Сборник материалов международной научно-практической конференции


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет22/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Жұбаева Зәуре Құлшыққызы 
Ш. Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжі 
 
Математиканың абстрактілі сипаты, оның ішкі логикалық байланыстары мен оның 
тарауларының жүйелі оқытылуы бұл пәнді оқытудың өзіндік қиындықтарын туғызады. 
Білім алушылардың жас ерекшеліктерінің есепке алынбауы, «қатаң» баяндауға ұмтылыс, 
математиканың қазіргі заманғы қоғам өміріндегі маңызын көрсете алмау, көбінесе білім 
алушылардың математикаға деген көзқарасының құрғақ, қызықсыз ғылым ретінде өзгеруін 
туғызды. 
Өкінішке орай, математикаға деген мұндай көзқарас күні бүгінге дейін жойылмай отыр, 
бұл көптеген жас адамның аз да болса математикамен байланысты мамандықтарға деген теріс 
көзқарасына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар математиканы білуге деген ынтаны оятуға және 
тәрбилеуге көптеген ғалымдар мен педагогтар зор көңіл аударды.
Кеңестік психологияда қызығудың бірнеше анықтамасы бар. «Қызығу - тұлғаның 
нысанға жалпы саналы ұмтылысын сипаттайтын, нысанға жақын қарым-қатынаспен 
ұғынылатын, әсерлі және қызмет өнімділігінің көтерілуіне ықпал ететін психикалық 
белсенділіктерінің бірі» [1]. 
Қызығудың басқа да анықтамалары бар. «Қызығу – бұл тұлғаның пәнге өзі үшін бағалы, 
тартымды нәрсе ретінде қарауы». Оларды толық талдауға бармастан, психологтардың көбінің 
қызығуды бағыттылықтар санатына, яғни тұлғаның нысанға немесе әрекетке ұмтылуына 
жатқызатындығын атап кетейік [2]. 
Қызығудың психологиялық-педагогикалық негіздері қалай жақсы әзірленгенімен де, 
олардың негізінде қандайда бір белгілі пәннің, әсіресе математика сияқты пәннің оқытылуын 
құру үшін қосымша жұмыс жүргізілуі қажет. 
Ең әуелі математикалық қызығушылықтың қай мезгілде туындайтындығын анықтау 
маңызды. Арнайы зерттеулер көрсеткендей, математиканы оқып үйренуге деген қызығушылық 
адам өмірінің бастапқы кезеңдерінде, бірақ көбінесе 5-9 сыныптарда, ал бұл сыныптардың 
ішінде көбінесе – 7 сыныпта туындайды.
Бұл 5 сыныпта математика пәнін өз пәнін терең білетін, қағида бойынша, өз пәнін 
сүйетін және оқушыларды математикамен қызықтыра алатын маманның бере бастауымен 
түсіндіріледі.
Қызығудың 7 сыныпта қалыптасуына арналған қолайлы жағдайлар алгебра мен 
геометрияны оқудың басталуымен байланысты болады. Бұл пәндер мазмұнының 
біртумалығымен, ерекше нышанымен, сызбаларымен, өлшемдерімен, үстіртін назардан 
жасырын мәнімен, тіпті өз символдарымен және терминдерімен де тартымды.
Бірақ жаңа пәндерді оқып үйренудің басы қызығудың оянуына қажетті қолайлы 
жағдайларды ғана туғызады, олардың қызығу нысанына айналуы оқытуға, яғни мұғалімге 
байланысты болады.
Сонымен орташа мектеп жасы математиканы үйренуге деген қызығушылықты 
тәрбиелеудің маңызды кезеңі болып табылады. 
Бірақ дәл осы зерттеулер математикаға қызығушылықтың жоғарғы сыныптарда, 
адамның жоғары немесе арнаулы орта оқу орнында оқуы кезінде және жасы толған кезде де 
қалыптасуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, білім алушыны 
қызықтыру мақсатын мұғалім үнемі, кез-келген деңгейде шешуі, және Д. Кудрявцевтің өз 


47 
кітабында әділ айтқанындай, математикаға оқып-үйрету тіпті жоғары оқу орнында да «білім 
алушының оқытылатын пәнге деген қызығушылығын қолдау» мақсатында жүргізілуі тиіс [3]. 
Қызығушылықты ояту оның бірден-ақ тұрақтылыққа ие болатындығын және ұзақ 
уақытқа тұлғаның бағытын анықтайтындығын білдіреді және егер қызығуды қолдамаса және 
үнемі дамытып отырмаса, оның бірден немесе біртіндеп өшуі мүмкін. Баланың жасы мен жеке 
ерекшеліктері зор маңызға ие. Математикаға деген қызығушылықты тәрбиелеуге байланысты 
жұмыстардың дұрыс жолға қойылуы үшін, бәрінен де бұрын оқушылардың жеке және жас 
ерекшеліктерін ескеру қажет [1]. 
5-6 сынып оқушыларының математикаға қызығуы әуестік деңгейінде. Бұл қызығу өте 
жеңіл туындайды. Сабаққа жаңа көрнекі құрал әкелініп, ерекше шарты бар есепті шығару 
ұсынылса және осы сынып оқушыларының қызығушылығын сезіну үшін, ғылым тарихынан 
қандайда бір дерек хабарланса да жеткілікті. 5 және 6 сыныптың мұғалімі өткен сабақта 
туындаған қызығушылықты есепке алмастан, оқушыларды қызықтыру қажеттілігін үнемі 
қаперінде ұстауы тиіс. 
5-6 сынып оқушыларының қызығуы оқытудың әсерлік жағына мықты тәуелді болады. 
Оған пәнді оқудағы жетістік пен оған байланысты мадақтау, әсіресе мұғалімнің мақтауы үлкен 
әсер етеді. Жалпы, оқушының қызығушылығына ынталандыру мен мақтау қанша оңды әсер 
етсе, мұғалім тарапынан болатын зеріктіретін үгіт, жазғыру мен дөрекіліктің соншалықты теріс 
әсері болады.
5-6 сынып сынып оқушыларының қызығуына қарағанда 7-8 сынып оқушылары 
қызығуының айырмашылығы пәннің мазмұнына бағытталған және неғұрлым тұрақтылығымен 
ерекшеленеді. Мұнда қиыншылықты жеңуге, қиындау есептерді шығаруға деген ұмтылыс 
көбірек байқалады. 
Ал жоғарлаған сайын білім алушының қызығушылығының орта мектеп жасындағы 
балалардың қызығушылығынан елеулі айырмашылығы болады. Бұл кезеңде жалпы танымдық 
қызығуға және жекелеген пәндерге қатысты қызығуға ықпал ететін кәсіби қызығушылық 
байқалады. Осыған байланысты оқушылардың оларға «қажетті» пәндерді оқып-үйренуге деген 
ұмтылысы неғұрлым саналы және ерікті бола бастайды және бұл қызығу нысанын жақсырақ 
ұғынуға әкеледі, сондай-ақ қызығу біртіндеп зерделік деңгейге жетеді. 
Бұл жасқа тән дербестікке ұмтылыс білім алушының өзін қызықтыратын пәнді өздігінен 
тереңірек оқып-білуге деген ынтасын оятып, оларды қызығу белгісі ортақ жолдастарымен 
жақындастырады және, атап айтқанда, бір математикалық қызығуға топтап қорытуға ықпал 
ететін өзіндік атмосфера қалыптастырады [2].
Сонымен қоса, арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына 
дайындалуға байланысты практикалық мәселелер, аттестатқа неғұрлым жоғары балл жинау 
мақсаты бұл оқушылардың еңбектің нәтижесіне деген қызығушылығын оятады және олардың 
қызығушылығын неғұрлым дифференциялық, терең және орнықты етеді.
Математикалық қызығуға ынталандыратын ерекше шарттар айқындаудың да маңызы 
зор. Бұл шарттар жалпы сипаты бойынша психологтармен айқындалған, бірақ математиканы 
оқытуда қолдануға қатысты нақтылануды және айқындалуды талап етеді. 
Жоғарыда айтылғандай, жағдайлардың бірінші тобына оқу материалының мазмұнына, 
оның жаңашылдығына және алуан түрлілігіне байланысты жағдайлар жатады. 
Әрине, мазмұннын түрлілігі пен біртумалығы ол неғұрлым айқын ашылған сайын 
соғұрлым көп білім алушыны қызықтыра түседі. Бір қарағанда, бағдарламамен ұсынылатын 
мүмкіндіктермен қанағаттануға да болатын сияқты болып көрінеді. Алайда, тәжірибе 
көрсеткендей, көптеген мұғалім пәннің мазмұнын ғылым тарихына байланысты материалдар 
келтіре, ілгеріде өтілген материалдарға жүгіне және оларды басқаша тұрғыдан аша отырып, 
қиынырақ есептер шығара және математиканың түрлі қосымшаларын көрсете, математиканың 
қазіргі заманғы өмірдегі үлкен маңызы түсіндіре және сол арқылы білім алушыларды 
қызықтырудағы табысқа қол жеткізе отырып байытады.
Пән мазмұнының дәл осы жақтары қызығушылықты ояту мен дамытудың маңызды 
шарттары болып табылады екен. Бұл ретте шарттардың көбі бір-бірімен байланысты. Мысалға, 


48 
қиын есептерді шығару сияқты шартты алайық. Қиын есептерді шығару кезінде алынатын 
қанағаттану сезімі, көбінесе олардың математикаға деген қызығушылығын оятушы себеп 
ретінде аталады [1]. 
Бірақ бұл жағдай үшінші топқа жататын басқасымен, атап айтқанда – табысқа қол 
жеткізумен сәйкеседі. Қанағаттану сезімі туындау үшін есеп шығарылуы тиіс, өйтпеген 
жағдайда, өз күшіне сенбеу, селқостық, қызығушылықты жоғалту орын алады. Демек, қиындық 
білімнің, икемділіктің жинақталуына, табандылық пен жігердің өсуіне қарай біртіндеп ұлғаюы 
тиіс. Мұғалімнің шеберлігі есептерді шебер іріктеуінен, табандылық пен зеректікке 
тәрбиелеуінен көрінеді. 
Қызығушылықтың дамуына ықпал ететін жағдайлар тобы математиканы оқыту 
әдістемесінің көптеген мәселелерін қамтиды, мұнда бәрінен бұрын сабақ жүйесіне қойылатын 
белгілі талаптар жатады. Бұл талаптардың мәні сабақтың мазмұн бойынша ғана емес, 
ұййымдастырылуы мен әдістемесі бойынша да әртүрлі болуында. 
Бақылаулар көрсеткендей, білім алушыларды бұрынғылардан өзгерек, белсенді, 
қарқынды жұмысты талап ететін, әсерге қаныққан және еліктіретін, құрамында жаңаша 
ұйымдастыру элементтері бар сабақтар қызықтырады. 
Бірақ оқытудың жалғыз үлгісі сабақ қана емес, өзге де факультативтік және сыныптан 
тыс сабақтар бар. Дұрыс жүргізілген жағдайда, сабақтың бүл үлгілері математикалық 
қызығушылықты оятудағы сияқты, оны дамытуда да маңызды рольде ойнауы тиіс [3]. 
Жағдайлардың үшінші тобына «мұғалім – білім алушы», «білім алушы – ата-аналар», 
«білім алушы – ұжым» деген қатынастар кіреді. Бұны білім алушының өзінің жеке 
ерекшеліктерімен, табысқа қол жеткізуді немесе табысқа қол жетпей қалуын уайымдауымен, 
оның қабілетімен, басқа да мықты қызығушылығының болуымен және бала 
психологиясындағы басқа да өзгерістермен толықтыруға болады. Бұл қатынастардың 
әрқайсысы білім алушының оң бағыттағы, сондай-ақ теріс бағыттағы қызығушылығына ықпал 
ете алады. Барлық осы қатынастарды және бәрінен бұрын «мұғалім – білім алушы» қарым-
қатынасын мұғалім басқарады. Оның әділ талапшылдығы және сонымен қатар білім алушыға 
деген қамқоршылдығы, оның математикаға әуестігі мен математиканың қуаты мен әсемдігін, 
оның қосымшалары мен зор мәнін көрсетуге ұмтылысы – білім алушының математиканы оқып-
үйренуге деген қарым-қатынасын айқындайды. Жағдайлардың бұл тобына білім алушыға 
табиғатпен берілген математикаға деген қатынасын, оның математикалық қабілетін, сондай-ақ 
жігері мен табандылығының нәтижесінде қол жеткізген жетістігін жатқызуға да болады.
Сонымен, математикалық қызығушылықтың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін 
барлық жағдайларды төмендегідей тәртіпте орналастыруға болады: 
1-топ (мазмұнға байланысты): 
-Жоғарғы қиындықты есептер мен оларды шығару кезінде алынатын қанағаттану.
-Мектеп математика курсының жаңашылдығы мен алуантүрлілігі, ғылым тарихының пәннің 
мазмұнын байытатын мәліметтері. 
-Есептеу, зерттеу және дәлелдеу әдістерінің күші мен әсемдігі. 
-Математиканың көптеген қосымшаларын көрсету, оның мағынасын ұғыну. 
2-топ (оқу үдерісінің ұйымдастырылуына байланысты): 
-Сабақ жүйесінің әр түрлілігі, олардың қалыпты түрде емес құрылуы, мүмкіндігінше әр сабаққа 
жаңа элементтер кірістіру. 
-Сабақтардың қызықты өткізілуі, білім алушылардың қызметін қарқындату, өзіндік, 
шығармашылық жұмыстарды, жарыстар мен дидактикалық ойындар ұйымдастыру, көрнекі 
құралдар қолдану, білімді есепке алудың әртүрлі үлгілері. 
-Факультативтер мен сыныптан тыс сабақтардың басқа да үлгілері. 
3-топ (жеке тұлғаның қарым-қатынасына байланысты): 
-Туа біткен математикалық қабілет. 
-Пәнді оқып-үйрену мен мадақтаудағы жетістік. 
-Мұғалімнің жеке басына сүйсіну және оған ұқсауға ұмтылу. 
-Туған-туыстар мен ағайындардың ықпалы [1]. 


49 
Мектеп пен мұғалімнен тек білім беру, барлық білім алушының бағдарламалық 
икемділігі мен машығын қалыптастыру ғана емес, оларды шығармашылық тұрғыда пайдалануға 
үйрету талап етіледі. Басқа кез-келген сабақ сияқты математика сабағы көпшілігіне «қара-
қайтала-еске сақта» түсіндірме-көрнекі әдісі қолданыла отырып, тек бағдарламаны «өтумен» 
ғана шектелмеуі тиіс. 
Егер біздер, мұғалімдер, өз жұмысымызға тек қана оқыту тәсілдері мен әдістерін 
білуімізді ғана емес, олардың жүйелі қолданылуын, сабаққа мәнділік, биіктік, мерекелік беретін 
мақсаттарын қосатын болсақ, ахуал өзгерген болар еді. Орыстың халық мектебінің негізін 
салушы, батыл жаңашыл К.Д. Ушинский білімнің меңгерілуге жеңіл, ал оқудың – қызық және 
пайдалы болуы үшін көп еңбек сіңірді. Ол балаға өмірде пайдаға жарамды білімді ғана беруге 
ұмтылды.
Әрине сабақта көп нәрсе материалдың жеткізілу тәсіліне, бала жұмысының қалай 
ұйымдастырылуына байланысты. Білім мен икем өзара байланысты. Икем тұлғаның өзгертілген 
немесе жаңа жағдайларда бар білімі негізінде белгілі қызметті тиімді орындауға қабілеті 
ретінде анықталады. Икем бәрінен бұрын білімнің көмегімен қолда бар ақпаратты ұғыну 
қабілетімен сипатталады. Икемнің қалыптасуымен айналыспастан, білімнің тереңдігі мен 
мықтылығына қол жеткізу мүмкін емес. 
Мұғалімнің табысты еңбегінің негізгі құрамы – бұл өз пәнін тамаша меңгеру, оқытатын 
курсының мазмұнын терең білу, оқыту үдерісінде пеедагогикалық заманауи технологияларды 
қолдану. 
Сабақтарда математикалық қызығушылықты қалыптастыру жағдайларын пайдалану 
мақсатына байланысты туындайтын бірінші мәселе болып олардың құрамы жөніндегі мәселе 
табылады. Бұл мазмұн бағдарламамен және мектеп оқулықтарымен айқындалады, сонымен 
қатар ол үнемі мұғаліммен байытылып отырады. Екінші мәселе болып сабақтың 
ұйымдастырылуы, құрылымы және өткізілу әдістері жөніндегі мәселе табылады. 
Сабақтар жүйесінің әртүрлілігі білім алушылардың әрбір математика сабағын асыға 
күтуін және ол сабақтың аяқталып қалғандығына налуын тудыру тиіс. Балаға сабақтың 
жеткілікті тез темппен оқытылуымен, материалдың айқын баяндалуымен және мұғалімнің 
рухтандыруымен сипатталатын оқытылуы қызықты болады. Математиканы оқудағы 
қызығушылықтың қалыптасуында мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен роль ойнайды, мұндағы 
неғұрлым маңызды ерекшелік болып оның пәнге және оның оқытуға деген құмарлығы, білім 
алушының мүмкіндігіне сенімі, білім алушыға көмек беруге әзірлігі табылады. 
Қызығушылықты қалыптастыруда мұғалімнің мадақтауының да игі ықпалы болады. Жұрналға 
қойылатын баға - мадақтаудың ғана көрінісі, неғұрлым үлкен маңызға мұғалімнің мақтауы, 
оның айтқан сөздері ие болады.
Білім алушының пән бойынша қажетті минимумды меңгеруі үшін, мұғалім мен баладан 
көп еңбек пен төзім, табандылық және назар талап етіледі. Қазіргі кезде біз бірінен бірі керемет, 
таңғаларлық жаңалықтарға үйренгенбіз. Психология мен педагогикада тиімділігін болжау 
мүмкін болмайтын оқыту амалдары табылатын кез де алыс емес. А.Е. Жуковский 
математиканы оқыту әдістерін оны «жұртшылықтың ішінен кез-келген ниет еткен адам» 
түсінетіндей неғұрлым кемелден жағдайға жеткізу мүмкін болады деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет