ұсынуда ресми белгілер маңызды.
Пікірдегі нақты шектеу мен даралануды билікпен жалғасқан сөз
деңгейінде (биліктің бізді мойындап, мойындамауына байланысты емес)
анықтауға болады. Ол жеке қарым-қатынасында арақашықтық сақталуын
қалайды (бұл қашықтық қисынды немесе жағымсыз деп бағалануы ғажап
емес, өйткені оған деген көзқарасымыз достық не жаулық ниетте болуы
мүмкін). Беделді пікір өзінің айналасына (өзін интерпретациялайтын,
мадақтайтын, түрліше қолданатын) өзге түрдегі пікірлердің үлкен
бөліктерін топтастыруы мүмкін. Бірақ беделді пікір олармен бірге араласып
кетпейді (септесу арқылы жалғасуы немесе ақырындап ауысуы мүмкін). Ол
анық шектелген, ықшам, баяулап қалған, тек тырнақшаның ішінде ғана
емес, арнайы жазба секілді беделі жоғарылау дүниені шекарасын айқындап
(демаркациялап) айтуды талап етеді.
4
Беделді пікірдің семантикалық
құрылымы өзгермейтіндей мығым, толық аяқталған бір ғана мағына береді.
Бір хаттың өзі мағынасының тасқа айналғанын білуге жеткілікті. Мұндай
пікірге шеңберлік (фреймдік) контекстің
өзінде семантикалық өзгерістер
енгізу өте қиын.
Беделді пікір біздің бұлтарыссыз адалдығымызды талап етеді. Бұл – ол
үшін сөздің өзін еркін иемдену мен меңгергенімізден де маңызды.
Сондықтан беделді пікірде ешқандай да икемді ауысулар, басқаша бір
стильге айналдыруда аяқ астынан туындаған шығармашылық нұсқалар жоқ
болғандықтан, фреймдік контекстің шекарасында ойнауға мүмкіндік
бермейді. Бұл біздің вербалды санамызға бөлуге келмейтін бүтін күйінде
енеді. Оны толықтай қабылдауымыз керек, не болмаса, одан толықтай бас
тартуымыз қажет. Ол өзінің беделімен (саяси қуатымен, институтымен,
жеке өзімен) тығыз байланысты һəм оның осы беделі өзімен бірге
шығандап, құрдымға да бірге кетеді. Оның бір бөлігімен келісіп, қабылдап,
келесі бөлігін жоққа шығарып бөлуге болмайды. Сондықтан да өзіміз көріп
отырған беделді пікірге қатысты арақашықтық, қай жағынан алып қарасақ
та, еш өзгеріссіз қала бермек. Мұнда арақашықтық, араластыру мен тарату,
жақындау жəне шегінуді елемеу мүмкін емес.
Бұл функциялардың барлығы да адамды қалыптастыратын нақты жол
ретінде һəм контексті көркемдеудегі тамаша əдіс ретінде беделді пікірдің
даралығын (
Достарыңызбен бөлісу: