Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет114/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
The Map
)
 
(«теңіз жағалауының
атаулары теңізден шығады») өлеңі – жанартау ландшафтының («Теңізге
кірген лава ағыны / шыжылдайтын») жаңғырығы.
Джон Клэрдің 
«Мен» 
(
I Am
) өлеңіндегі сөйлеуші сияқты, Крузо да «өз
қайғысын өзі пайдаланатын» адам. Тіпті оқшауланған күннің өзінде, бұл
«Аяушылық үйден басталу керек» деген атау мен жағдайға ие болуы қажет.
«Сондай үлкен аяушылықты / сезінген сайын, үйде отырғандай күй
кешемін». Крузо ішкі аяушылық сезімін көрсету үшін əрі оны тексеру үшін
өзімен-өзі сөйлеседі. «Өзіңді аяғанда тұрған не бар?» [менің акцентім] деп,


Крузо сезімін жайып салып, өзінің адам екенін мойындайды. Д.Х.
Лоуренстің «Өзімді аяу» (
Self‐Pity
)
21
өлеңіндегідей: «ешқашан өзімді
аяғаннан сұмдық/жабайы еш нəрсе көрмеппін». Оның тілдегі сезімі
жануарлар əлемінің ретсіздігін немесе жабайылығын жоққа шығарады.
Қолында 
бар 
нəрсені 
«іздей» 
алмайтын 
Крузо 
жалғыздықтың
бейəлеуметтік шектеулерінде тіршілігін жалғастыра береді. Шындыққа
сенбеу ахуалы осы бір нақты табиғат көрінісінің шынайылығына еніп
кетеді. Күту залында отырған бала сияқты, Крузо да табиғатты «оқып»,
оның тұрғындарын аттары арқылы орналастыруға тырысады. Ол сөздердің
орындарын ауыстыру арқылы «сіркіреп жауған жаңбырлы күндегі /
күйзеліске толы сұрақтар мен оның қос мағыналы жауаптарын» жеңуге
тырысады: 
«Мон-Д’Эспуар немесе Күйзеліс тауы» 
/ (менің атаулармен
ойнауға жеткілікті уақытым бар). Бірақ бұл тек дыбысталу үшін ғана керек,
ал атаулардың бəрі мағынасыз қалады. Білім мен тіл əлеуметтік құбылыс
ретінде шатасқан анахронизмге айналады:
... Менде
менен алыс жатқан аралдардың
қайғылары бар
..………………………
.…………олардың флорасын
фаунасы, географиясын мойындап,
ақыры соңында,
солардың бəрінде ғасырлар бойы
тұратынымды білемін. [CP, 165] (М.С.)
Адамзаттың осылай еңбек арқылы енуі жағалауға үрей тудырады.
«Қабылдау бөлмесіндегі» баланың өзі аңғарғандай, тіпті жергілікті
географияның өзі оқырмандардың белгіленген мағынаны көрсетуін талап
етеді.
Сегіз шумақта айтылған қоғамнан аласталу қорқынышы Крузоның жұма


күнгі естеліктеріне селқос ауысады. Тіл өзінің пайдалы екенін
көрсеткенімен, Крузо оны «өзінің» басқа əлеуметтік мағынасы бар
уақытпен, жұма күнімен, көрсетеді. Крузо жаңа қоғамның əсерін егжей-
тегжейлі түсіндірген күннің өзінде, тілдің жұтаң болуы сонымен
аяқталады. Тік жақшаның ішінде «[Жұманың келу] есебінің бəрі дұрыс
емес» деп жариялау арқылы ол тілдің талаптарын орындап тұрған жоқ.
Жұма «жақсы» əрі «көркем»; олар «дос болған». Тілдік интерфейстен
айырылған Крузо тек бір нəрсемен бөлінген жалпы қарым-қатынастың
жеке, қайшылықсыз талаптарын қанағаттандырған сияқты. Тіл оған кедергі
бола алмайды.
Естеліктерді тарихқа айналдырып, оларға атау беруге деген авторлық
құлшыныс ұмытылмастай сипатқа ие болады. Жұма күнгі өліммен бірге
атау беруге сұранған сəттерді тіркейтін интрузивті, нақты белгілер бірге
келеді. Крузоның / Бишоптың қоғамдық жəне жеке артефактілері «Муз
храмындағы» «Жергілікті мұражайлармен қоса / бəрін өздеріне тастап
кетулерін сұрады» дегенге саяды. Адамзаттың махаббат пен үмітсіздік
күйзелісі «сыбызғы, пышақ, көне бəтеңке» сияқты өмірлік күшінен
айырылған тастанды заттар айналасында бірігіп кетеді. Йейтстің «Көне
темір, көне сүйек, көне шүберектері» сияқты аралдық артефактілер
көрінбейді тіпті атаусыз қалады. Атау берудің осы бір үмітсіз
романтикалық, эмерсиандық өнерінің (
Emersonian art
) құндылығына
күмəнмен қарай отырып, тілдің жеке байланыстарын сезіммен жинақтап,
Крузо атау алған заттарды көпшілікке меншіктеуге шақырады:
Мұндай заттарды кімнің қалауы мүмкін?
– Жұмам, менің қымбаттым, Жұмам он жеті жыл бұрын
наурызда қызылшадан көз жұмды. (М.С.)
Əр нəрсенің өзіндік сипатына, яғни атауына, күніне, еліне, кемшілігіне
əсер ете алмаған соң, Крузо əлемді «тамаша» дегеннен басқаша атай
алмайтын кезді есіне алған. Стивеннің оқырмандары орын мен мəселенің
екеуін де тани алады: «Бұл біз əңгімелейтін сыртқы бөлігі / Мұнда ойдан
басқаның бəрі де – өлімді шақыратын қылықтар».
22
Аталмыш екі өлеңде талқыланып жатқан мəселелер қарастырылған
«География ІІІ» 
өлеңін оқу – осы парадоксті қабылдауға дайындық.
Өйткені өмірбаян Бишоптың өлеңдерін жайына қалдырады. Ол өзі өмір


сүре бастайды. Америка поэзиясында тек Дикинсон ғана «өмірді түсіндіру
құралы ретінде пайдалану керек» деген сыншылардың сынына төтеп берді.
Əлеуметтік жəне мəдени күшке лайықты құрмет көрсетілген кезде,
Бишоптың Лоуэллдің «сенімділік кейпін» бағалауы өнерді көрсетуге
мүмкіндік 
беретін 
«ішкі 
əлеміндегі» 
сенімділігін 
мəлімдеуге
ынталандырды. Ақын өз шығармашылығынан ажырау мəселесімен оңаша
қалады. Бишоптың өміріндегі қайғылы жағдайлар, оның өлеңдері мен
хаттарын оқып отырсақ та, неліктен «біздің / (барлығымыз) осы бір тəтті /
қуанышты сезімді сезінетінімізді» түсіндірмейді? Көркем əдебиеттің басқа
түрлеріне қарағанда, өмірбаянға көбірек мəн беруге тырысатын сыншылар
қазіргі сыни үрдісті қанағаттандыру үшін мұндай көпқырлы өлеңдерді
мұңды шығармаға айналдырып жіберу қаупін тудырады. Сыни көріністің
болмауы ақынның беделін емес, өзінің беделін мойындауды талап ететін,
шығармаға баратын жолды негізсіз шектеп тастайды.
«География ІІІ»
-ті ластайтын «көне хаттар» Бишоптың өзі бас тартқан
мəдени немесе саяси қоғаммен анықталатын өлеңді іздей отырып, тез
бұрмаланады. Өзін іздей отырып, Бишоп саналы түрде «тарихи, өтіп
жатқан жəне өтіп кеткен… білімге» қарсылықты талап етеді. Бұл қарсылық,
бір нəрсемен соғысу (бұл жағдайда, шектелген тұлға), шын мəнінде, соның
өзіне қарсы шығу екенін ұмытып, оның атаусыз қалу күшін жоққа
шығарады.
Оқудың осы əдісін 1927–1979 жылдардағы «Өлеңдердің толық
жинағында» (
The Complete Poems
)
 
кеңінен қолдана отырып, Бишоп
«авторлық қызметтің» беделін түсірудегі ұзақ уақыт бойғы құлшынысын
көрсетеді. Бұл құлшыныс белгілі бір дəрежеде өмірбаяндық стратегия мен
өзін-өзі кемсітуге ұмтылу арасындағы диалектикада орындалды. 
«Бретон
мүйісінде»
Бишоп 
осының 
нəтижесінде 
пайда 
болған, 
көңілсіз
адасушылықтан бас тартқан шынайы көріністі сипаттап, көмескі бейнесін
көрермендерге бұрып: «Табиғат көрінісінің мəні қандай болса да, қараусыз
қалды… енді бұл аймақтар өздері туралы еш нəрсе айта алмайды», – дейді.
Бишоптың өлеңдеріне шабыт сыйлайтын жеке өмірі оларды қолдай
алмайды; олар дербес өмір сүру керек. Бірақ олар мұны осы жеке өмірді
өзіне меншіктеп, содан кейін оны жоғалтып жіберу арқылы жасайды. Осы
өлеңдердің айқын əсемдігімен бетпе-бет келген оқырман «Анафора»
(
Anaphor
a) баяндаушысына «музыка, энергия қайдан шығып жатыр? / Ол
күн тіл жетпес тіршілік иесіне арналып еді / өткізіп алсақ керек?» деген
сұрақ қоюы мүмкін. Фуко ескерткендей, «автор ойды таратуда сыпайылық


қағидасын ұстануы керек».
23
Көптеген басқа шығармашылық иелерінен
айырмашылығы – ол өзінің есімі, жынысы өлеңдерінің беделін шектейді
деп уайымдамайды. Ақын есімді өзгерту арқылы автордың артықшылығын
арттыруды жоққа шығарып, өмірбаяндағы қарапайым жалғандықты
əшкерелейді. Осының нəтижесінде пайда болған көркем əдебиет өзінің
күрделі қайтымдылығымен көрермендер немесе сыншылар үшін талқыға
түсуде тым ұстамды; өмір мен өнерді араластырып жіберуден немесе
оларды айқын түрде ажыратудан парадоксальді түрде бас тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет