Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет89/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Список использованной литературы: 
1. Абай и мировая духовность / https://z-taraz.kz/abaj-i-mirovaya-duhovnost/ 
2. Бекназаров И. Тинчлик бебаҳо неъмат /https://surgery.med.tma.uz/archives/2659 
3. Исакбоев У. Тинчлик – энг буюк бойлик / http://old.muslim.uz/index.php/maqolalar/item/9949 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
100 
Әбішева Л.П., 
Педагогика ғылымдарының кандидаты, 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация. 
В статье рассматриваются пути проведения социально-педагогической работы
Abstract.
The article discusses the ways of carrying out socio-pedagogical work. 
Кілт сөздер. 
Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагог, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, әлеуметтік-
педагогикалық құбылыстар, әлеуметтік топтар. 
Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін алған жылдан 
басталып, жаңа жүйеге енуі, нарықтық экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды 
компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді.
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты – адамның қоғамдағы экономи-
калық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларын жеңуге 
көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі 
мақсаты – нақты әлеметтік процесстердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және 
дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер 
ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу. 
XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың жұмыс 
теориясының қалыптасуы қазіргі жалпы әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады. Қоғамда 
болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп, өзінің 
оңтайлы шешімін тауып отырады. Әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды, нақтылы 
оқушылардың әлеуметтік жағдайын талдап, бағалай білу, олардың әлеумет тік мәселелерді 
тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне 
әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп 
тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара 
әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеумет тік процестердің 
дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен 
бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады. 
Қазіргі кезде жаңа мамандық ретінде әлеуметтік педагог білім беру жүйесінде оқушылар-
дың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешуде мектептегі педагогикалық үдерістің негізгі 
субъектісіне айналып отыр. Себебі, білім мекемелерінде шығармашылық ізденіс қабілеті 
дамыған, жаңа оқыту технологияларын жете меңгерген әлеуметтік педагог қажет.
Әлеуметтік педагогтың қызметінің нақты мақсаты – баланың өмір сүру ортасындағы 
туындаған мәселелерді уақытында анықтау; олардың себептерін жою жолдарын қарастыру; 
баланың өмір сүру ортасында туындауы мүмкін әр түрлі қоғамға жат құбылыстардың алдын 
алу; ең маңыздысы, әлеуметтік педагог осы айтылғандарды мүмкіндігінше этикалық деңгейді 
сақтай отырып, баланың құқығы мен еркіндігіне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда жүзеге 
асыруы тиіс. Осыған орай, мектептегі әлеуметтік педагог пен психолог бірлесіп атқаратын 
істерінің ауқымы мол, рөлі де ерекше. Атап айтқанда, оқушылардың бос уақытын ұйымдас-
тыруда отбасындағы қолайсыз жағдайлар, өмір сүру қабілетінің жоқтығы немесе өз қатарла-
рымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, отбасы мен мектептің байланысы, ата-ананың 
баласының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тиімді бағыт-бағдар беруіне ықпал етуге ұйым-
дасқан жұмыс қажеттілігін дәлелдеп келеді.
Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыты – оқушылардың арасынан 
бейімделмеген категориясына жататын, әлеуметтік ауытқушылықтары бар жеке адамдарды 
немесе топтарды анықтау және олармен әрекеттестікті ұйымдастыру.
Олай болса, мектеп әлеуметтік педагогының мақсаты
– 
әр тұлғаның психология-медико-
педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығу-


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
101 
шылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кезде-
сетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін 
қолдау, құқығын қорғау. 
 
Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді: 

балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагнос тикалық, психокоррек-
циялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді; 

социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен 
балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады; 

баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс 
көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының 
бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыс-
тары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары 
болуын қамтамасыз етеді [1]. 
Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет