326
атындағы ауданға барған жолжазбаларында мынадай жүрекжарды
сөздерін қағазға түсіреді: «Сағынып кеп тағы да баяғы сабаққа бара
жатқан күндерде әрбір түп шилерге, әрбір асық ойнаған тауларға –
енді қайта айналып сендерді көрем бе, жоқ па деген қимас көңілмен
қоштасып, үлкен көңілмен кетіп барам. Ағам (әкем), жеңешем (ше-
шем), кәрі апам (үлкен шешем), қадірлі ағам Қаске (Қасымбек), жаны
жылы, жақсы жақсы жеңгем Қалия, апам Күлсім, інім Сабидал –
бәріңнің де қабіріңді көріп өттім. Бірде-біріңнен титтей де реніш шек-
кен шағым жоқ екен. Ойласам, мен өзімді соншалық жақсы көрген,
соншалық сүйген мендей жаман баладан көп-көп үміт еткен жақсы
жандар ортасында туып-өскен екем. Соңғы Қаске түсіме енді – аппақ
киімі бар, бірақ ренішті халде көрінді. Жан ағам жаңылмаспын:
«Жақсы бол, ұл бол, ел сүйетін азамат бол. Құр күнкөргіш пысықай
бірдеме болам десең, ата-ананың үмітін жер еткенің» деген сөзіңнен.
Ендігі қалған тірлікте қарызым да сол, іздер, барар мұратым да сол
ғана» (Жидебайға барғанда, Папка, № 29, 89-90-бет). Мұхаң үшін
Қасымбек орнының қандайлық екендігі осыдан да байқалады.
Ал осындағы
«Жаны
жылы, жақсы жеңгем Қалия» дегені – сол
Қасымбектің келіншегі. Ол да Қасымбектен кейін қайтыс болған.
4. 69-бет.
Достарыңызбен бөлісу: