Структурализм. Лингвистика.
Нарратология
БІРІНШІ ТАРАУ
Кіріспе
Болжалды тәртіп: структурализм
Джули Ривкин мен Майкл Райан
Структурализм ХХ ғасырдың басында «тіл уақыт шегінде шегенделіп
қалған жəне ол көлденеңінен кесілген жапырақ сияқты зерттелуі қажет»
деп тұжырымдаған швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдің
еңбегінен бастау алады. Тұтас тілдік жүйе көрінісінің нəтижелері қандай,
ол болжамды немесе бейсаналы түрде кез келген ауызекі тілде қалай өмір
сүреді? Айтылған сөз (
Utterances
)
–
тілдің əрқилы табиғатын танытатын
жүйе реттілігінің көрініс беруі ғана. Бұл реттілік түсінігі структурализм
ұғымында өзекті. Өйткені ол жиырмасыншы ғасырда лингвистикадан
бастап, антропология, философия жəне əдеби сынға дейін кеңінен таралды.
Структурализм
тарихи
тұрғыдан
да,
логикалық
тұрғыдан
да
формализмнен туындайды. Алғашқы формалистердің бірі Роман Якобсон
эмиграцияның арқасында 1950 жылдардан 1960 жылдарға дейін дəуірлеген
француз структурализміне тұңғыш ықпал еткендердің бірі һəм бірегейі
болды. Формализмде көрініс тапқан ғылыми импульс тілдік, мəдени əрі
əдеби құбылыстардың ішкі жүйесі мен реттілігін шешу міндетін
структурализмде айқын түрде іске асырады.
Якобсон
мен
антрополог
Клод
Леви-Стросс
сынды
алғашқы
структуралистер Соссюрдің тіл жайындағы идеяларын көңіліне тоқыды.
Леви-Стросс мəдениеттің белгілі бір ішкі ережелеріне бағынатын, өзара
ұштас бөліктердің жүйесіне ие құбылыстың тіл екенін ұғына бастады.
Структурализм кез келген мəдени жүйедегі тұрақтылық пен сабақтастық
қағидасы саналатын жəне сонымен қатар мəдениеттің уақыт шеңберінде
тіршілік иесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін қаңқаға да,
генетикалық кодқа да ұқсайды. Леви-Стросс Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде қуғынға ұшыраған Якобсонмен Нью-Йоркте жүздескеннен кейін,
мəдениетке тіл тəрізді қарым-қатынас формасы ретінде қарай бастады.
Мəдениетке қатысты мамандардың арасында сөз болып жүргеніндей,
дəнекерлеуші дүниелер – мəдениеттің негізгі үлгілері мен қағидаларын
өндіріп, айналысқа енгізетін таңбалар. Өзінің «Туыстықтың қарапайым
құрылымдары» (
Elementary Structures of Kinship,
1949) атты туысқандық
жүйелерге арналған талдауында тұрпайы (примитив) мəдениеттер əйелді
некедегі таңба ретінде қолдана отырып, əлеуметтік топтар арасындағы
келісім мен бейбіт өмірді сақтайды дегенді айтады. Мұндай отбасыаралық
жəне руаралық некелер қарым-қатынас формасы ретінде қызмет етіп,
қақтығыс
ықтималдығын
азайтады,
жеке
əрі
отбасылық
берік
қатынастарды қалыптастырады деп түйеді. Леви-Стросс өзінің көпке мəлім
миф жайындағы зерттеулерін жалғастыра берді. Ғылыми ізденістерінде
орыс сыншысы Владимир Пропптың фольклористикада тыңнан түрен
салған еңбектері сияқты, мифтер де əртекті əрі көп болғанымен, барлығы
бір өзек (ядро) жайлы баяндайтынын байқады. Аталмыш нарративтер
диқан мен бейбіт адамдар, жауынгер мен аңшылардың тұжырымдары
арасындағы мəдени қайшылықтарды шешуге қызмет етеді. Мысалы, Эдип
мифінің көптеген нұсқалары «адамдар жерден шыққан («Эдип» сөзі ақсақ
деген ұғымды білдіреді. –
Ред
.) жəне адамдар басқа адамнан туады» (осы
жерден туыс адамдар арасындағы жыныстық қатынас тыйымының
қасиеттілігі) деген пікірлер арасындағы қақтығыс жөнінде баяндайды.
Оқиға баянының мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы табиғи
жыныстық қатынас түріне тыйым сала отырып, табиғат (сексуалдық) пен
мəдениет (туыс адамдар арасындағы жыныстық қатынасқа қарсы қағида)
арасындағы қайшылықта бітімгерлікті қамтамасыз ету.
Соссюрдің структурализмге қосқан екінші ірі үлесі – тілдік таңба
тұжырымы. Оның айтуынша, сөз дегеніміз – таңба, ал лингвистика, əділін
айтқанда, таңбалардың, оның ішінде, сөздердің қалай əсер ететінін
зерделейтін семиология деген салаға тиесілі. Сөздер – екі жағы не екі қыры
бар таңбалар; дыбыстық компоненттен тұратын таңбалаушы жəне идеялық
компонентке ие таңбаланушы. Сөз дыбыс пен идеядан немесе оның
референтінің (таңба қатысты болатын нəрсе) көрінісінен тұрады. Леви-
Стросстың құрылымдық антропологиясымен қатар, Францияда 1950
жылдары Ролан Барт еңбектеріне, əдебиет пен мəдениеттің семиологиялық
қырларын зерттеу мəселелеріне қатысты қызығушылық артты. Барт атап
өткендей, «əдеби шығарма – белгілі бір формада мағынаны туғызуға
қызмет ететін таңбалар жиынтығы». Мəдениетті зерттей келе, Барт
фильмдер, тауарлар, оқиғалар мен бейнелер белгілі бір таңбалармен
байланысқа (ассоциация) иек сүйейді дегенді айтты. Тіпті 1960 жылдары да
əдебиеттегі семиологиялық талдауды іс жүзіне асырған ірі ғалым ретінде
Барттың есімі аспандап тұрды. Оның ең маңызды кітаптары: «Нөлдік
деңгейде жазу» (
Достарыңызбен бөлісу: |