә м е т к е н – (өсекші қатын)


328
Ы д ы р ы с – (оқыған жігіт) – Рахым Асылбекұлы
Оқыған жігіттер
Милиция
Ж ү н і с – Жолмағамбет Меңдібекұлы
Б і р і н ш і ж і г і т – Рахым Иманбайұлы
Е к і н ш і ж і г і т – Сейітқасым Әміреұлы
ІІ. Ақын Иса наурызға арналған һәм көптің тілеген өлеңдерін ой-
ынан шығарып айтады. Жастар кейін қалып, әртүрлі ұлт ойындарын 
ойнайды.
Басқарушы: X. Мырзағалиұлы.
Даярлаушы: М. Қазақбайұлы».
Осыдан басқа пьеса жөнінде ешқандай мағлұмат кездеспейді. Сол 
ойна луы нан кейін ешқайда қойылмаған болу керек.
12. 71-бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет