Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет17/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
 
1. 
http://worldskills.kz/ 
2. 
http://kcollege.kz/ 
3. 
https://bilimdinews.kz/ 
4. 
«Кәсіпқор» Холдингі» АҚ-ы, Ақпараттық дайджест №36 2015ж. 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Жумасатова Гулжамал Ыксановна 
Х.Өзбекғалиев ат.Маңғыстау политехникалық колледжі 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуде. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. 
Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, 
жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім 
беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі 
маңызды мәселелердің бірі болып отыр. 


34 
Инновация
 
дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа 
технология. “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар 
берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір 
адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан 
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
 
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым 
Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру 
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек 
қызметі” деген анықтаманы ұсынады. 
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін 
есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық 
оқытудың 
мәні 
өз 
көрінісін 
тауып 
тұр.
Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты, күнделікті өмірде жаңа білім мен 
жаңалықтармен 
кездесеміз,бұған 
оқыту 
үрдісі 
де 
сәйкес 
болу 
керек.
Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам 
жасауға үйретеді, инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде 
сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. 
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, 
өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту 
технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға 
бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік 
тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық 
әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін
 
атап көрсеткен: 
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін 
ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық жауапкершілін арттырады. 
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; 
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; 
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс 
тұрғысынан ұйымдастыру; 
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы 
дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады; 

ізгілендіру 
технологиясында педагогика 
ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми 
жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, 
ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік 
нәтижесінің бірлігінде қарастырады; 
Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту 
кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу 
әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын ояту, нақты жағдайда инновациялық 
технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асады.
 
Қазіргі таңда инновациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. 
Сабақта логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген 
тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды 
орындатуға болады. 
Жаңа инновациялық технологияның басты тиімділігі – оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, 
оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын 
кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасай алады.
 
Инновациялық технологияны енгізуде компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай 
саралап көрсетуге болады. 


35 
1. Оқушы мен оқытушының позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді.
Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. 
2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және 
өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің 
нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды оқытушының 
көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет