Берілетін материал бірсарынды болып, тек оқытушы ғана сөйлейтін болса, балаларды
жалықтырады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін
биология сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер
қолданылады. Инновациялық технологияның оқытушының жұмысына ең тиімдісі –
оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге
пайдасы бар.
Жалпы пәнді оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың
жаңа
технологиясын
пайдаланып,
оқушылардың
пәнге
деген
қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.
Жақсы әдістемелік бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютер көптеген
функцияларды өзіне ала отырып, оқытушыға жұмыс стилін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Компьютер арқылы беруге арналған инновациялық-оқыту және әдістемелік құралдар
құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- топпен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни
оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
-
экранда
берілетін
барлық
ақпараттық-оқу
материалдарын
компьютердің
мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу;
Компьютерлік өнімдер:
Оқыту программалары;
Электронды оқулықтар;
Мультимедиялық құралдар;
Қашықтықтан оқыту;
Видео конференциялар;
Бейнекамера және теледидарлық құралдар;
Презентациялар;
Гипермәтіндік гиперсілтемелер.
Оқыту программалары:
36
Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде
кез-келген пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды.
Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық
аспап, әрі информациялық-анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Қабылдау
емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені
белгілі.
Электронды оқулықтар:
Электрондық оқулықтар қазіргі ақпараттық коммуникациялық білім беру
парадигмасының құралы. тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді
(интереактивті қасиеті); қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік
береді; гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады; әрбір жеке
тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік
береді.
Мультимедиялық құралдар:
Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни,
пайдаланушылардың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi.
Қашықтықтан оқыту:
Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту
процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен оқушының территориялық
алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асырылады.
Видео конференциялар
Онлайн-конференция – сайт оқырман-дарының конференция ұйымдастырушылары -
мен тікелей байланысқа түсуі. Онлайн-конференция өзінің қарапайымдылығы мен
қолайлығының арқасында дәстүрлі баспасөз-конференциясымен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарға ие. Онлайн-конференцияға қатысып, сұрақ қою үшін тіркелуге де болады
және тіркелмеуге де болады. Сондай-ақ, тіркелетін кезде өзіңіз жайлы нақты мәліметті
көрсетпеуге де мүмкіндік бар. Онлайн-конференция – бұл белгілі бір уақыт аралығында өтетін
іс-шара, алайда кейде сұрақты алдын ала қоя аласыз.
Бейнекамера және теледидарлық құралдар:
Теледидарлық бейнежазуға арналған кассеталық бейнемагнитофонмен біріктірілген
құрал. Бейнекамерада бейне және дыбыс сигналдарын жазу, қарау, пәнге байланысты кино
көруге, дәрістер тыңдауға ойындар (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.б.) ойнауға болады.
Презентациялар:
Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа
сабақты жақсы игеруге көмектеседі.
Гипермәтіндік гиперсілтемелер:
Гипермәтіндік құжат олай аталу себебі, онда бір құжаттан басқа да құжаттарға және
кері сілтемелер жасауға болады. .
Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше сабақта қолдансақ болашақ
маман иесі тәжірибелі және білімді, инновациялық технологияларды мақсатты пайдалана
алатынына сенім бар. Жаңа инновациялық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
– білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология
түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби
біліктілігіне тікелей байланысты;
37
– жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде
ғана жетістікке жетуге болады .
Достарыңызбен бөлісу: |