Құдай туралы түсінік өлді, халықтың Құдайға деген сенімі азайды деген
ойын меңзеп отыр. –
Ред.
) Автор жоғалғаннан кейінгі бос қалған кеңістікті
анықтау, осы кеңістіктегі саңылаулар мен сызаттарды айқындау жəне осы
жоғалудың қандай жаңалықтарға жол ашатынын бақылау маңызды.
Біз, алдымен, автор атына байланысты туындайтын мəселелерді айқындап
алуымыз керек. «Автордың аты» деген не? Ол қалай қызмет етеді?
Мəселенің шешімін табамын деуден аулақпын, мен тек осыған байланысты
туындайтын кейбір қиындықтарды көрсетемін.
Автордың аты – жалқы есім, сондықтан барлық жалқы есімдерге қатысты
сұрақтар оған тиесілі (Мен мұнда бəрінің ішінен Серлдің талдауларына
жүгінемін).
1
Жалқы есімді сілтеу есімдігімен айқындай алмайсыз. Ол
айқындаушы қызметтен ерекше, анықтаушыдан айрықша; ишара, біреуге
бағытталған саусақ, жалқы есімге қарағанда, ойымызды ақынырақ
жеткізеді. «Аристотель» деген кезде біз кез келген бірдей анықтамаларға
балама сөзді қолданамыз: «аналитиканың» авторы, «онтологияның негізін
салушы» т.б. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды, өйткені жалқы
есімде тек жалғыз мəн болмайды. Біз Артур Рембоның «Рухани
ізденістерді» (
Достарыңызбен бөлісу: