Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет7/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Аугустин:
«Жазбаша мəтіндердің түсінікті болмауы екі себепке байланысты: олардың
мағынасы түсініксіз белгілермен немесе екіұшты ұғымдармен жұмбақталады. Белгілер əріптік
яки метафоралық мағынада беріледі. Ұғымдар тек белгілі бір затқа не əрекетке атау ретінде
бекітілген бастапқы мағынасында қолданылған жағдайда ғана тура мағынасында тұрған болып
есептеледі: мысалы, өгіз 
(bovem)
деген атауды пайдалансақ, барлық латын тілінде сөйлейтіндер
оның жануар екенін бірден түсінеді. Ал шынайы заттарға берілген нақты ұғымдарды мүлдем
басқа дүниеге пайдалану, мысалы, сол өгіз сөзін алатын болсақ, метафоралық мағынада тек


жануар ұғымында ғана емес, осы атаумен аталатын «Інжілдегі жұмысшы» деген мағынаны да
береді. Бұл тіркестің мағынасын апостол Павел: «Диірмен тартуға жегілген өгізге мұрындық
кигізілмейді», – деп түсіндіреді.
Тура мағынасындағы сөздерді бейнелі сөздерге (метафоралық) ауыстырудан сақтандыратын
ереже секілді, біз тағы бір заңдылықты, яғни бейнелі түрде берілген сөздерді де тура
мағынасында қабылдай бермеуді ескеруіміз қажет. Жалпы айтқанда, бұл діни дискурстағының
барлығы – мағынасында мейірімділікке, таза діншілдікке қатысы жоқ ұғымдар – көркемдік
тұрғыдан қабылдануы тиіс деген сөз. Мейірімділік біздің Құдайға жəне жақындарымызға деген
құрметіміз бен сүйіспеншілігімізге, ал таза діншілдік олар туралы түсінігімізге байланысты. Əр
адамның ар-ұжданы оның Құдайға жəне
 
жақындарына деген сүйіспеншілік пен түсіністікке деген
ниетіне тікелей қатысты».
700 жылдай бұрын адамзат жоғалып кеткен грек жазбаларын тауып алып,
грек жобасын қайта жаңғыртады. Қайта өрлеу дəуірінде зайырлы
мəдениеттің қайта оралуына орай, ойшылдар əдебиетті əдептілікке
тəрбиелеудің формасы ретінде жəне талдауды қажет ететін бірнеше
өлшемді қамтыған мəдени нысан ретінде қайта зерттеуге мүмкіндік алды.
Данте Алигьери Қайта өрлеу дəуірінің танымал ақындарының бірі жəне
əдеби мəтіннің əртүрлі мағынаға ие бола алатынын зерделеген талғампаз
əдебиет теоретигі де болған. Герменевтика мен жаңаша зерделеуге деген
қызығушылық діни мəтіндерді аллегориялық тұрғыдан зерттеуден
туындаса керек, бірақ көп ұзамай бұл əдістер əдеби талдауда зайырлы
қолданысқа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет