Ескертпе
1. Əрине, біз əдейі жеңілдетіп аламыз; нақты шаруаны ол белгілі бір дəрежеде жасай алды.
2. Эпоста мұндай құрылғы мүмкін емес.
3. Гоголь мəтіндеріндегі гротескілік жалған-объективті себептерді қарастырыңыз.
4. Көбінесе беделді сөз шет тілінде айтылған сөз болып саналады (мысалы, көптеген
мəдениеттердегі шетелдік діни мəтіндер феномені).
5. Романдағы беделді дискурстың нақты мысалын талдай отырып, аңғарғанымыз – басқа
дəуірдегі таза беделді дискурс əсіресе этикада сенімді болуы мүмкін.
6. Жеке дискурс қабылданған жəне ассимилияцияланған өзгелердің сөздерінен біртіндеп
қалыптасады. Ал бастапқыда олардың арасындағы шекара мүлдем байқалмайды.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Автор дегеніміз не?*
Мишель Фуко
Өткен ХХ ғасырдың ықпалды ойшылдарының бірі Мишель Фуко тарихшы ретінде білім алды,
бірақ оның билік пен сексуалдық жайлы еңбектерінің нәтижелері тарих саласынан әлдеқайда
кең ауқымды қамтыды. Оның алғашқы зерттеулері ессіздік (madness) тарихына арналды. Ол
уақыттың өтуімен бірге ақыл-естен айырылу құбылысына деген түсініктер мен көзқарастардың
өзгеруін зерделеді. Осы жұмыспен айналыса жүріп, білімнің қалай сөзге даритынын және
білімнің сөз арқылы өзінің зерттеу нысанын қалай қалыптастыратынын аңғарды. Орта
ғасырдағы ессіздік ХІХ ғасырдағы ғылыми-сарынды дискурстан мүлдем басқаша еді, ессіздікті
әр дискурс әрқалай түсінді. Әрбір дискурста тілге тиек еткен нысанның мәні басқаша
сипатталды. Дискурстардың өз жеке жұмыс ережелері бар. Ол тақырыпқа сай түсіндіру амалын
реттеп отырады. Мәселен, лаңкестікпен күрес дискурсында: «Бәлкім, біз қателесетін шығармыз,
олардікі дұрыс болар» деп айту ақылға қонымсыз. Дискурстар тәртіп, жүйе мен заңдылықты
реттейтін қағидалармен сипатталады деген идея, қоғамдағы билеп-төстеуші дискурстар
(экономикалық, саяси, сексуалдық) билеуші элитаның билігін (капиталистік, гетеронормативті,
ақ нәсілді) қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол қоғамда айтуға болатын жайттарды ғана
емес, елеулі ауытқушылық деп танылмайтын, заңды әрекет деп есептеуге болатын нәрселерді
де бақылауда ұстайды. Дискурс осындай қағидаларды қорғауға жұмылады және білім дискурсы
биліктің жұмыс істеуіне жол ашып, әрі қарай жеңілдетеді. Білім нысаны ретінде гомосексуалды
«білу» – еркекті немесе әйелді тереңірек бақылай алу деген сөз. Фуко ашқан жаңалықтар
билеуші элитаның билігін қолдайтын жазалаумен тығыз байланыста өрбиді.
Өзінің ертеректе жарық көрген «Автор дегеніміз не?» деген мақаласында Фуко субъект
немесе тұлға тек өз әрекеттерін толық бақылай алады деген құрылымдық (structuralist)
көзқарасты алға тартты. Адам санасы жұмыс істеп тұру үшін өзі үйреніп-меңгерген һәм ойы мен
әрекетін іске асыратын тіл теңізінде балықтай жүзуі керек. Біз әлем жайлы осы әлемнен
дарыған ұғымдар мен категориялар аясында ойлап білеміз. Әдебиетке келетін болсақ, бұл
«автордың» саналы түйсіктің мекені екенін білдіреді; бұл – бір зерттеу саласы, ал екіншісі
дискурс болуы мүмкін, яғни сана, ережелер мен құралдар ойды жүйелеп, жаңа әңгімелер
(хикаялар) тудыру үшін сөз арқылы арна түзеді. Мәселен, Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм
дискурсы әлем жөніндегі және ақылдың тән құмарлығын тізгіндеуі, яғни нәпсіні тежеуімен
анықталатын игілік идеалы мен тән сезімдері және жыныстық құмарлық әлемі арасындағы
айырмашылықты көрсететін тұжырымдарды қалыптастырды.
Осы кереғарлық барлық «авторлардың» шығармаларында өрістеп
отырды, сонымен қатар, бұл олардың ешқайсысының да жеке жаңалығы
емес. Керісінше, дискурс алуан түрлі авторлардың əлем жөнінде бірдей ой
толғауына жол ашады. Əдебиет жөніндегі бұрынғы заманның жүйесінде
үстем болған идеал – айрықша автор даналығы. Қазір бұл идеал
шығармашылық ой мен жасампаздықты күшейтетін мəдени əрі дискурстық
ортаға ығысты.
«Автор» ұғымының пайда болуы идея, білім, əдебиет, философия мен
ғылым тарихындағы дараланудың (
Достарыңызбен бөлісу: |