Джонстың кейіпкерлері емес; олар еркін жəне атауға ие елге, Англияға,
бірігіп кетті. Күнəдан толық тазарған постлапсариалдық Крузо қудалауда
жүрген нағыз махаббаттың тарихтан тыс, бейəлеуметтік сəтін еске түсіріп,
оны қайта жаңғыртады.
Атау беру ойынындағы əйел, бала аспектілеріне кейістік білдірген Бишоп
демалыстағы шытырман оқиға іздеушінің кəрілігін зерттеу үшін
мəліметтер мен тектің диллеммасынан бас тартады. Крузо Лоуэлл сияқты
өзінің мəнімен, нақты əрі тарихи беделімен келді. Алайда ол мұндай
ауырлыққа қарамастан, орынсыз əрі қате деп өзінің əлеуметтік (яғни
лингвистикалық) мұрасынан бас тартады.
«Күткенде» National Geographic
журналынан көрген табиғатты есіне түсіре отырып, Крузо баланың бар
күшімен алғысы келген нəрсенің бəрін жоққа шығарады. Ауызекі сөздер
мен сауаттылық оның «ашылмаған, атауға ие болмаған» өмірінің мəнін
таба алатындай емес. Өлеңнің авторлық ишараты «бірде-бір кітап мұндай
құқыққа ие болған жоқ» деген ақынның ішкі қыжылына байланысты.
Ысмайыл (
Ishmael
) сияқты Крузо да «ақиқат» орындардың атаусыз
қалатынын біледі.
Крузоның көзқарасы бойынша,
«Күткендегі»
толғанысты мойындау
тілдің бірегей қасиетінің жоқ екенімен келісуді білдіреді. Көңілсіз айтылған
«жарайды» деген сөздің алдындағы өлеңнің өзегі тілдің жалғыздық
əлеміндегі ауыртпашылығын көрсетеді. Салыстырмалы масштаб (мен, егер
олар жанартаудың / көлеміндей болса деп ойладым, онда мен де / алып
болар
едім
ғой»),
жалқы
есімдер,
эстетика,
барлық
түрлердің
категориялары осы бір «барлық нəрсенің бір түрі» (
«one kind of everything»
)
болған, адам аяғы баспаған табиғатта жалған сияқты естіледі. Мұнда
надандық
пен
түсіністіктің,
қателік
пен
шындықтың
арасында
айырмашылық болуы мүмкін емес сияқты. Атау беруді көрсететін шектеу
əрекетін кім бағалар еді? Мұндағы табиғат көрінісі тіл сияқты ұмытылып
қалады. Өйткені Бишоптың «Карта»
Достарыңызбен бөлісу: