‘adūl, ﻟﻤﺤﺂﺮ
و
raĥmlu, ناييز
ziyān, ﺮيﻗاﺘ
teġayyur, زاۋج
cevzā’ тб. [6]
сөздерде араб және парсы тілдерінің орфографиялық емлесі сақталмаған.
Сонымен қатар, кейбір мағыналас сөздердің жазылуы түрлі сипатқа ие болған. Хаттардағы
орфографиялық қателіктердің орын алуын сол кезеңдегі хандар мен сұлтандардың жанындағы
хатшылардың сауаттылығымен байланыстыруға болады. Тағы да айта кететін бір мәселе, ресми
хаттарда тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы жиі ұшырасады. Хаттарда кездесетін кейбір
тұрақты сөз тіркестер қазіргі қазақ және түркі тілдерінде кеңінен қолданысқа ие болған.
Зерттелген хаттардағы орфографиялық қателіктердің бірі, мағыналас және ұқсас сөздердің әр-
түрлі жазылуында. Тіпті жалқы есімде, соның ішінде кісі аттарын жазуда бірнеше варианттар
кездеседі. Мысалы Ұлы жүзды билеген Жолбарыс ханның есімі
yolbaruś, ilparus, colbarıs, colbarus [6] сияқты бірнеше вариантта берілген.
Орфографиялық талдау кезінде, әсіресе, сөз жасаушы жұрнақтардың түбірге жалғанған
сөздердегі дыбыс үндестігінің сақталмау құбылысын зерттеу барысында араб тіліндегі
дауыстылардың таңбаланбауы мен дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішкелік белгісіне
қарай таңбалануы төмендегідей сипатталады: 1.
artıķ ~ artuķ (артық), ayçılıķ ~ ayçıluķ (айшылық), baŧır ~ batur (батыр), buyır- ~ buyur- (бұйыр-) тб. сөздерде дауысты дыбыстардың
еріндік және езулік болып қолданылуы арқылы; 2.
dewlet ~ devlet (мемлекет), gubernator ~ ġubernator ~ gubernaŧor (губернатор), ĥācı ~ hācı (қажы), ħān ~ ĥān (хан) тб. сөздерінің
жазылуында бір-біріне ұқсас дауыссыз дыбыстардың орын алмастыруы; 3.
emr ~ emir (бұйрық), ķardaş ~ ķarundaş (қарындас), ķıluçı ~ ķıluġuçu (орындаушы) сияқты сөздердегі эпентеза
құбылысы; 4.
A. ﺮّيﻐﺗ
‘teġayyur’ > ﺮيﻗاﺘ
‘taķayyir’, F. ﺪياﺷ
‘şāyed’ > ﺖيﺂﺸ
‘şāyet’, A. ﻪّيﻔﺧ
‘ḫafiyye’ > ايﻔاﻮﺤ
‘ĥuāfiye’ [6] сияқты кірме сөздерде жіберілген қателіктер кездеседі.
Хаттардағы
rās[t]lıķımız, fāti[h]a, yaz[u], yar[ar]lar, bala[la]rnıñ, [d]mitri ġladişew, kitke[n]dür, vaķ[t]lıķ, ki[l]mesün сияқты кейбір кірме және түркі тілдеріндегі сөздерде дауыссыз
дыбыстың немесе буынның тұтастай түсіп қалуы орын алған болса,
ķabūl > ķabıl, raĥm > raĥım, ‘arż >arıż, emr > emir, riżā’> riża, her >ār, ĥakķ >aķı, metā‘ > maŧa, pehlevān > balvan [6] сияқты
кірме сөздер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне қарай жазылған.
XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы ресми құжаттарда әр-түрлі дәрежедегі билік басшы-
ларын дәріптейтін тұрақты эпитеттер шартты түрде қолданылып келген. Мұндай ерекшелік тек
түркі халықтарына емес, сонымен қатар, басқа да халықтарда кеңінен қолданылды. Әбілқайыр
ханның хаттарында көбіне араб және парсы тілдеріндегі
şevketlü (шапағатты), ķudretlü (құдіретті), barçaġa merĥametlü (бәріне мейірбан), a‘žam ĥażretleri (ұлы хазіреті), raĥmlı (есіркеуші), ‘izzetlü (мәртебелі), ĥurmetlü (құрметті) [6] тәрізді тұрақты стильдік эпитеттер
түркі тілдеріне тән сөз жасаушы жұрнақтар арқылы сын есімдер тұлғасынан жасалған.
Хаттардың стильдік сипаты, орта түркі тіліне негізделгендіктен қазақ тіліне қарағанда
едәуір айырмашылығы бар екендігін көруге болады. Осыған қатысты Р.Сыздықова, хаттардағы
сөздердің басым көбінің қазақ тілінде еместігін көрсете келіп, ортаазиялық тілмен татар тілінің,
тіпті кейбір жерлерде көне ұйғыр жазба дәстүрінің элементтері кездесетінің көрсетеді [7,151б.].
Сөйлемнің басталуы мен аяқталуын көрсететін тыныс белгілерінің болмауы салдарынан
сөйлемді бір-бірінен ажырату үшін хаттың ішкі мазмұнына аса мән берілуі керектігін қажет
ететін тұстары да ортағасырлық мәтіндерге тән ерекшеліктердің бірі. Хаттардың стильдік
ерекшеліктері туралы Р.Сыздықованың еңбегінде құрмет көрсетуге арналған