Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет108/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

The Bight
) өлеңінде көрсетеді [CS]:
Кішкентай аппақ қайықтар жағалауда шашылып жатыр:күнге күйіп, мұң
басып ауыр батпандай.
Соңғы дауылдан аман қалар болса да, қалмайды-ау аман
жауапсыз жыртылған хаттардай.
Айлақта тек ескі жазбалар жатқандай. [CP, 60] (А.Ə.)
Ақыры, ерекшелік толқыны тек тірілерге қатысты болады. Өткенге
арманмен қарау – оқиғаның мəні кетіп қалғаннан кейін, «сол бір жылы
сондай бір нəрсе болып еді» деп сол күнді еске алу. Есімдіктердің алмасуы
оқырманның «жамандыққа» барған əмбебап кейіпкерлерді еске түсіруіне
қозғау салып, жалпы оқиғаның əлеміне шақырады. Қармауыштар сияқты
құралған естеліктер жалпы шежіре ағашын сипаттайды. Даралық пен
анықталған жағдайлар қорлық, жарақат жəне жағдаяттардың қайталанатын
жағдайымен астасып кетеді. Беймаза қайталау апат арқылы тұтастық
сезімін тудыра отырып, оқырманды өзіне тартуға мұрындық болады.
«Бұлан»
өлеңіндегі жолаушы мойындау мен бойсұнудан бас тартып,
«Өмір деген солай. / Мұны (ажалды да) бəріміз білеміз» деп бала сияқты
аңғалдық пен сенімсіздік деңгейіне түседі. Өмір біртоға тыныштықпен өтіп
жатыр, ата-бабаның даусы да бірсарынды естіледі:
Ескі құс жастықта


тыныштық жетеді,
залдағы шамның күңгірт жарығы
лап-лап етеді.
Оның шəлісіне
Төбеті жасырынып қалады.
Бəрі жақсы, бəрі тыныш,
Өткен түндердей
Ұйықтауға болады. (М.С.)
Əрине, алғашқыда түс əлеміне саяхат феноменді əлемнің шегінен шығып
кетер. Бишоп түсті өз қалауынша алып, өз өлеңінің дəйексөзіне
айналдырады. Осының бəрі балаң түсінікпен қабылданғанына қарамастан,
естеліктер тілі – ересектер естеліктерінің өткелі. Бишоп «Көкке бес рет
самғау» (
Five Flights Up
)
8
өлеңінде мұны аңғалдықпен, баладай бейкүнə
тілмен жазғанын байқауға болады [G]:
Ал енді тыныш
ұйқымыз қанады.
Күніміз алаңсыз болады.
[Жазу машинасымен жазылған нұсқа]
Көршінің кішкентай иті оның түсінде,
Сұраулы жүзбен бір рет үреді.
Бəлкім, оның түсінде құстар да
Оған бірнеше рет сұрақ қойып жүреді.
Жауабын солай деп айтуға болса егер,
Сол күні бірден-ақ береді. [CP, 181] (М.С.)


Роберт Хасс
9
мұндай түнгі сұрақтар өлеңді «тыныштандырып»,
«көрінетін» саналы əлемге енгізіп, орналастырады деп есептейді.
Адамдар бұландармен кездесу арқылы бойындағы жалған сенімділіктен
арылады. Эпифаниялық биікке ұмтылудың орнына, Бишоп бір ғана
қарапайым (өз мағынасында сұсты болса да) табиғат əлемін шақырады.
Күтілген эпифания контексінде бұл жаратылыс үміттендіреді, аздаған үрей
де тудырады. Паундтың саяхаттары (периплумдері)
10
сияқты кездесу, шын
мəнінде, көкжиекке көз тігу болады. Бұл, əрине, Уордсуорттың табиғи
аянын берудегі шеберлігімен жəне рухани талабымен салыстыруға
келмейді, Джойстың қала атауларындағы психологиялық сенімділікті де
бермейді. Бұландар автобустың жайын түсінгендей:
Жақындап келіп, иіскеді
автобустың ыстық капотын. (М.С.)
Қауқиған темір жаратылыс (автобус) əуелде басқа əлемнен үрей алып
келгендей болады: оның бойында өз күші бар. Əуесқой жануарлар
арманшыл жолаушыларды өзіне тартып барады. Артта қалған фермалар
мен шіркеулерден гөрі жолаушылар көрген пейзаж адамға жайлылық
сыйлап, шабыттандырады:
Асқақ, бірақ үркек
Шіркеудей биік,
Үйдей жайлы
(үйінде отырғандай). (М.С.)
«Асқақ», біраз қорқыныш ұялататын, бірақ «мүйізсіз», аздап қолға
үйренген бұлан ішкі тұтастық сезімін көрсетіп, табиғат əлемі мен мəдениет
ортасына қадам басты. Табиғи əлемнің қарапайым асқақтығын түсіне
алмаған жолаушылар бұл жаратылыстың сыртқы бейнесі мен əрекетіне
назар аударып, əдеттегі анық, таныс нəрселерді жас балалардай əңгіме
етеді.
«Қандай үлкен мақұлық»


«Өте керемет екен».
«Қарашы! Əне, ол!» (М.С.)
Жабайы табиғаттың ерке жануары жолаушыларды қорқытқанымен, олар
өз-өздерін сөзбен тыныштандырады. Денелері ірі, өздері əуесқой болса да,
үнсіз де үркек бұландар жолаушыларға жақындағанымен, оларға
қорқыныш сезімін тудырмайды.
Бұландар дəрменсіз, бірақ жеңіске жеткен балыққа да («Оның көзіне
қарадым… /Аздап қозғалғанымен, көзімді тайдыра алмады»), ызалы, ойсыз
көзбен қарайтын Крузоға да ұқсамайды. Есесіне, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет