59
Меланхолик сабырлылығымен, баяулылығымен, сондай-ақ ұялшақтығымен және бәсең
сөйлеуімен ерекшеленеді. Меланхолик эмоционалды тұрғыдан осал, басқаларға қарағанда ол
қорқыныш, көбінесе қауіптің сипатын асыра бағалайды, мұндай адамдар зорлық-зомбылықтың
құрбанына айналу ықтималдығы жоғары. Шет тілін үйрену кезінде меланхоликтің қатты
қобалжуы оның ауызша байланысқа түсуіне кедергі болуы мүмкін. Нәтижесінде тілді
меңгерудің деңгейі темпераменттің басқа түрлерімен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.
Алайда, егер сіз меланхоликті ашуға мүмкіндік берсеңіз, ол өзін терең әрі ойлы әңгімелесуші,
мағыналы диалог құра алатындығын дәлелдейді. Сондай-ақ, оның артықшылықтарының
қатарында тілді жеке үйренуге мүмкіндігі бар, өйткені ол холерик және сангвиник адамдардан
айырмашылығы, топтық жұмысты қажет етпейді.
Жүргізілген зерттеу барысында студенттер үшін шет тілі сабақтарында үлкен кедергі
болып табылатын ұстамдылық, байсалдылық, сылбырлық және тұйықтылық, қауырттылық
сияқты жеке тұлғаның қасиеттері тән екенін байқалды. Мысалы, фонетикалық жаттығу,
диалогтар, ой ашар, рөлдік ойындарды орындағанда ұялып, өз ойын шет тілінде жеткізу
қиындық тудырады, олар көпшіліктің көздерінде күлкілі көрінуден қорқады. Холерик және
сангвиник студенттер керісінше, мұндай жұмыс түрлерін үлкен қызығушылықпен құмарта
орындайды, өйткені мұнда олар өзінің әртістігін, ашықтығын, тез тіл табысқыштығын көрсете
алады. В. Н. Куницинаның зерттеу деректері бойынша ұялшақтық, жатырқаушылық, жоғары
сезімталдық сияқты жеке қасиеттер қарым-қатынас жасау мен тіл үйренуге, білім алуға кедергі
келтіреді [4].
Қорыта келгенде, шет тілін үйретуде студенттердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне,
темпераментіне сүйенуінің маңызды екендігіне көзімізді жеткіздік. Білімді меңгеру үдерісіне
келесі қасиеттер әсер етуі мүмкін: қабылдау жылдамдығы, зейіннің шоғырлану ұзақтығы,
психикалық темп және ритм. Сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бағыттылығы да маңызды рөл
атқара алады, мысалы, экстраверт, жаңа қарым-қатынас жасауға, адамдармен қарым-қатынас
жасауға ұмтылады және сөйлеудің эмоциялық бояуы, мысалы, қарым-қатынас кезінде
эмоциялардың айқындылығы. Осы мәліметтерге сәйкес, эмоцияға берілуі шапшаң, пысық
холерик темпераменті бар студенттер флегматик темпераментті студенттерге қарағанда еті тірі
болып келеді. Сангвиник темпераменті басым білім алушылар оқуда анағұрлым табысты, ал
флегматик және меланхолик темпераменті басым білім алушылар шет тілін меңгеруде көп
қиындықтарға ұшырайтындығы айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: