Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет24/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Литература 
1.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 
02.09.2019 [Электронный ресурс: Официальный сайт Президента Республики Казахстан]. 
Режим 
доступа:http://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-
gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana 
2.
Матвеева, А.И. Социальная адаптация молодых специалистов в системе образования 
современного общества: Дис. .канд. социол. наук. Екатеринбург, 2005. – С.24. 
3.
Дмитриева М.А. Уровни и критерии профессионализма: проблемы формирования 
современного профессионала // «Сибирь. Философия. Образование». – Альманах СО РАО. – 
Новокузнецк : Изд-во «ИПК», Вып. 4 –2010 – С.18 – 30. 
 
«CLIL» - ҮШТІЛДІЛІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 
ТИІМДІ ӘДІСІ 
 
Кереева Оксана Жилкибаевна 
магистрант,
 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті 
Егенисова Алмажай Кулжановна 
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті 
Бүгінгі күні адамның білім алудағы сұранысы «білетін адамнан» – «шығармашылық 
тұрғыда ойлайтын, әрекет етуге, өздігінен жетілуге қабілетті адам» үлгісіне ауысуда.Қазіргі 
таңда мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік 
үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта кіріктірілген білім беру бағдарламасы қолданысқа 
енді. Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты – сана әлеуеті жоғары дамыған, 
сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына 
жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту 
ажырамас байланыста болады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы - үш тілде білім беруді 
іске асырудың негізгі құралы. Көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» 
тұжырымдамасынан бастау алады. Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле 
отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс 
қалмайды. Өйткені, мәдениет мен тілдердің сан алуандығы – бұл Қазақстанның ұлттық 
байлығы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясында Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев: «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік 
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын 
тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен 
ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,– деп атап өтті [1]. 
Осы міндеттерді орындау үшін қазіргі педагогикалық оқу орындарында оқытудың жаңа 
әдістері мен тәсілдері, оқыту технологиялары зерттелініп келеді. Қазіргі заман талабына сай 


54 
ағылшын тілі жеке пәндерді оқытуда негізгі құралға айналып жатқандығы мәлім. Мысалы, 
жаратылыстану саласын ағылшын тілінде меңгеру, білім алушылардың ғылымдағы 
жаңалықтармен жылдам танысуына, әлемдік деңгейдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа 
бағыттағы ғылыми мақалалармен уақытылы танысып отыруына мүмкіндік береді. Ал, бұл 
жағдай білім алушылардың бойында қазіргі заман талабына сай құзіреттіліктердің 
қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтанда пәнді ағылшын тілінде оқытуда CLIL 
технологиясын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырады және қазіргі таңда бұл 
технологияны пайдалану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселелердің бірі. 
Белгіленген құндылықтар аясында жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді 
тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігі жасалады. Кіріктірілген білім беру 
бағдарламасын табысты жүзеге асыру барысында белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-
тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) әдістерін қолдану тиімді болады. 
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту CLIL - ағылшын тілінде (шет тілінде) оқытылатын 
пәндерді оқыту әдістемесін сипаттайтын термин. CLIL -Content and Language Integrated Learning 
- пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі, яғнипәндерді екінші не үшінші тілде оқыту 
Пәндік – тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) технологиясын пайдалану арқылы көптілді 
білім беру туралы көптеген шетелдік ғалымдар зерттеген. Атап айтқанда, Марш (1994), Койл 
(2007), Далтон-Паффер (2007), Ценоз (2013), Зароуб (2008), Кунан (2007), Плейдвал-Болстер 
(2015), Лоренцо, Касаль және Moр (2009), Хант (2011), Фортан-Гомез (2013), Смит (2013), 
Пинджет (2014), Юрдакула (2015). 
Атап айтсақ, CLIL-дің көзделген тілмен жұмыс жасауға беретін мүмкіндіктерін 
(Леон,2015; Хант, 2011; Васкез, Молина және Лопез, 2015); жергілікті мұғалімдердің ағылшын 
тілі білімін дамыту әдістемесі (Агилар және Родригес, 2012) зерттеді[2]. 
CLIL әдісі тілдік емес пән мұғалімдерінің пәндік мазмұнды екінші және үшінші тілде 
оқытуды білдіреді. Халықаралық практика мұндай әдістің орынды пайдаланған жағдайда жақсы 
нәтиже беретінін көрсеткен. Өйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту өзара терең байланыста 
болады. Екеуі де ойлау қабілеті мен оқуды жақсарту үшін маңызды. Мағыналық мазмұнды 
талқылау мақсатымен басқалармен өзара әрекеттесу үшін тілді пайдалана отырып, адамдар 
өздерінің ойлау қабілетін жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу қабілетін жақсартуына 
септігін тигізуі мүмкін. Осылайша негізгі мектепте оқушы біріншіден, «физика», «химия» және 
«математика» және бастауыш мектепте «математика» немесе «дүниетану» сияқты пәндерге тән 
академиялық тілді, оған тән терминология мен грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден 
екінші немесе үшінші тілде тиісті контекстіде кәдімгі өмірдегідей тікелей араласу үшін 
пайдалануға үйренеді. 
Бұл әдістің Қазақстанның білім беру саласында қолданылуының болашағы бар. Себебі, ол 
оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді және дербес жұмыс жасай алу қабілетін нығайтады, 
сондай-ақ жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады. 
Қaзipгi уaқыттa елімізде тілдік емес болашақ пән мұғалімдерінің тілдік құзыреттіліктерін 
қалыптастыру мәселесі кең өріс алып отыр. Міне, осы мақсатта Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 
атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 
010508 3 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі, 0101000 
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 010103 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың 
ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктілігі және 0111000 «Негізгі орта білім беру» 
мамандығы 0111113 «Ағылшынша білімі бар математика пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша 
көптілді педагог кадрларды дайындау
 
қолға алынды. 
Аталған біліктіліктер бойынша оқитын студенттердің тілдік құзыреттіліктерін 
қалыптастыру мақсатында оқыту үрдісінде CLIL әдісі кеңінен қолданылуда.
Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту – CLIL терминінің қазақ тіліндегі баламасы, 
сондай-ақ пәндер немесе олардың жекелеген бөлімдері «қосымша», яғни шет тілінде 
оқытылатын әдістемені білдіреді. Терминді 1994 жылы Дэвид Марш ғылыми айналымға пәннің 
мазмұны екінші/үшінші тілде оқытылатын, оқу жағдайларын белгілеу үшін енгізді.


55 
CLIL – бұл пәндік білімді игеру мен тілдік құзыреттілікті жақсартуға қос фокуспен шет 
тілі арқылы тілдік емес пәнді оқыту тәсілін сипаттау үшін пайдаланылатын жалпы термин. 
CLIL әдістемесі болашақ түлектердің өз мамандығы шеңберінде қарым-қатынасты шет тілінде 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейде білуіне жол беретін, лингвистикалық 
компетенцияларды қалыптастырады[3]. 
Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту екі мақсатты көздейді:
• шет тілі арқылы пәнді оқу;
• оқытылатын пән арқылы шет тілін оқу.
CLIL әртүрлі білім беру топтарында – балабақшаның жоғарғы тобынан бастап жоғары 
білім беруге дейін пайдаланылады, яғни бұл әдістемеде тіл зерттеу объектісі ретінде емес басқа 
пәндерді тану құралы ретінде қарастырылады. Сол сияқты білім алушының оқыту процесін 
түсіну қабілетін, коммуникативтік құзыреттіліктері мен уәждемесін қалыптастыру, дамыту 
құралы ретінде қаралады.
CLIL әлемдегі үлкен танымалдылыққа ие болып жатыр. Осы әдістемеге қызығушылықтың 
артуы - оқытудың құзыреттілік-бағдарлық моделін енгізуге байланысты жекелеген пәндерді, 
оның ішінде шет тілін оқыту әдістемесінде күрделі өзгерістердің болып жатқанынан. 
Білім беру процесі ойдың орамдылығы, жұмылғыштық, бастамашылдық және 
сындарлылық сияқты қасиеттерге ие мамандарды даярлауға көзделуі тиіс.
Өз бетімен білім алу қабілеті, инновациялық технологияларды иелену, оларды пайдалану 
перспективалары мен мүмкіндіктерін түсіну, өз бетінше шешім қабылдай алу, жаңа әлеуметтік 
және кәсіби жағдайларға бейімделушілік, командада жұмыс істеу дағдылары, күйзелісті жеңіп 
шыға алу – міне, маман ие болуы керек құзыреттердің тізімі. Осы әдістеме шеңберінде білім 
беру қызметі осы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталды.
Бүгінгі таңда көптеген елдер, оның ішінде Қазақстанда әртүрлі пәндерді ағылшын тілінде 
оқыту әдістемесін практикада табысты пайдалануда.
Әдістемені қабылдау үшін бастау нүктесі - әрбір студент немесе оқушы ақылды және 
білімді тұлға болып табылатынын, бірақ өзінің ақыл-парасатын ана тілінде ғана көрсете 
алатындығын мойындау болады.
Шет тілінде қарым-қатынасқа түскен кезде, студенттер арнайы білім – құрылыс, 
инженерия, педагогика, медицина және т.б. салаларында өз білімдерін көрсете алмай қалып 
жатады.
Мамандық бойынша шет тілін білмей, студенттер кәсіби мән-мәтінде қарым-қатынас 
жасай алмайды. Бұдан басқа, студенттердің, мамандық бойынша, оларға қажет ақпараттық 
ресурстарға қол жеткізуі шектеледі және тиімді кәсіби өсумүмкіндіктері болмауы мүмкін. 
CLIL - ситуациялық, контекстік және білім беру мұқтаждықтар мен талаптардың кең 
спектіріне сәйкес келетін, арнайы пән мен тілді оқытудың кең және икемді тәсілі. Осы модель 
алуан түрлері арқылы іске асырылуы мүмкін екендігіне қарамастан, CLIL-дің барлық түрлеріне 
тән негізгі элементтер бар.
1. Оқу бағдарламасы - білімдер мен дағдылардың реттілігін және пәннің айрықша 
элементтерін түсінуін есепке ала отырып әзірленеді.
2. Бағдарлама мазмұнды әртүрлі көзқарас арқылы зерттеу мүмкіндігін ұсынады, ол пәнді 
тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы әдістеме арқылы шет тілін пайдалану студенттерге 
пәнді және оның негізгі терминологиясын түсінуге, студенттерді одан әрі оқытуға немесе 
болашақ мансапқа даярлауды ынталандыруға көмектесе алады.
3. Пәнді оқу кезінде шет тілін пайдалануда негізгі фактор фокусы коммуникация мен 
қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлу болып табылады, ол шет тілін пайдалануды жақсартады 
және ауызша тілді дамытады.
4. Оқыту - студенттердің уәждемесін арттыруды, ойлану дағдыларын дамытуды, әртүрлі 
интерактивті әдістемелер пайдалануды қамтиды.
5. Мәдениет. Баламалы көзқарастарды түсіну - мәдениетаралық білімді, жанжақты 
хабардар болу мен түсіністікті орнатуға көмектеседі. 
6. Ұлтаралық орта. CLIL студенттерді әлемдік қауымдастыққа даярлайды[4]. 


56 
CLIL-дің негізгі маңызды компонентерінің бірі – пәнге тән ғылыми тілде немесе пәндік 
терминологияны қолдану болып табылады. Әрбір пәннің өзіне тән қысқаша сөздігі болады. 
Мысалы, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 010508 3 «Ағылшынша білімі бар 
бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша Жаратылыстану және дүниетануды оқыту 
әдістемесі сабағында «Дүниетану сабақтарында тәжірибелер (Өсімдіктер әлемі)» тақырыбында
студенттерге кәсіби терминдермен: seed (дән, тұқым), root (тамыр), soil (топырақ)және stem 
(өсімдік сабағы) таныстыра алады. Оқыту шет тілінде жүргендіктен, студенттердің күнделікті 
тілінде де олқылықтар болуы мүмкін. Мысалы, студенттер мынадай сөзді to breath (дем алу) 
білмеуі мүмкін, сондықтан оқытушы студенттің күнделікті де, кәсіби сөздік қорын да 
белсендіру қажет. Пән оқытушыларының жиі жіберетін қателіктерінің бірі-академиялық тілді 
қолдануды ұмытып кетуі.
Академиялық тіл CLIL-ден бөлінбейді. Ағылшын тіліндегі академиялық фразалар, 
құрылымдар немесе тұтас сөйлемдер ғылыми пәнді оқытумен қатар оқытыла алады. Сіздер 
«belongs to», «is a part of », , «kinds of », «types of », «there is/there are» сияқты сөз тіркесін көріп 
отырсыздар, бұлардың барлығы- пәнді оқыту үшін өте маңызды болып табылатын тілдің 
аспектілері. Мысалы, «Stem is a part of plant», «There are many different types of plants» және т.б.
Академиялық тілді қолдану оқытуды барынша нәтижеге бағыттап, білім алушылардың білімін 
нығайтуға септігін тигізеді. .
Дәстүрлі сабақтан CLIL сабағының негізгі ерекшелігі – пәндік және тілдік мақсаттың 
болуы. Оқытушылар пәндік те, тілдік те мақсатты анықтауы керек. Оқытушы өз материалын 
тілдік сипаттама бойынша бағалағанда, сабақтың немесе сабақтар сериясының тілдік мақсатын 
анықтап алғаны пайдалы, мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет