Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет110/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

What Is an Author?
) еңбегінде талқыланған əдеби
мəтінді түйсікпен сезіп, болжайды.
14
 
Фуко қазіргі əдеби сыншылар туралы
былай дейді:
«Автор шығармада белгілі бір оқиғаның бар екенін түсіндіруге негіз беріп қана қоймай,
15
онда
өзгеріс, бұрмалау мен əртүрлі модификациялардың (оның өмірбаяны, дербес келешегін анықтау,
əлеуметтік жағдайын сараптау жəне негізгі жоспарын айқындау арқылы) болатынын түсіндіреді»
дегенге əлі де сенеді деп пайымдайды».
Фуко сияқты, Бишоп та авторлық жөніндегі романтикалық болжамды
қолдайды. Сонымен қатар оқырмандарының өлеңге жақын болуын,
əдеттегі автордың түсіндірмесі болмаса да, оның толық мəнін ұғуларын
өтінеді. Бұл өлеңдердегі сенімділік одан бас тартудан шығады: атау беру
əрекеті, ақыр аяғында, атаусыз қалдыруға айналады; (Бишоп айтпақшы)
өмірбаян, əлеуметтік жағдай сияқты беделді саналатын, мəтіннен тысқары
нəрселердің өлеңде орны жоқ.
«Күткенде» (
In the Waiting Room
) жəне 
«Крузо Англияда»,
«География ІІІ»
(
Geography III
)
 
шығармаларының кіріспе өлеңдерін оқыған кезде
Бишоптың өзі мен автордың (
self and author
), оқиға мен естеліктердің,
ауызша сөздер мен сауаттылықтың, атау беру мен атаусыз қалдырудың
арасындағы байланысты қаншалықты терең əрі қызығушылықпен
зерттегенін байқауға болады. Дəл осы атаусыз қалдыру риторикасы оның
соңғы жұмыстарында ғана емес, мансап жолында да өз түсінігінің
күрделілігін (əлсіздігін емес) жəне уақытша мəнін тудырады. Мұндай
өлеңдер оқырманды баурап алады да, содан кейін олардың өмірге қатысты
мəн іздеуіне кедергі келтіреді. Жалған өмір шындығына беріліп кеткен
оқырман ешқашан да Бишоптың əлеміндегі шындықпен бетпе-бет келе
алмайды.
«Күткенде»
жəне 
«Крузо Англияда»
өлеңдерінде бір-бірімен бəсекелескен


əлеуметтік шежіре мен тұлғалық сəйкестік бар. Бұл – өлеңдердің
қаншалықты поэзиялық атау ретінде оқылуына байланысты. Олар ақынның
ойдан шығарылған «менді» авторлықтың əлеуметтік құрылымы беретін
атау беру күшін қолданбастан белгілегеніне жəне атаусыз қалудың орнына,
беделді пайдалануға мəжбүрлегендеріне куə болады. Мұндай əлеуметтік
құрылымнан яки артықшылығы бар атау беруден бас тарту автордың
солипсизмінен гөрі романтикаға көбірек ұқсайды. Сайып келгенде, ол атау
берудің бастапқы күшін қайта жандандырғысы келеді. Алайда Бишоп
бастапқы мəнге қол жеткізуге таласпайды, əрі тіл мен мəдениет жүктеген
əлеуметтік мəннен де бас тартпайды, авторлық дербестіктің романтикалық
тұжырымдамасын ығыстыруға тырысады. Өйткені бұл – əу баста алынған
нəрсе жəне логоцентрлік əлеуметтік құрылым болып саналады. Өзімшілдік
феноменологиясы емес, заттар мен тəжірибенің жанама сезімдеріне атау
беру əрі қайта атауы арқылы тағайындалады.
«Күткенде»
өлеңін əлеуметтік жағдайдың алынған атауын қабылдайтын
прелапсариандық поэзия ретінде қарастыруға болады. Ал 
«Крузо Англияда»
өлеңін атау беру мен қайта атаудың соңғы күшінің постлапсариандық
пайымы ретінде қарастыруға болады. Екеуін біріктіретін əлеуметтік əлемді
қайта пайымдау кезінде Бишоп «атаудың» түрлеріне мекенді, отбасын,
жынысты, ұрпақты, заттарды меншіктегісі келетін сияқты. «Андерсон
ханымның швед баласы / бəлкім, ол неміс немесе испан болған» əлемді
байқаған (Стивенс көрсеткендей
16
) соң, атау беру формаларын, сондай-ақ
(Фуко атаған
17
) «авторлық құрылымды» жоққа шығарады. Əр өлең – «туу,
көбею жəне өлу болсын» əлеуметтік (яғни авторлық) дербестік арқылы
жүктеліп, «атау беру мен жоғалту» арасындағы пікірталас сияқты оқылады.
1961 жылы Бишоп бала кезінде Жаңа Шотландиядағы нағашы атасы мен
апасының қолдарында ұзақ уақыт болып, Массачусетс штатындағы Вустер
қаласына келген кезде «Тышқан елі» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет