Б. Құндақбайүлы,
өнертану ғылымының докторы
316
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ ТЕАТРЫ
Бұл мақала қолжазба күйінде Қазақ ССР Ғылым академиясының
Орталық кітапханасының қолжазба қорында сақталып келген. 1959
жылы осы жолдардың авторы М. Әуезовтің ақыл-кеңесінен кейін
мақаланың көшірмесін машинкаға бастырып алған. Мақаланы ме-
нен танысуға алған Қ. Қуандықов «Жұлдыз» журналына жариялап
жіберіпті. Мұның бір дана көшірмесі күні бүгінге дейін осы жолдар
авторының жеке архивінде сақтаулы. Журналдағы мақалаға қысқа алғы
сөз берген Қ. Қуандықов мұны 1927 жылы жазылған деп топшылаған.
Қолжазбада автор мақаланың жазылу уақытын көрсетпеген.
Мақаланың мазмұнынан оның 1928 жылы жазылғанын анықтау қиын
емес. Мұнда мемлекеттік театрдың екі жылдық шығармалық жолы сөз
болып, сол уақытта сахнада қойылып жүріп жатқан Жұмат Шаниннің
«Арқалық батыр», Бейімбет Майлиннің «Айша» қойылымдарын тал-
дау арқылы актер өнері мен ерекшеліктерін кеңінен сөз етеді.
Ұлттық театрдың үлкен ізденіс жолына түсіп, профессионалдық
бағыт алуына Ж. Шаниннің мол еңбегін, шығармалық ықпалын М.
Әуезов жоғары бағалаған. Ол театрдың бірер спектакльдерін көріп,
жас ұжымның буыны бекіп, бұғанасы қата бастағанын сезеді. «Бүгінгі
артист баяғы рөл жаттамай шығатын, залға құр мағынасыз мақтана
қарайтын санасыз сөдегей ойыншы емес. Бәрі де міндетін зор түсінген
өнер қызметкері, саналы еңбекші», – деп актер шеберлігіндегі
өзгерістерді қырағылықпен аңғарған. Мұнан әрі ұлы жазушы өзі
көрген екі спектакльден туған пікірлерін мақалада театр сыншысы
ретінде профессионалдық деңгейде айтқан. Осы қойылымдардағы
орындаушылық өнерді айта келіп: ...«Арқалық» қазақ ойыншыларының
күшін өзінше, өз қалпына қарай екшеп, бірнеше ойыншыны барынша
ажарландырып көрсететін болыпты», – дейді. Осы тұста ол Абылқай
Абдуллиннің (Арқалық), Қалыбек Қуанышбаевтың (Әжіхан), Серке
Қожамқұловтың (Қарашешен, Дүрбіттің ханы), Елубай Өмірзақов
(Диуана, Бейсен би) сияқты актерлердің еңбектерін терең талдап,
олардың өнеріндегі ерекшеліктерін ашады. Қойылымның көркемдік,
идеялық мазмұнын тануда Арқалық рөлінің орны бөлек. Актер
317
А. Абдуллин бойындағы табиғи талантына сүйеніп, Арқалықтың
тарихи келбетін ашуға ұмтылған. Мұны М. Әуезов мақаласында ак-
тер шеберлігін түбегейлі қозғай келіп: «Күн өзінің бір көрікті жылы
шағын мына батырдың ақылды, жылы көзінен білдіріп, танытып
тұрған сияқтанады. Төңбектеп алысқа шабатын жері қашық қазақ
жүйрігінің кәрі қара қайратын Абылқай өзі де ұққан, ұқтыра біледі»,
– деген сөзі актердің өнеріне профессионалдық білгірлікпен берген
бағасы болып табылады.
«Арқалық батырдағы» топ жетекшісі әрі ақылшысы, айласы мол,
арам дығы мен зұлымдығын сыртқа сездірмейтін Әжіхан рөлін Қалыбек
Қуаныш баевтың орындауы қойылымның аса ірі жетістігі болған. М.
Әуезов аталған мақаласында: «Осының орайына, заманының жыны
сияқты таусылмайтын арамдық, сұмдық иесі Әжіханды Қалыбек
те әдемі суреттейді. Көп жұрттан ұрланғандай Арқалықтың бетіне
тіктеп қарай алмай, сырт айнала беріп, сызданып суық қарайтын ала
көз бұл ханның бар жайын баян еткендей болады. Тура қарасқанда
төменшіктеп жерге қарай үзіліп, сүзіле береді де, мойын бұрылып
Арқалықтың көзі тайғанда «алдадым, алдадым» деп кетеді.
М. Әуезов қойылымға қатысқан актерлердің жемісті ізденістерін
білгірлік пен суреттей келіп: «Осы ретте алған рөліндегі Қара
шешеннің мінезін, онан соң Дүрбіт ханның мінезін көрушіге өте
айқын сұлу бояумен ұғымды қылып, түрлендіріп көрсеткен бірінші
қатардағы еңбек Серкенікі сияқты.
Бұл әншейіндегі қозғалысы жоқ, отырысы көп, салмағы ауыр,
сылбыр, еріншек, кең қолтық, балпаң қазақты
сахнада жан беріп,
тірілтіп, жылпың қылып жібере алады. Солай болмай, театр сахна
өнері болмайды. Біраз бояу бермесе, сахнада өнерлік пішін болмай-
ды. Мінез әсем болмайды», – деп сахналық бейне жасаудағы актерлік
ізденістерді баса айтқан. Мұндағы жазушының ой төркіні сахналық
бейне жасаудағы актерлердің орайы келгенде қолданатын бүгінгі
ұғымдағы әдейі әсерлеу әдісіне тіреліп отыр.
М. Әуезовтің бұл саладағы керемет театр сыншысы ретінде
актер ойындарына берген терең танымдық ойларын әрі қарай
жалғастыра беруге болады. Солардың бірі – Диуана рөліндегі Елубай
Өмірзақовтың шеберлігі жайында айтқаны. Бар болғаны бір-ақ жер-
де, бір-екі ауыз сөзімен шығатын кейіпкер актердің шебер ойыны-
мен сахналық жинақтылыққа жетіп, спектакльдің көркем бейнесіне
айналған. Осы бір шағын рөл туралы М. Әуезов: «... ұсақ рөлдермен
шығатын, бірақ алғанының қайсысын болса да, бір-біріне ұқсат пай,
көңілдегідей құбылтып ойнайтын Елубай «Арқалық» ішіндегі көп
рөлдерінің барлығынан диуананы әсіресе келістіріп ойнады... Бұл
318
көрсеткен диуана, жалпы диуаналық деген нәрсеге жасалған қатал
сын, ең қатал жаза сияқты. ... Көбінесе, адам қауымында диуаналық
сорлылықпен шектеседі. Бұл күнге шейін оның шала-мұла дәурені
болса, бұдан былай ол жоғалады, өшеді.. Онымен үлкен құрал ұстап
алысу керек емес. Күлкі, мазақпен де пендені жерге жаныштап кетуге
болады. Елубай осы құралды ұстанған. Ол диуаналықтың барлық ди-
уанаша мағынасыздығын, жауырынын бүрістіріп жіберіп, қалшылдап,
қызарып, күре тамырын адырайтып, қатып тұрып: «Аһ!» – деп жіберіп,
қызыл көздерін қайшыландырып, қылиландырып жібергенде, зал
тегіс шашу шашқандай қуанады. Күлмейтін кісі қалмаса керек.
Диуаналыққа сол күлкі – өлім күлкісі. Елубай Түркістанның бар
диуа насына сабақ болады. Бірақ диуаналықтың жаназасын шығарушы
да сол Елубайдың өзі», – деп ұлы жазушы актер ойынын шебер
талдаған.
Актердің мұнан басқа да бірер шағын рөлдерін көрген М. Әуезов
«Елубай – қызу қанды, ащы мысқыл иесі, ішінде сахна өнерінің
қайнар көзі бар, жанды, отты ойыншы. Шынымен бабына келтіретін
рөл болса, Елубайдың іштен тасып шығатын қызуы өте мол. Мұнда
өмір екпіні, өнер оты тіпті күшті сияқты. Сондықтан залды баурап би-
леп, бағындырып алатын албастысы барға ұқсайды», – деп, оның өнер
ерекшелігін білгірлікпен тап басып анықтаған. Және актердің осы
бір жазушы сипаттаған шеберлік даралығы – оның ұзақ жылдардағы
шығармалық келбетін қалыптастырғаны белгілі.
Өзі көрген қойылымдардағы актерлердің ойындарын нақты
талдау арқылы, ғалым-жазушы нағыз театртанушыдай олардың
шеберлік ерекшіліктерін, өздеріне тән даралықтарын, шығармалық
кескін-келбетін, ең аяғы, болашағын да бұлжытпай анықтаған.
Өнері сөз болғандардың көбісінің актерлік тағдыры М. Әуезов
айқындаған бағытта дамып, жоғары көркем-профессионалдық биікте
қалыптасқанын театрдың шығармалық жолы дәлелдеп шықты.
Мақаланың ұзын-ырғасы мен мазмұны қысқаша айтқанда осыған са-
яды.
Достарыңызбен бөлісу: |